Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​​Бірнеше күннен бері Ташкенттемін. Шаруамыз реттелісімен мен көруге асыққан бір дүние болды. Ол – үшінші әділетті халифа Осман ибн Аффанның осы қалада сақталған Құраны. Хазіреті Имам кешенінің музейінде сақтаулы бұл Құрандың исі мұсылман қауымы әлемнің түкпір-түкіпірен келіп тамашалайды екен. Біз де көптің бір болып, музейге беттедік. Суретке түсіруге, өзің түсуге де болмайды екен. Тек көруіңе рұқсат. Бұғының терісіне сонау VII ғасырда жазылған Құран алып әйнектің ішінде айқара ашық жатыр. Жазуы анық. Араб әріптері. Кеудеме өксік тығылды. Кезінде Пайғамбардың с.а.у. сүйікті сахабаларының қолы тиген Құран ғой. Бізден бұрынғы небір ізгі адамдар оқыған Құран ғой! Даңқты сахаба, Пайғамбардың сүйікті күйеубаласы Осман ибн Аффанның Құраны ғой! Жүрегім тебіреніп кетті. Алдыңғы буынның мұрасын он төрт ғасырдан аман өткізіп, бізге осы күйінде жеткізген Аллаға мақтау болсын! Құраннан ілік іздеп “Бұл кітаптың сонша ғасыр бойы өзгермегеніне қандай кепілдік бересің?” деп сұрақ қоятын таныстарыма осы Құран туралы айтып беруім керек-ау деп ойладым. Өйткені бұл – Пайғамбардан тікелей үйреніліп, жазылған Құран. Біздің оқып жүрген Құранымыздың түпнұсқасы...

Ташкентке келіп жатсаңыздар, бұл Құранды көрмей кетпесеңіздер екен. Иманның көтерілуіне әсер етері анық.

http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/osman-ha…
Өзбекстанның таксистері қазақтарды жақсы танып алған. Қайдан келгенімізді білгеннен кейін "Төле бидің басына апарайын, Ялаңтөстің қабірін көруің керек қой" деп өзінің қызметін ұсынып, жанталасып кетеді. Бұрынырақ Төле би дегеннің кім екенін білмесе, қазір бәрі біліп алған. Әрине, "Қалдырғач әулие" десеңіз, жақсырақ таниды. Осы нәрсе қазақтың қанында бар ма, білмеймін, қайда барсақ та бірінші кезекте аталарымыздың басын іздеп кетеміз ғой. Өзіміз де тура сол. Мәскеуге барғанда да алғашқы екі күнде жолымыз түспей, Әлиханның басына бара алмай, тек үшінші күн дегенде жетіп, Құран оқытып, үстімізден жүк түскендей болған. Ташкентке келгеннен кейін де Төле би атамыздың қабірін іздедік. Барсақ, айналсоқтап қазақтың атасы мен әжесі жүр. Бір-бірімізді көріп, қауқылдасып қалдық. Ата Құран оқыды. Қалай болғанда да қазақтың өлісін ұмытпай, артынан Құран бағыштап жүретіні жақсы қасиет. Оларға бізден Құраннан басқа ештеңе керек емес қой... Төле бидің неліктен Ташкентте жерленгенін мына жақта жаздым. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/tole-bi-nelikten-tashkentte-jatyr-2086/#gsc.tab=0
​​Жалған дүниеден өтер алдында жарты әлемді жаулаған Әмір Темір жанындағыларға аманат айтты:

- Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті жоқ. Ажалды біреу айқалап, қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді жыртып, жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан «Аллаһу акбар» деп маған мейірім тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін «Фатиханы» оқыңдар.

Жарты әлемді жаулаған Әмір Темір де мейірімге мұқтаж.

Бір кем дүние... #ШерxанМұртаза

Әмір Темір кесенесі алдындағы фото 😊
​​Қазақстан ішінде менің көптен қызығып, барғым кеп жүрген үш жер бар еді. Бірі Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешіті болса, екіншісі Талдықорған жақтағы Алтын Емел қорығы, үшіншісі Шымкент өңіріндегі Ақмешіт әулие үңгірі болатын. Үшеуінің де суреттерін интернеттен, видеолардан көрген сайын қызығушылығым арта түсетін. Аты аңызға айналған, бойына тылсым сыр бүккен Ақмешіт үңгірін Ташкенттен Шымкентке өткен сапарымызда көру бұйыртқан екен.

