Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Маңғыстаулық дзюдошы Париж Гранд Слэмінде жүлдеден тыс қалды

Париж Гранд Слэміне қатысқан Қазақстан балуандары үш жүлде иеленді.

otpannews.kz
Теңіз жаяу әскерінің матросы Қазақстан тарихының батырлары туралы туындыларды салды

Ақтау гарнизонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери қызмет пен шығармашылықты сәтті үйлестіріп келеді.

otpannews.kz
Пробация талаптарын бұзған сотталушы түрмеге қамалды

Маңғыстау аудандық соты пробациялық бақылауда болған сотталған Д.-ның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

otpannews.kz
Димаш Құдайбергеннің Маңғыстауда түсірілген жаңа жобасы Қытайда рекорд орнатты

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Маңғыстау облысының көрікті жерлерінде түсірілген «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасы Қытай медиа кеңістігінде үлкен серпіліс тудырды. Премьерадан кейінгі алғашқы тәулікте шоу 102 миллион қаралым жинап, 2026 жылдың абсолютті рекордын жаңартты.

otpannews.kz
Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді

2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты.

otpannews.kz
Маңғыстауда денсаулық сақтау саласында ірі көлемде бюджет қаражаты жымқырылған

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметіне жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады.

otpannews.kz
Ақтауда ветеринарлар жараланған аққуды емдеп жатыр

Ақтауда ветеринарлар жараланған аққуды аман алып қалуға тырысып жатыр. Құс ветеринарлық клиникаға шамамен екі апта бұрын жеткізілген. Аққудың сол жақ қанаты сынып, ауыр жарақат алған. Жараланған құсты қала маңындағы демалыс орындарының бірінің жанынан байқап қалған ер адам клиникаға әкелген.

otpannews.kz
Көлік жөндеу орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында техникалық қызмет көрсету станциясында болған өрт салдарынан күйік алған екі ер адамның жағдайы туралы мәлімет берді.

otpannews.kz
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

9 ақпанда Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

otpannews.kz
Маңғыстауда мектеп қауіпсіздігі жасанды интеллект көмегімен бақыланады

Маңғыстауда мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеруге арналған цифрлық жоба іске аспақ. Жоба жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитика және бет-әлпетті тану технологияларын білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына енгізуді көздейді.

otpannews.kz
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады

9 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын және оның қоғамдық бірлікті мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған негізгі ережелерін белсенді түрде қолдады.

otpannews.kz
Маңғыстауда белсенді жастар жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында жастар мен сарапшылар жаңа Конституцияның жобасын талқылады.

otpannews.kz
Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.

otpannews.kz
Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып қала береді – Виктор Малиновский

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды.

otpannews.kz
❤1
Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймын

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.

otpannews.kz
❤1
Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.

otpannews.kz
«Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.

otpannews.kz
Ақтауда шоколад пен алкоголь ұрлаған күдікті қамауға алынды

Ақтау қаласы Полиция басқармасына сауда нысандарында орын алған ұсақ-түйек жымқыру фактілері бойынша бірнеше арыз түсті. Жүргізілген тексеру нәтижесінде өткен жылы желтоқсан мен биыл қаңтар айы аралығында белгісіз адамның Ақтау қаласындағы шағын маркеттер мен дүкендерден тауарларды бірнеше рет жасырын түрде жымқырғаны анықталды.

otpannews.kz
Маңғыстаулық дзюдошы Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі

Маңғыстау облысының балуаны Асқар Нарқұлов Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі.

otpannews.kz
Ақтауда дәмханада соққыға жығылған қызға қатысты іс қайта тергелуі мүмкін

Ақтауда дәмхана қызметкері 24 жастағы Жансая Есенгелдиеваны соққыға жығып, шашынан сүйреуіне қатысты іс сотқа жетті. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қайта қаралуы мүмкін.

otpannews.kz