Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​​#аптасына1әдетті ары қарай жалғастырамыз) Осы аптада алдымызға мақсат қоюымыз керек 😊

Эйнштейннің мынандай тамаша сөзі бар: «Бақытты өмір сүргіңіз келсе, өміріңізді адамдар мен заттарға емес, мақсаттарға тәуелді етіңіз». Көптеген психологтар адамның өміріне мән беретін, өмірінің сәнін кіргізетін оның дұрыс қойылған мақсаты дейді. Сондықтан адам өмірлік мақсатын жақсылап қоюы керек. Ал басқа біреудің арманына қызығып, соны ұрлап алып, өз мақсатына айналдырған кісі өз өмірінің иесі емес. Арман да, мақсат та өзіңіздікі болу керек, өз жүрегіңізді жарып шығу керек. Сонда ғана бақытты бола аласыз. Ал дұрыс мақсат қою үшін мына сұрақтарға жауап беру керек екен.

🌸Не нәрсеге қол жеткізгім келеді?
🌸Бұл мақсат мен үшін неліктен маңызды?
🌸Мақсатыма жету үшін маған кім көмектесе алады?
🌸Мақсатыма жету үшін қандай қадамдар жасауым керек?
🌸Мақсатыма қол жеткізу үшін күш-жігерім жете ме?
🌸Бұл мақсатыма қашан қол жеткізгім келеді?

Психологтар адамның басқа нәрселерге көңілі бөлініп кетпес үшін нақты 2 мақсаты болу керек дейді. Көп мақсат қойып алып, оны орындай алмай қиналудың да қажеті жоқ. Көзді ашып-жұмғанша 2018 жылдың алғашқы айы да өте шыққан екен. Ал сіз бұл жылы қол жеткізгіңіз келетін мақсаттарыңызды күнделігіңізге жаздыңыз ба? Немесе осында 2018 жылы қол жеткізгіңіз келетін мақсатыңызды жаза аласыз ба? Байқап көрейік))

Сосын 2018 жылдың аяғында тексереміз 😊Мен өзімнің 2 үлкен мақсатымның біреуімен бөлісейін, ол – ағылшын тілін кітапты түсініп оқи алатын дәрежеде меңгеру. Сіздердікі ше?

#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#однапривычкавнеделю
#аптасына1әдет
#МарфуғаШапиян
​​Бүгін тамаша жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Баққожа Мұқаи. Жазушының көзі тірі болса, бүгін 70-ке толар еді.

Мен оның "Өмірзая" атты туындысын керемет жақсы көремін. «Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.

Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.

Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Жақыпжан Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі емес пе? Роман соңында мен Аяғанның трагедиялық өліміне бір мұңайсам, бір қуандым. Өйткені кітап тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншілеп тұр еді... Ал тәуелсіздік – ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың ешбірінің өмірінің зая кетпегенінің көрінісі болатын.

«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей.
Жазушы өмірден өтерінен 3-4 күн бұрын досы Жақау Дәуренбековке автограф жазып, кітабын дайындап қойыпты. Онда: «Қадірлі Жәке! Өмір өтті. Өмір қалды. Қалған өмір сендер үшін бақытты, күлкіге, шаттыққа толы болсын», – деп жазыпты. «Өмір қалды» деген сөз ажалдың жақын қалғанын анық сезген жанның ғана аузынан шығар қандай ауыр сөз еді! Ал жұбайы Нұржамал апай «Өмірзаяны» жазған жазушының соңғы сөзі: «Е-е-е! Өтті дүние, бәрі біткен екен...» болды дейді.
Өмір сүргісі келді дейді...

Сіздерге жазушының "Өмірзая" атты романы мен ол туралы жазған мақаламды ұсынамын 😊

#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚;
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
Өткен жылдың соңында Баян Есентаеваның "Өзім жайлы ғана емес" және Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" деген туындыларын оқып шыққан едім.

Кітаптың ұнаған, ұнамағанын, қайсысын оқуға болатынын бүгін шыққан мына жаңа видеомда айтамын. Және кітапты сол жаққа пікір қалдырған адамға сыйлаймын. Сілтемесі міне:

https://www.youtube.com/watch?v=srd3ce9_pm8
YOUTUBE каналымның жазылушылар саны 10 000-нан асып, мәз боп отырмын. Еңбегіңнің еленгені жақсы ғой 😊 Сіз каналыма жазылғансыз ба?

