Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Deloitte Kazakhstan компаниясының салық практикасы жөніндегі серіктесі Елдос Сыздықов Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық реформасы аясында қабылданған өзгерістерге оң баға беріп, ҚҚС-ты уақытылы қайтармағаны үшін өсімпұлды уақытша алып тастау және әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіру теңгерімді сипатқа ие, ал жаңа нормалар ашықтықты арттыруға және іскерлік ортаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, арнайы салық режимдерінің параметрлерін қайта қарау, ең алдымен, теңгерімсіздіктерді жоюға және салық салудың әділ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

otpannews.kz
Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті, онда 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Алқаға Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының жауапты қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, аумақтық бөлімшелердің өкілдері және министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.


otpannews.kz
“Мүмкіндік” жобасы: Ел батысындағы 4 өңірдің 60 баласына шетелдік дәрігерлер ота жасайды

Ақтаулық белсенді Әсемгүл Адамбай ел батысындағы 4 өңір – Маңғыстау,Атырау Орал мен Ақтөбедегі науқас балаларға көмектесу мақсатында ауқымды қайырымдылық жобасын қолға алды. «Мүмкіндік» деп аталатын бұл бастама шеңберінде 60 балаға күрделі хирургиялық көмек көрсетілмек.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы - қысқа да нұсқа

•Маңғыстауда аң-құстардың санағы қалай жүргізіліп жатыр?

•Мамыр айының соңында Уфа – Ақтау
бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

•Ақтауда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

•Ақтауда 8 жастағы баланың қолқасынан
қаламсап қақпағы ота арқылы алынды

•Маңғыстауда ерекше балалардың еңбек
дағдыларын дамытуға арналған көрме өтті

•Ақтауда үкіметтік емес ұйымдар
жаңа Конституция жобасын талқылады

•Ақтауда балалар ауылында әскери-патриоттық кеш өтті

•“Мүмкіндік” жобасы: Ел батысындағы 4 өңірдің
60 баласына шетелдік дәрігерлер ота жасайды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рингте шешім қабылдамасаң — жеңіс жоқ. Өмірде де солай.

Болашақты біреу емес, біз өзіміз қалыптастырамыз.

Белсенді бол! Өз таңдауыңды жаса!

#12регион #референдум #mangystau
Ақтауда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

20 ақпан күні Ақтау қаласында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп аналарға мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады, деп хабарлайды
otpannews.kzқоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
2026 жылға арналған Ақтау қаласының бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

Ақтау қаласы әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында Ақтау қаласының 2026 жылға арналған бюджет жобасын нақтылау мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлеуметтік мемлекет концепциясы: Конституциядағы нақты кепілдіктер қандай?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты көрсетілген. Әсіресе «әлеуметтік мемлекет» ұғымы мемлекеттің экономикалық, саяси сипаттамасынан гөрі, оның адам алдындағы жауапкершілігін айқындайды.

otpannews.kz
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды.

otpannews.kz
Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар.

otpannews.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Болашаққа бей-жай қарама. Таңдауың – маңызды!
Ақтаулықтар саяси науқанның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бағалады

Референдум қарсаңында Ақтау қаласында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қаладағы ірі сауда орталықтарында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, алдағы маңызды қоғамдық-саяси науқанның мәні мен маңызы кеңінен насихатталуда.

otpannews.kz
Мұнайлыда өткен дебатта «бірпалаталы Парламент» жеңіске жетті

Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бірпалаталы Парламент: қолдаймын/қарсымын» тақырыбы аясында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Жақтайтын команда жеңіске жетті, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жаңа Конституция: эволюциялық реформа ма, институционалдық қайта құру ма?

Қазақстанда ұсынылып отырған жаңа конституция – мемлекетті басқару архитектурасын жүйелі түрде жаңартуға бағытталған институционалдық қайта құру. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің берік құқықтық іргетасын қалыптастырды. Ал жаңа заң сол негізді сақтай отырып, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін, жауапкершілігін және тиімділігін жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа


• Ақтауда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

• 2026 жылға арналған Ақтау қаласының бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

• Ақтаулықтар саяси науқанның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бағалады

• Мұнайлыда өткен дебатта «бірпалаталы Парламент» жеңіске жетті
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Министр юстиции РК Ерлан Сарсембаев ответил на вопрос о соотношении национального и международного права в проекте новой Конституции

«В статье 1-й Конституции указывается, что Республика Казахстан уже является правовым государством. Также в статье 5-й указывается,что действующее право РК включает нормы Конституции, соответствующие ей законы,нормативные постановления Конституционного и Верховного судов, а также иные нормативные правовые акты и международные договорные обязательства РК. И далее следует очень важный постулат – хотелось бы обратить на него внимание – что конституция имеет высшую юридическую силу и прямое действие на всей территории РК… Хотелось бы также обратить внимание на статью десятую – РК уважает принципыи нормы международного права, проводит внешнюю политику мира и сотрудничество с заинтересованными государствами - невмешательство в их внутренние дела, мирного разрешения международных споров» - подчеркнул Е. Сарсембаев.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹Шибутов Марат, политолог, общественный деятель:

«Конституционное развитие Казахстана с 1993 года последовательно сопровождалось трансформацией самой природы государственной власти. Конституция 1993 года формировалась как документ переходного периода — она закрепляла основы суверенного государства в условиях институциональной неопределённости»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⁩✔️Айдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

«Шын мәнінде қазіргі заманда заңдарды өте тез, дер кезінде қабылдау қажет, екінші жағынан, саяси бәсекені арттыратын мүмкіндіктерді де қарастыруымыз керек.

Заң сапасы маңызды мәселе. Қазіргі кезде біз үш оқылымды ұсынып отырмыз. Кей жағдайларда бұл бес-алты оқылымға дейін баруы мүмкін».
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💬Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Тұрақтылықты қалыптастырудың демократиялық әдісі ретінде Құрылтай мен Халық кеңесі институты енгізіліп отыр. Құрылтайға келетін болсақ, Қазақстанда өте мықты президент институтын сақтай отырып, Құрылтай әртүрлі билік тармағында бақылау функциясы артып отыр.

Біріншіден, үкіметті бақылау функциясы. Екіншіден, бюджетті бақылау функциясы. Үшіншіден, мемлекеттік органдарды бақылау функциясы.

Егер бюджетті талқылау кезінде Құрылтай бюджетті қолдамаса, онда бұл үкіметке деген сенімсіздік вотумы болып саналады.

Екіншіден, депутаттардың үштен екісі белгілі бір министр өзінің қызметін орындай алмай жатыр деген шешім қабылдаса, онда Президент сол министрді қызметтен алуға міндетті болады».
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Айгүл Сәдуақасова, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры:

«Қазіргі таңда біздің өңірлеріміздің саны жиырмаға жетті. Соңғы 3-4 жылдағы әкімшілік реформа нәтижесінде жаңадан қалыптасқан өңірлеріміз бар. Сонымен қатар жаңадан инновациялық жаңа смарт қаланы құрылысы басталуда. Сондықтан біздің әлеуетіміз осы жағынан да өсіп келе жатыр. Осыны ескере отырып, өңірлердің дауысы қаттырақ және айқын шығады деп ойлаймын.

Ал өңірлердің өмір сүру деңгейі өте маңызды, өйткені- ол біздің жалпы халқымыздың көпшілік бөлігі өмір сүріп жатқан нақты локалды аймақтар. Қазіргі таңда локалды және глобалды форматта өмір сүріп келе жатырмыз».