Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​​#Марфуғаданкітап📚

Айналдырған бірер сағаттың ішінде оқып, өзіме ерекше әсер қалдырған бұл кітап туралы айтпай кетсем, ұят болар еді. Жапон жазушыларына деген ықыласымның өзгеше екенін білесіздер ғой. Бүгін сүйікті жазушыларымның қатары тағы бір жапон жазушысымен толықты. Ол - Ясунари Кабавата, жапон жазушылары арасынан алғаш Нобель сыйлығын алған қаламгер.

Туындылары қандай мөп-мөлдір еді. Қаламынан тек сұлу сөздер төгілгендей. "Мың қанатты тырна" атты повесі мені бірден баурап әкетті.Өзгеше әлемге түсіп кеткендей әсермен оқып шықтым. Мұнда жазушы жапон халқының шәй беру рәсімін суреттей отырып, жас жігіттің махаббатын баян етеді. Рух, жан тазалығын алғашқы орынға қояды. Керемет енді. Оқуға кеңес беремін. Өздеріңізге ұсынамын 😊
Әдебиет порталында сүйікті жобам бар, ол - "Қаламгердің бір күні". Жазушылар әлемін жақсы көргеннен кейін олар туралы тұщымды бір дүние жазу көптен бергі мақсатым еді. Бауыржан Қарағызұлы соны әдеби порталда жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Рас, әнші, әртіс дегендердің қайда барып, не істеп жүргенін истаграмнан бақылап отыратын дәрежеге жеттік қой. Ал жазудың бейнетін тартып, бар ойы халыққа жақсы шығарма ұсыну болған ақын-жазушыларды кім елеп жатыр? Олар қалай жазып жүр? Не істеп жүр? Осы сұрақтарға жауап іздеп, "Қаламгердің бір күнін" бастадық. Осыған дейін белгілі қаламгерлер Roza Mukanova, Тұрсын Жұртбай, Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Смағұл Елубайлар туралы жазып ем. Кезек Бексұлтан Нұржекеұлына келіпті. Жазушының жанында бір күн бойы жүріп, арасында Шыңғысханды моңғол дегенім үшін ұрыс естіп, үйіне барып шәй ішіп, әңгімесін тыңдап, уақытты күшті өткізіп қайтқан ем. Бәрін-бәрін фотодан көріп, материалдан оқи аласыздар.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/19006
​​#Марфуғаданкітап📚

Мәди Айымбетов - балалық шағымды еске түсіретін жазушы. Мектепте оқып жүргенде оның "Шыққа тұнған нұр" деген кітабын қайталап оқи беруші едім. Тақырыбында айтылғандай мөлдіреп тұрған шығарма. Аса танымал болмаса да, жазғандары әдемі.

Бүгін сол жазушының туған күні, 71-ге келіп жатыр екен. Кезінде керемет әсерге бөлеген жазушыға шын жүрегіммен тілектеспін. Ал сіздер бүгін автордың "Дүние-керуен" атты романын ұсынамын. Қабыл алыңыздар! 😊
​​#Марфуғаданкітап📚

Сіздерге кітап ұсынбағалы біраз болыпты. Ғабит Мүсіреповпен егіз қозыдай бір жылы туып, бір жылы өмірден өткен, әзілдері жарасып, дос болған Қазақстанның Халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің "Шығанақ" атты романын ұсынамын.
​​Жақында "АҢЫЗ АДАМ" журналы бір нөмірін түгелдей Мұхтар Мағауинге арнады. Қатты риза болдым. Бұл жазушыны әбден лайық деп есептеймін.



Журналды оқып отырып Мұхаңның: "Әлем әдебиетінде төрт ұлы әңгімеші бар, біріншісі – Ги де Мопассан, екіншісі – Чехов, үшіншісі – Сомерсет Моэм, төртіншісі – Акутагава. Осы төрт ұлы әңгімешінің қатарында мен де бармын. Әрине, біріншісі емес, соңы да емес. Әңгімеші ретінде бәрінен де Мопассанды жоғары бағалаймын, оны француздардың өзі жете танымаған. Менің ең үлкен ұстазым – Мопассан. Үнемі оқимын, әрі таңғаламын, онда мінез де, тағдыр да, табиғат та бар. Акутагаваның әңгімесі мүлде басқа тұрғыда, мен Акутагаваға жете алмаймын, қалғандарымен таласуыма болады", - дейді.