🌸 - Иә, жазылғанмын.
🦋 - Жоқ, онда да каналың бар ма?
"Бұл да өтер..." Қай бір күні осы сөзді жазып едім, кей кісілер "сол өтетін не нәрсе өзі, не өтеді?" деп сұрап қалды. Мүмкін сіздерге бұл сөз қарапайым болуы мүмкін бірақ мен үшін бұл сөз өте терең сөз. Қара құрдым секілді жанына келгеннің бәрін жұтып жіберетіндей сөз. Сонымен бұл сөз қайдан шықты дейсіздер ғой. Ілгері өткен заманда әлгі біздің жерден кетіп шалғайға барып алып ел болған османдықтардың жерінде бір дәуріш өмір сүріпті. Сол диуана дәуріш бір күні жолаушылап келе жатып бір ауылға кез болады. Ол кезіккенге "Құдайы қонақпын" десе де ешкім үйіне қонақ ете қоймайды. Олар бар болғаны жөн сілтеп: «Осы ауылдың жоғарғы жағында бір Шәкір деген бай бар соған бар. Сол кісі бай болса да өте қонақ жай» деп шығарып салады. Әлгі біздің дәуріш сол байға барса расында бай десе бай екен. Ат шаптырым егістік жері, түстік жердей мал жайылым жайлауы бар екен. Қора-қора мал, байлағаны бір басқа, байламағаны бір басқа санауға икемі әрең келіп тұр екен. Десек те сол Шәкір бай осы дәурішті құшақ жая қарсы алып, мал сойып қонақ етіп, әбден күтеді. Кетерінде әлгі дәуріш насихатын айта келе: «Е, байеке, қонақжайлылығыңа рақмет, Алладан қайтсын. Алла берген бақ та байлық та бар екен. Осы Алланың берген ырыс-несібесіне шүкіршілік қылғайсың» дейді. Сонда әлгі пәлен демей бар болғаны: «Бұл да өтер» деп қалыпты. Дәуріш оның осы сөзінің байыбына бара алмай қоштасса да көп ойланыпты. Әлқисса содан бірнеше жылдан соң ат басқан жерін қайта басар болып сол дәуріш бір күні сол ауылға қайта соғыпты. Бұл жолы ол «қонақпын» демей-ақ бірден әлгі Шәкір байды сұрайды ғой. Кезіккен ел-жұрт: «Е, әлгі жомарт Шәкір ме? Ол қазір бұрынғыдай бай емес, сіңірі шыққан қу кедей. Өзімен түйдей құрдас Шәддә деген бай досының үйінде бала-шағасымен жалшылық қылып, өлмес күнін көріп жүр, қайтерсің. Е, бай бір жұттық деген осы. Қай бір жылы қыс қатты болып, бір қыста малы түгел қырылса болар ма?! Көктем де ерте келіп күн аяқ астынан жылынып оның ақыры таудан аққан сел сол байдың жайлауын да егістіқ алқабын да шайып кетіп мал жайылмас сортаңға егін шықпас тақырға айналып шыға келді ғой» деп қайғырғандай шырай танытады. Біздің дәуріш үйін іздеп барса расында бұрынғы он екі қанаттай тігілген үйі жоқ не күйі жоқ бір қоржын тамда барға қанағат етіп отыр екен. Әйтсе де дәурішті танып қонақ қылып, сүр еттен қара сорпасын қайнатып, құрт езіп, дастарханын жайып бәйек болады. Кетерінде дәуріш тағы да қарап қалмай сіңірі шығып, жілігі көрінген әлгі Шәкір танысына: «Е, Шәкір барға қанағат қылғайсың» дейді. Шәкір бар жоғы: «Бұл да өтер» дейді. Біздің дәуріш оның осы сөзін тағы естіп таңырқап басын шайқап іштей «не өтуі мүмкін?» деп ойланып ойға батып кете барады. Әлқисса жеті жылдан соң сол ауылға қайта барса жөн сұрасып, ұшырасқан ел-жұрт: «Е, әлгі Шәкір ме? Ол қазір осы елдің ең байы. Айы оңынан туған, төрт құбыласы тең. Шәддә деген байдың жалшысы еді. Кейіннен сол бай өлерінде артында қалар қалар тұяғы қалмаған соң ескі досы осы Шәкірге бар дүниесін мирас етіп тастап кетті» деп ауыздарынан