Биылғы жылдың екінші кітабы ретінде, Доктор Мұхаммед Мансұрдың "Отбасы бақытына апарар 30 жол" атты кітабын атар едім. Тіпті бұны кітап деуге келмес, шағын кітапша ғана. Электронды нұсқасын жіберген Талғатқа рахмет! Өзі шағын болғанына қарамастан, ішінен үйренер, алар нәрсе көп екен.
Жар таңдауда қандай қасиеттеріне қараған дұрыс екенінен бастап, некеге отыру, отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасына дейін жіпке тізгендей сипаттап шыққан. Ең аяғы екі жақтың туған-туыстарының жас отбасының қандай мәселесіне араласуға болатынын, қай жағдайда мүлде араласпау керек екеніне дейін айтылған. Сосын өткенде ғана әлеуметтік желілерде шу болған Исламда ер адамның әйеліне қол көтеруге болатын, болмайтыны жөніндегі мәселе де бұл кітапта жақсы көтерілген. Кітап ұнады. Талай дүние алдым. Отыз тақырыптың қай-қайсысы да назар аударуға тұрарлық.
Әйтсе де мені ерекше ойлантқан біреуі болды. Ол - альтуризм тақырыбы. Альтуризм - біреу үшін өз жеке мүддесін құрбан ету. Шыны керек, көптеген психологиялық кітаптар өзіңді жақсы көруге, өз қалауыңды істеуге, өзіңнің пікіріңді алдыңғы орынға қоюға шақырады. Тіпті өзім соңғы оқыған "Хочу и будуда" да аздап эгоистікке шақыру бар. Мүмкін бұл самоценканы көтеру үшін керек шығар. Алайда біздер өз қажетінен бауырының қажетін артық көретін мұсылмандық жолымызды ұмытпауымыз керек ау. Әр нәрсенің шегімен болғанына не жетсін!
Кітапта мынандай бір оқиға келтіріледі: "Әбу Һурайраның айтуынша, бір кісі Пайғамбарымызға келіп: «Әй, Алланың елшісі, мен - ашпын»-дейді, ол оны әйелдеріне жібереді, алайда олардың үйлерінде оған ешнәрсе табылмайды. Сонда ол: «Алла рахымына бөлесін, мынаны тамақтандыратын біреу бар ма екен?»-деп сұрайды. Ансарлардың біреуі орнынан тұрып: «Алланың елшісі-ау, мен бармын»-деп, оны өзімен бірге алып кетеді. Үйіне келген соң, әйеліне: «Бұл - Алланың елшісінің қонағы, ешнәрсені аяма!»-дейді. Әйелі оған: «Алламен ант етемін, балаларға қалдырып қойған нәрседен басқасы жоқ»-дейді. Ол: «Балалар кешкі асты қалаған кезде, оларды алдандырып ұйықтатып таста, олардың үлесін қонаққа берейік, сол кезде сен шамды өшіре сал, бір түн аш бола салсақ ештеңе болмас»-дейді. Әйелі күйеуінің айтқанын орындайды. Әлгі адам таңғы уақытта Алланың елшісіне (с.а.у.) барады. Алла елшісі былай дейді: Пәленшенің әйелі екеуі істеген қылығына Алла қызығып күлді де мына аятты түсірді: «..және олар басқалардың мүдделерін өздерінен артық көреді, тіпті өздері мұқтаж болса да. Кім жан дүниесіндегі сараңдықтан құтылса, солар - табысқа жетушілер» («Хашр» сүресі: 9).
Психологиялық кітаптардың мақсаты, адамды бақытқа жеткізу ғой. Ал адам өзінің эгоистігінен бақытты бола ала ма? Немесе тек ойлағаны болып, айтқаны істеліп жатқан адам бақытқа жете ме? Жоқ, меніңше біз айналамыз бақытты болғанда, әрі ол бақытта біздің де кішкентай үлесіміз болғанда бақыттырақ болатын секілдіміз. Сондықтан тәкаппарлыққа жеткізетін самооценканың жоғарылығының да, біреудің құлына айналуға дейін әкелетін альтуризмнің де шегін білуіміз керек екен. Бұл кітаптан түйгенім осы ☺
Кітаптың электронды нұсқасы төменде
2/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап

Ағылшын жазушысы Кадзуо Исигуроның Нобель сыйлығын алуы мен үшін үлкен жаңалық болды. Осы жолы Муракамидың жолы болатын шығар деп ойлап жүргенмін. Ал жеңімпаз Кадзуо дегенде, оның бірде бір кітабын оқымағаным есіме түсті. Жазушы шығармашылығымен мүлде таныс емеспін. Бірден кітап дүкеніне барып, сонда бар жалғыз кітабы “Не отпускай менясын” сатып алдым. Бірақ неге екенін, Исигуроның “Остаток днясы” алдын орап кетті де, соны электронды нұсқадан бірінші оқып тастадым. Оқылмай жатқан “Не отпускай меня” менімен Өзбекстанға барып қайтты. Ол жақта да аяқталмай, тек өткен аптада бітті-ау. Бұл кітап қызықсыз деген сөз емес... Керісінше, ауыр мұң арқалаған, жаныңның терең иірімдерін аралап кететін мөп-мөлдір роман дер едім.
