Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді

Біз ұдайы ұлт құндылығы, ана тілімізді ардақтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында түрлі қоғамдық шаралар ұйымдастырып келеміз. Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі үшін рухани тұтастық пен мықты құқықтық негіз ауадай қажет. 

otpannews.kz
❤1
Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын, қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болатын маңызды құжат. Конституциялық өзгерістер мемлекеттің дамуына жаңа серпін беріп, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырады деп сенемін.

otpannews.kz
Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады

Жуырда Ақтау қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты қазақ жеңіл атлеті Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан дәстүрлі республикалық жарыс «Аминиада» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен бақ сынады. Биылғы додада алғаш рет биіктікке секіруден жарыс өткізіліп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.

otpannews.kz
Киікбай Жаулин: Республика
күні – тәуелсіздікке бастар тарихи қадам

Тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаз Киікбай Жаулин Республика күнінің тарихи маңызы, мемлекеттік егемендік туралы декларацияның рөлі және ұлттық мерекенің мәнін жас ұрпаққа түсіндіру жолдары туралы пікір білдірді.

otpannews.kz
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Құтқарушылар өрт сөндіруге және іздестіру-құтқару жұмыстарына аттанып жатқанда, биік таулы бекеттердің мамандары мұздақ көлдерді бақылап, авиациялық экипаждар ұшуға дайындалады, ал кезекші орталықтар тәулік бойы оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдайды.

otpannews.kz
19 қазан – Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі.

Адам өмірін арашалап, қауіп-қатерге қарамай көмекке асығатын мамандардың еңбегі өлшеусіз.
Жаңа Конституция – ел дамуы мен ұрпақ болашағының берік негізі

Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның өркендеуін айқындайтын басты құжат. Ата Заңымыз әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап қана қоймай, елдің болашақ даму бағытын белгілейді. Мен үшін Конституцияның маңызы – қоғамда әділдік орнатып, әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасауында.

otpannews.kz
Қарақия тұрғыны түйе сүтінен ірімшік жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

Қарақия тұрғыны Айжан Қапашева түйе сүтінің ерекшеліктерін ескеріп, ірімшік жасап шықты. Ол қолданыстағы тағамдарды түрлендіріп, жаңа әдіс арқылы өнім жасауды әдетіне айналдырған

otpannews.kz
Жылыту маусымы: Мамандар тұрғындарға ескерту жасады

Елімізде жылыту маусымы басталды. 
Маңғыстауда сирек кездесетін жануар таспаға түсіп қалды

Сирек кездесетін жыртқыш балжегіш бейнежазбаға түсіп қалды. Видеоны instagram әлеуметтік желісіне @kladoiskateli_mangystau парақшасы жариялады.

otpannews.kz
Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына – 102 жыл

Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 102 жыл толып отыр. Ол 1924 жылы 19 қазанда дүниеге келген. Батырдың ерлігі – ұрпаққа үлгі, ел тарихындағы өшпес мұра.
👏1
Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

Жаңаөзенде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Ішкі істер органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген топтың қызметіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

otpannews.kz
Азаматтарды бірыңғай қабылдау: Ақтау тұрғындары қандай мәселе көтерді?

Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың қатысуымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау» күні өтті. Тұрғындар әкіммен жүздесіп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

otpannews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.

otpannews.kz
Қызметтерді цифрландырудан технологиялар экспортына

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне шықты. 2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
▪️ Электрондық үкімет: Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы көрсеткішінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.
▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты: нөлден 70 млн долларға дейін өсті.
▪️ IT-экспорт: 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.
▪️ Интернет: халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін өсті, орташа жылдамдық 21-ден 88–94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.
▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер: цифрландырылған қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
▪️ Қолма-қол ақшасыз экономика: қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге артып, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушы күніне орай өткен салтанатты жиында тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz
Ақтауда оқушыларға теңіз суын ауызсуға айналдыру жолын түсіндірді

№31 жалпы білім беретін мектепте «Каспий – ортақ мұра» тақырыбында экологиялық дәріс өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада оқушыларға Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, суды тұшыту технологиясы және су ресурстарын үнемдеудің маңызы түсіндірілді. 

otpannews.kz