Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Бүгін кітап оқып отырып "Біздің ең биік парызымыз - өлімге дайындалу" деген сөзді оқып қалдым. Марк Аврелийдің "Өзіммен өзім ғана" деген философиялық туындысында келтірілген бұл сөзді Толстой қатты жақсы көрген дейді...
​​Бүгін орыстың ұлы жазушыларының бірі Достоевскийдің туған күні. Достоевский туралы айтуға қатты қиналамын...

Менің кітап оқығанды қатты жақсы көретін бірер досым бар. Олар Достоевский десе өледі. Менің Толстойды жақсы көретінім сияқты... 

Жұрттың Толстой мен Достоевскийді салыстыра беретіні ұнамайды. Тіпті орыс журналистерінің өздері Нобель алған жазушылардан сұхбат алып отырып "Толстой ма? Достоевский ме?" деп қыстыра кетулерін қоймайды. Екеуі екі бөлек жазушы емес пе?! Бірақ менің бүйрегім бәрібір Толстойға бұрады]]] Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікке осы сұрақты кезінде "Аңыз адамға" Толстойды жазғанда мен де қойып едім. Ол кісі: "Достоевский шығармаларындағы көркемдік шеберлікті Толстойдың кемеліне жеткізген суреткерлік талантымен салыстыру, қалай болса солай салынған Алматының үйлерін, көркіне көз тоймайтын Праганың әсем сәулетімен ойша теңестіргенмен пара-пар әбестік болар еді. Әлемді мойындатқан ұлы жазушыларға қойылатын шығармашылық шеберліктің биік талабының өлшемімен бағалап Достоевский туындыларын сараласаң, олақ қатынның қолынан шыққан бұйымдардай бір кемшіліктен соң екіншісін таба бересің" деп жауап беріп, көңілімді орнына түсірген болатын :]   

Ал мен Достоевскийден қорқамын. Рас айтам, кәдімгідей қорқамын. Оның бірінен-бірі өткен қылмыскер кейіпкерлері жүрегімде өзгеше үрей тудырады. Кейіпкерлері тұрмақ, Достоевскийдің өз болмысы да көкірегіме қорқыныш сезімін ұялатып бітеді. Сыртқа шығарып айтпасам да, "Достоевскийдің жүйкесі қаншалықты дұрыс болды екен?" деген ой үнемі көкейімде тұрады. 

Питерге барған сапарымда бір кездері Достоевский тұрған, бүгінде музейге айналған үйді армансыз араладым. Жазушыны танығым келді. Бірақ бәрібір бұл ұлы суреткерге әлі де тісімнің батпайтынын түсіндім. Студент кезімде жартылай оқып тастап кеткен "Идиотын", былтыр ғана ютубтегі каналымда замандастарына Әсия құрбым ұсынып, бастап, тағы да аяқтай алмаған "Братья Карамазовыны" толық оқымай, өзге де шығармаларымен түгел таныспай, біздің Шоқанға ғашық болған бұл жазушыны толық тани алмайтынымды түсіндім. 

Тек оқу керек екен. Күндердің күнінде, жазушыны толық танығанымда мүмкін мен де базбіреулер секілді Достоевскийді Толстойдан артық көрермін. Әй, ол қайдам енді... Әзірге, кітап оқиық :) 

Достоевскийдің орысша кітаптарын интернеттен өздеріңіз де тауып аласыздар ғой. Мен сіздерге "Ағайынды Карамазовтардың" Нияз Сыздықов аударған қазақша нұсқасын ұсынып отырмын. Бірге оқиық ;) 

Бұл - Достоевскийдің Санкт-Петербургтегі үйінде түскен фотом :)
🎉🎉🎉
Негізі 500 адам болғанда осы каналымда салют атам деп ойлағам 😀 Сөйтсем, 500-ден бір-ақ күнде асып кетіпсіздер ғой! ☺️ Барлықтарыңызға рақмет! 😘 Көбейе берейік! 🤗 Телеграммы бар достарыңызды шақыра жүрсеңіздер қарсы емеспін 😉
​​#Марфуғаданкітап📚

2010 жылы бала кезімнен сүйікті жазушым болған Шерхан Мұртазаны іздеп, Таразға бардым. Ой, ол сапарымыздың қызықтарын islam.kz порталына кезінде әдемілеп жазғам. Үйін қалай тауып барғанымыз қызықтырса сол жақтан оқып аларсыздар (http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/jazushy-sherhan-murtazanyn-jainamazy-2006/#gsc.tab=0)

Қазіргі әңгіме кітап туралы ғой. Үйіне барған соң Шерхан ағаның кабинетін көріп, кітаптарын тамашалап жүріп, көзім Құран кітабына түсті. Ойыма жазушының «Бір кем дүниесінде» жазған: «Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады. Адамды аздыратын жаман қылықтар да өзіңнен шығады. Ол да тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың. Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап. Ең бірінші – Құран! Екінші – хадистер! Ұлы классиктер.

Қазақтың ұлы ақын-жазушылары. Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына. Кітап - өмірсерік. Кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді. Бір кем дүние», – деген жолдары оралды.

Ақиқатты таныған жазушы. Саналы ғұмырында шындықтан аттамаған жазушы. Өмірбойы Кеңестік идеологиямен ғұмыр кешіп, Құдайын жоғалтпаған жазушы. Кейінгі ұрпаққа өмірі үлгі жазушы.😊 Риза болдым, шыны керек.

Сіздерге жазушының кейінгі жылдары жазған сол "Бір кем дүниесін" ұсынамын. Тез-ақ оқылады. Бір-ақ сағат десе болады. Оқи отырыңыздар 😉
​​Қасиетті кітап Құранда "Мүминун", "Тәубе", "Фурқан", "Әнфәл" сүрелерінде мүміндердің белгісі былай сипатталады:

1. Олар бос нәрселерден аулақ болады.
2. Олар зекеттерін береді.
3. Олар ұятты жерлерін сақтайды,
4. Олар аманаттарын, уәделерін қорғаушылар.
5. Олар намаздарына ұқыптылар.
6. Тәубе етушілер,
7. Құлшылық қылушылар.
8. Ораза ұстаушылар,
9. Жақсылыққа бұйырушылар;
10: Жамандықтан тыюшылар;
11. Алланың шектерін қорғаушылар;
12. Жерде сыпайы жүрушілер;
13. Сәлемге дұрыс жауап берушілер;
14. Алла еске алынғанда жүректері қобалжитындар;
15. Раббыларына тәуекел ететіндер;
16. Несібелерін тиісті орындарға жұмсайтындар;

Міне солар шынайы мүминдер. Олар үшін Раббыларының қасында дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар..

Алла тағала осы қасиеттерді бойына сіңірген шынайы мұсылмандардан болуды жазсын! Жұма мүбәрак! 😊
Каналымда жігіттер көп пе екен, әлде қыздар ма? Қане, тексеріп көрейік😉
Бүгін атақты француз жазушысы Альбер Камюдың туған күні. Оған 1957 жылы әдебиетке қосқан елеулі үлесі үшін Нобель сыйлығы беріледі.
Бүгін сіздерге жазушының "Чума" яғни "Оба" атты романын ұсынамын.
Альбер Камюдың "Обасын" қазақ тілінде мына сілтеме арқылы онлайн оқи аласыздар 😊 http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/abc/abc538c998198925c88173cbcbfe36c3.pdf&ln=kz
​​КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛЫП ОҚИМЫН?

Кітапты негізінен Астанадағы Керуеннің ішіндегі "Меломан" кітап дүкенінен немесе flip.kz ке тапсырыс беріп, сатып аламын. Кейде интернетте болса, сол жақтан жүктеймін. Қазақша кітаптарды көбіне Алматыға барғанда "Баспалар үйінен" іздеймін. Ал кейінгі жазылған кітаптарды негізінен авторлары сыйлап жүр.

Қазақша кітаптарды алатын тағы бір жер, ол - Астанадағы Қазақ Академиялық кітапxанасы. Егер қалада тұрғылықты мекен-жайың болса, көркем шығармаларды жаздырып алуға болады. Өйткені бұрынырақ шыққан кітаптарды табу қиын. Сонда кітапxанадан ала саласыз. Алматыда кітапты Жамбыл және Чеxов кітапxаналарынан жаздырып алуға болады. Ұлттық кітапxана үйге бермейді. Ал өзге қалада тұратын оқырмандарыма да айтарым сол, ерінбей жергілікті жерден бір кітапxана тауып алып, тұрақты оқырманына айналыңыздар. Сонда кітап алғанға ақшаңыз көп кетпейді 😊Әйтпесе, мен секілді ақшаның бәрін кітапқа құртып жүрсеңіздер)

Мына кітапты жақында ғана бітірдім. Белгілі әдебиетші Зейнолла Қабдоловтың ұстазы Мұxтар Әуезов туралы жазған жып-жылы романы. Әуезов көрген қиыншылықтар, ұстаздық ғұмыры әдемі сипатталады.
Бүгін кітапты кітапxанаға өткізуге алып келдім. Енді Достоевскийдің "Братья Карамазовы" мен Әбіш Кекілбаевтың "Үркерін" алсам деп тұрмын 😊

Достоевскийді электронды оқу қиын екен, әйтпесе)

Сіздер мен жіберіп жатқан кітаптардан оқып жатырсыздар ма? Әлде...

Иә, жіберіп жүргенің жақсы болды. бастадым - 👍

Жоқ, еңбегің еш бо жатыр - 😏
Астанада қар жауып тұр 😊. Қар жауған сәтті жақсы көрем -❤️ Қар жауып, күн суытқанның несі жақсы? - 💙
"Пенде істеген амалдарының ішінде Алла Тағала үшін дұғадан қымбат нәрсе жоқ" дейді...

Жұмадағы дұға-тілектеріңіз бен құлшылықтарыңыз қабыл болғай!
​​Жапон жазушылары қатты ұнайды. Ал оқығаныма айға жуық уақыт өтсе де әсерінен шыға алмай жүрген бір кітап бар, ол - Юкио Мисиманың "Алтын ғибадатханасы". Еске алсам, әлі жүрегім лүп-лүп етеді :) Кітап оқуды жақсы көретін, әсіресе Мисиманың туындыларын ұнататын досым арқылы алдымен бұл жазушының атына қанықтым. Жапонда осындай өмірінің өз бірнеше кітаптың жүгін арқалайтын жазушы бар екенін біліп, әртүрлі жерлерден ол туралы мақалалар оқып жүргенмін. Ақыры бір күні, кітабына кірістім-ау.

Бұл Киото қаласындағы пәленбай мың жылдық тарихы бар Кинкокудзи ғибадатханасының тарихы туралы кітап. Тарихы болғанда да іш пыстырарлық тарихи романдардай деп ойлап қалмаңыз. Мұнда көркем суреттеу, ішкі толғаныстар, кейіпкерлердің түрлі оқыс әрекеттері сізді еш жалықтырмайды. Мидзогути атты кейіпкердің ғибадатханаға ғашықтығын сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ал романның соңы... Бұлай болады деп еш ойламаған ем...

Киото қаласына барып, осы ғибадатхананы көргім келіп есім кетіп жүр))

Бұл кітаптың авторы туралы белгілі ақын, аудармашы Әмірхан Балқыбек "Самурай сертіндегі қаламгер" атты мақаласында әдемі жазған. Ақын роман соңындағы Мидзогутидің әрекетін Гитлерге, грек тарихындағы "Геростраттың" әрекетіне теңейді. Кітап оқиғасын Гетенің "Фаустымен" салыстырады. Ал танымал сыншы Амангелді Кеңшілікұлы "Мисима өлімінің жұмбағы" атты мақала жазған. Онда да талай дүние айтылады. Қысқасы, рухани ләззат алғыңыз келсе, бұл жазушының шығармаларын оқуға кеңес берем.


Ал сіздерге өзім оқыған "Золотой храмды" ұсынып отырмын. Осы нұсқасын, телефоннан оқып бітірдім мен де :)

Суретте жазушы Юкио Мисима
​​#Марфуғаданкітап📚

Айналдырған бірер сағаттың ішінде оқып, өзіме ерекше әсер қалдырған бұл кітап туралы айтпай кетсем, ұят болар еді. Жапон жазушыларына деген ықыласымның өзгеше екенін білесіздер ғой. Бүгін сүйікті жазушыларымның қатары тағы бір жапон жазушысымен толықты. Ол - Ясунари Кабавата, жапон жазушылары арасынан алғаш Нобель сыйлығын алған қаламгер.

Туындылары қандай мөп-мөлдір еді. Қаламынан тек сұлу сөздер төгілгендей. "Мың қанатты тырна" атты повесі мені бірден баурап әкетті.Өзгеше әлемге түсіп кеткендей әсермен оқып шықтым. Мұнда жазушы жапон халқының шәй беру рәсімін суреттей отырып, жас жігіттің махаббатын баян етеді. Рух, жан тазалығын алғашқы орынға қояды. Керемет енді. Оқуға кеңес беремін. Өздеріңізге ұсынамын 😊
Әдебиет порталында сүйікті жобам бар, ол - "Қаламгердің бір күні". Жазушылар әлемін жақсы көргеннен кейін олар туралы тұщымды бір дүние жазу көптен бергі мақсатым еді. Бауыржан Қарағызұлы соны әдеби порталда жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Рас, әнші, әртіс дегендердің қайда барып, не істеп жүргенін истаграмнан бақылап отыратын дәрежеге жеттік қой. Ал жазудың бейнетін тартып, бар ойы халыққа жақсы шығарма ұсыну болған ақын-жазушыларды кім елеп жатыр? Олар қалай жазып жүр? Не істеп жүр? Осы сұрақтарға жауап іздеп, "Қаламгердің бір күнін" бастадық. Осыған дейін белгілі қаламгерлер Roza Mukanova, Тұрсын Жұртбай, Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Смағұл Елубайлар туралы жазып ем. Кезек Бексұлтан Нұржекеұлына келіпті. Жазушының жанында бір күн бойы жүріп, арасында Шыңғысханды моңғол дегенім үшін ұрыс естіп, үйіне барып шәй ішіп, әңгімесін тыңдап, уақытты күшті өткізіп қайтқан ем. Бәрін-бәрін фотодан көріп, материалдан оқи аласыздар.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/19006
​​#Марфуғаданкітап📚

Мәди Айымбетов - балалық шағымды еске түсіретін жазушы. Мектепте оқып жүргенде оның "Шыққа тұнған нұр" деген кітабын қайталап оқи беруші едім. Тақырыбында айтылғандай мөлдіреп тұрған шығарма. Аса танымал болмаса да, жазғандары әдемі.

Бүгін сол жазушының туған күні, 71-ге келіп жатыр екен. Кезінде керемет әсерге бөлеген жазушыға шын жүрегіммен тілектеспін. Ал сіздер бүгін автордың "Дүние-керуен" атты романын ұсынамын. Қабыл алыңыздар! 😊
​​#Марфуғаданкітап📚

Сіздерге кітап ұсынбағалы біраз болыпты. Ғабит Мүсіреповпен егіз қозыдай бір жылы туып, бір жылы өмірден өткен, әзілдері жарасып, дос болған Қазақстанның Халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің "Шығанақ" атты романын ұсынамын.
​​Жақында "АҢЫЗ АДАМ" журналы бір нөмірін түгелдей Мұхтар Мағауинге арнады. Қатты риза болдым. Бұл жазушыны әбден лайық деп есептеймін.



Журналды оқып отырып Мұхаңның: "Әлем әдебиетінде төрт ұлы әңгімеші бар, біріншісі – Ги де Мопассан, екіншісі – Чехов, үшіншісі – Сомерсет Моэм, төртіншісі – Акутагава. Осы төрт ұлы әңгімешінің қатарында мен де бармын. Әрине, біріншісі емес, соңы да емес. Әңгімеші ретінде бәрінен де Мопассанды жоғары бағалаймын, оны француздардың өзі жете танымаған. Менің ең үлкен ұстазым – Мопассан. Үнемі оқимын, әрі таңғаламын, онда мінез де, тағдыр да, табиғат та бар. Акутагаваның әңгімесі мүлде басқа тұрғыда, мен Акутагаваға жете алмаймын, қалғандарымен таласуыма болады", - дейді.



Мұхаңның амбициясына риза боламын тура. Расымен маңдайалды жазушымыз ғой. Өз мықтымызды өзіміз тануымыз керек. Сондықтан бұл автордың мұрағатымда бар кітаптарының бәрін ұсынамын 😊
Бір аптадай кітап жібермей, мына каналымда саяxат туралы әңгіме айтуым мүмкін ☺️ Алда кезекті саяxат - Ташкент күтіп тұр! ✋️- Жолың болсын! Саяxатың сәтті өтсін! 😼- Қыдыра бергенді қою керек қой!
​​Бірнеше күннен бері Ташкенттемін. Шаруамыз реттелісімен мен көруге асыққан бір дүние болды. Ол – үшінші әділетті халифа Осман ибн Аффанның осы қалада сақталған Құраны. Хазіреті Имам кешенінің музейінде сақтаулы бұл Құрандың исі мұсылман қауымы әлемнің түкпір-түкіпірен келіп тамашалайды екен. Біз де көптің бір болып, музейге беттедік. Суретке түсіруге, өзің түсуге де болмайды екен. Тек көруіңе рұқсат. Бұғының терісіне сонау VII ғасырда жазылған Құран алып әйнектің ішінде айқара ашық жатыр. Жазуы анық. Араб әріптері. Кеудеме өксік тығылды. Кезінде Пайғамбардың с.а.у. сүйікті сахабаларының қолы тиген Құран ғой. Бізден бұрынғы небір ізгі адамдар оқыған Құран ғой! Даңқты сахаба, Пайғамбардың сүйікті күйеубаласы Осман ибн Аффанның Құраны ғой! Жүрегім тебіреніп кетті. Алдыңғы буынның мұрасын он төрт ғасырдан аман өткізіп, бізге осы күйінде жеткізген Аллаға мақтау болсын! Құраннан ілік іздеп “Бұл кітаптың сонша ғасыр бойы өзгермегеніне қандай кепілдік бересің?” деп сұрақ қоятын таныстарыма осы Құран туралы айтып беруім керек-ау деп ойладым. Өйткені бұл – Пайғамбардан тікелей үйреніліп, жазылған Құран. Біздің оқып жүрген Құранымыздың түпнұсқасы...

Ташкентке келіп жатсаңыздар, бұл Құранды көрмей кетпесеңіздер екен. Иманның көтерілуіне әсер етері анық.

http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/osman-ha…