“Не отпускай меня” антиутопия жанрындағы ғылыми-фантастикалық роман. Фантастика дегенде, асып бара жатқан шытырман оқиға жоқ. Кэти есімді қыз бен оның Рут, Томми атты достары туралы. Олар өзге адамдар сияқты дүние есігін ашпаған, өмірде бар адамды клондау арқылы пайда болған жаратылыстар. Оларды медицина донорлыққа қолданады. Жазушының шеберлігі сондай, кітап кейіпкерлері сенің досыңа айналып кетеді. Олармен бірге мұңаясың, олар үшін жүрегің ауырады. Олардың өмір сүргісі келеді. Ал оларды өлім күтіп тұр еді… Өмірдің әділетсіздігіне, адамдардың озбырлығына налисың… Мен кітапты неге сонша ұзақ оқығанымды түсіндім. Жүрегімді, жанымды ауыртқым келмеген… Қатыгездікті көргім келмеген… Исигуроға Нобель тегін берілмегенін түсінгендеймін. Романдары жан дүниеңді төңкеріп тастайды екен. Мұны тек оқу керек.
“Не отпускай меняны” бір сәт Муракамидың “Норвежский лесына” ұқсатсам, тағы бір сәтте Харпер Лидің “Убить пересмешникасына” келетін секілді көрінді. Бұл романның желісімен фильм де түсіріліпті. Кітаптан алған әсерді фильммен құртқым келмей отыр. Қысқасы, Исигуроға күндердің бір күнінде қайта оралатын секілдімін. Бұл басқа бір әлем…
Кітаптың электронды нұсқасын телеграм каналыма жібердім. Канал сілтемесі профильде 👆
3/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚;
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
#кадзуоисигуро
#неотпускайменя

Қысқы демалыс кезінде ауылда, ата-анамның жанында болып, аунап-қунап қайтатын әдетім бар. Биыл да Алла қалап, үйде біраз уақыт болудың сәті түсті. Ауыл деген жақсы ғой. Ғаламтор, әлеуметтік желі дегеннен аз да болса алшақтап, жақындарыңмен шүйіркелесіп, өткен-кеткенді еске алып бір жасап қаласың. Одан қалса, кітап оқуға мүмкіндік бар. Солай үйде қолым қалт еткенде жыл соңына дейін аяқтауды мақсат етіп қойған Құранды оқып жүрдім. Үйде бөгде ешкім болмағаннан кейін қателерім құлағыма естілсін деп көбіне дауыстап оқимын. Мен отырған бөлменің есігінен әкем бір қарап кетеді, енді бірде анам сығалайды. Өзгеше әдет тауыпты-ау деп ойлаған болар. Сонымен не керек, бір уақытта анам жайнамазға жақсылап оралған төртбұрышты затты әкеліп жаныма қойды. "Бұл не?" деп сұрамадым, бірден таныдым! АТАМНЫҢ ҚҰРАНЫ!!! Қалай ғана келе сала сұрамағам?! Бала күнімде төсегімнен жоғары, бас жағымда керегеде ілулі тұратын. Апам (әжем) жұма күндері парақтарын ашып терезенің алдына қойып қоятын. Үйде ешкім араб әріптерімен таныс емес. Әйтеуір атама, оның Құранына деген құрметі ғой, апам аптасына бір уақыт ашып, парақтап отырады. Кешке қарай керегедегі орнына қайта іледі. Мен мектеп бітіріп, қалаға кеткенде Құран сол орнында қалған. Арасында демалыста келіп-кетіп жүргенде де бас жағымда ілулі тұратын Құранды сұрай қоймаппын. Келе-келе тіпті ұмтыла бастаған. Енді міне, арада пәленбай жыл өткенде анам жақсылап оралған Құранды алдыма әкеліп беріп тұр. Ерекше тебіреніспен Құранның, атамның Құранының орауын жаза бастадым. Жайнамазға, сосын ақ матаға оралған әбден жем-жемі шыққан, ескірген қоңыр қапты Құран алдымнан жарқ етіп шыққанда, көзіме жас келді! Атамның, Шапиян атамның Құраны! Әр бетінде атамның алақанының жылуы қалғандай...
