Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​​Қасиетті кітап Құранда "Мүминун", "Тәубе", "Фурқан", "Әнфәл" сүрелерінде мүміндердің белгісі былай сипатталады:

1. Олар бос нәрселерден аулақ болады.
2. Олар зекеттерін береді.
3. Олар ұятты жерлерін сақтайды,
4. Олар аманаттарын, уәделерін қорғаушылар.
5. Олар намаздарына ұқыптылар.
6. Тәубе етушілер,
7. Құлшылық қылушылар.
8. Ораза ұстаушылар,
9. Жақсылыққа бұйырушылар;
10: Жамандықтан тыюшылар;
11. Алланың шектерін қорғаушылар;
12. Жерде сыпайы жүрушілер;
13. Сәлемге дұрыс жауап берушілер;
14. Алла еске алынғанда жүректері қобалжитындар;
15. Раббыларына тәуекел ететіндер;
16. Несібелерін тиісті орындарға жұмсайтындар;

Міне солар шынайы мүминдер. Олар үшін Раббыларының қасында дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар..

Алла тағала осы қасиеттерді бойына сіңірген шынайы мұсылмандардан болуды жазсын! Жұма мүбәрак! 😊
Каналымда жігіттер көп пе екен, әлде қыздар ма? Қане, тексеріп көрейік😉
Бүгін атақты француз жазушысы Альбер Камюдың туған күні. Оған 1957 жылы әдебиетке қосқан елеулі үлесі үшін Нобель сыйлығы беріледі.
Бүгін сіздерге жазушының "Чума" яғни "Оба" атты романын ұсынамын.
Альбер Камюдың "Обасын" қазақ тілінде мына сілтеме арқылы онлайн оқи аласыздар 😊 http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/abc/abc538c998198925c88173cbcbfe36c3.pdf&ln=kz
​​КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛЫП ОҚИМЫН?

Кітапты негізінен Астанадағы Керуеннің ішіндегі "Меломан" кітап дүкенінен немесе flip.kz ке тапсырыс беріп, сатып аламын. Кейде интернетте болса, сол жақтан жүктеймін. Қазақша кітаптарды көбіне Алматыға барғанда "Баспалар үйінен" іздеймін. Ал кейінгі жазылған кітаптарды негізінен авторлары сыйлап жүр.

Қазақша кітаптарды алатын тағы бір жер, ол - Астанадағы Қазақ Академиялық кітапxанасы. Егер қалада тұрғылықты мекен-жайың болса, көркем шығармаларды жаздырып алуға болады. Өйткені бұрынырақ шыққан кітаптарды табу қиын. Сонда кітапxанадан ала саласыз. Алматыда кітапты Жамбыл және Чеxов кітапxаналарынан жаздырып алуға болады. Ұлттық кітапxана үйге бермейді. Ал өзге қалада тұратын оқырмандарыма да айтарым сол, ерінбей жергілікті жерден бір кітапxана тауып алып, тұрақты оқырманына айналыңыздар. Сонда кітап алғанға ақшаңыз көп кетпейді 😊Әйтпесе, мен секілді ақшаның бәрін кітапқа құртып жүрсеңіздер)

Мына кітапты жақында ғана бітірдім. Белгілі әдебиетші Зейнолла Қабдоловтың ұстазы Мұxтар Әуезов туралы жазған жып-жылы романы. Әуезов көрген қиыншылықтар, ұстаздық ғұмыры әдемі сипатталады.
Бүгін кітапты кітапxанаға өткізуге алып келдім. Енді Достоевскийдің "Братья Карамазовы" мен Әбіш Кекілбаевтың "Үркерін" алсам деп тұрмын 😊

Достоевскийді электронды оқу қиын екен, әйтпесе)

Сіздер мен жіберіп жатқан кітаптардан оқып жатырсыздар ма? Әлде...

Иә, жіберіп жүргенің жақсы болды. бастадым - 👍

Жоқ, еңбегің еш бо жатыр - 😏
Астанада қар жауып тұр 😊. Қар жауған сәтті жақсы көрем -❤️ Қар жауып, күн суытқанның несі жақсы? - 💙
"Пенде істеген амалдарының ішінде Алла Тағала үшін дұғадан қымбат нәрсе жоқ" дейді...