Бәйдібек ауданында орналасқан үңгірдің ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 30 метрге жуық. Бір кездері үңгірге кіретін есік болған деседі. Шырақшы қарияның айтуынша, жер сілкінісі салдарынан ол есік бітелген. Біз үңгірге төбесінен, арнайы орналастырылған баспалдақ арқылы түстік. Аудан арнайы көңіл бөліп, дұрыстау баспалдақ орнатса да болғандай екен. Мынауысы қауіптілеу. Үңгірдің ішінде оннан астам ағаш өсіп тұр. Ал ішіндегі әсерді сөзбен жеткізе алмаймын. Құдды бір басқа әлемге түсіп кеткендей, тек кинодан ғана көретін көрініске куә болғандай болдық. Ауасы да сыртқы аудан өзгерек. Басқа бір энергия бар секілді.

Бұл үңгір туралы ел ішінде аңыз көп. Солардың бірінде Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, жауға қарсы жорыққа дайындалып жатқанда қатты нөсер болады. Сонда батыр 10 мыңнан астам сарбазымен үңгірге түсіп, бәрі бірдей қатарласа намаз оқыпты. Кейін жауынгерлердің бірі: «Бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атайық» деп ұсыныс тастайды. Сонда батыр қарсылық білдіріп, «Бұл үңгір Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой, 10 мыңнан астам адам мен астымыздағы атымызды жаңбырдан қорғады, таң намазын оқуымызға жағдай жасады, бәріміз бір жерде сәждеге жығылдық, тастары да аппақ екен, «Ақмешіт» болсын» деген көрінеді.

Талай тарихқа куә болған, ата-бабамызға пана болған, кезінде он мыңнан асам адам атымен сыйып кеткен үңгір жыл өткен сайын тарылып бара жатқан көрінеді. Күндердің күнінде жоқ болуы да мүмкін-ay... Осындай ғажайыпқа куә еткен Аллаға сансыз шүкір! Оңтүстікке табаныңыз тисе, Ақмешітке соқпай кетпеңіз. Өкінбесіңіз анық. Алыста болса да, Aizhan екеумізді ерінбей алып барған Aigerimге рахмет! Сапарлас болып, Домалақ анаға арнайы тоқтатқан Динарға мың алғыс! Естен кетпес сапар болды.

Өмір өткінші. Кеше бар адам бүгін жоқ. Бабаларымыздың даңқына қанық болғанымызбен, өздерін көрген жоқпыз. Алайда олардың ізі қалған, тері сіңген, қаны төгілген, жанымен қорғаған туған жер бар, қасиетті топырақ бар, осындай тылсым үңгірлер мен жерасты мешіттері бар. Бір қарағанда олар үндемейтіндей көрінуі мүмкін, ал жақын барсаң, үндемес жартастарға тіл бітіп, тарихтан сыр шерте бастайды, өткеннің әңгімесін айтады... Сондықтан болар, осындай тарихи жерлерді қатты жақсы көрем. Олар кешегі өткен бабаларымыз бен біздің арамызды жалғап тұрғандай...

P.S. Қазақстанның тағы қандай керемет жерлерін білесіздер? Көруді ұсынасыздар?

#ОҚО #Шымкентсапары #Ақмешітүңгірі #Бәйдібекауданы #Домалақана #МарфуғаШапиян
​​#Марфуғаданкітап📚

Күні кеше Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаев өмірден өтті. Ендігі көзі тірі қалған Қазақстанның Халық жазушыларының саны саусақпен санарлық. Солардың бірі - бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов.

Қабдеш Жұмаділовтың "Соңғы көшін" ерекше бағалаймын. Көп нәрсеге көзімді ашқан кітап еді. Ол кітапты оқығанға дейін Қытайдан келген қандастарымыздың бәрін кезінде жерімізді тастап қашып кеткендер деп түсінетінмін. Ресей мен Қытай шекара бөлгенде жеріміздің біраз бөлігі сонда кеткені миыма кіріп шықпаған. Қазақ ұлты көрген талай азаптың бетін ашқан кітап еді.

Сосын Қабдеш жазушының атақты "Қылмысты" жазған Қажығұмар Шабданұлының кітабына көрсеткен қолдауын бағалаймын. Бізде басылып шығуына да осы Қабдеш Жұмаділов көп мұрындық болды ғой. "Қажығұмарды қайтарайық" деп сонша шыр-пыр боп жүргені тағы бар. Мұндай ерлік кез келгеннің қолынан келе бермес. Ақсақалымыз аман болсын!