Атам мен алты жасқа келер жылы өмірден өткен. Менің есімімді "Марфуға" деп өзі қойған. Апам сен дүниеге келерден бұрын түсінде аян берген десе, енді бірде Құраннан алғанын да айтады. Қалай болғанда да әдемі, мағыналы ат қойған Шапиян атама қарыздармын. Біздің үйде атамның есімі үлкен құрметпен еске алынады. Апам шалының өмірден өткеніне 20 жыл өтсе де, оның есімін еске алмай бір күнін өткізген емес. Әкем бүкіл еркелігін көтерген атам туралы айтып отырып: "Ондай ақылды қартты осы жасыма дейін кездестірген емеспін" дейді. Ал папамның әпкесі атам туралы айта бастасақ, қазір жылап қоя беруге бар. Өткен жылдың күзінде атамның қайтыс болғанына 20 жыл толып, ас бергенбіз. Сонда сөз сөйлейміз деп халықтың алдында апам бастап, әкем қостап, немерелері біздер жалғастырып, атамды еске алып жылап тұрдық. Папам: "20 жыл бұрын өліп қалған әкесін жоқтап жылады демеңіздер. Атамыз расымен ғажап адам болатын. Бүгін біз оның жақсы қасиеттерін еске алып, соны сағынып жылап тұрмыз" деп сөйлеген еді. Сөйткен атам ғой, ол менің! Енді міне, көрмейсіздер ме, артына мұра етіп Құран қалдырып кетіпті.
Өзімнің Құранымды ысырып қойып атамның Құранын парақтауға көштім. Кей аяттардың астын қарындашпен сызып қойыпты. "Мұны неге сызды екен?" деп аяттың мағынасына үңілемін. Енді бір жерлерде өзі арабша бірдеңелер жазып қойыпты. Соларды оқуға біршама талпынып көрдім. Солай әуре боп отырғанымда жаныма әкем келіп жайғасты.
- Атаңның Құранын оқып отырсың ба? Сенікімен бірдей ме екен? - деп сұрады.
- Иә, папа. Бірдей ғой. Құранның ішінің бәрі бірдей. Тек әріптері ұсақ, ірі, әртүрлі болуы мүмкін. Атамдікінің әріптері анығырақ, үлкенірек екен, - дедім.
- Бала күнімде атаң маған Құран оқуды үйретпек болды. Балалығым ғой, онша мән бермедім, ойын қуып кеттім. Сосын "Құл һуа Алланы" үйретіп, осыны үш қайтара айтып "маған Құран бағыштап тұр" деді. Одан арғысын үйренбегеніме өкінемін, - деді әкем. Таңырқап қалдым. Әдетте мені әсіредіншілге балап "Намаз неге керек? Кешірім сұрайтындай ауыр күнә жасап жатырсың ба?" дейтін әкем мүлде өзгерген.
- Папа, сіздің көзқарасыңыз өзгеріпті ғой?! - дедім қуанышты дауыспен.
- Абайды, Шәкәрімді оқыдым. Әсіресе анау сенің диссертацияңмен танысқан соң Шәкәрім қатты әсер етті (Диссертациялық жұмысым Шәкәрім туралы ғой, оны папам оқимын деп қызығып алып қалған). Мектебіміздің кітапханасынан Шәкәрімнің үш томдығын кабинетіме алдырып

оқып жатырмын. Мықты екен ғой...
- Папаааа?
- Шәкәрімнің Толстоймен жазысқан хаты қандай?! Ондағы көтерген мәселені айтсаңшы? Сол Толстой Исламды қабылдаған дей ме?
- Иә, папа. Сондай дерек бар. Бірақ анық емес. Бірақ нәпісіні тәрбиелеуде Толстой да, Шәкәрім де шыңға шыққан адамдар.
Бір кезде папам әңгімені қайтадан атамның Құранына қарай бұрды.
