Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Forwarded from Narikbi LIVE
Тайм-кодтар:

02:45 Журналистикаға келу
07:00 "Аңыз адам" журналы қалай басталды?
15:30 Лев Толстойды тану
25:30 Толстойды мұсылман болды ма?
32:00 Қоғамдағы әйел адамының бүгінгі проблемалары
36:00 Марфуға Исламға қалай келді?
44:00 Дінге келген қыздарға кеңестер
48:00 Діни білімді қайдан аламыз?
54:00 Қазақ неге орамалға қарсы?
01:04:00 Рамазанды қалай өткізу керек?
01:07:00 Рамазандағы лайфхактар
01:11:00 Кітапқа құмарлық қайдан келді?
01:18:00 Балаларды кітапқа қалай баулимыз?
01:23:00 Марфуға оқитын кітаптар
01:33:00 Саммари кітаптарды неге оқу керек?
01:39:00 Саяхаттағы алғашқы қадамдар
01:50:00 Қазақстанда көруге міндетті жерлер
01:54:00 Марфуғаның тілегі
Аузымызды неліктен құрмамен ашамыз? Білесіз бе? https://www.youtube.com/watch?v=eRV6b_GOa68
Ауызашарға санаулы минуттар қалды. Каналымнан мына видеоны көріп алыңыз 😊. https://youtu.be/sT8SQWCn_nk
Ютубе каналымдағы көрермендерімнің саны 100 мың болып, мәз болғаным сондай, бүгінгі видеоны салуды ұмытып кете жаздаппын 😁 Әлгінде ғана есіме түсті 😊 Қарап көріп, бағасын беріңіздер 😘 https://www.youtube.com/watch?v=4GUE78YZLJI&t=7s
Жақында осы "Платформа" фильмін көрдік. Адамдардың соншалық ашкөздігін көрсеткенде, жүрек ауырады 😔
Рамазан кеше басталған сияқты еді, ортасына келіп қалыппыз ғой...
Баяғыда бір тақуа адам Алладан қатты қорқып, күнара ораза ұстайды екен. Аузы берік күндері "Ораза ұстадың ба?" деп сұрағандарға "Шынымды айтсам, ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым деуге де келмейді" деп жауап береді екен. Ұстағандықтан "ұстадым" деп өтірік айта алмайды, ал "ұстадым" дейін десе, амалы Алланың алдында қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген күдік жеңіп кете беретін көрінеді. Оның рухани тереңдігін сезбейтіндер "Өзінің ораза ұстаған, ұстамағанын білмейтін не деген есуас адам" дейді екен ол туралы...
⠀
Сол секілді азаннан қас қарайғанша қарныңыз аш болса, аш шығар, бірақ шын мәніндегі оразаны ұстай алып жүрсіз бе?..
⠀
Ютуб каналыма жаңа видео салып қойдым 😊 Қарап көріңіздкр. https://youtu.be/aE9qC7LDMEE
Қадір түнін әйелдер қалай өткізу керектігіне қатысты сұрақтар көп келген соң видео түсіріп қойдым 😊

https://youtu.be/ENTTY5cU6Ko
Айт мерекесі құтты болсын!

Келесі Рамазанға төрт көзіміз түгел, аман-есен жетуді жазсын!
Көптен бері каналыма видео шықпай қалып еді 😊 Жаңа ғана жаңартып қойдым https://www.youtube.com/watch?v=vHnfui1RRKg
Телграм каналымды қолға алам деп жиі ойлаймын. Бірақ қалып қоя береді 😔 Қазір енді үзік ойларымды жазатын жер етсем деп тұрмын.
Өлім жайлы аз ойланамыз-ау біздер деген. Күні кеше бір жағдай жүрегімді ауыртты. Инстаграмда бір оқырманым бар еді. Аракідік сөйлесіп қалатынбыз. Кейін кітаптарымызды алды. Тіпті уатсапта да сөйлескенбіз. Енді бірер күн бұрын сол кісінің уатсабынан "А... қа уақыт болды. Жаназа намазы ертең 11.00-де" деген хат кеп тұр.

Жан дүнием алай-дүлей боп кетті. Талай өлім туралы естіп жүрміз ғой. Бұл жерде әсер еткені "уақыт болды" дегкен сөз сияқты. Бәріміздің де бір күні уақытымыз бітеді...

Ех! Қандай ауыр еді... Бастысы Алланың алдында жүзіміз жарық болғай!
Тамақтану әдетімді өзгертуді бұрыннан ойлап жүрмін. Өйткені жас та болсақ, белгілі бір ауруларымыз бар. Дәрігерге жүгінсек олар «Дұрыс тамақтаныңыз, қуырылған жемеңіз, тәтті жемеңіз, ұнды тағамдарды азайтыңыз. Бәрі тамақтан» деп жатады. Коронавирустың бір пайдасы десек те болар, соңғы кезде өзімнің әрі отбасымның денсаулығы туралы шындап ойланып, аурудың алдын алғым келді. Амал – бізден, шипа – Алладан.
⠀
Осыған дейінгінің бәрі дайындық болатын. Төменде ертеңнен бастап енгізетін әдеттерімнің тізімі. Біріңізге болмаса, біріңізге пайдалы боп қалар деп жазып отырмын. Бір айдан соң нәтижесін тағы жазамын, бұйыртса.
⠀
• Ояна сала аш қарынға 500 мл жылы су ішу;
• Тамақ ішіп отырғанда телефон ұстамау, кітап оқымау, тек тамақ туралы ойлау. Себебі, басқа нәрсеге алданып отырып, байқамай тамақты көп жеп қоюың мүмкін;
• Шанышқы қағидасы. Аузыңа тамақ салған соң қасығыңды не шанышқыңды қолыңда ұстап отырмай, үстелге қоя тұру. Бұл аузыңыздағы тамақты дұрыс шайнауға көмектеседі;
• Үстел басында 20 минуттан артық отырмау, қажет болса таймер қойып қою;
• Консервіленген, қуырылған тағамдардан, полуфабрикаттан бас тарту;
• Глютен, қантты және сиыр сүтінен жасалған тағамдардан бас тарту;
• Таңғы асты оянған соң 1 сағат ішінде ішу;
• Таңғы асқа ақуыз+май (мыс: топл майға пісірілген жұмыртқа) жеу;
• Түскі асқа ақуыз+бұқтырылған көкөніс+май (мыс: ет, қызанақ, қиярды зәйтүн майына араластырып салат);
• Кешкі асқа қиын көмірсу (көкөніс сорпалары, күріш, қарақұмық) жеу;
• Ақуызды тағамдарды кешкі 17.00-ге дейін жеп алу және жанына міндетті түрде көк шөп қосу;
• Күніне сорпа ішу;
• Тамақты тек жануар майына пісіру;
• Күні бойы 2,5 л су ішу;
• 19.00-ден кейін суды азайту;
• Витаминдерімді уақтылы ішу;
• Өлшеулі мөлшерде жеміс-жидек жеу.
⠀
Аптасына 1 күн өзіме қалағанымды жеуге рұқсат беремін. Ал қалған уақытта барынша ұстануға тырысамын. Нәтижесін осында салып тұрармын.
⠀
⠀
#марфу_жекедаму #тамақтану #жақсыәдет #әдет
1-күн. Шүкірлік күнделігі

1. Аяланың тыныш ұйқысы үшін Аллаға шүкір;
2. Алла тағаланың небір тағамдар жегізіп, соншалық нығмет бергені үшін шүкір;
3. Денсаулығым үшін шүкір.