Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​#1жылда100кітап айдары:

АРМАН ӘЛМЕНБЕТ "БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ СЫРЫ" 📚

Арман Әлменбет алғаш бұл кітапты оқуға бергенде қызық болды. Қолжазба күйінде оқып отырмын, өзге іскерлік кітаптардай емес, еліктіріп әкетіп барады. Бір кезде қарасам, кейіпкердің, яғни кітаптағы бизнесменнің өндіретін тауары маған таныс! Оу! Бұл біз күнделікті қолданып жүрген Nәtige сүтін өндіруші, айналымға қосқан кісі екен ғой! Басқа жақтарды білмеймін, біздің Астанада Nәtige сүтіне сұраныс өте жоғары. Біз ғана емес, менің мұндағы барлық туыстарым осы сүтті пайдаланады. Себебі, Nәtigeнің сүтін кәдімгі үйдің сүті секілді пісіріп ішуге, тіпті одан айран ұйтуға болады. Өзге дүкен сүттері пісіре бастасаң, іріп кетеді ғой. Сондықтан да Nәtigeнің табиғилығына шәк келтірмей, тез бітіп қалатындықтан, дүкендерден іздеп жүріп ішеміз)) Кітап өзім өнімін қолданып жүрген Ерлан Әшім атты бинесмен туралы болғаннан кейін құныға оқып шықтым. Оның сүттен басқа да компаниялары бар екен. Әрі кітапта кәсіптегі жолы қызықты етіп баяндалады. Бұл кітапты бизнеске қызығушылық танытып жүргендердің барлығы бір оқып шығу керек дер едім.

🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Арман - кезінде көркем шығармалар жазған, қазір іскерлік әдебиетке ерекше ден қойып жүрген замандас жазушыларымыздың бірі. "Берекелі бизнестің сыры" оның бұл бағыттағы алғашқы туындысы болғанына қарамастан сәтті шыққан дүние болды деп ойлаймын.

Біз осыған дейін әлемдегі түрлі жетістікке жеткен адамдар туралы талай кітап оқыдық. Олардың жетістікке жету құпияларын білдік. Ал қазақтан шыққан ірі бизнес өкілдерінің хикаяларын біле бермейміз. "Берекелі бизнестің сыры" бізді өз еліміздегі кәсіп бастаудың қыр-сыры мен ұңғыл-шұңғылына үңілдіреді.

Кітаптың басты кейіпкері, бизнесмен Ерлан Әшім аталмыш кітапта тек өз оқиғасын баяндап қоймай, тығырыққа тірелген жағдайлардан қалай шыққанын, шешім қабылдауда қандай қасиеттер көмекке келгенін ақтарыла баяндайды. Әрі кәсіп бастағысы келетін жастарға ақыл-кеңесін де аямай береді.

🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Осы жаз Қарағандыға барған сапарымда Арманның кейіпкері кәсіпкер Ерлан Әшім мырзамен арнайы таныстым. Өйткені ол кітап оқығанды жақсы көріп қана қоймай, компаниясындағы қызметкерлерді де кітап оқуға шақырып жүрген ерекше жандардың бірі. Әрі үйінде бай кітапханасы бар. Ютуб каналыма да ол кісінің кітапханасы туралы видео түсіріп қайттым. Бұйыртса, жақында шығарамын.

Содан айтайын дегенім, Арманның кітабын оған дейін оқып алдым ғой. Кітапта бас кейіпкерді тым әспеттеген секілді көрінген. Ал Ерлан ағамен танысқаннан кейін ол кісінің болмыс-бітімін автор тура сол қалпында суреттеген екен деген ойға қалдым.

Кітаптың тілі жеңіл, тез оқылады. Әрі Арман әдебиетші болғаннан шығар, қазіргі біздің көп кітаптар секілді құрғақ емес. Оқиғалармен өріліп, тақырыпшаларға бөлініп, оқырманға ыңғайлы етіп берілген. Кітапты тек кәсіпке қызығып жүргендер ғана емес, қазақы болмыс, 1990 жылдардағы қазақ өткен әлеуметтік қиын жағдайлар туралы біліп, жалпы кәсіп саласындағы танымын арттырғысы келетіндерге де оқуға кеңес берем.

🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітапты 87774857733 (WhatsApp) нөмірі арқылы тапсырыс беріп ала аласыздар. Кітаптың бағасы 3500 теңге.
​#1жылды100кітап айдары:

ГАБРИЭЛЬ ГАРСИА МАРКЕС. "СТО ЛЕТ ОДИНОЧЕСТВА" 📚

Демалыста оқып шығуға ниет еткен кітабымның бірі Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы" болатын. Осыған дейін Маркеспен таныстығым "Полковнику никто не пишетті" бастап, аяқтамай тастауыммен біткен еді. "Жүз жылдық жалғыздықты" да қиындықпен оқыдым. Өйткені, бұл менің осыған дейін оқып жүрген романдарымнан мүлде басқа роман еді.

🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Маркес - осы романы үшін 1982 жылы Нобель алған тұңғыш колумбиялық. Ал Латын Америкасы бойынша төртінші. Белгілі ақын Пабло Неруда бұл шығарманы Сервантестің "Дон Кихотынан" кейінгі ең тамаша романға балаған. Расымен де романда мистика мен ақиқат шебер тоғысқан.

Маркес әр кейіпкерінің тағдырына жауапкершілікпен қарайды. Оларды дүниеге алып келіп, өмірден өткенінше оқырмандарына қадағалатып қояды. Бірақ Маркестің Буэндиаларының бәрі жалғыздық ауруына шалдыққан. Макондоның негізін қалаушы Хосе Аркадио Буэндиа ағаш түбінде қанша жыл жалғыз ғұмыр кешті, Амаранта қу тізесін құшақтап өмірден өтті, полковник Аурелиано Буэндианың жалғыздығы қандай!

Менің бір досым "Жүз жылдық жалғыздықты" ішіне жын кіріп кеткен кітап атап еді. Соның сөзінің жаны бар-ау... Кітапты оқып бітірген осы сәтте Буэндиалар әулетінің "жалғыздығы" жүрегіме кіріп алғандай сезімде отырмын...

🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Маркестен көп нәрсе күтіп қойдым ба, кітап аса қатты ұнай қойған жоқ. Әйтеуір басқаша сезім, басқаша әсер. Менің жазушым емес екен, қысқасы)

🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасын әдеттегідей телеграм каналыма жіберіп қоямын. Сол жақта басқа да көп кітаптар бар. Жүктеп ала аласыздар. Телеграм каналымның сілтемесі профильде тұр 👆
Кезінде маған қатты ұнаған материал еді. Тауып алып, тағы бір оқып шықтым. Өйткені, жаңа әдеттер қалыптастыру керек 😊 Сіздерге де пайдасы тиіп қалар деп бөлісіп отырмын. https://rb.ru/story/vy-tozhe-mozhete/
Бүгін мұсылмандардың жыл санауы бойынша Жаңа жыл басталды. Құтты болсын! Жаңа 1440 жыл! Осыдан 1440 жыл бұрын Пайғамбарымыз (с.а.у.) туған жері Меккені, ол жақта өзіне қысым көрсеткен мүшріктерді тастап, Ислам дінінің гүлденуіне, қанат жаюына қолайлы мекен болған Мәдина қаласына қоныс аударған. Дәл осы сәтті қатты жақсы көретінім сондай, кітаптардан Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) пен оның шыншыл досы Әбу Бәкірдің (р.а.) Мәдинаға кіру сәтін қайта-қайта оқитынмын. Тарихшылар "Ондай қуанышты сәт бұрын-соңды болмаған" деп жазса, белгілі сахаба Әнас ибн МӘлик "Менің өмірімде дәл ондай бақытты күн болған емес" дейді. Ең қызығы, арада талай ғасырлар өтсе де, сол тарихи сәтті көз алдыма әкелген сайын менің де жанарымда жас дөңгелеп, көкірегімді ерекше бір сезім билейді. Сүйікті сахабам Омардың халифалығы тұсында басқа емес, дәл осы датаның мұсылмандардың жаңа жыл санауы болып бекітілуін түсінгендей боламын 😊 Ал енді бүгін бірінші күні басталып жатқан Мұхаррам айы туралы бірер ауыз сөз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам» деген хадисі бар. Яғни, осы айда ораза ұстағанның сауабы мол және кешірім сұраушылар кешірімге ие болады, ин ша Алла. Алла тағала жаңа жылда жақсылықтарымызды арттырғай!
​#1жылда100кітап айдары:
⠀
ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА. "КҮРЕТАМЫР" 📚
⠀
Зейнеп Ахметованың алғашқы кітабы "Шуақты күндерді" оқушы кезімде оқыған ем. Бауыржан Момышұлының тұлғасына ғашық болып, оның барлық кітаптарын, ол туралы жазылған кітаптарды оқып жүргенде, қолыма осы Зейнеп апамыздың кітабы түскен. Сүйсініп оқып шыққанмын. Кейін "Бабалар аманаты" сол "Шуақты күндердің" жалғасы іспетті болып еді. Ал мына "Күретамыр" өзгеше кітап екен. Яғни, баланың дүниеге келген кезінен бастап істелетін салт-дәстүр, ырым-тыйымдардың барлығы баяндалады.
⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кітап салт-дәстүр негізінде жазылған. Жазушы қандай да бір салттың немесе дәстүрдің нақты мағынасын, сипатын айтады да, өз өмірінен мысалдар келтіріп, тақырыпты ары қарай өрбіте түседі. Кітапты оқу барысында білмейтінім көп екенін түсіндім. Әсіресе, қыз бала келін боп түскеннен бастап, өзін қалай ұстауы, ененің оны қалай күтуі, жүктілік, жеріктік кезең, оның барлығын қалай өткеру керек, бәрі-бәрі керемет баяндалады. Сәби дүниеге келгеннен кейін оның кіндік шешесі, жасалатын шілдеханасы, киілетін итжейдесіне дейін егжей-тегжейлі айтылады. Ең аяғы байғазы мен көрімдіктің айырмашылығын білмейді екем, оны да осы кітап арқылы айырып алдым. Қысқасы, салт дәстүрін білем деген адам оқуы керек кітап екен.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Алла қаласа, кітаптан өз өмірімде қолданам деп түйіп алған дүниелерім көп болды. Әсіресе қыз балалар, аналар, енелер бұл кітапты міндетті түрде оқуы керек деп ойлаймын.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітап көптеген кітап сататын дүкендерде тұр. Бірақ басқа жерлерде қымбат болуы мүмкін, арзан бағаға Айгүл апайымыздан @abolatkhankyzy ала аласыздар.
⠀
#1жылда100кітап
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #books #bookbloger
#столетодиночества
#габриэльгарсиамаркес
Бір жерде жеңілдіктер немесе акциялар болса, бүкіл танысына хабарласып, ақпарат беріп жүретін жандар болады ғой) Діни маңызды күндер жақын қалғанда мен де өзімді тура солай сезініп кетемін 😊 Хабарламай қалсам, жұрт менің кесірімнен ораза ұстамай қалғандай айтуға асығып тұрамын. Алла қаласа, қыркүйектің 20-сы Ашура күні.
Ашура күнінің маңызы баршаңызға белгілі. Адамдардың тәубесі, сұраған кешірімі қабыл болатын күн. Сондықтан бұл күнді оразамен өткізген дұрыс. Пайғамбарымыздан Ашура күнінің оразасы туралы сұрағанда: "Одан алдыңғы жылғы жасаған күнәлары кешіріледі деп Алладан үміт етемін" деп жауап берген. Ал Амр ибн Ас бұл күні ұсталған ораза бір жылдық оразаға, бұл күні берілген садақа бір жылдық садақаға тең болатынын айтқан. Және оразаны тек Ашура күні емес, алды-артынан бір күн қосып ұстау ұнамды амалға жатады. Бұл уақыт 19, 20, 21 қыркүйек күндеріне келеді екен.
Ниеттеріңіз қабыл болғай! 😊

