Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.39K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Республика күні мен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Маңғыстау облысында «Тәуелсіздік – Әділетті Қазақстанға бастайтын саналы жол» атты іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева мәлімдеді.

otpannews.kz
Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасының екінші кезеңіне өтті

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық «Үздік ауыл» жобасының екінші кезеңіне өтті.

otpannews.kz
Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды

Маңғыстауда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық ойынды дәріптеу, балалардың зияткерлік қабілетін дамыту және олардың тоғызқұмалақ ойынын меңгеруіне мүмкіндік жасау.

otpannews.kz
Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың төрағалығымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының барысына арналған кеңес өтті.

otpannews.kz
Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

• Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

• Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

• Білім беру саласы: жаңа мектептер мен жаңа мүмкіндіктер

• Астананың барлық мектебінде Республика күніне арналған сынып сағаттары өтті

• Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тоғызқұмалақ орталығы ашылды