Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Көлік жөндеу орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында техникалық қызмет көрсету станциясында болған өрт салдарынан күйік алған екі ер адамның жағдайы туралы мәлімет берді.

otpannews.kz
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

9 ақпанда Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

otpannews.kz
Маңғыстауда мектеп қауіпсіздігі жасанды интеллект көмегімен бақыланады

Маңғыстауда мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеруге арналған цифрлық жоба іске аспақ. Жоба жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитика және бет-әлпетті тану технологияларын білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына енгізуді көздейді.

otpannews.kz
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады

9 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын және оның қоғамдық бірлікті мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған негізгі ережелерін белсенді түрде қолдады.

otpannews.kz
Маңғыстауда белсенді жастар жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында жастар мен сарапшылар жаңа Конституцияның жобасын талқылады.

otpannews.kz
Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.

otpannews.kz
Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып қала береді – Виктор Малиновский

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды.

otpannews.kz
❤1
Саясаттанушы Марат Шибутов: Ата Заңның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деп санаймын

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.

otpannews.kz
❤1
Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.

otpannews.kz
«Мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдар айналасында құрылады» – Сатыбалды Дәулеталин жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.

otpannews.kz
Ақтауда шоколад пен алкоголь ұрлаған күдікті қамауға алынды

Ақтау қаласы Полиция басқармасына сауда нысандарында орын алған ұсақ-түйек жымқыру фактілері бойынша бірнеше арыз түсті. Жүргізілген тексеру нәтижесінде өткен жылы желтоқсан мен биыл қаңтар айы аралығында белгісіз адамның Ақтау қаласындағы шағын маркеттер мен дүкендерден тауарларды бірнеше рет жасырын түрде жымқырғаны анықталды.

otpannews.kz
Маңғыстаулық дзюдошы Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі

Маңғыстау облысының балуаны Асқар Нарқұлов Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі.

otpannews.kz
Ақтауда дәмханада соққыға жығылған қызға қатысты іс қайта тергелуі мүмкін

Ақтауда дәмхана қызметкері 24 жастағы Жансая Есенгелдиеваны соққыға жығып, шашынан сүйреуіне қатысты іс сотқа жетті. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қайта қаралуы мүмкін.

otpannews.kz
Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

otpannews.kz
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының қолдауына ие болды

2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.

otpannews.kz
Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орын
қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында.
Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті.
Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп, екінші болып “Kazakhstan А” келеді.
Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді.
Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды. Біз батырларымыз үшін тақымымызды қысып, әлемдік айтулы додадан жеңіспен оралуын тілейміз. Алға, Қазақстан!
Победа в алфавитном порядке! Наши команды произвели настоящий фурор в третий день соревнований UAE SWAT Challenge! Все три места третьего этапа заняты командами спецназа Казахстана: “Kazakhstan А” установила рекорд по времени выполнения задания “Спасение офицера” (02:00 мин.) и возглавила турнирную таблицу. На втором месте команда “Kazakhstan В”, бронза третьего этапа у команды “Kazakhstan С”.
Еще две команды нашей страны находятся в топ 20 турнира: “Kazakhstan D” - на 19-ом месте, женская сборная “Tomiris” на следующей строке общего рейтинга, она вновь превзошла большинство команд с мужским составом и лидирует среди женских команд.
По итогам трех этапов “Kazakhstan С” уверенно идет на первой позиции. Плечом к плечу с ней стоит “Kazakhstan А”, она на втором месте.
Таким образом, казахстанский спецназ лидирует в элитном турнире, где за первенство борются 109 команд из 48 стран.
Впереди еще два соревновательных дня UAE SWAT Challenge.
Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа


• “Бір ауыл”: Ақтаулық жастар қазақи нақыштағы үстел ойынын ойлап тапты


• Елімізде ақпандағы көрсеткіш бойынша 138 мыңнан астам адам АӘК-пен қамтылды


• Маңғыстаулық өнерпаздар республикалық байқауда жеңіске жетті


• Маңғыстаулық дзюдошы Париж Гранд Слэмінде жүлдеден тыс қалды


• Пробация талаптарын бұзған сотталушы түрмеге қамалды


• Димаш Құдайбергеннің Маңғыстауда түсірілген жаңа жобасы Қытайда рекорд орнатты


• Ақтауда ветеринарлар жараланған аққуды емдеп жатыр


• Көлік жөндеу орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды


• Ақтауда шоколад пен алкоголь ұрлаған күдікті қамауға алынды


• Ақтауда дәмханада соққыға жығылған қызға қатысты іс қайта тергелуі мүмкін
Әлеуметтік желілердегі «QURMET» челленджі

Өзара құрмет мәдениетін, адамға, оның таңдауы мен жеке шекарасына ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауды насихаттау; мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

otpannews.kz
Маңғыстауда ауданаралық автобустардың рейстері тоқтады

10 ақпан күні өңірде ауа-райының қолайсыздығына және облыстағы автомобиль жолдарының көктайғақ болуына байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін
ауданаралық автобус маршруттарының рейстері уақытша тоқтады.

otpannews.kz