Ораза ұстайсыз ба?
👍 - иә
👎 - жоқ
Достар, мен "Ұлағатты ұрпақ" қорының ютубтегі каналында видеоконтент істеуді бастадым. Әсіресе, еліміздің аға буын өкілдерінің жастарға айтар кеңесі, бөлісер тәжірибесі туралы естігім келіп жүретін. Сол екі буынның ортасында көпір болсам деген ниетпен "Ұрпағым, саған айтамын..." атты жобамның алғашқы шығарылымы. Көріп, бағасын беріңіздер 😊
https://www.youtube.com/watch?v=dnx08HPgfkE
"Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам - сол.
Бір кем дүние" деп жазған жазушының өзі еді. Кеңес кезінде тәрбиеленген өзге замандастарындай емес, Шерхан аға иманға да келді, намазға да жығылды. Алла тағала алдынан жарылқасын! Жұмақтан орын нәсіп етсін! http://islam.kz/kk/articles/sozsarasy/sherhan-murtaza-qudai-jolymen-jursen-jylamaisyn-1617/#gsc.tab=0
Ақиқатты таныған жазушы. Саналы ғұмырында шындықтан аттамаған жазушы. Өмірбойы Кеңестік идеологиямен ғұмыр кешіп, Құдайын жоғалтпаған жазушы. Кейінгі ұрпаққа өмірі үлгі жазушы.
Бір кезде намаз уақыты кірді. Шерхан атамыз құлшылық жасауға кетті. Соңынан біз де ұяла-ұяла намаз оқып алуға рұқсат сұрадық. Ақсақал кабинетіне қайта кіргізіп, алдымызға қызыл өрнектермен көмкерілген жасыл жайнамазды жайып, «намаздарын оқып алсын» деген ниетпен, шығып кетті. Құдайға құлшылығымызды жасап болып, жайнамазға қайта-қайта үңіле бердім.
Шерағаң өзінің бір естелігінде былай деп жазады: «Әкеміз Мұртаза марқұмның қызғылтым шырайлы, әдемі гүлдері жайнаған жап-жаңа жайнамазы бар еді. Алдымен мешіт бұзылды. Оның үйінді болып қалған кірпіштерінің үстінде байғыз дейтін құс сұңқылдап, зарлап отыратынды шығарды. Көп ұзамай Мұртаза рахметілік «халық жауы» ретінде ұсталды. Бұл 1937 жылдың, сірә, желтоқсан айы еді. НКВД үйге тінту жасады. Мен ол кезде бес жасар баламын. Бәрі есімде. Тінткенде бәлендей байлық табылған жоқ. Тек бір милиционер төрде ілулі тұрған жайнамазды жазып көрді де: «Е, мынау шұлғау болуға жақсы екен. Аяғым тоңып жүр еді», - деп Алланың аты жазылған жайнамазды бүктеп-бүктеп, қойнына тыға салды...
Арада алпыс жыл өткенде жолым түсіп, Кереку қаласына барып, мешітіне кіріп, дұға оқығанда, Тәңірі жарылқағыр бас имам маған Қағбадағы мешіттің суреті салынған сұлу жайнамазды сыйлады. Сонда баяғы милиционерге шұлғау болып, қорланған жайнамаз ғайыптан құс болып келіп, қолыма қонғандай ғажайып хал кештім. Бір кем дүние».
Мынау сол жайнамаз ба екен?! Жазушының өзінен сұрауға батпадым. Алайда күні бүгінге дейін Шерағаңның маңдайы сәждеге тиген жайнамазда намаз оқып оқығаным еске түссе, жүрегіме жылы нұр құйылады...
Бұл әлде, кезіндегі Мұртаза секілді ақиқаттан аттамаған ата-бабаларымыздан Шерағаңа өтіп, кейін біздерге жеткен иман атты тылсым дүниенің тәтті дәмі ме екен... Білмеймін... http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/jazushy-sherhan-murtazanyn-jainamazy-2006/.
Мынау Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" атты кітабы
Нәбік деген кедейдің бір тұлпары болады. Бір бай "осы атыңды маған сат" деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік атты сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткен Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады. Ойында ештеңе жоқ кедей: "Маған мінгесіңіз, апарып тастайын" дегенде, бай: «Шырағым, аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа сүйемелдеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады ғой, келіп. Істің мән-жайын енді ғана аңдаған Нәбік:
- Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар, - депті. Бай "бұл пақыр не дер екен" деп, атын іркіп: - Ал бейбақ, не дейсің, айт айтарыңды, - депті.
- Осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы, - депті кедей.
Бай сонда:
- Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтұғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы? - дегенде, Нәбік:
- Мәселе онда емес, менің қорқып тұрғаным, бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды қояды ғой. Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын, - депті... P.s. Рас, қазір жағымсыз ақпарат тез тарайды. Алдау-арбау көп. Сонда да нағыз мұқтаждар барын ұмытпайықшы... Жұма мүбәрак! 😊
#иманым_жиғаным💐 #marfu_muslima
Нұркен Өтеуіл ағам ютубтен канал ашып, небір әдемі өлеңдерді оқып, салып жүр. Дауысы сондай жағымды, жырлары жүрекке жетеді. Ағамның каналына жазылып, қолдау білдіріп қойыңыздар 😊

