Otpannews.kz
1.03K subscribers
24.9K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

otpannews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

otpannews.kz
Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Camry жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  

otpannews.kz
2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі»

«Алматы Су» МКК ресми мәлімдемесі: «Алматы Су» кәсіпорны штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және қаланың сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің операторы болып қала береді. Басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған».

otpannews.kz
Ақтаудағы зауыт күніне 25 мыңнан астам нан пісіреді

«Мағаш нан» зауыты - Ақтауда нан пісіретін ірі кәсіпорын. Өндірісте күніне 25 мыңнан астам нан, 5 мыңдай кондитерлік өнім өндіріледі. Жаңа піскен нан мен дәмді өнімдердің дайындалуы барысы және наубайшылардың еңбегімен otpannews.kz сайтының түсірілім тобы танысып қайтты.

otpannews.kz
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақша сөйлегеніме науқастарым таңғалады»

Ксения Шереметьева – Шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Оның әр жұмыс күні отаға дайындалудан басталады. Ота басталмас бұрын әр науқаспен жеке сөйлеседі. Дәрігер қазақ тілінде еркін сөйлейді және науқасқа да бәрін толық түсіндіреді.

«Бір елдің перзенттері» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/TZUm7UVpx0U?si=FsjeTlKIJ5rlik6_
7 жыл жетістік
7 лет достижений
Нан күні: Маңғыстау облысы нан өнімдерін тұтыну көрсеткіші бойынша соңғы орында

16 қазанда Қазақстанда және бүкіл әлемде Нан күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Ұлттық статистика бюросы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі нан, ұн және астық өндірісі, тұтынуы мен экспортына қатысты деректерді жариялады. Статистикаға сәйкес, Маңғыстау облысы еліміздегі нан өнімдері мен жарма тұтыну деңгейі ең төмен өңір болып отыр.

otpannews.kz
Ақтауда ертең ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ақтау қаласында 17 қазан күні «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

otpannews.kz
Жаңаөзендегі жол құрылысы кезінде бірқатар кемшілік анықталды

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Маңғыстау облыстық филиалы Жаңаөзен қаласының Теңге ауылында автомобиль жолдарын салу жұмыстарының сапасын тексеру барысында бірқатар кемшілікті анықтады.

otpannews.kz
Ақтауда дзюдодан Азия кубогында Олимпиада чемпионы күреседі

Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы өтеді. Дәстүрлі турнир қарсаңында Қазақстан дзюдо федерациясы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, жарыстың маңызы мен алдағы жоспарлар талқыланды. 

otpannews.kz
Маңғыстауда IV облыстық «Жас турист» слеті өтті

15–16 қазан күндері Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының ауылдық паркінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында IV облыстық «Жас турист» туристік слеті өткізілді.

otpannews.kz
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайып, 7 812,3 млрд теңгені құрады. Өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты болды.

otpannews.kz
Ақтауда жаңа архивтік
жинақ жарық көрді

Жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына орай «Халық ақыны, жыршы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966 жж.)» жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

otpannews.kz