Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
*7 лет перемен: как менялся Казахстан в цифрах и фактах*

За последние семь лет в Казахстане построены тысячи социальных и инфраструктурных объектов, расширены возможности для образования, здравоохранения, спорта и промышленности.

Каких результатов удалось достичь и как эти изменения отражаются на жизни страны? Смотрите в нашем видео — ключевые цифры и масштаб проделанной работы.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.

🔹Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.

🔹Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.
 
🔹Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.
👍1
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспийталшықты-оптикалық байланыс желісін іскеқосты
 
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбіарқылы өтетін суасты талшықты-оптикалық байланысжелісін тартып, өз телекоммуникация жүйелеріналғаш рет өзара байланыстырды. Жобаның салтанаттыіске қосылуына Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ӘзербайжанРеспубликасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Жаңа инфрақұрылым Азия мен Еуропа арасындадеректер жеткізетін қосымша бағыт ашып, Қазақстанның халықаралық цифрлық транзиттегірөлін күшейтеді.
Маңғыстау мектептерінде BALAZHAN платформасы енгізілді

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мақсатында BALAZHAN бірыңғай ақпараттық платформасы іске қосылды. Осыған орай 800-ге жуық маман арнайы оқытудан өтті.

otpannews.kz
Үстірт табиғи кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін

Маңғыстау облысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған «Үстірт ландшафты және аңшылық Аран қақпандары» номинациясы бойынша далалық бағалау миссиясы талқыланды. Өңірге Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) мен ИКОМОС ұйымдарының халықаралық сарапшылары келіп, нысандардың жай-күйін зерделеді. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСОМК жанындағы Ұлттық комиссияның табиғи мұра жөніндегі сарапшысы Элина Мальцева хабарлады. 

otpannews.kz
Маңғыстауда «Elge gyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастар форумы өтті

Маңғыстауда жастарға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер және студенттер қатысты.

otpannews.kz
«Aktau Towers» тұрғындары заңдастырылмаған үйдің азабын тартып отыр

Ақтаудың 12-шағынауданындағы «Aktau Towers» тұрғын үй кешенінің құрылысы он жылдан астам уақыттан бері толық аяқталмай келеді. Үйдегі 174 пәтердің бәрі сатылған, ал 40 пайыздан астамына тұрғындар қоныстанған. Алайда ғимарат әлі күнге дейін толық пайдалануға берілмеген. Тұрғындардың қолында пәтер сатып алғанын растайтын алдын ала келісімшарт қана бар. Былтыр қыста жылусыз отырған олар электр жарығының жиі өшетініне де шағымданады. Ал ай сайынғы коммуналдық төлем 200 мың теңгеге дейін жетеді.

otpannews.kz
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

• Бюджет қаражатын жымқырған: Маңғыстауда
аурухананың бас есепшісі сотталды

• Маңғыстау облысының әкімі ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларымен кездесті

• «Aktau Towers» тұрғындары заңдастырылмаған үйдің азабын тартып отыр
Жаңа Конституция - ел игілігі мен жарқын болашақтың кепілі

«Ата Заңымыз - елдігіміздің айқын бағдары, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының мызғымас қорғаны. Дәрігер ретінде мен үшін ең басты құндылық - адам өмірі мен денсаулығы болса, ал Конституциямыз сол құндылықтардың заңды тұғырын бекітіп береді.»

otpannews.kz
Маңғыстау ауылында жылу беріле бастады

Маңғыстау ауылындағы жылу қазандықтары бүгін толықтай іске қосылып, штаттық режимде жұмысын бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

otpannews.kz
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді

«Біз ұдайы ұлт құндылығы, ана тілімізді ардақтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында түрлі қоғамдық шаралар ұйымдастырып келеміз. Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі үшін рухани тұтастық пен мықты құқықтық негіз ауадай қажет.»

otpannews.kz
Жаңа Конституция – әділетті қоғам мен тұрақты дамудың негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамның даму бағытын белгілейтін маңызды құжат. Онда елдің болашағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік көрініс табады. Менің ойымша, Ата Заңның басты мақсаты – әрбір азаматтың құқығын қорғап, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту.

otpannews.kz
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

otpannews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

otpannews.kz