Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

OTPANNEWS.KZ. - Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қос бірдей алтын медаль иеленді.
Астанада Astana Media Week 2026 медиаапталығы басталды

АСТАНА. OTPANNEWS.KZ – Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Astana Media Week 2026 медиаапталығы басталды. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған іс-шара 3 күнге жоспарланған.
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруі шектеледі

АСТАНА. OTPANNEWS.KZ – Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Астанадағы «Astana Media Week 2026» медиаапталығында сөз қозғады.
Маңғыстау мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эмре Биралмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту, көлік-логистика, туризм және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Euronews телеарнасы Маңғыстаудың ЮНЕСКО тізіміне енген бес жерасты мешіті туралы арнайы шығарылым ұсынды

OTPANNEWS.KZ. - Euronews халықаралық телеарнасының «Modern Nomads» бағдарламасы Маңғыстау өңірінің рухани мұрасы мен тарихи құндылықтарына арналған арнайы шығарылымын ұсынды. Бағдарламада ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген бес жерасты мешіті мен оларға қатысты қасиетті орындар туралы баяндалады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Ақтауда үш коронарлық тамыры зақымданған науқасқа күрделі операция жасалды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында Орал қаласының 51 жастағы тұрғынына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында аортокоронарлық шунттау отасы жасалды. Ота сәтті өткен, қазір науқастың жағдайы жақсы.
Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

14 қазан, Орал қаласы. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты. Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы. Диалог алаңында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты.

otpannews.kz
Ақтауда Серікбол Қондыбай мұрасына арналған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының профессоры Балкенже Ақбердиеваның «С.Қондыбайдың мифолингвистикалық келтірімдеріндегі ғаламның мифологиялық модельдері» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әділет партиясы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Республиканский форум «Новая общественная этика: культура, нравственные нормы и ценности»
*Промышленный прорыв Казахстана за последние 7 лет*
«Ашық есік»: Ақтауда бірыңғай жеке қабылдау өтеді

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласында 19 қазан күні азаматтарды бірыңғай жеке қабылдау өтеді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстауда «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бүгін, 14 қазанда, Жаңаөзен қаласында, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында және Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында құрылыс жұмыстары бастау алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа Конституция медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

Жаңа Конституцияда азаматтардың денсаулығын сақтауға және заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алуға құқығы бекітілген.

otpannews.kz
Маңғыстауда есірткі сататын Telegram-дүкендердің 670 сілтемесі бұғатталды

OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысында жыл басынан бері есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз айналымға қарсы күрес және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында 490 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
ЕРСАЙ портындағы заманауи контейнерлік терминал желтоқсанда іске қосылады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі «ЕРСАЙ» индустриялық теңіз порты аумағында салынып жатқан заманауи контейнерлік терминалдың құрылыс барысымен танысты. Жобалық қуаттылығы жылына 120 мың ДФЭ болатын нысанды биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа


• Маңғыстауда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

• Euronews телеарнасы Маңғыстаудың ЮНЕСКО тізіміне енген бес жерасты мешіті туралы арнайы шығарылым ұсынды

• Маңғыстауда «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды

• ЕРСАЙ портындағы заманауи контейнерлік терминал желтоқсанда іске қосылады