Сіздер жазушының қай туындысын жақсы көресіздер? Қай кітабын оқыдыңыздар? Өз мұрағатымда бар кітаптарын сіздерге ұсынып қояйын 😊

Суретте жазушының үйінде, өзінен сұхбат алып отырмын 😊
​​Вконтактедегі парақшамда кітапxанамдағы кітаптарымның біріне ұтыс ойынын ойнатқанмын ғой. Жақында жеңімпаз анықталып, жаңа поштаға барып Тұрысбек Сәукетаевтың " Мен жындымын" кітабын салып жібердім. Танымайтын адамыңа кітап сыйласаң күшті ғой, иә ☺️ Енді ойланып отырмын. Бәрібір кітапxанамда кітап көп. Өзім бітірген соң бостан-босқа тұрғанша жұрт оқыса жақсы емес пе? Инстаграмда да осылай бәйге ұйымдастырып, салып тұрсам, қатысар ма едіңіздер?
👍 - қатысамын, кітап ұтып алсам күшті болар еді!
👎 - қызық емес қой.
Достар! Ютуб каналымды жаңартуды қолға алатынымды алдында ғана айтып едім ғой. Міне, қыстың алғашқы күнінде 4 айдан астам уақыт үзіліп қалған видеоны салуды қайта бастадым.

Енді каналымды бұрынғыдай тек кітап емес, 3 бағытта дамытпақпын 😊 Олар: дін, саяxат, кітап. Өйткені, өзім орамалда болғаннан кейін бе, діни сұрақтар жиі қойылады. Ондай сұрақтарға өз тәжірибемнен жауап беріп көрмекпін. Негізінен қыз-келіншектерге арналады. Орамал, намаз, иман көтеру мәселелері сөз болады, Алла қаласа!

Сұрақтарыңыз бен каналымды жақсартуға ұсыныстарыңыз болса қабыл алуға әзірмін ☺

https://www.youtube.com/watch?v=v8NkKm30A6I
ӨЗБЕКСТАНҒА 2000 ТЕҢГЕМЕН ҚАЛАЙ ЖЕТТІМ?

Өзбекстан - Орта Азиядағы туристер ең көп баратын мемлекет. Өйткені, мұнда Хиуа, Үргеніш, Самарқан секілді тарихи қалалар мен Ташкент сияқты көрікті шаһарлар, орта ғасырлардан қалған мешіттер мен қамалдар өте көп. Бір көруге әбден тұратын жер. Менен ол жаққа бару билеттерін, басқасын көп сұрайды.Видео арқылы сұрақтарыңызға жауап беруді бастадым.

Сіздер де бар болғаны 2000 теңгемен Өзбекстанға бара аласыздар. Қалай екенін төмендегі сілтемеге өтіп, видеодан қараңыздар 😊

https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I
​​Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...

Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.

Мен қаншама Алаш қайраткерлері, ұлт үшін қызмет еткен боздақтардың өмірбаянын оқыдым, жақын таныстым ғой. Солардың бір де біреуісі Ахметтей мінсіз өмір сүрген жоқ. Ахметтің өмір жолына қараймын да сүйсінемін.

Бүгін сіздерге ұлт ұстазының үш кітабын ұсынбақпын 😊
​​Әбдіжәміл Нұрпейісов Әбіш Кекілбаевтың маңдайынан сүйіп жатыр. Қос жазушының бір-біріне құрметі. Осы сурет қатты ұнайды. Әдемі, иә?!

Әбіш Кекілбаевтың бүгінгі туған күнінің құрметіне өзімде бар кітаптарының электронды нұсқаларын құдды қағаз кітабын сыйлап жатқандай жан-жаққа таратып отырмын 😁

Тоғыз туындысы бар екен. Қабыл алыңыздар!
Бес уақыт намаздың құлды Жаратушысына жақындататын құлшылық қана емес, сондай-ақ, оның саулығын түзеп, сырқатынан сауықтыратын іс-әрекет екендігін сенімді түрде айта аламыз. Намаздың адам өміріне араша болғандығы жайлы әртүрлі жағдаяттарды да жиі естіп жатамыз. Бұл, сірә – Алланың құдіреті.