https://www.youtube.com/channel/UC7iAA5Kgn_B7RT0LR3DObjg
​Бір қалаға келген имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.) бір түнін мешітте өткізуін қалайды да, мешітке бет алады. Алайда, күзетші оны танымағандықтан мешітке түнеуге рұқсат етпейді.

Барып түнейтін жері болмаған соң имам Ахмад мешіттің жанында түнеп шыққысы келеді. Сол кезде мешіттің жанынан өтіп бара жатқан бір наубайшы имам Ахмадты (р.а.) байқап қалып, оған наубайханада түнеп шығуды ұсынады.

Наубайханаға келген соң наубайшы қамыр илеуге кіріседі. Сонда төсегінде жатқан имам Ахмад оның ұзақ уақыт бойы истиғфар айтқанын естіп, ертесіне көп истиғфар айтуының себебін сұрайды. Сонда наубайшы: «Түн болса ұзақ, жұмыс көп. Сондықтан да истиғфар айтпағанда не істеймін» – деп қоя салады. Бұл істің бір сыры бар екенін сезген имам Ахмад "Истиғфардың пайдасы бар ма?" – деп сұрайды. "Әрине! Көп истиғфар айтудың нәтижесінде дұға-тілектерім қабыл. Не тілесем де, Алла Тағала тілегенімді беріп жатыр. Тек қабыл болмай жүрген бір ғана тілегім бар. Ол Имам Ахмад ибн Ханбалды көру" дейді.

Сол кезде имам Ахмад көзіне жас алып: «Ендеше, көп истиғфар айтқаның зая кетпепті. Алла тағала Имам Ахмадты есігіңнің алдына алып келді. Ол менмін», – деген екен.

Шыны керек, атағы әлемге жайылған бүркітші қыз Айшолпанның Астанаға келгенін естігенде қатты көргім келді. Алайда Алматыда жүр едім. Құдайдың құдіретін көрмейсіздер ме, алыстағы Шардараға барсам, Моңғолияда тұратын Айшолпаным алдымнан шығып тұр. Аңыз қызды көргеніме, фотоға түскеніме қатты қуандым. Бірден есіме жоғарыдағы Имам Малик оқиға түсті. Алайда өзімді жиі истиғфар айтатындардың қатарына жатқызбаймын. Десе де аппақ ниетім бар еді. Бастысы ниет екен достар, қалғаны Алланың құзырында. Ниет еткізіп үлгертпей, тілегімізді қабыл етіп жатқан Аллаға мақтау болсын! Сізде де сондай оқиғалар жиі болып тұратын шығар?
Ютубте "Суперкеліншек" атымен танылған Құралай Орынбасарованың орамал тағу хикаясын естігеліріңіз келсе, төмендегі сілтемеге қарай өтіңіздер. Құралай мұнда күйеуімен қалай танысқанын, отбасының орамалды қалай қабылдағанын әдемілеп әңгімелеп береді 😊