Жұмадағы дұға-тілектеріңіз бен құлшылықтарыңыз қабыл болғай!
​​Жапон жазушылары қатты ұнайды. Ал оқығаныма айға жуық уақыт өтсе де әсерінен шыға алмай жүрген бір кітап бар, ол - Юкио Мисиманың "Алтын ғибадатханасы". Еске алсам, әлі жүрегім лүп-лүп етеді :) Кітап оқуды жақсы көретін, әсіресе Мисиманың туындыларын ұнататын досым арқылы алдымен бұл жазушының атына қанықтым. Жапонда осындай өмірінің өз бірнеше кітаптың жүгін арқалайтын жазушы бар екенін біліп, әртүрлі жерлерден ол туралы мақалалар оқып жүргенмін. Ақыры бір күні, кітабына кірістім-ау.

Бұл Киото қаласындағы пәленбай мың жылдық тарихы бар Кинкокудзи ғибадатханасының тарихы туралы кітап. Тарихы болғанда да іш пыстырарлық тарихи романдардай деп ойлап қалмаңыз. Мұнда көркем суреттеу, ішкі толғаныстар, кейіпкерлердің түрлі оқыс әрекеттері сізді еш жалықтырмайды. Мидзогути атты кейіпкердің ғибадатханаға ғашықтығын сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ал романның соңы... Бұлай болады деп еш ойламаған ем...

Киото қаласына барып, осы ғибадатхананы көргім келіп есім кетіп жүр))

Бұл кітаптың авторы туралы белгілі ақын, аудармашы Әмірхан Балқыбек "Самурай сертіндегі қаламгер" атты мақаласында әдемі жазған. Ақын роман соңындағы Мидзогутидің әрекетін Гитлерге, грек тарихындағы "Геростраттың" әрекетіне теңейді. Кітап оқиғасын Гетенің "Фаустымен" салыстырады. Ал танымал сыншы Амангелді Кеңшілікұлы "Мисима өлімінің жұмбағы" атты мақала жазған. Онда да талай дүние айтылады. Қысқасы, рухани ләззат алғыңыз келсе, бұл жазушының шығармаларын оқуға кеңес берем.


Ал сіздерге өзім оқыған "Золотой храмды" ұсынып отырмын. Осы нұсқасын, телефоннан оқып бітірдім мен де :)

Суретте жазушы Юкио Мисима
​​#Марфуғаданкітап📚

Айналдырған бірер сағаттың ішінде оқып, өзіме ерекше әсер қалдырған бұл кітап туралы айтпай кетсем, ұят болар еді. Жапон жазушыларына деген ықыласымның өзгеше екенін білесіздер ғой. Бүгін сүйікті жазушыларымның қатары тағы бір жапон жазушысымен толықты. Ол - Ясунари Кабавата, жапон жазушылары арасынан алғаш Нобель сыйлығын алған қаламгер.

Туындылары қандай мөп-мөлдір еді. Қаламынан тек сұлу сөздер төгілгендей. "Мың қанатты тырна" атты повесі мені бірден баурап әкетті.Өзгеше әлемге түсіп кеткендей әсермен оқып шықтым. Мұнда жазушы жапон халқының шәй беру рәсімін суреттей отырып, жас жігіттің махаббатын баян етеді. Рух, жан тазалығын алғашқы орынға қояды. Керемет енді. Оқуға кеңес беремін. Өздеріңізге ұсынамын 😊
Әдебиет порталында сүйікті жобам бар, ол - "Қаламгердің бір күні". Жазушылар әлемін жақсы көргеннен кейін олар туралы тұщымды бір дүние жазу көптен бергі мақсатым еді. Бауыржан Қарағызұлы соны әдеби порталда жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Рас, әнші, әртіс дегендердің қайда барып, не істеп жүргенін истаграмнан бақылап отыратын дәрежеге жеттік қой. Ал жазудың бейнетін тартып, бар ойы халыққа жақсы шығарма ұсыну болған ақын-жазушыларды кім елеп жатыр? Олар қалай жазып жүр? Не істеп жүр? Осы сұрақтарға жауап іздеп, "Қаламгердің бір күнін" бастадық. Осыған дейін белгілі қаламгерлер Roza Mukanova, Тұрсын Жұртбай, Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Смағұл Елубайлар туралы жазып ем. Кезек Бексұлтан Нұржекеұлына келіпті. Жазушының жанында бір күн бойы жүріп, арасында Шыңғысханды моңғол дегенім үшін ұрыс естіп, үйіне барып шәй ішіп, әңгімесін тыңдап, уақытты күшті өткізіп қайтқан ем. Бәрін-бәрін фотодан көріп, материалдан оқи аласыздар.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/19006
​​#Марфуғаданкітап📚