Осы видеомда бес уақыт намазын үзбей оқып жүрген адамның денсаулығына намаз қалай әсер ететініне тоқталдым. Расымен, намаз көптеген ауруға да ем. Оны видеодан қараңыздар ☺

https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні.

Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...

Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/qazaqqa-qazaqty-suyudin-ulgisin-korsetken-ahmet-baitursynuly-411/#gsc.tab=0
​​Құрбыларым Самарқандағы Регистанды аралауға кіріп кеткенде "Екі рет көрдім ғой. Қайта-қайта көре берем бе? Сыртта күте тұрайын" деп орындыққа жайғаса кеткенмін. Сөйтсем олар қайтып келе жатып, мынандай сурет түсіріп алыпты☺️ Кітапқа беріліп кеткен түр жасап отырмын, әйтеу)

Сөйтіп, жақында қайталап оқыған кітабым Аид Аль-Карнидің "Не грусти" атты туындысы. Онда БАҚЫТҚА ЖЕТУДІҢ мынадай жолдарын айтады. Қойын дәптеріме түртіп алған дүниелерді сіздермен де бөлісіп қояйын 😊

1. Құдайға деген сенім мен ізгі істер - бақыттың кілті. Соған қол жеткізуге тырыс.

2. Пайдалы ілім алып, көп оқы. Сонда қайғы-мұң саған жоламайды.

3. Алладан жиі кешірім сұра, Ол тыйған нәрселерден тыйыл.

4. Құранды жиі оқы, оның аяттарын ой-таразыңа сал, Алланы жиі есіңе ал.

5. Адамдарға көп жақсылық жаса, сонда өзіңді бақытты сезінесің.

6. Батылдық адамға қуаныш пен бақыт, сенімділік әкеледі. Батыл бол.

7. Жүрегіңді жеккөрушілік, қызғаныш секілді жаман қасиеттерден тазарт.

8. Артық дүние адамды жолынан тайдырады. Тамақтың да, сусынның да, адамдармен араласудың да шамадан тыс артық мөлшерінен сақтан.

9. Бүгінгі күнмен өмір сүр. Өткенің мен болашағыңды ойлап, көп уақытыңды жоғалтпа.

10. Өнімді де пайдалы еңбек саған қайғы-мұңды ұмыттырады.

11. Әдемілікте, байлықта, денсаулықта өзіңнен төмендегілерге қарап, ғибрат ал.

12. Жаман ойлар мен жауыз әрекеттерден аулақ бол.

13. Кектенбе, кешіріп үйрен.

14. Көңіліңе кірбің ұяласа, өзіңе, айналаңа қандай пайда тигізе алатының жайлы ойлан.

15. Кез-келген істі ерекше ерік-жігермен баста. Бүгін істеуге болатын істі ертеңге қалдырма.

16. Өзіңнің денсаулығыңа көңіл бөл. Сау денеде - сау рух!

Автор бақытқа жетудің жолдарын осындай қарапайым қағидаларды орындаумен жетуге болатынын көрсетеді. Ал сіздіңше БАҚЫТТЫ болу үшін тағы не керек? Айтуға ұмытып барады екем, кітап тамаша! Оқуға кеңес беремін)

#Marfureads #МарфуғаШапиян #Самарқан #Регистан
Маған Өзбекстаннан келгеннен кейін ең көп қойылған сұрақ "Өзбекстанға орамалмен кіргізе ме?" деген болды. Сондықтан арнайы видео түсіріп, жауапты бірақ бере салайын деп ойладым)) Өзбекстанға қалай кірдім? Қандай кедергілерге кездестім? Ол туралы жаңа видеомда :) Көріңіздер!

https://www.youtube.com/watch?v=XN8P1uxx67Q
https://www.youtube.com/watch?v=XN8P1uxx67Q
https://www.youtube.com/watch?v=XN8P1uxx67Q
Жан-жағымыздың бәрі Жаңа жыл болып кетті ғой. Қайда қарасаң да шырша, жылтыраған әлем. Ал мұсылмандар оларға қарап әрі-сәрі күйде жүр. Негізі дұрысы қандай? Тойлауға бола ма, болмай ма? Ол туралы жаңа видеомда! Қарай отырыңыздар)

Ал сіздер ше? Жаңа жылды қалай өткізесіздер?

https://www.youtube.com/watch?v=qdAusjPEydg
https://www.youtube.com/watch?v=qdAusjPEydg
https://www.youtube.com/watch?v=qdAusjPEydg
​​#Марфуғаданкітап📚

Бүгін "Адамзаттың Айтматов" атанған қырғыздың ғажап жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған күні. Оның жазғандарын сүйіп оқимын. Шахановпен достығын құрметтеймін. Олардың бірігіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты кітаптары күшті нәрсе ғой, айтыңдаршы!