суы құри айтысады. Расында барса шалқыған бай болып, асығы алшысынан түсіп тұр екен. Бұл жолы алғашқыдай мал сойып, әбден күтеді. Кетерінде дәуріш: «Ал, Шәкір, Алла қайта бақ берген екен, қадірін біл» десе ол баяғы сол сөзін қайталап: «Бұл да өтер» дейді. Дәуріш тағы да «не өтуі мүмкін?» деп ойланып кете барады. Бірнеше жылдан кейін әлгі ауылға барса сол бай Шәкір қайтыс болып, жаназасын бір төбенің басына жерлепті. Қабірінің басына Құран оқымақ болып барса құлып тасына: «Бұл да өтер» деп жазып қойыпты. Әлгі дәуріш әлгі біздің адамдай: «Не өтуі мүмкін, бәрі өтті ғой?» деп таңырқап қайтып кетеді. Әлқисса бірнеше жылдан кейін сол ауылға тағы да жолай соғып, Құран оқымақ болып сол төбеге шықса қабір тұрмақ ізін де таба алмай қалыпты. Қай бір жылы қатты сел болып әлгі төбені қабірімен қоса жұлып алып кетіп, тып-типыл етіп кетіпті. Сонда ойланып қараса кеше ғана осы елде дүркіріп жүрген сол бай, сол адам жоқ. Кеше ғана осы төңіректе «шыр» етіп дүниеге келген еді, одан азамат болып, ұлан-асыр той жасаған еді. Бәрі, бәрі өте шығыпты. Тіпті енді қараса оның орны да жоқ. Қара жер ғана
қалыпты. Байдың сөзін енді ғана түсінген дәуріш ұзақ ойланып еліне қайтыпты. Әлқисса көп ұзамай сол алып елдің патшасы бір күні уәзірлерін жинап алып: «Маған бір жүзік жасап беріңдер. Бірақ қарағанда ғибрат болсын» деп үкімін қысқа кесіпті. Олай-ойлай келе әлгі дәурішке жүгініпті. Дәуріш көп созбай өте қарапайым бір жүзік беріп: «Осыны патша беріңдер, уайымдамаңдар ұнатады» депті. Уәзірлер патшаға алып барып ұсыныпты. Патша өте қарапайым жүзікті қолына алып қараса ешқандай нақышталмаған екен. Уәзірлерде ес жоқ, іштей демін алған. Патшаның көзі бір кезде сол жүзіктегі бір ұсақ жазуға түсіп ұзақ қарап қалып артынан күлімдеп уәзірлеріне қарап: «Ойымнан шықтыңдар» депті. Сол жүзікте бар болғаны «Бұл да өтер» деп жазылған екен. Аяз бидей сол патша есіріп бара жатса сол жүзікке қарап тәубасына түсіп жүреді екен. Әлқисса ақырында сол жүзікті таққан патша да бұл дүниеден өтіпті, дәуріш те өтіпті. Бірақ сол дәуріштің мурид-мұрттары сол сөздің алдына «Я, Һу» сөзін қосып «бұл да өтер» деп медреселердің қабырғаларына іліп қоятын болыпты.
Міне бауырым солай. Сен де маған «не өтеді, өтетін не нәрсе?» дедің. Енді түсінген боларсың деймін. Сен де кеше бала едің бүгін міне келдің пәлен жасқа. Сен өсерсің, өнерсің, бай боларың бірақ та өмір қысқа. Ертең күн мансапты боларсың, даңқты боларсың бірақ бәрібір олар да өтеді. Өтпесе кешегілер қайда кеткен? Күн келеді сен де мен де өтерміз бірақ сонда не қалады дейсің ғой. Өтпейтін бір нәрсе бар. Ол жұмыр басты пенденің амал дәптері. Сол ғана қалып қояды да ғарасат майданында алдымызға келіп ашылады. Құранда Алла Тағала бір ай ауыз бекітер рамазанды «Санаулы күндер» дейді. Ауыз бекіткенде шыдасаң болды өтеді де кетеді бірақ артыңда сауабы қалып, ақыретте алдыңнан шығады. Ал ұстай алмағандар, әдейі ұстамағандардың алдына күнәсі шығады. Ендеше осы бес күндік жалған дүние сол ораза айы секілді өтеді де кетеді. Бірақ кімге қалай өтеді? Иә, солай. Ұшбу хатымды ұзақ екен деме «бұл да өтер»...

