Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Мемлекет басшысының ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінен
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда Есенғали Раушановты еске алу кеші өтті

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановты еске алуға арналған әдеби кеш өтті. Шара Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында ұйымдастырылды.

Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын шығармашылығын құрметтейтін оқырмандар мен қаламгердің өлеңдерін сүйіп оқитын жастар қатысты.

Кездесуде Есенғали Раушановтың жырлары оқылып, ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Сондай-ақ қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолы туралы естеліктер айтылды.
Ақтауда халықаралық «Каспий ойындары – 2026» аяқталды

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда 5–9 қазан аралығында өткен VIII халықаралық «Каспий ойындары – 2026» спорттық жарысы өз мәресіне жетті. Ойындарды өткізуді Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығы және Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 
Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қаржылай көмек толық берілді

OTPANNEWS.KZ. – Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді.
Ақтауда ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылады

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда «Ата-ана жауапкершілігі: тәрбие мен міндет» тақырыбында қалалық ата-аналар форумы өтті. №34 орта мектепте ұйымдастырылған жиынға қаладағы білім беру ұйымдарының ата-аналары қатысты.
Маңғыстауда 13 ауыл ішімдіктен бас тартты

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшәлиевтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп: қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Развитие человеческого капитала
Ақтауда өткен ауқымды сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысты

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда 10 қазан күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Ақтау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті


БАКУ. OTPANNEWS.KZ - Қазақстан дзюдошылары Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатын түрде аяқтады. Турнирдің соңғы жарыс күнінде аралас командалық сында ҚР ұлттық құрамасы Франция дзюдошыларына есе жіберді.
Ақтауда оқушылар құстарды бақылаудан жарысты

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ. – Ақтаудағы Қаракөл көлінде оқушылар арасында құстарды бақылау жарысы өтті. Бір сағат ішінде алты команда көлді мекендейтін және қоныс аударып өтетін құстарды тауып, суретке түсіріп, түрлерін анықтады. Жарысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты.
Форт-Шевченкодағы зауыт тәулігіне 5 мың текше метр теңіз суын тұшытады

ТҮПҚАРАҒАН. OTPANNEWS.KZ. – Су тұшыту зауыты тәулігіне 5 мың текше метр су өндіруге қауқарлы. Қазір кәсіпорын Форт-Шевченко қаласы, Баутино және Аташ елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
👍1
Мұнайлы ауданында құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

OTPANNEWS.KZ. – 12 қазан күні сағат 11:00-де Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.
Бүгінгі күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа

• Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті


• Ақтауда оқушылар құстарды бақылаудан жарысты


• Форт-Шевченкодағы зауыт тәулігіне 5 мың текше метр теңіз суын тұшытады