Мәди Айымбетов - балалық шағымды еске түсіретін жазушы. Мектепте оқып жүргенде оның "Шыққа тұнған нұр" деген кітабын қайталап оқи беруші едім. Тақырыбында айтылғандай мөлдіреп тұрған шығарма. Аса танымал болмаса да, жазғандары әдемі.

Бүгін сол жазушының туған күні, 71-ге келіп жатыр екен. Кезінде керемет әсерге бөлеген жазушыға шын жүрегіммен тілектеспін. Ал сіздер бүгін автордың "Дүние-керуен" атты романын ұсынамын. Қабыл алыңыздар! 😊
​​#Марфуғаданкітап📚

Сіздерге кітап ұсынбағалы біраз болыпты. Ғабит Мүсіреповпен егіз қозыдай бір жылы туып, бір жылы өмірден өткен, әзілдері жарасып, дос болған Қазақстанның Халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің "Шығанақ" атты романын ұсынамын.
​​Жақында "АҢЫЗ АДАМ" журналы бір нөмірін түгелдей Мұхтар Мағауинге арнады. Қатты риза болдым. Бұл жазушыны әбден лайық деп есептеймін.



Журналды оқып отырып Мұхаңның: "Әлем әдебиетінде төрт ұлы әңгімеші бар, біріншісі – Ги де Мопассан, екіншісі – Чехов, үшіншісі – Сомерсет Моэм, төртіншісі – Акутагава. Осы төрт ұлы әңгімешінің қатарында мен де бармын. Әрине, біріншісі емес, соңы да емес. Әңгімеші ретінде бәрінен де Мопассанды жоғары бағалаймын, оны француздардың өзі жете танымаған. Менің ең үлкен ұстазым – Мопассан. Үнемі оқимын, әрі таңғаламын, онда мінез де, тағдыр да, табиғат та бар. Акутагаваның әңгімесі мүлде басқа тұрғыда, мен Акутагаваға жете алмаймын, қалғандарымен таласуыма болады", - дейді.



Мұхаңның амбициясына риза боламын тура. Расымен маңдайалды жазушымыз ғой. Өз мықтымызды өзіміз тануымыз керек. Сондықтан бұл автордың мұрағатымда бар кітаптарының бәрін ұсынамын 😊
Бір аптадай кітап жібермей, мына каналымда саяxат туралы әңгіме айтуым мүмкін ☺️ Алда кезекті саяxат - Ташкент күтіп тұр! ✋️- Жолың болсын! Саяxатың сәтті өтсін! 😼- Қыдыра бергенді қою керек қой!
​​Бірнеше күннен бері Ташкенттемін. Шаруамыз реттелісімен мен көруге асыққан бір дүние болды. Ол – үшінші әділетті халифа Осман ибн Аффанның осы қалада сақталған Құраны. Хазіреті Имам кешенінің музейінде сақтаулы бұл Құрандың исі мұсылман қауымы әлемнің түкпір-түкіпірен келіп тамашалайды екен. Біз де көптің бір болып, музейге беттедік. Суретке түсіруге, өзің түсуге де болмайды екен. Тек көруіңе рұқсат. Бұғының терісіне сонау VII ғасырда жазылған Құран алып әйнектің ішінде айқара ашық жатыр. Жазуы анық. Араб әріптері. Кеудеме өксік тығылды. Кезінде Пайғамбардың с.а.у. сүйікті сахабаларының қолы тиген Құран ғой. Бізден бұрынғы небір ізгі адамдар оқыған Құран ғой! Даңқты сахаба, Пайғамбардың сүйікті күйеубаласы Осман ибн Аффанның Құраны ғой! Жүрегім тебіреніп кетті. Алдыңғы буынның мұрасын он төрт ғасырдан аман өткізіп, бізге осы күйінде жеткізген Аллаға мақтау болсын! Құраннан ілік іздеп “Бұл кітаптың сонша ғасыр бойы өзгермегеніне қандай кепілдік бересің?” деп сұрақ қоятын таныстарыма осы Құран туралы айтып беруім керек-ау деп ойладым. Өйткені бұл – Пайғамбардан тікелей үйреніліп, жазылған Құран. Біздің оқып жүрген Құранымыздың түпнұсқасы...

Ташкентке келіп жатсаңыздар, бұл Құранды көрмей кетпесеңіздер екен. Иманның көтерілуіне әсер етері анық.

http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/osman-ha…
Өзбекстанның таксистері қазақтарды жақсы танып алған. Қайдан келгенімізді білгеннен кейін "Төле бидің басына апарайын, Ялаңтөстің қабірін көруің керек қой" деп өзінің қызметін ұсынып, жанталасып кетеді. Бұрынырақ Төле би дегеннің кім екенін білмесе, қазір бәрі біліп алған. Әрине, "Қалдырғач әулие" десеңіз, жақсырақ таниды. Осы нәрсе қазақтың қанында бар ма, білмеймін, қайда барсақ та бірінші кезекте аталарымыздың басын іздеп кетеміз ғой. Өзіміз де тура сол. Мәскеуге барғанда да алғашқы екі күнде жолымыз түспей, Әлиханның басына бара алмай, тек үшінші күн дегенде жетіп, Құран оқытып, үстімізден жүк түскендей болған. Ташкентке келгеннен кейін де Төле би атамыздың қабірін іздедік. Барсақ, айналсоқтап қазақтың атасы мен әжесі жүр. Бір-бірімізді көріп, қауқылдасып қалдық. Ата Құран оқыды. Қалай болғанда да қазақтың өлісін ұмытпай, артынан Құран бағыштап жүретіні жақсы қасиет. Оларға бізден Құраннан басқа ештеңе керек емес қой... Төле бидің неліктен Ташкентте жерленгенін мына жақта жаздым. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/tole-bi-nelikten-tashkentte-jatyr-2086/#gsc.tab=0
​​Жалған дүниеден өтер алдында жарты әлемді жаулаған Әмір Темір жанындағыларға аманат айтты:

- Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті жоқ. Ажалды біреу айқалап, қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді жыртып, жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан «Аллаһу акбар» деп маған мейірім тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін «Фатиханы» оқыңдар.

Жарты әлемді жаулаған Әмір Темір де мейірімге мұқтаж.

Бір кем дүние... #ШерxанМұртаза

Әмір Темір кесенесі алдындағы фото 😊
​​Қазақстан ішінде менің көптен қызығып, барғым кеп жүрген үш жер бар еді. Бірі Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешіті болса, екіншісі Талдықорған жақтағы Алтын Емел қорығы, үшіншісі Шымкент өңіріндегі Ақмешіт әулие үңгірі болатын. Үшеуінің де суреттерін интернеттен, видеолардан көрген сайын қызығушылығым арта түсетін. Аты аңызға айналған, бойына тылсым сыр бүккен Ақмешіт үңгірін Ташкенттен Шымкентке өткен сапарымызда көру бұйыртқан екен.

Бәйдібек ауданында орналасқан үңгірдің ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 30 метрге жуық. Бір кездері үңгірге кіретін есік болған деседі. Шырақшы қарияның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан ол есік бітелген. Біз үңгірге төбесінен, арнайы орналастырылған баспалдақ арқылы түстік. Аудан арнайы көңіл бөліп, дұрыстау баспалдақ орнатса да болғандай екен. Мынауысы қауіптілеу. Үңгірдің ішінде оннан астам ағаш өсіп тұр. Ал ішіндегі әсерді сөзбен жеткізе алмаймын. Құдды бір басқа әлемге түсіп кеткендей, тек кинодан ғана көретін көрініске куә болғандай болдық. Ауасы да сыртқы аудан өзгерек. Басқа бір энергия бар секілді.

Бұл үңгір туралы ел ішінде аңыз көп. Солардың бірінде Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, жауға қарсы жорыққа дайындалып жатқанда қатты нөсер болады. Сонда батыр 10 мыңнан астам сарбазымен үңгірге түсіп, бәрі бірдей қатарласа намаз оқыпты. Кейін жауынгерлердің бірі: «Бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атайық» деп ұсыныс тастайды. Сонда батыр қарсылық білдіріп, «Бұл үңгір Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой, 10 мыңнан астам адам мен астымыздағы атымызды жаңбырдан қорғады, таң намазын оқуымызға жағдай жасады, бәріміз бір жерде сәждеге жығылдық, тастары да аппақ екен, «Ақмешіт» болсын» деген көрінеді.

Талай тарихқа куә болған, ата-бабамызға пана болған, кезінде он мыңнан асам адам атымен сыйып кеткен үңгір жыл өткен сайын тарылып бара жатқан көрінеді. Күндердің күнінде жоқ болуы да мүмкін-ay... Осындай ғажайыпқа куә еткен Аллаға сансыз шүкір! Оңтүстікке табаныңыз тисе, Ақмешітке соқпай кетпеңіз. Өкінбесіңіз анық. Алыста болса да, Aizhan екеумізді ерінбей алып барған Aigerimге рахмет! Сапарлас болып, Домалақ анаға арнайы тоқтатқан Динарға мың алғыс! Естен кетпес сапар болды.

Өмір өткінші. Кеше бар адам бүгін жоқ. Бабаларымыздың даңқына қанық болғанымызбен, өздерін көрген жоқпыз. Алайда олардың ізі қалған, тері сіңген, қаны төгілген, жанымен қорғаған туған жер бар, қасиетті топырақ бар, осындай тылсым үңгірлер мен жерасты мешіттері бар. Бір қарағанда олар үндемейтіндей көрінуі мүмкін, ал жақын барсаң, үндемес жартастарға тіл бітіп, тарихтан сыр шерте бастайды, өткеннің әңгімесін айтады... Сондықтан болар, осындай тарихи жерлерді қатты жақсы көрем. Олар кешегі өткен бабаларымыз бен біздің арамызды жалғап тұрғандай...

P.S. Қазақстанның тағы қандай керемет жерлерін білесіздер? Көруді ұсынасыздар?

#ОҚО #Шымкентсапары #Ақмешітүңгірі #Бәйдібекауданы #Домалақана #МарфуғаШапиян
​​#Марфуғаданкітап📚

Күні кеше Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаев өмірден өтті. Ендігі көзі тірі қалған Қазақстанның Халық жазушыларының саны саусақпен санарлық. Солардың бірі - бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов.

Қабдеш Жұмаділовтың "Соңғы көшін" ерекше бағалаймын. Көп нәрсеге көзімді ашқан кітап еді. Ол кітапты оқығанға дейін Қытайдан келген қандастарымыздың бәрін кезінде жерімізді тастап қашып кеткендер деп түсінетінмін. Ресей мен Қытай шекара бөлгенде жеріміздің біраз бөлігі сонда кеткені миыма кіріп шықпаған. Қазақ ұлты көрген талай азаптың бетін ашқан кітап еді.

Сосын Қабдеш жазушының атақты "Қылмысты" жазған Қажығұмар Шабданұлының кітабына көрсеткен қолдауын бағалаймын. Бізде басылып шығуына да осы Қабдеш Жұмаділов көп мұрындық болды ғой. "Қажығұмарды қайтарайық" деп сонша шыр-пыр боп жүргені тағы бар. Мұндай ерлік кез келгеннің қолынан келе бермес. Ақсақалымыз аман болсын!

Сіздер жазушының қай туындысын жақсы көресіздер? Қай кітабын оқыдыңыздар? Өз мұрағатымда бар кітаптарын сіздерге ұсынып қояйын 😊

Суретте жазушының үйінде, өзінен сұхбат алып отырмын 😊