Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Республика күні құтты болсын!
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.

otpannews.kz
👍1
Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Республика күні мен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Маңғыстау облысында «Тәуелсіздік – Әділетті Қазақстанға бастайтын саналы жол» атты іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева мәлімдеді.

otpannews.kz
Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық «Үздік ауыл» жобасының екінші кезеңіне өтті.

otpannews.kz
Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды

Маңғыстауда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың зияткерлік қабілетін дамыту және олардың тоғызқұмалақ ойынын меңгеруіне мүмкіндік жасау.

otpannews.kz