Ал Айтматовтың "Шынарым менің шырайлым меніңін" оқымасаңыздар оқыңыздар, оқығыларыңыз келмесе, ең болмаса Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрынан "Қызыл орамалды шынарым" деген қойылымды көріңіздер. Өкінбестеріңіз анық.

Сосын "Жәмиләсі" мен "Боранды бекетін" оқымай болмайды. Айтматовты мүлде оқымаған жандар ең болмаса осы екі туындысын оқыса деймін. Сосын Айтматовтың шеберлігіне сүйсінбесеңіздер маған келіңіздер))

Ал сіздерге бүгін жазушының өз мұрағатымда бар төрт туындысын ұсынамын 😊
​​Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді. Ызалы түрде: «Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді ашуға мінген дәрігер. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін, қаласа машина жалдап бара алатынын айтты. Хусейни асығыс жолға шығады, бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей, ақыры соңында селдің салдарынан көлік жолда жүре алмайтын жағдайға жетті. Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып, жылдам ішке кірді. Үйде картаң бір әйел отыр еді. Дәрігер асығыс түрде оған: «Телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалуым керек», деген кезде әйел: «Балам-ау, көрмей тұрмысың? Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой біраз демал, тамақ іш, шәй іш содан кейін ол жұмыстарыңды көре жатарсың», - дейді. Жігіт шарасыз түрде қартаң кісінің айтқандарына келісіп, біраз жылынып, тамақтанып болып шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып, ұзаааақ дұға етіп, Аллаға жалбарынды. Хусейни назар салып қарап әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын және бесікте қимылсыз кішкентай нәрестенің жатқанын көрді. «Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? Мынау кімнің баласы, апатай?" – деп сұрайды. Қартаң әйел: "Бұл – анасынан да, әкесінен де жетім қалған немерем. Ауыр дерті бар. Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар екен, емін тек сол біледі дейді. Бірақ ол өте алыста, оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек. Шарасыздан «Алла бұл сәбидің дертін жеңілдетіп, шипасын берсін» деп Аллаға дұға қылудамын. Сол сәттер дәрігер Хусейни көз жасына ерік берген еді, екі бетін жас жуған күйі: «Тұр апатайым. Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырды, аспаннан жаңбыр жауғызып, жер жүзін селге айналдырып, мені сізге алып келді» деген екен.

Алла құлдарына қалағанын осылайша береді. Бүкіл жолдар жабылып қалған болса да көктерді жаратқан Аллаға сыйын! Әр нәрсенің шешуі - дұға!

Жұма мүбәрак болсын! 😊
#Марфуғаданкітап📚

Тарихта ештеңе ұмытылмайды. Барлығы да халықтың есінде. Ұлт азаттығы жолындағы ерліктер де, ел алдындағы сатқындықтар да...

1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы талай ел алдында жүрген ұлт зиялыларының сыналған тұсы болды. Сын сағатта ұлттың сөзінен гөрі қарақан бастың қамын ойлап, бұғып қалғандар да кездесті. Іш қайнап жатқанымен күресуге дәрмен таныта алмай, үнсіз қалғандар да болды. Қуантарлығы, аз да болса «Тұрысатын жеріңді айт» деп, позициясын ісімен де, сөзімен де ашық танытқандар бар еді. Міне, сондай жалынды ақынның бірі, Желтоқсанның қанды қырғынында Колбиннің алдында жастарды қорғап сөйлеп қана қоймай, «Мен – қазақпын!» деп ұран тастап, қаймықпай жыр жазған қазақ Жұбан Молдағалиев болатын.

Ақынның "Мен - қазақпыннан" басталатын жыр жинағын ұсынамын.
Тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз деп, сіздерге видео салмай бірнеше күнді өткізіп алыппын ғой. Өздеріңіз орамал тағудың оңай жолдары жөнінде видео сұраған едіңіздер. Міне, сондықтан да, орамал тағуда өзім қолданатын ең оңай үш үлгіні ұсынып отырмын. Қабыл алыңыздар 😊

https://www.youtube.com/watch?v=FesbM9jhvsg