Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Ақтауда дзюдодан Азия кубогында Олимпиада чемпионы күреседі

Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы өтеді. Дәстүрлі турнир қарсаңында Қазақстан дзюдо федерациясы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, жарыстың маңызы мен алдағы жоспарлар талқыланды. 

otpannews.kz
Маңғыстауда IV облыстық «Жас турист» слеті өтті

15–16 қазан күндері Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының ауылдық паркінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында IV облыстық «Жас турист» туристік слеті өткізілді.

otpannews.kz
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайып, 7 812,3 млрд теңгені құрады. Өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты болды.

otpannews.kz
Ақтауда жаңа архивтік
жинақ жарық көрді

Жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына орай «Халық ақыны, жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966 жж.)» жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

otpannews.kz
Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін айтты.

otpannews.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазірдің өзінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. Елімізде киік санының көбеюін осы жетістіктердің бірі ретінде атап өтуге болады.

otpannews.kz
Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті

Бүгін, 16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірден Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енген мүшелермен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы міндеттер талқыланды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

• Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

• Нан күні: Маңғыстау облысы нан өнімдерін тұтыну көрсеткіші бойынша соңғы орында

• Ақтауда дзюдодан Азия кубогында Олимпиада чемпионы күреседі

• Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды

• Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті
Жаңа Конституция туризмді дамытып, елдің халықаралық беделін арттырады

Маңғыстау - тарихи-мәдени мұраларға, табиғи көрікті жерлерге бай өлке. Гид-аудармашы ретінде өңірімізге келген туристерге өлкеміздің тарихын, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін таныстыруға үлес қосып келемін. Туризмнің дамуы елдің мәдени мұрасын кеңінен танытуға, шетелдік қонақтардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

otpannews.kz
Жаңа Конституция – балалардың жарқын болашағы мен отбасы құндылықтарының берік кепілі

Маңғыстау өңірі - отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін киелі өлке. Комиссия хатшысы ретінде менің басты міндетім - әрбір баланың қауіпсіз ортада өсуін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз ету. Балалардың бақытты балалық шағы мен сапалы білім, саналы тәрбие алуы - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

otpannews.kz
Ақтауда балалар хоккей мен мәнерлеп сырғанауды тегін үйрене алады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған Bauyr Arena спорт мектебінде хоккей және мәнерлеп сырғанаудан тегін үйірмелер жұмыс істейді. Хоккейге 5 пен 10 жас аралығындағы балалар қабылданса, мәнерлеп сырғанау үйірмесіне 4–7 жас аралығындағы балалар қатыса алады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
«Әділет» партиясы ауқымды экологиялық акцияны қорытындылады

«Әділет» партиясының жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындылады. 13-16 қазан аралығында белсенділер Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын жүріп өтіп, шамамен 1 800 шақырым аумақты тазалады. Төрт күнде 150 тоннадан астам қоқыс жинады.

otpannews.kz
Азия кубогы: Ақтауда дзюдодан Олимпиада чемпионы өнер көрсетіп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан Азияның ашық кубогы басталды.
Жаңаөзенде 500 адамға арналған жаңа спорт кешені салынып жатыр

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бір мезгілде 500 адамды қабылдауға арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Заманауи спорт нысанында түрлі спорт секциялары жұмыс істеп, тұрғындардың тұрақты түрде жаттығуына, балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға қосымша жағдай жасалады. Кешенді 2026 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.

otpannews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

OTPANNEWS.KZ. - Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті

OTPANNEWS.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда Қазақстанда баламасы жоқ жаңа форматтағы студенттік зерттеу орталығы ашылды

OTPANNEWS.KZ. - 17 қазанда Ақтауда Bilim & Science студенттік зерттеу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда дзюдодан Азия ашық кубогінің алғашқы күніндегі белдесулер аяқталды

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Азия ашық кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген турнирге әлемнің жеті елінен 182 спортшы қатысып жатыр.

otpannews.kz