- Атаң байдың тұқымы екен. Арғы аталары молда болыпты. Атаң да бала кезінен Құран үйренген. Ал 17 жасқа толғанында Кеңес үкіметі орнап, алай-дүлей заман басталады. Бай, молданың тұқымы ретінде сотталады. Кейін соғысқа кетеді. Соғыстан келген соң бір әділетсіздікке шыдамай тағы істі болып, сотталады. Тек 50-жылдардан кейін ғана апаңмен бас қосыпты. Сондай бейбіт заманның бірінде түсінде арғы аталарының бірі аян беріп, "Құран оқы! деген көрінеді. Сонда атаңның есіне мына сен қолыңа ұстап отырған Құран кітап түседі. Ол ағаларының бірінің үйінде сақтаулы екен. Бірден барып алып, ашып оқып көрсе, баяғы бала кезінде оқығандарының бәрі көкірегінде сайрап тұр. Солай дінге қайта бет бұрыпты. Біздің бала күнімізде атаң өз аталарынан қалған осы Құранын қолынан тастамай оқып отыратын. Сондайда мен: "Бір оқыған кітабыңды қайта-қайта неге оқи бересің? Өткенде оқыған жоқсың ба?" деймін еркелікпен. Ондайда атаң: "Мұны оқығанның пайдасы өте көп. Әр оқығаныңа әрқилы сауап бар" дейді. Ауылда кісі қайтыс болса, атаңды алып кететін. Атам өмірден өткен адамның жанында екі күн күн-түні отырып, Құранды марқұмға арнап хатым етіп шығатын. Үйге қатты шаршап келетін. Ондайда: "Ата, сол кітапты өткенде ғана оқып едің ғой. Соны бағыштай салмадың ба?" деймін. "Жоқ, балам. Ол қабірге бара жатыр. Дайындықпен жіберуіміз керек. Құранды түгел аударып, сауабын соған бағыштадым. Оны не күтіп тұр екен..." дейтін.
- Папа, қазір неге солай өлген кісіге Құранды толық оқып, бағыштайтын адам жоқ? Бірер қысқа сүре оқи салып неге жерлеуге асығамыз? Адамды қабірге дайындықсыз жібермеуіміз керек қой! Атам өлген адамның жағдайын қалай білген? Не деген эгоист едім. Қазір ғой Құранды өзім үшін оқып жатырмын. Атама бір Құран бағыштасам болады ғой! - дедім жаным шырқырап.
- Сонда Құранды тірі кісіге де арнап оқуға бола ма? - дейді әкем таңғалып.
- Әрине, пап. Осыған дейін өзім үшін оқысам, енді атама арнап бір Құран хатым етем, Алла қаласа.
- Қызым, кейде маған мынандай ой келеді. Сендердің аманшылықтарың, өміріміздегі әр істің сәтімен келуі сенің атаңның дұғасы мен аппақ тілек-ниетінің арқасы сияқты көрінеді...
Дұрыс айтасыз, папа! Егер біздің халық жақсы өмір сүріп жатса, ол ата-бабасының Алладан ұрпағының амандығын жылап сұраған дұғасынан. Егер біз жақсы өмір сүріп жатсақ, ол біздің аталарымыздың қардай таза пейілінен. Егер мен жақсы өмір сүріп жатсам, атам Шапиянның жан-тәнімен Аллаға құлшылық етіп, алақан жайып тілеген тілегінен... Біз сендерге қарыздармыз, ата-бабалар! Қарызымызды арттарыңнан Құран оқып қайтармақпыз дегім келеді...
Енді қазір қолыма Құран алсам, ойыма атам келеді. Көз алдыма оның әбден ескірген Құраны мен соқпақты өмір жолы елестеп, көкірегіме белгісіз бір шуақ құйылғандай болады да тұрады...
Жұма мүбәрак болсын! 😊

Биылғы жылы оқыған төртінші кітап Стив Харвидің " Вы ничего не знаете о мужчинаx" деп аталатын кітабы. Бірден айтайын, кітап қыз-келіншектер қауымына арналған 😊 Жігіттер жағы осыдан ары қарай оқымай-ақ қойса да болады))
Мұнда жігіттердің табиғатына қатысты, олардың мінез-құлқы, жаратылысының басқа екені жөнінде біраз нәрсе айтылған. Маған қызық көрінген бөлім "Жігіттер әйелдерден қорқа ма?" деген бөлім болды 😂 Көп нәрсені қате ойлайды екем ерлер қауымына қатысты)) Дәл осы бөлімнен біраз жаңа нәрсе білдім. Одан ары қарай қыз бен жігіт қарым-қатынасы, ондай мәселелерде не маңызды деген сияқты дүниелер кетеді. Отбасы жағдайында әйел мен ердің қарым-қатынасына біраз тоқталады. Алатын, үйренетін тұстары да бар. Менталитетімізге қайшы жақтары да кездеседі.
Оқимын деген қыздар болса, электронды нұсқасын төменде жіберіп қоям ғой 😉
4/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
#стивxарви
#выничегонезнаетеомужчинах

Ташкентке барып, қалай палауға тойғаным жайлы жаңа видео шықты каналымда :)
Сілтемесі міне:
https://www.youtube.com/watch?v=53xjR-QQYIg

YouTube
ТАШКЕНТ. Мен қалай палауға тойдым? Төле бидің басына бару // Марфуға ШАПИЯН
Ташкент — Өзбекстанның елордасы, Ташкент уəлаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға дейін жетті.
Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол…

#аптасына1әдетті ары қарай жалғастырамыз) Осы аптада алдымызға мақсат қоюымыз керек 😊
Эйнштейннің мынандай тамаша сөзі бар: «Бақытты өмір сүргіңіз келсе, өміріңізді адамдар мен заттарға емес, мақсаттарға тәуелді етіңіз». Көптеген психологтар адамның өміріне мән беретін, өмірінің сәнін кіргізетін оның дұрыс қойылған мақсаты дейді. Сондықтан адам өмірлік мақсатын жақсылап қоюы керек. Ал басқа біреудің арманына қызығып, соны ұрлап алып, өз мақсатына айналдырған кісі өз өмірінің иесі емес. Арман да, мақсат та өзіңіздікі болу керек, өз жүрегіңізді жарып шығу керек. Сонда ғана бақытты бола аласыз. Ал дұрыс мақсат қою үшін мына сұрақтарға жауап беру керек екен.
🌸Не нәрсеге қол жеткізгім келеді?
🌸Бұл мақсат мен үшін неліктен маңызды?
🌸Мақсатыма жету үшін маған кім көмектесе алады?
🌸Мақсатыма жету үшін қандай қадамдар жасауым керек?
🌸Мақсатыма қол жеткізу үшін күш-жігерім жете ме?
🌸Бұл мақсатыма қашан қол жеткізгім келеді?
Психологтар адамның басқа нәрселерге көңілі бөлініп кетпес үшін нақты 2 мақсаты болу керек дейді. Көп мақсат қойып алып, оны орындай алмай қиналудың да қажеті жоқ. Көзді ашып-жұмғанша 2018 жылдың алғашқы айы да өте шыққан екен. Ал сіз бұл жылы қол жеткізгіңіз келетін мақсаттарыңызды күнделігіңізге жаздыңыз ба? Немесе осында 2018 жылы қол жеткізгіңіз келетін мақсатыңызды жаза аласыз ба? Байқап көрейік))
Сосын 2018 жылдың аяғында тексереміз 😊Мен өзімнің 2 үлкен мақсатымның біреуімен бөлісейін, ол – ағылшын тілін кітапты түсініп оқи алатын дәрежеде меңгеру. Сіздердікі ше?
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#однапривычкавнеделю
#аптасына1әдет

Бүгін тамаша жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Баққожа Мұқаи. Жазушының көзі тірі болса, бүгін 70-ке толар еді.
Мен оның "Өмірзая" атты туындысын керемет жақсы көремін. «Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.
Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Жақыпжан Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі емес пе? Роман соңында мен Аяғанның трагедиялық өліміне бір мұңайсам, бір қуандым. Өйткені кітап тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншілеп тұр еді... Ал тәуелсіздік – ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың ешбірінің өмірінің зая кетпегенінің көрінісі болатын.
«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей.
Жазушы өмірден өтерінен 3-4 күн бұрын досы Жақау Дәуренбековке автограф жазып, кітабын дайындап қойыпты. Онда: «Қадірлі Жәке! Өмір өтті. Өмір қалды. Қалған өмір сендер үшін бақытты, күлкіге, шаттыққа толы болсын», – деп жазыпты. «Өмір қалды» деген сөз ажалдың жақын қалғанын анық сезген жанның ғана аузынан шығар қандай ауыр сөз еді! Ал жұбайы Нұржамал апай «Өмірзаяны» жазған жазушының соңғы сөзі: «Е-е-е! Өтті дүние, бәрі біткен екен...» болды дейді.
Өмір сүргісі келді дейді...
Сіздерге жазушының "Өмірзая" атты романы мен ол туралы жазған мақаламды ұсынамын 😊

Өткен жылдың соңында Баян Есентаеваның "Өзім жайлы ғана емес" және Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" деген туындыларын оқып шыққан едім.
Кітаптың ұнаған, ұнамағанын, қайсысын оқуға болатынын бүгін шыққан мына жаңа видеомда айтамын. Және кітапты сол жаққа пікір қалдырған адамға сыйлаймын. Сілтемесі міне:
https://www.youtube.com/watch?v=srd3ce9_pm8

YOUTUBE каналымның жазылушылар саны 10 000-нан асып, мәз боп отырмын. Еңбегіңнің еленгені жақсы ғой 😊 Сіз каналыма жазылғансыз ба?
🌸 - Иә, жазылғанмын.
🦋 - Жоқ, онда да каналың бар ма?
🌸 - Иә, жазылғанмын.
🦋 - Жоқ, онда да каналың бар ма?
Данияр Жігітбекті біраз уақыттан бері танимын. Бастамаларына үнемі риза болып жүремін. Мынаны қараңыздаршы, өзі ғана оқып қоймай, достарының да кітап оқуына себепші болған. Қалай сүйсінбессің!
https://baribar.kz/50569/kitapsuyerqauym-qalay-bir-zhylda-626-kitap-oqydy/

Baribar.kz
#КітапСүйерҚауым қалай бір жылда 626 кітап оқыды?
Кішкентай идеядан басталған жоба үлкен істердің аяқталуына себеп болды. Осыдан бір жарым жыл бұрын жиналған "Кітап сүйер қауым" саны көп, пайдасы мол азықты игереміз деп ойлады ма екен?
"Бұл да өтер..." Қай бір күні осы сөзді жазып едім, кей кісілер "сол өтетін не нәрсе өзі, не өтеді?" деп сұрап қалды. Мүмкін сіздерге бұл сөз қарапайым болуы мүмкін бірақ мен үшін бұл сөз өте терең сөз. Қара құрдым секілді жанына келгеннің бәрін жұтып жіберетіндей сөз. Сонымен бұл сөз қайдан шықты дейсіздер ғой. Ілгері өткен заманда әлгі біздің жерден кетіп шалғайға барып алып ел болған османдықтардың жерінде бір дәуріш өмір сүріпті. Сол диуана дәуріш бір күні жолаушылап келе жатып бір ауылға кез болады. Ол кезіккенге "Құдайы қонақпын" десе де ешкім үйіне қонақ ете қоймайды. Олар бар болғаны жөн сілтеп: «Осы ауылдың жоғарғы жағында бір Шәкір деген бай бар соған бар. Сол кісі бай болса да өте қонақ жай» деп шығарып салады. Әлгі біздің дәуріш сол байға барса расында бай десе бай екен. Ат шаптырым егістік жері, түстік жердей мал жайылым жайлауы бар екен. Қора-қора мал, байлағаны бір басқа, байламағаны бір басқа санауға икемі әрең келіп тұр екен. Десек те сол Шәкір бай осы дәурішті құшақ жая қарсы алып, мал сойып қонақ етіп, әбден күтеді. Кетерінде әлгі дәуріш насихатын айта келе: «Е, байеке, қонақжайлылығыңа рақмет, Алладан қайтсын. Алла берген бақ та байлық та бар екен. Осы Алланың берген ырыс-несібесіне шүкіршілік қылғайсың» дейді. Сонда әлгі пәлен демей бар болғаны: «Бұл да өтер» деп қалыпты. Дәуріш оның осы сөзінің байыбына бара алмай қоштасса да көп ойланыпты. Әлқисса содан бірнеше жылдан соң ат басқан жерін қайта басар болып сол дәуріш бір күні сол ауылға қайта соғыпты. Бұл жолы ол «қонақпын» демей-ақ бірден әлгі Шәкір байды сұрайды ғой. Кезіккен ел-жұрт: «Е, әлгі жомарт Шәкір ме? Ол қазір бұрынғыдай бай емес, сіңірі шыққан қу кедей. Өзімен түйдей құрдас Шәддә деген бай досының үйінде бала-шағасымен жалшылық қылып, өлмес күнін көріп жүр, қайтерсің. Е, бай бір жұттық деген осы. Қай бір жылы қыс қатты болып, бір қыста малы түгел қырылса болар ма?! Көктем де ерте келіп күн аяқ астынан жылынып оның ақыры таудан аққан сел сол байдың жайлауын да егістіқ алқабын да шайып кетіп мал жайылмас сортаңға егін шықпас тақырға айналып шыға келді ғой» деп қайғырғандай шырай танытады. Біздің дәуріш үйін іздеп барса расында бұрынғы он екі қанаттай тігілген үйі жоқ не күйі жоқ бір қоржын тамда барға қанағат етіп отыр екен. Әйтсе де дәурішті танып қонақ қылып, сүр еттен қара сорпасын қайнатып, құрт езіп, дастарханын жайып бәйек болады. Кетерінде дәуріш тағы да қарап қалмай сіңірі шығып, жілігі көрінген әлгі Шәкір танысына: «Е, Шәкір барға қанағат қылғайсың» дейді. Шәкір бар жоғы: «Бұл да өтер» дейді. Біздің дәуріш оның осы сөзін тағы естіп таңырқап басын шайқап іштей «не өтуі мүмкін?» деп ойланып ойға батып кете барады. Әлқисса жеті жылдан соң сол ауылға қайта барса жөн сұрасып, ұшырасқан ел-жұрт: «Е, әлгі Шәкір ме? Ол қазір осы елдің ең байы. Айы оңынан туған, төрт құбыласы тең. Шәддә деген байдың жалшысы еді. Кейіннен сол бай өлерінде артында қалар қалар тұяғы қалмаған соң ескі досы осы Шәкірге бар дүниесін мирас етіп тастап кетті» деп ауыздарынан суы құри айтысады. Расында барса шалқыған бай болып, асығы алшысынан түсіп тұр екен. Бұл жолы алғашқыдай мал сойып, әбден күтеді. Кетерінде дәуріш: «Ал, Шәкір, Алла қайта бақ берген екен, қадірін біл» десе ол баяғы сол сөзін қайталап: «Бұл да өтер» дейді. Дәуріш тағы да «не өтуі мүмкін?» деп ойланып кете барады. Бірнеше жылдан кейін әлгі ауылға барса сол бай Шәкір қайтыс болып, жаназасын бір төбенің басына жерлепті. Қабірінің басына Құран оқымақ болып барса құлып тасына: «Бұл да өтер» деп жазып қойыпты. Әлгі дәуріш әлгі біздің адамдай: «Не өтуі мүмкін, бәрі өтті ғой?» деп таңырқап қайтып кетеді. Әлқисса бірнеше жылдан кейін сол ауылға тағы да жолай соғып, Құран оқымақ болып сол төбеге шықса қабір тұрмақ ізін де таба алмай қалыпты. Қай бір жылы қатты сел болып әлгі төбені қабірімен қоса жұлып алып кетіп, тып-типыл етіп кетіпті. Сонда ойланып қараса кеше ғана осы елде дүркіріп жүрген сол бай, сол адам жоқ. Кеше ғана осы төңіректе «шыр» етіп дүниеге келген еді, одан азамат болып, ұлан-асыр той жасаған еді. Бәрі, бәрі өте шығыпты. Тіпті енді қараса оның орны да жоқ. Қара жер ғана
қалыпты. Байдың сөзін енді ғана түсінген дәуріш ұзақ ойланып еліне қайтыпты. Әлқисса көп ұзамай сол алып елдің патшасы бір күні уәзірлерін жинап алып: «Маған бір жүзік жасап беріңдер. Бірақ қарағанда ғибрат болсын» деп үкімін қысқа кесіпті. Олай-ойлай келе әлгі дәурішке жүгініпті. Дәуріш көп созбай өте қарапайым бір жүзік беріп: «Осыны патша беріңдер, уайымдамаңдар ұнатады» депті. Уәзірлер патшаға алып барып ұсыныпты. Патша өте қарапайым жүзікті қолына алып қараса ешқандай нақышталмаған екен. Уәзірлерде ес жоқ, іштей демін алған. Патшаның көзі бір кезде сол жүзіктегі бір ұсақ жазуға түсіп ұзақ қарап қалып артынан күлімдеп уәзірлеріне қарап: «Ойымнан шықтыңдар» депті. Сол жүзікте бар болғаны «Бұл да өтер» деп жазылған екен. Аяз бидей сол патша есіріп бара жатса сол жүзікке қарап тәубасына түсіп жүреді екен. Әлқисса ақырында сол жүзікті таққан патша да бұл дүниеден өтіпті, дәуріш те өтіпті. Бірақ сол дәуріштің мурид-мұрттары сол сөздің алдына «Я, Һу» сөзін қосып «бұл да өтер» деп медреселердің қабырғаларына іліп қоятын болыпты.
Міне бауырым солай. Сен де маған «не өтеді, өтетін не нәрсе?» дедің. Енді түсінген боларсың деймін. Сен де кеше бала едің бүгін міне келдің пәлен жасқа. Сен өсерсің, өнерсің, бай боларың бірақ та өмір қысқа. Ертең күн мансапты боларсың, даңқты боларсың бірақ бәрібір олар да өтеді. Өтпесе кешегілер қайда кеткен? Күн келеді сен де мен де өтерміз бірақ сонда не қалады дейсің ғой. Өтпейтін бір нәрсе бар. Ол жұмыр басты пенденің амал дәптері. Сол ғана қалып қояды да ғарасат майданында алдымызға келіп ашылады. Құранда Алла Тағала бір ай ауыз бекітер рамазанды «Санаулы күндер» дейді. Ауыз бекіткенде шыдасаң болды өтеді де кетеді бірақ артыңда сауабы қалып, ақыретте алдыңнан шығады. Ал ұстай алмағандар, әдейі ұстамағандардың алдына күнәсі шығады. Ендеше осы бес күндік жалған дүние сол ораза айы секілді өтеді де кетеді. Бірақ кімге қалай өтеді? Иә, солай. Ұшбу хатымды ұзақ екен деме «бұл да өтер»...
#жұмамүбәрак
#МұxитдинИсаұлы

Бүгін сүйікті ақыным Мұқағалидың туған күні. Ақын шығармашылығына құрметім ретінде мынандай бір видео түсірген едім. Өлең оқымағалы қай заман? Бола ма екен? Ары қарай жалғастырайын ба?
Сүйікті ақындарымның өлеңдерін осылай оқып тұрсам деген ой келген ғой.
🌸 - Жалғастыр, көрейік.
🦋- Өлең оқу қолыңнан келмейді екен.
https://www.youtube.com/watch?v=0Cgl01e5ywY&lc=z22dg3kzypvfex12gacdp432kzmiuagvi5qgiq5woopw03c010c

Көктемде, әлде жазда Өзбекстанға баруды ойлап жүрсеңіз, міндетті түрде Самарқанға барыңызшы. Мен Өзбекстанның 4 қаласын: Хиуа, Бұхара, Ташкент, Самарқанды араладым. Ішіндегі ең ұнағаны - Самарқан. Бұл видеода үшінші баруым. Алғаш 2010 жылы сәті түскен еді. Кейін Әйгеріммен барғанда видео түсіре алмай қалғам, фотоаппаратымыз толып кетіп. Осы жолы бұрын көріп қойсам да, құрбыларыммен осы видеоны түсіру үшін қайта бардым. Менен шағын лайфхак. Самарқанға барсаңыз, осы 7 орынды көзбен көріп қайтуға тырысыңыз 😊 https://www.youtube.com/watch?v=W85VLvZCSn0
YouTube
САМАРҚАН. Әр турист көруі тиіс 7 орын / Samarkand / Өзгеше Өзбекстан // Марфуға ШАПИЯН
Самарқан - әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Бізге жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда дүниежүзіндегі ең тәтті жүзім өседі. Самарқанда биік үйлер көп емес. Есесіне көне тарихи ескерткіштерін қызғыштай қорғайды, ештеңені бұзбайды, сол қалпында сақтауға…
Іргелес жатқан Өзбекстанда, шығысымыздағы Моңғолияда болдым. Өзбек ағайындар Әмір Темірін жер-көкке сыйғызбайды, қайда барсаң Әмір Темірмен байланысты орталықтар, музейлер, ескерткіштер алдыңнан шығады. Ал Моңғолия Шыңғысханмен бүкіл туризмін дамытып отыр. Моңғол халқының әр тасы Шыңғыс хан деп сөйлейді, даласы Шыңғыс ханның тарихын айтады, қаласы Шыңғыс ханның ескерткішіне толып тұр. Ал біз неге әл-Фарабиді сондай тұлғаға айналдырмаймыз? Әл-Фараби қандықол басқыншы емес, әлемге ілім-білімнің шуағын шашқан «екінші ұстаз» емес пе? Әл-Фараби халқына қайырымды қала идеясын жасап беріп, бақытты болуға шақырған ұлы ғұлама емес пе? http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/al-farabi-nege-qaiyrymdy-qalada-turudy-armandady-2202/#gsc.tab=0
Islam.kz
Әл-Фараби неге қайырымды қалада тұруды армандады? / Марфуға ШАПИЯН
Шығыс пен батысты мойындатқан ғұлама философ, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», өз заманының ең мықты энциклопедист-ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби туралы кезінде араб тарихшысы Захир ад-Дин әл-Байһақи: “Исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ, оның ілімін…