Ең ұзақ оқыған кітабым осы шығар... Біз оқуға қиналып жүрген романды жазуға Толстой 6 жылын арнаған, аноу екі мыңға жуық бетін жеті рет көшіріп жазған екен. Өлшеусіз төгілген соншама терге қарамастан жазушы 1908 жылы күнделігінде: "Адамдар мені "Соғыс және бейбітшілік" секілді ұсақ-түйекке бола жақсы көреді" деген ой айтқан. Бұл не сонда? Шектен тыс қарапайымдылық па? Жоқ әлде күллі әлем "теңдессіз туынды" деп мойындаған шығарманы автордың ортанқол романға балағаны ма? Меніңше соңғысы...
Қалай айтсақ та, қай қырынан келсек те "Война и мир" заманының ұлы кітабы. Мұндай баға маған дейін беріліп қойылған ғой, менікі соларды қайталау ғана :)
Алғашқы 200 беті... Кейіпкерлердің көптігі бар, оқиғалардың түрлі сипатта өрбуі бар, одан қалса француз тілінің араласып кете беретіні бар миым әбден айналды. Бірақ ақсүйектер қоғамының мән-мағынасыз өмірін мысқылмен шебер жеткізе білген жазушыға әбден сүйсіндім. Осыған дейін қанша кітап оқып жүрсем де кейіпкерлердің жанына дәл Толстойдай үңіліп, олардың қимыл-әрекетін, жан дүниесіндегі арпалысын дәлдікпен суреттеген суреткерді көрген емеспін.
Толстой кейіпкерлерін сүйгізеді, жек көргізеді, бір кезде қайтадан ақтап алады да кешірткізеді. Ол ұсақ, өздерін зиялы қауымнан санай тұра төмен әрекеттерге баратын ортадан Пьер секілді жаны таза жігітті шығарып, мені оған ғашық етті. Немесе мейірімді, кешірімшіл княжна Марьяны жақсы көрмеу мүмкін бе? Уәдеме берік болам деп Соняға үйленбек болған Ростовқа риза болмау мүмкін бе? Өлім аузында жатып, Наташаға қосыла алмай кеткен Андрейге қалай жаның ашымас?! Бородино шайқасы алдында ата жауы Курагиннің жаралы сәтін көріп жылаған Болконский ше? Наполеонға Мәскеуді қолдан беріп кері шегінген Кутузовтың жан арпалысы ше?
Бұл кітапты тек оқу керек екен. Жай кітап оқығандай емес, оқиғалары мен кейіпкерлері көз алдымнан елес секілді ары-бері өтіп, фильм көргендей әсерде болдым. Режиссері өзім болғаннан кейін бе, "Война и мир" аталатын бұл фильм ғажап еді...
Ал сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба? Немесе Толстойдың қай туындысымен таныссыз?
#карантинде_кітап_оқы
https://www.youtube.com/watch?v=O6Y-mnQ9T_c

YouTube
Лев Толстойдың "Война и мир" кітабына шолу // Марфуға Шапиян
Ең ұзақ оқыған кітабым осы шығар. Екі томын екі ай оқып, қалған екі томы мына демалыстың арқасында бітті, әйтпесе тағы екі ай жүрер ме ем?!)
Біз оқуға қиналып жүрген романды жазуға Толстой алты жылын арнаған, аноу екі мыңға жуық бетін жеті рет көшіріп жазған…

Өткен сенбідегі сұрақ-жауапта "Әр қазақ оқуы тиіс кітаптарды айтасыз ба?" деген сұрақ келіпті. Оған видеомен жауап берейін деп кейінге қалдырып едім. Бүгін соның сәті түсті.
⠀
Менің ойымша, әр қазақ оқуы тиіс 3 кітап осы. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Мына кітаптардың қайсысын оқыдыңыздар? 😊
⠀
#абайжолы #әуезов #көшпенділер #сәбитмұқанов #өмірмектебі. https://www.youtube.com/watch?v=JUhSu8k9BQg

Әр қазақ оқуы тиіс ТОП 3 кітап // Марфуға Шапиян
Өткен сенбідегі сұрақ-жауапта "Әр қазақ оқуы тиіс кітаптарды айтасыз ба?" деген сұрақ келіпті. Оған видеомен жауап берейін деп кейінге қалдырып едім. Бүгін соның сәті түсті.
⠀
Менің ойымша, әр қазақ оқуы тиіс 3 кітап осы. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Мына…