#жұмамүбәрак
#МұxитдинИсаұлы
Бүгін сүйікті ақыным Мұқағалидың туған күні. Ақын шығармашылығына құрметім ретінде мынандай бір видео түсірген едім. Өлең оқымағалы қай заман? Бола ма екен? Ары қарай жалғастырайын ба?
Сүйікті ақындарымның өлеңдерін осылай оқып тұрсам деген ой келген ғой.

🌸 - Жалғастыр, көрейік.

🦋- Өлең оқу қолыңнан келмейді екен.

https://www.youtube.com/watch?v=0Cgl01e5ywY&lc=z22dg3kzypvfex12gacdp432kzmiuagvi5qgiq5woopw03c010c
Көктемде, әлде жазда Өзбекстанға баруды ойлап жүрсеңіз, міндетті түрде Самарқанға барыңызшы. Мен Өзбекстанның 4 қаласын: Хиуа, Бұхара, Ташкент, Самарқанды араладым. Ішіндегі ең ұнағаны - Самарқан. Бұл видеода үшінші баруым. Алғаш 2010 жылы сәті түскен еді. Кейін Әйгеріммен барғанда видео түсіре алмай қалғам, фотоаппаратымыз толып кетіп. Осы жолы бұрын көріп қойсам да, құрбыларыммен осы видеоны түсіру үшін қайта бардым. Менен шағын лайфхак. Самарқанға барсаңыз, осы 7 орынды көзбен көріп қайтуға тырысыңыз 😊 https://www.youtube.com/watch?v=W85VLvZCSn0
Іргелес жатқан Өзбекстанда, шығысымыздағы Моңғолияда болдым. Өзбек ағайындар Әмір Темірін жер-көкке сыйғызбайды, қайда барсаң Әмір Темірмен байланысты орталықтар, музейлер, ескерткіштер алдыңнан шығады. Ал Моңғолия Шыңғысханмен бүкіл туризмін дамытып отыр. Моңғол халқының әр тасы Шыңғыс хан деп сөйлейді, даласы Шыңғыс ханның тарихын айтады, қаласы Шыңғыс ханның ескерткішіне толып тұр. Ал біз неге әл-Фарабиді сондай тұлғаға айналдырмаймыз? Әл-Фараби қандықол басқыншы емес, әлемге ілім-білімнің шуағын шашқан «екінші ұстаз» емес пе? Әл-Фараби халқына қайырымды қала идеясын жасап беріп, бақытты болуға шақырған ұлы ғұлама емес пе? http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/al-farabi-nege-qaiyrymdy-qalada-turudy-armandady-2202/#gsc.tab=0
Youtube каналымда "Менің кітапханам" деген айдардың бар екені естеріңізде болар? 😊

Осыған дейін ақын Әмірхан Балқыбектің, жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың, ақын Серік Тұрғынбекұлының кітапханасы туралы видеоларым шыққан.