https://www.youtube.com/watch?v=GvMn2Wmyf0s
​Сіздерге Оралхан Бөкейдің өзімде бар кітаптарын жіберемін деп сөз берген едім. "Қамшыгер" мен "Тортай мінер ақ боз ат" қана бар екен. Қабыл алыңыздар 😊
"АҚШ-тың бір судьясы қырық жылдай сотта абыройлы қызмет атқарып зейнетке шыққанда оған жергілікті бір аурухана ерекше алғыс айтыпты. Әріптестері мүлдем басқа мекеменің мұндай ықыласын түсіне алмай мәнісін анықтауға тырысыпты. Сөйтсе, бұл судья күн сайын жұмыстан шыққан соң әлгі ауруханаға барып, қатерлі ісікке шалдыққан жас балаларды әлдилеп ұйықтатып жүрген екен. Сырқат балалардың күндіз-түні ауруханадан шықпайтын шаршаңқы ата-аналарының қолын босатып демалтып, әрі сәбилердің көңілін көтеретін еріктілер ұйымының мүшесі болыпты. Бұл ақпаратты өткен айда Вашингтонға барғанымда бір ресми мекеменің ішкі құжаттарынан оқып қалдым. Сол себепті аты-жөнін толық жаза алмай отырмын. Қайырлы ісін қырық жыл жарнама қылмай жасаған неткен тамаша жан һәм сирек судья деп таң қалдым" деп жазыпты @galym.bokash аға фейсбуктегі парақшасында.
⠀
Осыны оқып, жақында бір құрбымның айтқаны еске түсті. Ол біздерге сауапты істің барлығына ұмтыла бермей, нақты біреуімен тұрақты түрде айналысуды айтқан еді. Мысалы, жылдар бойы жасырын садақа беру немесе жылдар бойы тыныш қана тәһажудке тұру, тіпті болмаса әр сенбіде барып, мешіт тазалауға көмектесу, балалар үйіне барып, бір баланы қамқорлыққа алу, әйтеуір біреуі. Алла тағала біздің бір ай ұстап, сосын ұстамай кеткен оразамызды емес, жүйелі түрде аптасына бір ұстаған оразамызды ұнатады екен. Немесе бір апта жақсы амал істеп, кейін айлап ұмытып кеткенімізді емес, тұрақты айналысқанымызды жақсы көреді.
⠀
Жоғарыдағы оқиғаны оқып, судьяның амалына қатты қызықтым. Алла тағала біздерді де бос істермен айналысудан сақтап, жұртқа пайдалы, сауапты амалдармен айналысуды нәсіп қылғай! 😊
⠀
"Мен қалай орамал тақтым?" айдарының кезекті қонағы өзі есепші, модель, төрт баланың анасы, Мақсат Сәбитов сынды тамаша актердің жары, көркем мінезді, көрікті қыз Әйгерім Сәбитова. Әйгерім өз оқиғасын әдемілеп баяндап берді.

Видеоның толық нұсқасын көру үшін сілтемеге өтіңіздер:

https://youtu.be/vmqxRKwCdtE
Қар жауып тұрған сәтті керемет жақсы көремін. Ал Алматыда таңнан бері қар жауып тұр 😊
Ютубте каналым болғаннан кейін тура өзге әлеуметтік желілер секілді ютубте де отырамын. Онда да жазылып қойған адамдарым, тұрақты көретін каналдарым бар. Солардың ішінде қатты ұнайтыны мына Анастасия Кей деген қыздың каналы. Бәрін ғылыми негізге сүйене отырып, тамаша дүниелермен бөліседі. Тайм менеджмен, дұрыс тамақтану, спорт, білім, кітап барлығы бар. Сіздерге де пайдасы тиіп қалар деген оймен жіберіп отырмын. Қарай жүріңіздер. Алла қаласа, болашақта каналымды осы қыздікіндей етіп жасағым келеді. https://www.youtube.com/user/funastacia