Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
«Референдум–2026» онлайн марафонынан

15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Бұл күні Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауын жасайды.

Ал бүгінгі «Референдум–2026» онлайн марафоны жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң. Марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Шара отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланып жатыр.
Маңғыстаулық қыз-келіншектер инновациялық стартаптар байқауына қатыса алады

Қазақстанда «Startup Women – 2026» республикалық инновациялық идеялар мен стартаптар байқауы басталады. Маңғыстаулық қыз-келіншектер Қазақстанның Іскер Әйелдер қауымдастығы және «Innotech» ұйымы қолдауымен жүзеге асатын жобаға қатыса алады, деп хабарлайды otpannews.kz.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Mangystau Hub» аймақтық IT-хабының жетекшісі Айгерім Мәжтай: «Жасанды интеллект арқылы жасаған жұмыстарымызды ЖИ арқылы істегенімізді растауымыз бұл адам құқығын қорғалуын көрсетеді. Адам құқығы қорғалатын Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша рефендумға келіп дауыс беруге шақырамын»

#Жаңа_Конституция_Маңғыстау7292

#Новая_Конституция_Мангистау7292
👎2
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа


• Ақтауда 10 мың орындық заманауи стадион салынуы мүмкін


• Маңғыстаулық Сурдлимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер сыйлап, ат мінгізді


• Маңғыстаулық қыз-келіншектер инновациялық стартаптар байқауына қатыса алады
Түпқарағанда білім саласының ардагері құрметті зейнетке шықты

Түпқараған ауданы аумағында ұзақ жыл білім саласында табысты еңбек етіп, 2014–2026 жылдары Ақшұқыр мектеп-лицейін басқарған Қаламқас Қалиқызының құрметті зейнет демалысына шығуына арналған салтанатты кеш өтті.

otpannews.kz
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🖇Мәдени мұрамыз туризмнің драйверіне айнала ала ма?

Бұл сұраққа «Референдум–2026» онлайн-марафонында мәдениеттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, этномедиация орталығының басшысы Фарида Мұсатаева жауап берді.

«Соңғы деректер бойынша, 2023 жылы Италияның экономикасына туризм саласынан 215 млрд қаржы түскен. Бізге де сол керек, соған келе жатырмыз. 2025 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік келген. Соның ішінде 8,6 мыңы турист деп белгіленген. Ал олардың басым көпшілігін біздің этномәдениетіміз қызықтырған. Туризм толыққанды драйверге айналды деп айта алмаймыз. Өйткені сұраныс бар, ұсынысты қамтамасыз ететін инфрақұрылым ақсап тұрғанын мойындау қажет», - дейді Фарида Мұсатаева.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат: Заң уақытылы орындалып, халыққа пайда әкелуі қажет

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Нұрлан Сабильянов айтты.

«Егер Үкімет заң жобаларын орындамаса, Құрылтай оның мүшелерін босату туралы ұсынысты Президентке жолдай алады. Заңның орындалуын бақылау және халыққа пайда әкелу мақсатында бұл тепе-теңдік аса маңызды. Сондай-ақ Құрылтайда Үкіметтің және Аудиторлық палатаның есептері тыңдалуы қарастырылған», - дейді ол.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Максим Рожин: Алдағы уақытта Құрылтайдың ықпалы күшейеді

Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Максим Рожин заңның жылдам қабылдануының маңызы жайлы айтты.

«Президент айтқандай, сан мен сапа мәселесі маңызды. Алдағы уақытта Құрылтайдың ықпалы күшейеді. Заңды жылдам қабылдау қазіргі алмағайып заманда заң шығарушы органның тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет», - дейді ол.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ермұрат Бапи: Қажеттіліктен туындаған қадам деп бағалауымыз қажет

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында Мәжіліс депутат, Конституциялық комиссия мүшесі Ермұрат Бапи айтты.

«Бұл қоғамда 15-20 жыл көлемінде айтылып келе жатқан мәселе. Унитарлы ел болғандықтан, Қазақстанның Парламенті бір палаталы болуы керек деген талап та айтылды, өзгеріс енгізу керек деген ұсыныс та болды. Дамудың жаңа деңгейіне жеткен елдің өміріне қажеттіліктен туындаған және жүзеге асып жатқан қадам деп бағалауымыз қажет», - дейді депутат.


#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілуін түсіндірді

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілуін түсіндірді.

Оның айтуынша, қылмыстық іс кәмелет жасқа толмаған азаматқа қатысты болса, ұстау мерзімі 24 сағаттан аспауы тиіс. Ал аса ауыр қылмыс жағдайында бұл мерзім 72 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.

«Бостандық – адам құқықтарының бірі. Сондықтан әр минут маңызды. «Миранда» қағидасы адам құқықтарын қорғауға бағытталған және бостандықты шектеуге жол бермейтін маңызды норма», - деді депутат.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат: Ата Заңның өзегі - қолайлы қоғам қалыптастыру

Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев айтты.

Оның сөзінше, қолданыстағы Конституцияда бастапқы қағидаттар ғана қарастырылған болса, жаңа Конституция жобасында ол толық қамтылған. Жоба әйелдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы қоғам құру нормасын қамтиды. Сондай-ақ этностық, өңірлік және қоғамдық мәселелер де Конституция аясында реттеледі.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Экспресс камера»

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Қадырбек бір палаталы жүйенің өзектілігін айтты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Экспресс камера»

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев пропорционалды және мажоритарлық басқару жүйелерінің айырмашылықтарын айтты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Халық кеңесі

Темір Қырықбаев - ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты;

Əлішер Сатвалдиев - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Қарақат Əбден - ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты;
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарақат Әбден: Халық кеңесі саяси басымдылыққа ие болады

«Референдум–2026» онлайн марафонына ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Қарақат Әбден қатысты.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026