Мұхаңның амбициясына риза боламын тура. Расымен маңдайалды жазушымыз ғой. Өз мықтымызды өзіміз тануымыз керек. Сондықтан бұл автордың мұрағатымда бар кітаптарының бәрін ұсынамын 😊
Бір аптадай кітап жібермей, мына каналымда саяxат туралы әңгіме айтуым мүмкін ☺️ Алда кезекті саяxат - Ташкент күтіп тұр! ✋️- Жолың болсын! Саяxатың сәтті өтсін! 😼- Қыдыра бергенді қою керек қой!
​​Бірнеше күннен бері Ташкенттемін. Шаруамыз реттелісімен мен көруге асыққан бір дүние болды. Ол – үшінші әділетті халифа Осман ибн Аффанның осы қалада сақталған Құраны. Хазіреті Имам кешенінің музейінде сақтаулы бұл Құрандың исі мұсылман қауымы әлемнің түкпір-түкіпірен келіп тамашалайды екен. Біз де көптің бір болып, музейге беттедік. Суретке түсіруге, өзің түсуге де болмайды екен. Тек көруіңе рұқсат. Бұғының терісіне сонау VII ғасырда жазылған Құран алып әйнектің ішінде айқара ашық жатыр. Жазуы анық. Араб әріптері. Кеудеме өксік тығылды. Кезінде Пайғамбардың с.а.у. сүйікті сахабаларының қолы тиген Құран ғой. Бізден бұрынғы небір ізгі адамдар оқыған Құран ғой! Даңқты сахаба, Пайғамбардың сүйікті күйеубаласы Осман ибн Аффанның Құраны ғой! Жүрегім тебіреніп кетті. Алдыңғы буынның мұрасын он төрт ғасырдан аман өткізіп, бізге осы күйінде жеткізген Аллаға мақтау болсын! Құраннан ілік іздеп “Бұл кітаптың сонша ғасыр бойы өзгермегеніне қандай кепілдік бересің?” деп сұрақ қоятын таныстарыма осы Құран туралы айтып беруім керек-ау деп ойладым. Өйткені бұл – Пайғамбардан тікелей үйреніліп, жазылған Құран. Біздің оқып жүрген Құранымыздың түпнұсқасы...

Ташкентке келіп жатсаңыздар, бұл Құранды көрмей кетпесеңіздер екен. Иманның көтерілуіне әсер етері анық.

http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/osman-ha…
Өзбекстанның таксистері қазақтарды жақсы танып алған. Қайдан келгенімізді білгеннен кейін "Төле бидің басына апарайын, Ялаңтөстің қабірін көруің керек қой" деп өзінің қызметін ұсынып, жанталасып кетеді. Бұрынырақ Төле би дегеннің кім екенін білмесе, қазір бәрі біліп алған. Әрине, "Қалдырғач әулие" десеңіз, жақсырақ таниды. Осы нәрсе қазақтың қанында бар ма, білмеймін, қайда барсақ та бірінші кезекте аталарымыздың басын іздеп кетеміз ғой. Өзіміз де тура сол. Мәскеуге барғанда да алғашқы екі күнде жолымыз түспей, Әлиханның басына бара алмай, тек үшінші күн дегенде жетіп, Құран оқытып, үстімізден жүк түскендей болған. Ташкентке келгеннен кейін де Төле би атамыздың қабірін іздедік. Барсақ, айналсоқтап қазақтың атасы мен әжесі жүр. Бір-бірімізді көріп, қауқылдасып қалдық. Ата Құран оқыды. Қалай болғанда да қазақтың өлісін ұмытпай, артынан Құран бағыштап жүретіні жақсы қасиет. Оларға бізден Құраннан басқа ештеңе керек емес қой... Төле бидің неліктен Ташкентте жерленгенін мына жақта жаздым. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/tole-bi-nelikten-tashkentte-jatyr-2086/#gsc.tab=0
​​Жалған дүниеден өтер алдында жарты әлемді жаулаған Әмір Темір жанындағыларға аманат айтты:

- Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті жоқ. Ажалды біреу айқалап, қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді жыртып, жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан «Аллаһу акбар» деп маған мейірім тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін «Фатиханы» оқыңдар.

