Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды
Милан-Кортина 2026: Қазақстан Олимпиаданы ТОП-20 қатарында аяқтады

Италияның Верона қаласында тарихи «Олимпиадалық аренада» XXV қысқы олимпия ойындарының ресми жабылу рәсімі өтті.

otpannews.kz
Жаңаөзендік дәрігерлер референдумға барады

Жаңаөзен қаласы қалалық коалиция мүшелері көпбейінді аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

otpannews.kz
Маңғыстаулық жас атлеттер ел чемпионатынан жүлдемен оралды

21-22 ақпан күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан есту органдары зақымданған 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

otpannews.kz
Мұнайлылық дәрігерлер референдумға қатысады

Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы «Мұхамбет» медициналық орталығының қызметкерлерімен «Жаңа Конституция жобасының қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті. 

otpannews.kz
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.

otpannews.kz
Қарақия аудандық ХҚКО бөлімінде электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі енгізіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы электронды кезек талондарын алдын ала брондау бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Қарақия аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істей бастайды.

otpannews.kz
Ақтауда жас сақшы полицейлермен бірге сап түзеді

Ақтау қаласында өткен саптық жиын барысында кішкентай Бек Әлиұлы тәртіп сақшыларымен бірге сапқа тұрды.

otpannews.kz
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады.

otpannews.kz
Президент тапсырмаларын іске асыру: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті.

otpannews.kz
Жаһандық экономикадағы Қазақстан: Маңғыстаудағы инфрақұрылымдық жобалар

Инфрақұрылым – мемлекеттің қаңқасы. Егер жолдар мен әуежайлар сапасыз болса, экономиканың «ағзасына» қан жүрмейді. Бүгінде Қазақстанда іске асып жатқан ірі жобалар жай ғана құрылыс емес, бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертетін стратегиялық қадам. Қазақстан – әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең үлкен мемлекет. Сондықтан экономика алыптарының қатарына қосылу үшін елдегі жол сапасы 100% қауіпсіз, әрі сапалы болуы тиіс. Көлік дәліздерінің маңызы аса жоғары елде инфрақұрылым қалай дамып келеді? Ал Маңғыстау өңіріне не жетіспейді? Осы сауалдарға жауап іздеп, otpannews.kz сайтының тілшісі сараптама жасап көрді.

otpannews.kz
Оқушылар сарайында «AirHub» дрон кабинеті ашылды

Оқушылар сарайында жастардың инженерлік ойлауын дамытып, заманауи ІТ және авация саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба –  «AirHub» дрон кабинетінің ашылуы өтті.

otpannews.kz
Ақтау қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша тұрғындардан өтінім қабылдау аяқталуға жақын

Ақтау тұрғындары қаланы абаттандыруға қатысты жобаларын 2026 жылдың 1 наурызына дейін ұсына алады. Маңғыстау облысының басқарушы сервистік компаниялары мен мүлік иелерінің бірлестіктері қауымдастығы тегін көмек көрсетуге дайын.

otpannews.kz
11 айлық сәби Ақтаудан Астанаға санавиациямен жеткізілді

Мобильді медициналық санавиацияның фельдшері Ерұлан Құндақбаев жариялаған видеода кардиомиопатия диагнозы қойылған 11 айлық сәбидің Ақтаудан Астанаға жеткізілгені көрсетілген.

otpannews.kz
Жаңаөзендік мұнайшылар референдумда дауыс береді

Жаңаөзен қаласында қалалық коалиция мүшелері №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара 15 наурыз күні өтетін Халықтық Конституцияға байланысты республикалық референдум аясында ұйымдастырылды.

otpannews.kz
Ақтау қаласының тұрғындарына ескерту: дабыл құрылғылары іске қосылады

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 25 ақпанда «Көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою және шұғыл жұмыстарды жүргізу» мақсатында дабыл жүйесін тексеру өткізеді.

otpannews.kz
Ақтауда референдумды қолдауға бағытталған форум өтті

Ақтау жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, форумға қатысты. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды.

otpannews.kz
Белсенді жас Нұрқадір Өскімбаев: «Жаңа Конституциялық өзгерістер тек құқықтық мәртебе емес, қоғамның болашағын айқындайтын стратегиялық таңдау»

Ата Заңға өзгерістер енгізу – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам. Бұл – тек құқықтық құжатқа түзету жасау емес, ел болашағын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық шешім. Конституция – мемлекет пен халық арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің негізі.

otpannews.kz
Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың басшылығымен «Жаңа форматтағы әскер. Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

otpannews.kz
Жаңа Конституция және өңір дербестігі: мәслихат рөлі қалай күшейеді?

Мемлекеттің орнықты дамуы орталық пен өңір арасындағы тиімді теңгерімге тікелей байланысты. Өңірлердің дербестігі күшеймей, елдің тұтас жаңғыруы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жүзеге асқан реформалар жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың мәртебесі мен ықпалын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Жаңа конституциялық модель жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіріп, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуді көздейді.

otpannews.kz