Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар

Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

otpannews.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов
Жаңа Конституция жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады – Эльвира Азимова

Бұл туралы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның кезекті отырыстында хабарлады. Ол комиссияның жұмысы ашық және мазмұнды түрде жүріп жатқанын атап өтті.

✔️ Эльвира Азимованың айтуынша, комиссия жұмысына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағының, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және медиа өкілдерінен тұратын 130 адам жұмылдырылған. Барлық отырыстар Конституциялық соттың әлеуметтік желілерінде және «Конституциялық реформа 2026» арнайы Telegram-арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Конституциялық Соттың төрағасы жобаны талқылау кезінде құқықтық түзетулер санына емес, жаңартылған мазмұны мен мәніне назар аудару маңызды екенін атап өтті.
Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа


• Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда


• Биыл Ұлттық қордан балаларға 130 доллар түседі


• Мұнайлыда «Адал азамат» тұжырымдамасы талқыланды


• Маңғыстау зиялылары президенттің Ұлттық құрылтайдағы сөзін талқылады


• Каспий теңізіндегі іс-қимыл жөніндегі халықаралық волонтерлік апталық өткізу көзделді


• Тарихи фотосурет: 9 жасында Ауған асқан, 90 жасында елге оралған ақсақал
🔹Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды.
Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды.

otpannews.kz
Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды.

otpannews.kz
Құрылтай, Халық Кеңесі, «Миранда ережесі» – жаңа Конституция жобасы халық назарына ұсынылды

Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді.

otpannews.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уайс Ерсайынұлы: «Құрылтай атауының астарында ұлттық идеологияның өзегі тұр»

Мәжілісті Құрылтай деген атауға өзгертудің астарында идеологиялық түпнегізімізге оралу мәні жатыр. Бұл пікірді Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Уайс Ерсайынұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылау мақсатында өңірлік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

-Кейбір азаматтар Парламентті Құрылтай деп атаудың себебі жайлы сұрақтар жолдап жатыр. Мәжілісті Құрылтай деген атауға өзгертудің астарында идеологиялық түпнегізімізге оралу мәні тұр. «Сейм» десе Польша, «Рада» десе Украина, «Дума» десе Ресей, «Лойя Жирга» десе Ауғаныстан еске түседі. Әр ел өзінің идеологиясын осылай қалыптастырады. Құрылтай тектен-текке беріліп отырған атау емес. Осы арқылы тарихи жадымызды жаңғыртып, сонау түркілерден келе жатқан түп-тамырымызды танытамыз. Маңызды ұсыныстың астарында ұлттық идеология тұр, - деді Уайс Ерсайынұлы.
👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өмірбек Құрбанбаев: «Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану өмірлік үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді»

Ұлттық мәдени мұраларды цифрлық архивтер арқылы сақтау және жүйелеу - бүкіл әлемдегі негізгі трендтердің бірі. Ұлттық құндылықтарды цифрландыру арқылы біз мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа сапалы түрде жеткізе аламыз. Бұл пікірді «Медиана» ЖШС директоры Өмірбек Құрбанбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылау мақсатында өңірлік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Толығырақ @otpannews.kz сайтынан оқи аласыздар
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жәнібек Қожық: «Бейнеу-Сексеуіл» автожолының салынуы өңір экономикасына оң септігін тигізеді»

Маңғыстау халқы тұтынатын азық-түліктің 80 пайызы сырттан тасымалданады. Ал «Бейнеу-Сексеуіл» бағытында автожол салу облыста азық-түлік бағасының төмендеуіне және қолайлы логистика желілерін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. Бұл пікірді өлкетанушы, қоғам қайраткері Жәнібек Қожық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылау мақсатында өңірлік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Толығырақ @otpannews.kz сайтынан оқи аласыздар
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уайс Ерсайынұлы: «Конституциялық реформа еліміздің саяси жүйесін жаңартады»

Заң шығарушы органның қабылдайтын шешімдері дұрыс болуы керек. Осы орайда Ата заңға енгізілетін өзгерістер еліміздің саяси келбетінің жаңаруы екенін ескеруіміз керек. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылау мақсатында өңірлік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Толығырақ @otpannews.kz сайтынан оқи аласыздар
👎1
Ақтауда «Қуанышты күн» акциясы ұйымдастырылды

Достық үйінде ерекше балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу, қоғам өміріне белсенді тарту және оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Қуанышты күн» акциясы өтті.

otpannews.kz
«Миранда ережесі» – жаңа Конституция жобасы халық назарына ұсынылды

Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді, деп жазады otpannews.kz ҚР Конституциялық сотына сілтеме жасап.
Қазақстанда Конституциялық реформаның негізгі бағыттары айқындалды
Конституциялық комиссия жаңа редакциядағы Негізгі заң жобасын әзірлеп, оның құрамын, ашық талқылау тетіктерін және құрылымдық өзгерістерін ұсынды. Реформа елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.

otpannews.kz
Жаңа Конституция жобасында шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынып тасталды деген ақпарат жалған

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сатуға қатысты нормалар өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді. Орталық өкілдері аталған шектеуді алып тастау туралы тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және азаматтарды жаңылыстыратынын атап өтті.

otpannews.kz
ҚР Ата заңы жобасының негізгі жаңалықтары