Жарты әлемді жаулаған Әмір Темір де мейірімге мұқтаж.

Бір кем дүние... #ШерxанМұртаза

Әмір Темір кесенесі алдындағы фото 😊
​​Қазақстан ішінде менің көптен қызығып, барғым кеп жүрген үш жер бар еді. Бірі Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешіті болса, екіншісі Талдықорған жақтағы Алтын Емел қорығы, үшіншісі Шымкент өңіріндегі Ақмешіт әулие үңгірі болатын. Үшеуінің де суреттерін интернеттен, видеолардан көрген сайын қызығушылығым арта түсетін. Аты аңызға айналған, бойына тылсым сыр бүккен Ақмешіт үңгірін Ташкенттен Шымкентке өткен сапарымызда көру бұйыртқан екен.

Бәйдібек ауданында орналасқан үңгірдің ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 30 метрге жуық. Бір кездері үңгірге кіретін есік болған деседі. Шырақшы қарияның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан ол есік бітелген. Біз үңгірге төбесінен, арнайы орналастырылған баспалдақ арқылы түстік. Аудан арнайы көңіл бөліп, дұрыстау баспалдақ орнатса да болғандай екен. Мынауысы қауіптілеу. Үңгірдің ішінде оннан астам ағаш өсіп тұр. Ал ішіндегі әсерді сөзбен жеткізе алмаймын. Құдды бір басқа әлемге түсіп кеткендей, тек кинодан ғана көретін көрініске куә болғандай болдық. Ауасы да сыртқы аудан өзгерек. Басқа бір энергия бар секілді.

Бұл үңгір туралы ел ішінде аңыз көп. Солардың бірінде Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, жауға қарсы жорыққа дайындалып жатқанда қатты нөсер болады. Сонда батыр 10 мыңнан астам сарбазымен үңгірге түсіп, бәрі бірдей қатарласа намаз оқыпты. Кейін жауынгерлердің бірі: «Бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атайық» деп ұсыныс тастайды. Сонда батыр қарсылық білдіріп, «Бұл үңгір Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой, 10 мыңнан астам адам мен астымыздағы атымызды жаңбырдан қорғады, таң намазын оқуымызға жағдай жасады, бәріміз бір жерде сәждеге жығылдық, тастары да аппақ екен, «Ақмешіт» болсын» деген көрінеді.

Талай тарихқа куә болған, ата-бабамызға пана болған, кезінде он мыңнан асам адам атымен сыйып кеткен үңгір жыл өткен сайын тарылып бара жатқан көрінеді. Күндердің күнінде жоқ болуы да мүмкін-ay... Осындай ғажайыпқа куә еткен Аллаға сансыз шүкір! Оңтүстікке табаныңыз тисе, Ақмешітке соқпай кетпеңіз. Өкінбесіңіз анық. Алыста болса да, Aizhan екеумізді ерінбей алып барған Aigerimге рахмет! Сапарлас болып, Домалақ анаға арнайы тоқтатқан Динарға мың алғыс! Естен кетпес сапар болды.

Өмір өткінші. Кеше бар адам бүгін жоқ. Бабаларымыздың даңқына қанық болғанымызбен, өздерін көрген жоқпыз. Алайда олардың ізі қалған, тері сіңген, қаны төгілген, жанымен қорғаған туған жер бар, қасиетті топырақ бар, осындай тылсым үңгірлер мен жерасты мешіттері бар. Бір қарағанда олар үндемейтіндей көрінуі мүмкін, ал жақын барсаң, үндемес жартастарға тіл бітіп, тарихтан сыр шерте бастайды, өткеннің әңгімесін айтады... Сондықтан болар, осындай тарихи жерлерді қатты жақсы көрем. Олар кешегі өткен бабаларымыз бен біздің арамызды жалғап тұрғандай...

P.S. Қазақстанның тағы қандай керемет жерлерін білесіздер? Көруді ұсынасыздар?

#ОҚО #Шымкентсапары #Ақмешітүңгірі #Бәйдібекауданы #Домалақана #МарфуғаШапиян
​​#Марфуғаданкітап📚

Күні кеше Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаев өмірден өтті. Ендігі көзі тірі қалған Қазақстанның Халық жазушыларының саны саусақпен санарлық. Солардың бірі - бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов.