Ал жақында қазақтың теңдессіз жазушы Әбіш Кекілбаевтың шаңырағында болудың сәті түсті. Клара апайымыздан сұхбат алдық. Кітапханасын көрдік. Керемет енді! Толығырақ сілтемеге өтіп, видеодан көріңіздер😊

Тағы кімнің кітапханасын көргілеріңіз келеді?

https://www.youtube.com/watch?v=aEGHH9KEDls
Бүгінгі жұма мүбәрак болсын! Жаратушы Иеміз о бастан-ақ барша құлшылықты ұлы даналықтармен міндеттеген. Адамдарға қиындық келтіріп, еркіндіктерін шектеу Алланың хикметіне мүлде жат нәрсе. Құлшылықтың адам үшін пайдасы кейде көзге анық көрініп тұрса, кейде жасырын тұратыны белгілі. Сіздерге намаздың өзім байқаған 10 пайдасын айтып бергім келіп тұр :) Видео сілтемеде:

https://www.youtube.com/watch?v=eBv7yI3M17E
Белгілі жазушы Раxымжан Отарбаев өмірден өтті дейді... Фейсбукты ашсаң, жүрек ауырады тура. Алла жанын жәннатта еткей! Күнәларын кешіргей! 😪
Моңғолияға барғаным естеріңізде ме? Содан біраз видеолар қалған болатын. Соларды каналыма салып тастайын деп отырмын. Кәдімгідей сағынып қалыппын. Небір қызықтар басымыздан өтіпті ғой. Әсіресе Уланбаторға 2 күн, 2 түн автобуспен жүріп барғанымыз ұмытылар емес.
Моңғолияда жол жоқтығы тағы бар. Ойлаңыздаршы, тау-тастың ішін автобуспен кездік қой. Жолдан Тұлба көлін, Қобда қаласын басып, Гоби шөлін кесіп өттік. Барлығы видеода. Өздеріңіз қарап көріңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=LScvX5SULkQ
Әбіш Кекілбаевты өмірде көрген жоқпын. Бірақ "АҢЫЗ АДАМ" журналына бірер рет телефонмен сұхбат алғаным есімде. Мен Астанаға келген уақытта ол кісінің басынан ауыр жағдайлар өтіп жатты. Үлкен ұлы дүниеден қайтты. "Алтын жұлдыз" алып, анабір жағдай болып, журналистерге жабық болды. Сосын көп ұзамай дүниеден озды. Осындай ғаламат жазушымен бір заманда өмір сүріп, бір ауыз сұхбат ала алмағаным үшін қынжылыс болды, әрине.

Кейін Клара апайдан сұхбат алсам деп жүр ем. Өткен апталарда Бағашар, Алмастармен бірге барып, апаймен әңгімелестік, қолынан дәм таттық. Әбіш атамыздың кітапханасын көрдік.

Мені қатта таңғалдырғаны - Әбіш Кекілбаевтың тазалығы, адалдығы шығар. Басынан түрлі жағдайлар өтсе де, ешқашан ешкім туралы бір ауыз жаман сөз айтып көрмепті. Ешқашан! Тіпті әйеліне де. Неткен кесек тұлға!

Қысқасы, сұхбаттан Әбіш атамыздың анасы Айсәуле апамыз жайлы, Әбіштің жазу дағдылары, айналасындағы қаламгерлермен, оның ішінде Мағауинмен қарым-қатынасы, Мұқағалидың оны неліктен "ілімсоққан" атағаны, неліктен Маңғыстауға емес, Астанаға жерленгені жайлы оқи аласыздар :) http://adebiportal.kz/kz/news/view/19753
​​Биылғы жылы оқыған бесінші кітап Стивен Хокингтың "Моя краткая историясы" болды. Мен мұны танымал кітап блогері Марина Шарипованың hommes.kz-ке берген сұхбатынан оқып, болашақта оқитын кітаптардың қатарына қосып қойған ем. Сәті түсіп, оқып шықтым.

Шынын айтсам, физикаға онша жоқпын. Сондықтан физиктерді де танымаймын. Мысалы, Эйнштейннің физик екенін білемін, атақты екенін де білемін, бірақ сол танымалдыққа қандай еңбегімен жеткенін білмеймін. Тура сол секілді Стивен Хокингтың физикаға сіңірген еңбегінен хабарсызбын. Ал есімін жақсы танимын. Хокингтың өзі де жазғанындай, оны танымал еткен физикаға сіңірген еңбегі емес, 21 жасында тап болған ауруы шығар. Бұл кітапты бастамас бұрын мен Хокингты жазылмайтын дертіне, арбаға таңылып, сөйлеуден қалғанына қарамастан ғылыммен айналысып үлкен жетістікке жеткен қайсар адам ретінде білдім.

Ал оның осы бір өмірбаяндық кітабын оқып, тіпті құрметім артты. Бұл аяқ-қолы икемге келмей, қимылдан, сөйлеуден қалып, тек миы ғана жұмыс істеп тұрған, сонысына қарамастан ғылымға қосқан үлесімен өзін әлемге танытқан адамның өмір тарихы. Кітап тілі юмормен жазылған.

С.Хокинг өзінің жазылмайтын дертке ұшырағанын білгенде мұңаймады дейсіз бе? Өзінің миынан басқа жерінің істемей қалатынын, мәңгілік креслоға таңылатынын білгенде қайғырмады дейсіз бе? Өзі де: "Өмір осымен бітті екен" деп ойладым дейді ғой.

Ал бірақ Құдай оны оңай беріле салатындардың емес, ерік-жігері мықты жандардың қатарынан етіпті. "Екі рет үйлендім, үш балам бар. Әлемнің көптеген елінде болдым. Ғылымда бар армандаған дүниеме жеттім. Енді Нобель ғана қалған шығар. Мен бақытты өмір сүрдім", - дейді өзі де.

Қысқасы, бұл - адамға мотивация беретін кітап. Өмірде қандай қиындықтар болса да, оны жеңіп шығуға болатынын көрсететін кітап. Оқимын десеңіздер, төменде:

5/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
#стивенхокинг
#моякраткаяистория
"Құдай адамға үш жолмен жауап береді; «Иә,» дейді, өзінің қалаған нәрсесін береді; «Жоқ», - дейді, жақсысын береді; «Күте тұр,» дейді, ең жақсысын береді..." (c) Мәулана.
​​Кітап туралы жиі жазатын болғаннан кейін бе, "қандай кітап оқысам болады?" деген сұрақтар жан-жақтан жауып жатады. Ондайда ұсынатын кітаптарым парақшамда тұр деп құтыламын 😬 Расымен де, ұнатқан кітаптарымды осында, телеграм каналыма жазып жүрмін. Бірақ сұрақ толастар емес. Әр адамның өз талғамы, басқаша көзқарасы болатындықтан, ұнататын кітаптары да әртүрлі болады. Сондықтан көркем әдебиетті ұнатпайтын досыңа Толстойды, нон фикшнді жақсы көрмейтін адамға псиxологиялық кітаптарды ұсына алмайсың ғой 😊 Сол себепті де әркім өз керегін табар деп парақшама сілтейтінмін.
⠀
Бірақ сұрақ қойыла берді ☺️ Бір жауап беріп тастамасам, болмайтын секілді. Түрлі жанрдағы мен қызық деп тапқан кітаптарды қабыл алыңыздар 🤗
⠀
📚Қазақ әдебиетінен:
⠀
1. М.Әуезов әңгімелері: "Жетім", "Қорғансыздың күні", "Қараш-қараш оқиғасы". 2. Ж.Аймауытов "Ақбілек", "Қартқожа".
3. Б.Майлин әгімелері, "Шұғаның белгісі".
4. Оралxан Бөкей "Қар қызы", "Сайтан көпір", "Атау кере", "Ауыл әңгімелері".
5. М.Мағауин "Шақан шері", "Сары қазақ".
6. Ә.Кекілбаев "Үркер", "Аңыздың ақыры".
⠀
📚Әлем әдебиетінен:
⠀
1. Л.Толстой "Крейцерова соната".
2. О.Памук "Менің атым Қырмызы".
3. Кобо Абэ "Құм құрсауындағы әйел".
4. Джек Лондон "Мартин Иден".
5. Э.Хемингуэй "Шал мен теңіз".
6. Ю.Мисима "Золотой xрам".
⠀
Егер тізімді жалғастыруымды қаласаңыздар, лайк басып, пікір қалдырыңыздар ☺️Онда келесі жазбаларымда мотивациялық, діни, псиxологиялық кітаптар тізімін ұсынамын, ин ша Алла 🤗 Жоғарыдағы тізімнен қай кітапты оқыдыңыздар?
⠀
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап