Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Жаңбырбай Матаев: «Жаңа Конституция халық шешімімен қабылданады»

Маңғыстау облысының Мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындағанын атап, Парламенттік реформа шеңберінде бастапқыда қолданыстағы Ата заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенін жеткізді.

otpannews.kz
👎1
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: Конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды.

otpannews.kz
📌 Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен отырыста Конституцияның жаңа жобасы мен реформаның негізгі бағыттары талқыланды.
«Ауыл» партиясының фракциясы Жаңа Конституция жобасын қолдады.
Маңғыстауда салық органдары атын жамылып жасалатын алаяқтық көбейген

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды салық органдарының атынан таралып жатқан жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды. Соңғы уақытта азаматтарға салық режиміне көшу, «шұғыл хабарлама», айыппұл салу туралы ескертулер жіберіліп, күмәнді сілтемелер арқылы өтуді талап ететін жағдайлар жиілеген.

otpannews.kz
«Ауыл» партиясының фракциясы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

otpannews.kz
Ақтауда қалалық емхана заманауи КТ аппаратымен жабдықталды

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен №2 Ақтау қалалық емханасына жаңа компьютерлік томография (КТ) аппараты табысталды.

otpannews.kz
Маңғыстаулық ғалымдар ҚР Конституциясының жаңа жобасының мазмұнын талқылады

Ақтауда Esenov University профессор-оқытушылық құрамы ҚР Конституциясының жаңа жобасының мазмұнын талқылады.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа


• Маңғыстауда инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған әлеуметтік жоба іске асуда


• Жаңа Қазақстанның жаңа бағдары: Ақтауда Ата Заңға енетін өзгерістер талқыланды


• Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді


• Елімізде пойыз жолаушылары 25-33 пайыз жеңілдікпен билет ала алады


• Маңғыстауда салық органдары атын жамылып жасалатын алаяқтық көбейген


• Ақтауда қалалық емхана заманауи КТ аппаратымен жабдықталды
Анар Шамшадинова: Жаңа Конституция адам құқықтары мен мемлекеттік құндылықтардың кепілі

Ақын, «Ақпарат саласының үздігі» Анар Шамшадинова еліміздің жаңартылған негізгі заңына қатысты өз ойын білдіріп, құжаттың мемлекеттік құрылымдағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам капиталын мемлекеттің ең жоғары байлығы ретінде тануында.

otpannews.kz
Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев: Конституцияны өзгерту – қоғам дамуының заңды талабы

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев жаңа Конституция жобасының жариялануы мен қоғамдық талқылауға ұсынылуы – еліміздің саяси-құқықтық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі деп атады.

otpannews.kz
Бейнеуде жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған аудан активінің отырысы өтті.

otpannews.kz
Ақтауда Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерінде ата-аналара арналған Ашық есік күні өтті

Ақтау қаласында ҚР Әскери-теңіз күштерінің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметтегі матростардың ата-аналары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

otpannews.kz
Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді: ІІМ ескерту жасады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қатаң қорғалатынын, ал өзге адамды аңду мен жүйелі түрде мазалау қылмыс деп танылатынын ресми түрде ескертті.

otpannews.kz
Ақтауда есірткінің заңсыз айналымы әшкереленді

29 қаңтарда шамамен сағат 22:00-де Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын «закладка» тәсілімен заңсыз сақтау және тарату дерегін анықтап, жолын кесті.

otpannews.kz
Ақтаудағы дәмханалардың бірінде жанжал туындап, төбелес сотқа дейін жетті

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде жиһаздың химиялық тазалау (химчистка) ақысын төлемегені үшін қыз баланы соққыға жықты. Оқиға соңы екі тараптың да үстінен қылмыстық іс қозғалуымен аяқталды.

otpannews.kz
Заман талабы және Ата Заң: Бекзат Жүсіп конституциялық өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп еліміздегі конституциялық реформаның мәні мен маңызына тоқталып, Ата Заңның жаңа философиясы туралы ой бөлісті.

otpannews.kz
Маңғыстауда төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

Маңғыстау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Үсенов хабарлады.

otpannews.kz
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті.

otpannews.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституциялық реформа азаматтардың кеңінен талқылауға қатысуына және қоғамдық қолдауға сүйенеді» – ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов