Шағбан айының он бесінші түні, яғни бүгін – Бәраат түні. Бұл түнде адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы кейбір деректерде білдірілген.
Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Алла көп адамның күнәсін кешірмек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп өткізген. Хазіреті Айша (р.анһа) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде көп тұрғаны сонша мен оны: «Жан тәсілім еткен жоқ па екен?» - деп ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде былайша жалбарынғанын естідім: «Аллаһым, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сыйынып, Сенен Сені қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».
Бәраат түндеріңіз берекелі өтсін!

#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 ОРХАН ПАМУК. МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ
"Менің атым Қырмызы" - мені Памукпен таныстырған әрі жазушыға тәнті еткен туынды.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Бұл романында Памуктың оқиғаны әр кейіпкердің атынан баяндауы қызық көрінді. “Мен Қарамын”, “Мен Шекуремін”, “Мен ағашпын”, ең аяғы “Мені қанішер дейді” деп қылмыскердің толғанысының өзін өз атынан жеткізуі тың тәсіл әрі оқырманға өзгеше әсер қалдырады екен. Және мұнысының бір оқиғадан бір оқиғаға ым-жымы білінбей жалғасып отыруының өзі керемет дүние.
Жазушы романға эпиграф ретінде Құранның үш аятын алыпты. Осы үш аятты оқы да, романның не туралы екенін біле бер. Алғашқысы – Бақара сүресінің “Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнінде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарады” деген 72-аяты. Романның басында бір суретшінің, кейін Жезденің өлтірілуі, роман соңында өлтіруші қылмысының әшкере болуы. Бірақ қылмыскерді анықтауға Памук Қараға оқырманды көмекші етіп бергендей әсер қалдырды. Есім шығып, Көбелектің, Зәйтүннің, Ләйлектің әңгімелеріне “Қайсысы қылмыскер екен?” деп шұқшидым да отырдым ғой. Бұл да болса туындысына ынтықтырып қойған жазушының шеберлігі болса керек.
Келесісі Фатыр сүресінің: “Соқыр мен көруші тең емес” деп келетін 19-аяты. Бұл аятқа романнан тура мағынасында да, ауыспалысында да мысал табуға болады. Нақышкерлердің таласы... Өзара өнер жарыстыруы... Мұсылмандардың көркемсурет ерекшеліктері... Осман империясы кезіндегі миниатюралар... Суретке тиым салған Ислам діні... Маған ең қызық болғаны да осы жері шығар. Өйткені автордың дінді жақсы білетіні байқалады. Ислам әлемінің үлкен ғалымдарының бірі Ғазалиден мысалдар келтіріп отырады. Әрі романында сенімге байланысты адамның жандүниесінде болатын түрлі талас-тартысты ашық әрі айқын жеткізеді. Итті сөйлетіп, РасулАлланың оны ұнатпауын айта келіп, Кәһф сүресі арқылы өзін ақтап алғысы келуі қандай?! Мүмкін, дінді ұстанып жүрген кей бауырларым, Памуктың өлген кейіпкері “Жәннатты көрмедім” дегені үшін айыптар немесе романдағы Ислам мен христианның қақтығысы үшін сынар. Ал мен Памуктың бұл жазғандарын оқыған адамның миына азық болар дүниелер деп түсіндім.
Эпиграфтағы үшінші аят - “Шығыс, батыс - әр тарап Аллаға тән” деген Бақара сүресінің 115-аяты. Расымен де бұл кітапта Шығыс пен Батыстың өзара таласы бар. Бұл романда Шығыстың небір әдемі қиссалары кездеседі. Романға оны оқырманын жалықтырмай кіріктіріп отыруы да Орхан қаламының жүйріктігі болса керек. Батыс Памуктың осы туындысы арқылы Шығысты белгілі бір деңгейде таныды деп ойлаймын.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10
Памук – шебер суреткер. Оның Жезденің өлім алдындағы сәтін суреттеуі қандай! Әзірейілдің жанын алуы мен Шайтанның азғыруын қалай сенімді жеткізеді?! Немесе қызыл түстің өзін “Қырмызы, қызыл түс болу қандай ғажап! Мен жайылған жерде көздер бал-бұл жанады, құштарлық күшейіп, қастар керіледі, жүректер тулайды. Маған қараңдар! Тірі болу деген неткен ғажап!” деп суреттеуі ше?! Қысқасы, Памуктың бұл туындысын оқу арқылы сонау XVI ғасырдағы Ыстамбұлға сапар шеккендей, сол заман картиналарын өз көзіммен тамашалағандай болдым.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасын әдеттегідей төменнен жүктеп ала аласыздар. Ал қазақша қағаз нұсқасын Фолиант баспасынан, орысшасын Меломан дүкендерінен табасыздар.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#ОрxанПамук #Стамбул
#Меніңатымқырмызы
#имямнекрасный

Алла бұйыртып, көптен күткен Рамазан айына да келіп жеттік. Аллаға сансыз шүкіршілік! Баяғыда сахабар бір Рамазанды шығарып салып, қалған 11 ай бойы келесі ораза айын күтіп, соның келуіне дайындық жасаған дейді ғой. Расымен бұл ұзақ күткізетін, бірақ қас-қағым сәтте өте шығатын ай. Сондықтан мұны бос, мән-мағынасыз өткізіп алсақ, үлкен өкініш сол болмақ. Немесе аузымызды тамақтан тыйғанымызға мәз болып, «ораза ұстадық» деп шаттансақ, ол да қателік болар еді. Рамазан – жақсы жаққа өзгеруге талпындыратын ай. Сол себепті де ғұламаларымыз көп жағдайда Рамазанға жоспар құрып, кесте сызуға кеңес береді. Сонда көзді ашып жұмғанша өте шығатын Рамазанды бос өткізіп алудан сақ боламыз. Мынау менің бір досымның осы бір қасиетті айға жасаған жоспары. Осыдан үлгі алып, біздер де өзімізге ыңғайлы жоспарымызды жасап, кестемізді сызып алайық! 😊
⠀
🌺Құран хатым ету (Құранды түпнұсқадан оқу, яғни күніне бір парадан. Cонда 30 күнде 30 пара бітеді, иншАлла);
🌺Ясин сүресін жаттау;
🌺Құран оқу білмейтін достарыма тәжуид оқып үйрету әрі қысқа сүрелерден жаттату (Кем дегенде үш досыма);
🌺Қаза намаздардың орнын толтыру;
🌺Тарауих намазын 30 күнде де жіберіп алмауға тырысу;
🌺Тәхажуд намазын (түнгі намаз) үзбей оқу, Рамазаннан кейін әдетке айналдыру;
🌺Духа намазын күнделікті оқу,
🌺Рамазаннан кейін де әдетке айналдыру;
🌺Күніне аз дегенде 100 салауат айту;
🌺Күніне аз дегенде 100 истиғфар айту;
🌺Күніне көптен хабарласпай кеткен бір туысыма хабарласып, жағдайын сұрау;
🌺Бойымдағы үш үлкен кемшілігімді анықтап алып, қағазға жазып, Рамазан бойы содан арылуға жұмыс істеу;
🌺Өзім сондай болсам деген үш жақсы қасиетті таңдап алып, қағазға жазып, сондай болуға ұмтылу;
🌺Биыл күннің ыстығына қарамай тәуекел етіп, оразаны алғаш ұстаған 5 адамға сыйлық жасау;
🌺Айлық табысымның 10 пайызын садақа ету, Рамазаннан кейін де осы істі жалғастыруға талпыну;
🌺Ауызашар жасау;
🌺Рамазан айы қарсаңында бір діни кітап оқып бітіру;
🌺Рамазан дұғалар қабыл болатын ай болғаны себепті, дұға-тілектерімнің барлығын қағазға жазып алып, күнде шын ниетпен Алладан сұрау.
🌺Әдемі Құран сатып алып, мешітке жамағаттың оқып, пайдалануы үшін қалдырып кету.
⠀
Ал сіз Рамазанға жоспар жасадыңыз ба? ☺️
👍-иә
👎- жоқ

Қазы айналдыруды үйренгенім туралы жаңа видеомды көрдіңіз бе? 😊 https://www.youtube.com/watch?v=nPcxqfntlQM
YouTube
ҚАЗЫ АЙНАЛДЫРУДЫ ҮЙРЕНУ / Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…

Біз оразаны қандайда бір материалдық пайданы күйттеп, немесе тек қана денсаулығымыздың жақсаруы үшін ұстамаймыз. Ең әуелі Алланың әмірі болғандығы үшін және Оның разылығына бөлену үшін ұстаймыз. Алайда Алланың әрбір бұйрықтары мен тыйымдарында біз үшін түрлі жақсылықтар, пайдалардың бар екенін білеміз. Оған осы видеом дәлел 😊
https://www.youtube.com/watch?v=wW5RiyT3_Ak
https://www.youtube.com/watch?v=wW5RiyT3_Ak
YouTube
Оразаның 10 пайдасы / Ораза туралы // Марфуға ШАПИЯН
Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады....
Ғұламаларымыз көп жағдайда Рамазанға жоспар құрып, кесте сызуға кеңес береді. Сонда көзді ашып жұмғанша өте шығатын Рамазанды бос өткізіп алудан сақ боламыз. Сіздерге оразаны тиімді өткізудің бірнеше тәсілін ұсынып отырмын. Сілтемеде:
https://www.youtube.com/watch?v=_Fp6I29iWUU
https://www.youtube.com/watch?v=_Fp6I29iWUU
YouTube
Оразаны қалай өткізу керек? / Ораза туралы // Марфуға ШАПИЯН
Алла бұйыртып, көптен күткен Рамазан айына да келіп жеттік. Аллаға сансыз шүкіршілік! Баяғыда сахабар бір Рамазанды шығарып салып, қалған 11 ай бойы келесі ораза айын күтіп, соның келуіне дайындық жасаған дейді ғой. Расымен бұл ұзақ күткізетін, бірақ қас…
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ. "ИМАНИ ГҮЛ"
"Имани гүл" менің ерекше жақсы көретін кітабым. Мүмкін Исламға келіп, алғаш иманның дәмін татқан кезде оқығаннан болар... Маржан, есіңде ме, екеуміз сенің үйіңде осы кітапты "Қайрат аға мына жерде былай жазыпты, мына тұста былай деген екен" деп түні бойы, таң атқанша талқылап шығып едік қой.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
"Имани гүлде" Қ.Жолдыбайұлының екі кітабы біріктірілген. Бірі "Ақиқат шуағы" болса, екіншісі - "Күдікпен күрес". "Ақиқат шуағында" Алланы тану, Алланың жаратылыстарын тану, айналаға зер салу, Жаратушының құдіретіне көз жеткізе түсу әңгіме болса, "Күдікпен күрес" сіздің көкейіңіздегі барлық сұрақтарға жауап береді. Айтыңызшы, мына төмендегі сұрақтар бір кездері сізді де мазалады ғой?
🍀 Күллі жаратылысты Алла Тағала жаратқан, ал Алла Тағаланың өзін кім жаратты?
🍀 Алла Тағаланы неге көзбен көре алмаймыз?
🍀 Алла тағала неге адамдарды бай-кедей ғып жаратқан? О
🍀Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме?
🍀Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге тек қана араб тілінде орындалады? Әр ұлт өз тілінде орындаса бол- май ма?
🍀«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге болады?
🍀Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен кейбіреулердің мүгедек, кемтар болып туылатындығы яки кейіннен түрлі себептермен мүгедектікке ұшырап жататын жайттары өмірде көп-ақ. Кей адам бұл өмірден еш қиналыс көрмей рахатқа батып өтеді де, кей жандар өмір бойы тауқымет тартып, қиыншылықтан көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы Жаратқанның әділдігі тұрғысынан қалай түсінуге болады?
🍀 Алла тағалаға сенбеген, бірақ жұртқа жақсылық жасап өткен адам жәннатқа кіре ме?
Бір кездері бұл сұрақтар мені де мазалаған. Осы кітаптан барлық сұрақтарыма жауап тауып, кейін көңілім орныққан. Әдетте мен бұл кітапты енді намазға келіп, Исламға бет бұрып жүрген адамдарға кеңес беремін. Өйткені, "Имани гүл" мүміннің жүрегін орнықтыратын кітап.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Егер бұл кітапты осыған дейін оқымаған болсаңыз, Рамазанда оқитын кітаптардың тізімінің басына қойсаңыз, өкінбесіңіз анық.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасын әдеттегідей төменде 😊
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#ҚайратЖолдыбайұлы
#Иманигүл
#Күдікпенкүрес

Асыға күткен, сағына жеткен Рамазан айы құтты болсын!
Алла тағала біздерге кәміл иман, адал ризық, берекелі кәсіп нәсіп еткей! Алланың алдындағы дәрежеміз жоғары болғай!
Осы ай біздерді жақсы жаққа өзгертсін, ізгілікке ұмтылдырсын! Барлығыңызға шын жүректен жақсылық тіледім! 😊 Төменде Рамазан жоспары. Жүктеп, шығарып алып, үйге іліп қойып орындасаңыздар болады ☺ Және дұғаларын оқып жүру үшін "Мұсылман қорғаны" да бар. Игіліктеріңізге жаратыңыздар!

Балалардың Алла тағала, намаз, ораза туралы жауаптары қызық енді. "Әлемді кім жаратты?" деген сұраққа "Алла тағала мен Құдай жаратты" деген жауабына әбден күлдім енді 😄
https://www.youtube.com/watch?v=vEIPBdQK198
https://www.youtube.com/watch?v=vEIPBdQK198
YouTube
Балалар ораза туралы не ойлайды? / Рамазан күнделігі / Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР: *facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian *vk: https://vk.com/marfugashapian *instagram: https://www...
Қызықты тест екен. Өз білімдеріңізді тексеріп көріңіздер 😊 http://kurankarim.kz/quran-qarim-turaly-online-test/
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 АБДУРРАХМАН РАФӘТ ӘЛ-БӘШӘ. ТӘБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕЛЕР
Рамазан айы болған соң, діни кітаптар туралы жазуды ары қарай жалғастырамын. Бүгін сіздерге ұсынып отырған бұл кітапты да ерекше жақсы көремін. Өйткені осы секілді кітаптарды оқу арқылы біздің біліміміз артады, иманымыз күшейеді. Жалпы бізден бұрын өткен тақуа жандардың ғұмырын оқығанды ұнатамын. Ал мына кітап "Саңлақ сахабалардан" кейін міндетті түрде оқып шығуымыз тиіс кітап.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
"Тәбиғиндер өмірінен өнегелер" кезіндегі сахабалардың көзін көрген Ислам әлемінің ардақты жандары туралы жазылған аяулы кітап. Осы кітапты оқығаннан кейін бірнеше күн әсерінен айыға алмай жүрдім. "Адам Алланы осыншалық сүйе алады екен ғой", "Сенімнің осындай да күші болады екен ғой" деп толғаныста жүрдім. Білім арқылы дәрежесі көтерілген Ата ибн Рабахтың оқиғасы қандай?! Бір ұлы өмірден өтіп, бір аяғын кесуге тура келген тәбиғиннің сабыры қандай! "Жәннатқа менен бұрын денемнің бір мүшесі мен отбасымның бір мүшесі аттанды" деуі неткен тақуалық! Олардың сондай жанкешті өмірін көресің де, өз жасап жүргендеріңді ойлап, ұялып кетесің.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
8/10 Егeр иманыңыз әлсіреп жүрсе, бұл дәл сіз оқитын кітап.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасы әдеттегідей төменде😊
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#Тәбиғиндер

Алла қаласа, "Рамазан күнделігін" түсірмекшімін. Яғни, күнделікті оразадан алған әсерім қандай, қандай пайдалы нәрсе білдім, қайда барып ауыз аштым, барлығын видеоларымнан көріп отыра аласыздар. Мынау ауызашардың бірінші күні. Қалай өткені видеода:
https://www.youtube.com/watch?v=Q4EdpeIiR90
https://www.youtube.com/watch?v=Q4EdpeIiR90
YouTube
Оразада қалай тамақтану керек? / Рамазан күнделігі / Марфуға ШАПИЯН
- Оразада қалай тамақтану керек? - Бұл сұраққа пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисімен жауап бергім келеді. Онда «Біз сондай қауымбыз – қарнымыз ашпай тамақ ішпейміз. Егер тамақ ішкен болсақ қатты тоймаймыз» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) асқазан 3 бөліктен тұрады:…
Оразаны қалай дұрыс жоспарлау туралы радиоға сұхбат беруге шақырған еді. Сұхбатымды әрі оразаның екінші күнін қалай өткізгенімді төмендегі видеодан көре аласыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=DQIz0MeA9lQ
https://www.youtube.com/watch?v=DQIz0MeA9lQ
YouTube
VLOG: Ауызашар - 2 күн / Радиоға ораза туралы сұхбат бердім / Рамазан күнделігі / Марфуға ШАПИЯН - YouTube
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР: *facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian *vk: https://vk.com/marfugashapian *instagram: https://...
Нұр-Мүбәракта оқып жүрген кезімізден бір фото тауып алдым 😊 Керемет кездер еді. Ұстаздардың күніне иманыңды қуаттап жіберетіні өз алдына, Айжан құрбым да жиі-жиі өз білгенімен бөлісіп, оқығанын айтып отыратын. Ол айтып берген сондай оқиғалардың бірі есіме түсіп отыр. Енді соны сіздерге менің айтып берейін☺️
⠀
"Бір ауылда үйінен мейман үзілмейтін ерекше қонақжай адам болыпты. Оның қонақжайлылығы сондай, алыстан арып-ашып жеткен жолаушыны да, көшеде кетіп бара жатқан көлденең көк аттыны да, жасты да, кәріні де, естіні де, ессізді де қонақ ете береді екен. Оның сол қылығын ауыл жұрты есі ауыстыға балап, қонақжай байғұсты "жынды" атап кетіпті. Күндердің бір күнінде сол ауылдың маскүнем бір адамы арақ ішкен мас күйінде арықтың ішінде қайтыс болып кетіпті. Иісі маңайды алған өлікті қатты жиіркенген ауыл жұрты арулап көме алмапты. Ақыры "Ойымызды жындыға айтып көрсек қайтеді? Мүмкін сол көмер" деп ауыл адамдары қонақжай жігітке келіпті. Айтса айтқандай, қонақжай жігіт бір ауыз сөзге келместен маскүнемді жуындырып, жерлеу рәсімдерін ойдағыдай атқарған екен. Ең қызығы, өліктің денесі жер қойнына тапсырылған түні ауылдың барлық адамдары бір түс, яғни маскүнемнің жәннатта жүргенін көріп, таңертең тұра сала оны бір-біріне айтып, таң-тамаша болысады. Ақыры сұрақтарына жауап таба алмаған күйі "жындыға"келіп: "Біз осындай түс көрдік. Сен ана маскүнемге не істедің?" деп сұрайды. Ал қонақжай жігіт болса: "Ерекше ештеңе де істегенім жоқ. Тек оның денесін жер қойнына тапсырып тұрып: "Ей, Алла тағалам! Мен өзің жіберген қаншама қонақты еш ренжіместен күтіп алдым. Оларға лайық дәрежеде сый-құрмет көрсеттім. Ендігі жерде менің қолымнан аттанып бара жатқан мына бір пендеңді, мен жіберген алғашқы қонақты Сен де жақсылап күтіп алшы" деп дұға еттім" деген екен. Алла тағала ол жігіттің дұғасын қабыл етіпті...
⠀
Алла тағаланың мейірімділігіне шек бар ма?! Дүние Оның мейірімнің арқасында соншалық көркем екен ғой!!! Ал жоғарыдағы оқиға соның бір мысалы ғана...
⠀
#иманым_жиғаным💐
#marfu_muslima
#рамазанғажапайсың💕
#МарфуғаШапиян

Атақты ислам ғалымы Шейх Әдәб-Алидың бұл насихатты жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын сақтауы таңғаларлық жайт.
☘️Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын.
☘️Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.
☘️Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа!
☘️Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.
☘️Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыларсың.
☘️Үш кісіге жаның ашысын:
Надандар арасындағы ғалымға,
Байлығынан қол үзген кедейге,
Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге.
☘️Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!
☘️Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!
P.s. Кітаптың электронды нұсқасы телеграм каналымда тұр ☺️
#кітаптан_қазына