Таң намазына ұйықтап қалып жүрсеңіз, осы видеоны көріңіз https://www.youtube.com/watch?v=_PjKph4UTik&lc=UgyNXoLcLl8F-SCYaAl4AaABAg
YouTube
Таң намазына ұйықтап қалмаудың 7 әдісі // Марфуға Шапиян
Кейде таң намазына ұйықтап қалып жүргендер мен «ұйықтап қалмаймын ба?» деп қорқатындар үшін бірер кеңес.
Ұйықтар алдында кем дегенде 1.5-2 сағат бұрын тамақтаныңыз. Кешкі астан соң мүмкіндігінше таза ауада 15-20 минуттай жүруге тырысыңыз.
Құптан намазынан…

«Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.
⠀
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
⠀
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.
⠀
Бірақ белгілі сыншы Әмірхан Меңдеке Аяғанның тұлғасынан Алаш зиялыларының прототипін көреді. Бұл да шындыққа жанасады. «Өмірзаядағы» бас кейіпкер Аяған Қуатұлының прототипі бір адам ғана емес. Ол – қылышынан қан тамған Кеңес саясатының құрбанына айналған барлық боздақтарымыздың жиынтық образы. Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Жақыпжан Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі емес пе? Роман соңында мен Аяғанның трагедиялық өліміне бір мұңайсам, бір қуандым. Өйткені кітап тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншілеп тұр еді... Ал тәуелсіздік – ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың ешбірінің өмірінің зая кетпегенінің көрінісі болатын.
⠀
«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей. https://www.youtube.com/watch?v=uakIpoSaWII&lc=UgzBpWRFgoB7CVe8vgB4AaABAg

Баққожа Мұқаидың "Өмірзая" романына шолу // Марфуға Шапиян
«Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан…

Мен де апамды сағынып жүрмін. Жақында өмірден қайтқанына жыл болады 😔
Сіңлім де өз каналына сағынышын жазыпты 😢
https://t.me/c/1131628136/15

Абай туралы #бізге_беймәлім_Абай хэштегі аясында жазып отырам дегенмін. Карантин киіп кетіп, қалып қойған еді. Қайта бастап отырмын. Тек жазып қоймай, ютубке де видео түсіре берейін дедім. Қажет деп тапқан адам көрер.
Төмендегі видеомда Абайды ұрған адам туралы айттым. Және сол оқиғаға байланысты Шәкәрімнің бір айтыста жер боп жеңілгенін баяндадым.
Ал сіз Абайдың таяқ жегенін білетін бе едіңіз?
2/175 жазба
#Абай
#Abai175
https://www.youtube.com/watch?v=mlhIdHuWXIs&t=36s

Абайды ұрған кім? Ұрғызған кім? Бізге беймәлім Абай // Марфуға ШАПИЯН
«Абай жолы» романының өн бойында Абай әдiлеттiк етер жиын топ iшiнде, оның қарсысында жарып сөйлер сөзiмен, ықты-жарды тыңдамас кесек iсiмен «жалғыз көздi, ұзын селдiр қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүздi Оразбай» отырады. Оразбай «Абай жолы» эпопеясының…
Рамазанға жасаған мына жоспарым кезінде хит болып еді. Биыл да пайдаларыңызға жарасын 😊 Жүктеп алып, пайдаланыңыздар.
Алла бұйыртып, көптен күткен Рамазан айына да келіп жеттік. Аллаға сансыз шүкіршілік! Құтты болсын!
⠀
Бұл ұзақ күткізетін, бірақ қас-қағым сәтте өте шығатын ай. Сондықтан мұны бос, мән-мағынасыз өткізіп алсақ, үлкен өкініш сол болмақ. Немесе аузымызды тамақтан тыйғанымызға мәз болып, «ораза ұстадық» деп шаттансақ, ол да қателік болар еді.
⠀
Рамазан – жақсы жаққа өзгеруге талпындыратын ай. Сол себепті де ғұламаларымыз көп жағдайда Рамазанға жоспар құрып, кесте сызуға кеңес береді. Сонда көзді ашып-жұмғанша өте шығатын Рамазанды бос өткізіп алудан сақ боламыз.
⠀
Мынау менің бір досымның осы бір қасиетті айға жасаған жоспары. Осыдан үлгі алып, біздер де өзімізге ыңғайлы жоспарымызды жасап, кестемізді сызып алайық! 😊
⠀
🌺Құран хатым ету (Құранды түпнұсқадан оқу, яғни күніне бір парадан. Cонда 30 күнде 30 пара бітеді, иншАлла);
⠀
🌺Ясин сүресін жаттау;
⠀
🌺Құран оқу білмейтін достарыма тәжуид оқып үйрету әрі қысқа сүрелерден жаттату (Кем дегенде үш досыма);
⠀
🌺Қаза намаздардың орнын толтыру;
⠀
🌺Тәхажуд намазын (түнгі намаз) үзбей оқу, Рамазаннан кейін әдетке айналдыру;
⠀
🌺Духа намазын күнделікті оқу, Рамазаннан кейін де әдетке айналдыру;
⠀
🌺Күніне аз дегенде 100 салауат айту;
⠀
🌺Күніне аз дегенде 100 истиғфар айту;
⠀
🌺Күніне көптен хабарласпай кеткен бір туысыма хабарласып, жағдайын сұрау; (Сонда 30 күнде 30 жақынымды қуантуға мүмкіндік алады екенмін, Алла қаласа!)
⠀
🌺Бойымдағы үш үлкен кемшілігімді анықтап алып, қағазға жазып, Рамазан бойы содан арылуға жұмыс істеу;
⠀
🌺Өзім сондай болсам деген үш жақсы қасиетті таңдап алып, қағазға жазып, сондай болуға ұмтылу;
⠀
🌺Айлық табысымның 10 пайызын садақа ету, Рамазаннан кейін де осы істі жалғастыруға талпыну;
⠀
🌺Ауызашар жасау;
⠀
🌺Рамазан айы қарсаңында бір діни кітап оқып бітіру;
⠀
🌺Рамазан дұғалар қабыл болатын ай болғаны себепті, дұға-тілектерімнің барлығын қағазға жазып алып, күнде шын ниетпен Алладан сұрау.
⠀
#иманым_жиғаным💐 #marfu_muslima #рамазан #ораза

https://www.youtube.com/watch?v=VXnZ4PLxlh4&t=17s Ораза ұстасаңыз, көріңіз 😊
Рамазанда қандай кітап оқырыңызды білмей жүрсіз бе? Онда мына видеомды қарап көріңіз 😊
⠀
Құран хатым ету өз алдына, бұл айда иманыңызды көтеру үшін бір діни кітап оқу да артық болмайды. Өзім Имам Ғазалидің кітабын оқып жатырмын. "Кемелдікке қадам" атты тобымыздағы қыздар да бір-бір діни кітап бастап кетті 😊
⠀
Ал сіздер қандай кітап оқып жатырсыздар?
⠀
https://youtu.be/rDhocv8VF2c

Егер мені жақынырақ танығыларыңыз келсе, жақында ғана @narikbi -ге берген подкастымды тыңдаңыздар 😊
Балалық шағымнан бастап бүгініме дейін біраз дүниені ақтарылып айтыппын 🤭

Forwarded from Narikbi LIVE
Episode #7: Марфуға Шапиян: «Әйел адамының қоғамдағы мәртебесін қайта көтеру қажет»
Марфуға Шапиян @marfugashapian - кәсіби журналист-блогер-саяхатшы. Көбімізге танымал "Аңыз адам" журналында 7 жыл қызмет еткен. Islam.kz сайтының редакторлық қызметін атқарған. Саммари кітаптардың авторы. Сүйікті жар және аяулы ана.
Эпизод барысында біз келесі тақырыптарды қозғадық:
- Журналистикада тәжірибе алу
- "Аңыз адамның" кейіпкерлері
- Діни білім алу жолдары
- Рамазандағы лайфхактар
- Балаларға кітапты қалай үйретеміз?
- Қазақстанды саяхаттау

Тайм-кодтар:
02:45 Журналистикаға келу
07:00 "Аңыз адам" журналы қалай басталды?
15:30 Лев Толстойды тану
25:30 Толстойды мұсылман болды ма?
32:00 Қоғамдағы әйел адамының бүгінгі проблемалары
36:00 Марфуға Исламға қалай келді?
44:00 Дінге келген қыздарға кеңестер
48:00 Діни білімді қайдан аламыз?
54:00 Қазақ неге орамалға қарсы?
01:04:00 Рамазанды қалай өткізу керек?
01:07:00 Рамазандағы лайфхактар
01:11:00 Кітапқа құмарлық қайдан келді?
01:18:00 Балаларды кітапқа қалай баулимыз?
01:23:00 Марфуға оқитын кітаптар
01:33:00 Саммари кітаптарды неге оқу керек?
01:39:00 Саяхаттағы алғашқы қадамдар
01:50:00 Қазақстанда көруге міндетті жерлер
01:54:00 Марфуғаның тілегі

Аузымызды неліктен құрмамен ашамыз? Білесіз бе? https://www.youtube.com/watch?v=eRV6b_GOa68
Ауызашарға санаулы минуттар қалды. Каналымнан мына видеоны көріп алыңыз 😊. https://youtu.be/sT8SQWCn_nk