Қабдеш Жұмаділовтың "Соңғы көшін" ерекше бағалаймын. Көп нәрсеге көзімді ашқан кітап еді. Ол кітапты оқығанға дейін Қытайдан келген қандастарымыздың бәрін кезінде жерімізді тастап қашып кеткендер деп түсінетінмін. Ресей мен Қытай шекара бөлгенде жеріміздің біраз бөлігі сонда кеткені миыма кіріп шықпаған. Қазақ ұлты көрген талай азаптың бетін ашқан кітап еді.

Сосын Қабдеш жазушының атақты "Қылмысты" жазған Қажығұмар Шабданұлының кітабына көрсеткен қолдауын бағалаймын. Бізде басылып шығуына да осы Қабдеш Жұмаділов көп мұрындық болды ғой. "Қажығұмарды қайтарайық" деп сонша шыр-пыр боп жүргені тағы бар. Мұндай ерлік кез келгеннің қолынан келе бермес. Ақсақалымыз аман болсын!

Сіздер жазушының қай туындысын жақсы көресіздер? Қай кітабын оқыдыңыздар? Өз мұрағатымда бар кітаптарын сіздерге ұсынып қояйын 😊

Суретте жазушының үйінде, өзінен сұхбат алып отырмын 😊
​​Вконтактедегі парақшамда кітапxанамдағы кітаптарымның біріне ұтыс ойынын ойнатқанмын ғой. Жақында жеңімпаз анықталып, жаңа поштаға барып Тұрысбек Сәукетаевтың " Мен жындымын" кітабын салып жібердім. Танымайтын адамыңа кітап сыйласаң күшті ғой, иә ☺️ Енді ойланып отырмын. Бәрібір кітапxанамда кітап көп. Өзім бітірген соң бостан-босқа тұрғанша жұрт оқыса жақсы емес пе? Инстаграмда да осылай бәйге ұйымдастырып, салып тұрсам, қатысар ма едіңіздер?
👍 - қатысамын, кітап ұтып алсам күшті болар еді!
👎 - қызық емес қой.
Достар! Ютуб каналымды жаңартуды қолға алатынымды алдында ғана айтып едім ғой. Міне, қыстың алғашқы күнінде 4 айдан астам уақыт үзіліп қалған видеоны салуды қайта бастадым.

Енді каналымды бұрынғыдай тек кітап емес, 3 бағытта дамытпақпын 😊 Олар: дін, саяxат, кітап. Өйткені, өзім орамалда болғаннан кейін бе, діни сұрақтар жиі қойылады. Ондай сұрақтарға өз тәжірибемнен жауап беріп көрмекпін. Негізінен қыз-келіншектерге арналады. Орамал, намаз, иман көтеру мәселелері сөз болады, Алла қаласа!

Сұрақтарыңыз бен каналымды жақсартуға ұсыныстарыңыз болса қабыл алуға әзірмін ☺

https://www.youtube.com/watch?v=v8NkKm30A6I
ӨЗБЕКСТАНҒА 2000 ТЕҢГЕМЕН ҚАЛАЙ ЖЕТТІМ?

Өзбекстан - Орта Азиядағы туристер ең көп баратын мемлекет. Өйткені, мұнда Хиуа, Үргеніш, Самарқан секілді тарихи қалалар мен Ташкент сияқты көрікті шаһарлар, орта ғасырлардан қалған мешіттер мен қамалдар өте көп. Бір көруге әбден тұратын жер. Менен ол жаққа бару билеттерін, басқасын көп сұрайды.Видео арқылы сұрақтарыңызға жауап беруді бастадым.

Сіздер де бар болғаны 2000 теңгемен Өзбекстанға бара аласыздар. Қалай екенін төмендегі сілтемеге өтіп, видеодан қараңыздар 😊

https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
​​Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...

Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.

Мен қаншама Алаш қайраткерлері, ұлт үшін қызмет еткен боздақтардың өмірбаянын оқыдым, жақын таныстым ғой. Солардың бір де біреуісі Ахметтей мінсіз өмір сүрген жоқ. Ахметтің өмір жолына қараймын да сүйсінемін.

