Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области
1.98K subscribers
12.5K photos
1.18K videos
27 files
956 links
Официальный telegram-канал Акимата Мангистауской области

Оперативная информация из первоисточника #mangystau #aktau #kazakhstan
Download Telegram
В Жанаозене открылся цех по производству сухого верблюжьего молока

Сегодня, 12 января, в рамках рабочей поездки в город Жанаозен аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай принял участие в торжественном открытии цеха по производству сублимированного сухого верблюжьего молока на Жанаозенском молочном заводе.

Новый молочный завод считается важным производственным объектом, вносящим вклад в экономику региона. Проект направлен на налаживание производства высококачественной, экологически чистой продукции, создание новых рабочих мест и развитие отечественного производства. В будущем планируется экспорт продукции завода. В настоящее время ведутся переговоры по поставкам продукции в Китай и ОАЭ.

Данный объект был построен ТОО «Жанаозен сүт зауыты». Общий объём инвестиций по проекту составляет 148 млн тенге, в цехе создано 12 новых рабочих мест. Общая площадь объекта — 500 квадратных метров, производственная мощность — до 18 тонн продукции в год.

Основная цель цеха — обеспечить круглогодичное и бесперебойное производство шубата. Кроме того, через работу цеха планируется увеличить объёмы производства шубата и оказать поддержку сельскому хозяйству. Завод ранее принимал около 68 000 литров молока в год от порядка 30 крестьянских хозяйств, теперь планируется увеличить этот объём в два раза.

В ходе торжественного мероприятия аким области Нурдаулет Килыбай поздравил жителей с открытием нового объекта и отметил его значимость для жизни города.

«Это новое производственное предприятие является важной и полезной инициативой для нашего региона. Развитие производства высококачественной, экологически чистой продукции, создание новых рабочих мест и поддержка отечественного производства — наши приоритетные задачи», — подчеркнул глава региона.


Также с поздравлениями выступили аксакалы села, перерезав ленту нового комплекса. Гости ознакомились с внутренними помещениями цеха и производственным процессом.

Пресс-служба акима Мангистауской области
Жаңаөзенде алғаш рет заманауи үлгідегі оқушылар сарайы ашылды

Бүгін, 12 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың дамуы, заманауи үлгідегі оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті. Жиынға өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

«Bolashaq Sarayi» балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық, ғылым және спорт саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Заманауи ғимаратта ғылым мен шығармашылыққа арналған зертханалар мен кабинеттер, өнер және ІТ сыныптары, телестудия, түрлі шеберханалар, «Жас құтқарушы» кабинеті, акт залы және балаларға арналған коворкинг аймағы қарастырылған. Орталық жоғары технологиялық құралдармен, компьютерлік техникалармен және қажетті заттармен жабдықталған.

Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады. Оқушылар сарайы бір күнде 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Нысан ҚМГ-ның еншілес компаниялары – «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ak Su KMG» ЖШС қолдауымен салынды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды оқушылар сарайының ашылуымен құттықтады.

– Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған жоба. Мұнда балалардың жан-жақты дамуына, қабілетін шыңдауына және сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Оқушылар сабақтан тыс уақытын жаңа нысанда тиімді пайдалана алады. Жобаға демеушілік жасаған компанияларға айтар алғысымыз шексіз. Енді осы білім ордасынан бәсекеге қабілетті жастар шығады деп сенеміз, – деді облыс әкімі.


Сонымен қатар оқушылар сарайының салтанатты ашылуы барысында балаларды тасуға арналған жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

Шара аясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жетістіктерімен көзге түсіп жүрген Жаңаөзен қаласының жастарын арнайы марапаттады. Робототехника, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша республикалық және халықаралық байқауларда, сондай-ақ облыстық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен жастарға және Жаңаөзен қаласының футбол командасының мүшелеріне алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі