Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, компаниялардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

otpannews.kz
Президент: «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жас ұрпақ дамыған мемлекетте, қауіпсіз ортада, өркениетті қоғамда өмір сүруі керек.

otpannews.kz
Мұнайлы ауданында «Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі» әлеуметтік жобасы сәтті аяқталды

Мұнайлы ауданында қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған «Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі» әлеуметтік жобасы өз жұмысын сәтті қорытындылады.

otpannews.kz
Түпқарағанда құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

6 қазан күні сағат 12:00-де Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.

Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.

Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.

Форт-Шевченко тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.

📍Өтетін орны: Орталық алаң, Форт-Шевченко қаласы

Ұйымдастырушылар Түпқараған тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.
Білім беру: 7 жылда не өзгерді?
Педагогтерге қандай қолдау бар?
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасы әскери қызметке үміткерлерді шақырады.

Талаптар:
- ҚР азаматтығы болуы;
- ҚР Қарулы күштер қатарында мерзімді әскери қызметті өтілімі;
- Жасы 32 жасқа дейін;
- Қанағаттандырарлықтай денсаулығы болуы;
- Орташа арнайы білімі;
- ⁠Офицерлік лауазымға жоғары білімі.

Қамтамасыз етіледі:
- тұрақты еңбек жалақысы;(төменгі жалақы 280 000 тг ден бастап)
- қызмет атқару кезінде киім-кешек және тамақпен қамтамасыз етіледі;
- екінші деңгейдегі банктердің бағдарламасы арқылы баспана сатып алу және оны жалға алу үшін жанұяның әрбір мүшесіне 69.000 теңге көлемінде ай сайын баспана төлемі беріледі;
- шекті зейнеткерлік 47 жасы;
- 1 жылғы қызмет өтімі 1,5 жылға есептелінеді:
- еңбек демалысы 45 тәулік. Сауықтыру жәрдем ақысымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс жасау уақыты: Вахталық әдіс.

телефоны: Ақтау қаласы, Приморский 7/3, тел. 8(7292)-460-706, 8(7292)-460-731; 8(7292)-460-729, 87057771483. 87058224400.
87055065599.
Түпқарағанда құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

6 қазан күні сағат 12:00-де Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.

Otpannews.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жаңарған жол ашылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 437–450 шақырым аралығындағы жаңартылған учаскесі пайдалануға берілді.

Жаңартылған жол учаскесі көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады. Оның сапалы болуы елді мекендер арасындағы байланысты жақсартып қана қоймай, Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнары сияқты туристік нысандардың қолжетімділігін арттырады.

Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуда көлік инфрақұрылымының сапасы ерекше маңызға ие. Өңірдің табиғи көрікті жерлеріне келушілер санының артуы жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды да күшейтіп отыр.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына қатысты сот үкімі шықты

24 шілдеде Иранның үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.

otpannews.kz.
Ыбықты сайдағы жартасқа таспен жазу жазған ер адам ұсталды

Маңғыстауда Ыбықты сайдағы жартас бетіне таспен жазу ойып, табиғи нысанға зақым келтірген 34 жастағы ер адам ұсталды.

otpannews.kz.
Транскаспийлік талшықты-оптикалық желі осы айда іске қосылады

Қазақстан мен Әзербайжанды Каспий теңізі арқылы байланыстыратын Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісін осы айда іске қосу жоспарланып отыр. Қазір жоба аясында 390 шақырым кабель төселген.

otpannews.kz.
AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күнінің қорытындысы


2 қазанда AI & Digital Bridge 2026 форумына 25 мыңнан астам адам келді. Іскерлік бағдарламаға 300-ден астам спикер, соның ішінде 90-нан астам шетелдік сарапшы қатысып, 60-қа жуық панельдік сессия өтті. Көрме алаңында Startup Alley аймағында 90-нан астам стартап, 49 IT-компания және 50 жеке стенд пен павильон ұсынылды. Сондай-ақ технология, инвестиция, білім беру және халықаралық ынтымақтастық салаларында 40-тан астам меморандумға қол қойылды.

otpannews.kz.