Бүгін сіздерге ұлт ұстазының үш кітабын ұсынбақпын 😊
​​Әбдіжәміл Нұрпейісов Әбіш Кекілбаевтың маңдайынан сүйіп жатыр. Қос жазушының бір-біріне құрметі. Осы сурет қатты ұнайды. Әдемі, иә?!

Әбіш Кекілбаевтың бүгінгі туған күнінің құрметіне өзімде бар кітаптарының электронды нұсқаларын құдды қағаз кітабын сыйлап жатқандай жан-жаққа таратып отырмын 😁

Тоғыз туындысы бар екен. Қабыл алыңыздар!
Бес уақыт намаздың құлды Жаратушысына жақындататын құлшылық қана емес, сондай-ақ, оның саулығын түзеп, сырқатынан сауықтыратын іс-әрекет екендігін сенімді түрде айта аламыз. Намаздың адам өміріне араша болғандығы жайлы әртүрлі жағдаяттарды да жиі естіп жатамыз. Бұл, сірә – Алланың құдіреті.

Осы видеомда бес уақыт намазын үзбей оқып жүрген адамның денсаулығына намаз қалай әсер ететініне тоқталдым. Расымен, намаз көптеген ауруға да ем. Оны видеодан қараңыздар ☺

https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні.

Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...

Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/qazaqqa-qazaqty-suyudin-ulgisin-korsetken-ahmet-baitursynuly-411/#gsc.tab=0
​​Құрбыларым Самарқандағы Регистанды аралауға кіріп кеткенде "Екі рет көрдім ғой. Қайта-қайта көре берем бе? Сыртта күте тұрайын" деп орындыққа жайғаса кеткенмін. Сөйтсем олар қайтып келе жатып, мынандай сурет түсіріп алыпты☺️ Кітапқа беріліп кеткен түр жасап отырмын, әйтеу)

Сөйтіп, жақында қайталап оқыған кітабым Аид Аль-Карнидің "Не грусти" атты туындысы. Онда БАҚЫТҚА ЖЕТУДІҢ мынадай жолдарын айтады. Қойын дәптеріме түртіп алған дүниелерді сіздермен де бөлісіп қояйын 😊

1. Құдайға деген сенім мен ізгі істер - бақыттың кілті. Соған қол жеткізуге тырыс.

2. Пайдалы ілім алып, көп оқы. Сонда қайғы-мұң саған жоламайды.

3. Алладан жиі кешірім сұра, Ол тыйған нәрселерден тыйыл.

4. Құранды жиі оқы, оның аяттарын ой-таразыңа сал, Алланы жиі есіңе ал.

5. Адамдарға көп жақсылық жаса, сонда өзіңді бақытты сезінесің.

6. Батылдық адамға қуаныш пен бақыт, сенімділік әкеледі. Батыл бол.

7. Жүрегіңді жеккөрушілік, қызғаныш секілді жаман қасиеттерден тазарт.

8. Артық дүние адамды жолынан тайдырады. Тамақтың да, сусынның да, адамдармен араласудың да шамадан тыс артық мөлшерінен сақтан.

9. Бүгінгі күнмен өмір сүр. Өткенің мен болашағыңды ойлап, көп уақытыңды жоғалтпа.

10. Өнімді де пайдалы еңбек саған қайғы-мұңды ұмыттырады.

11. Әдемілікте, байлықта, денсаулықта өзіңнен төмендегілерге қарап, ғибрат ал.

12. Жаман ойлар мен жауыз әрекеттерден аулақ бол.

13. Кектенбе, кешіріп үйрен.

14. Көңіліңе кірбің ұяласа, өзіңе, айналаңа қандай пайда тигізе алатының жайлы ойлан.

15. Кез-келген істі ерекше ерік-жігермен баста. Бүгін істеуге болатын істі ертеңге қалдырма.

16. Өзіңнің денсаулығыңа көңіл бөл. Сау денеде - сау рух!

Автор бақытқа жетудің жолдарын осындай қарапайым қағидаларды орындаумен жетуге болатынын көрсетеді. Ал сіздіңше БАҚЫТТЫ болу үшін тағы не керек? Айтуға ұмытып барады екем, кітап тамаша! Оқуға кеңес беремін)

#Marfureads #МарфуғаШапиян #Самарқан #Регистан