Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Рамазан айы құтты болсын!

Бұл өзі көзді ашып-жұмғанша жалт етіп өте шығатын ай ғой. Бүгін басталғанына қуанып жатсақ, ертең "тез-ақ өте шықты ма?" деп, лайықты өткізе алмағанымызға ішіміз күйгендей боп жүреміз. Сондықтан алғашқы күннен жақсылап жоспар жасап, ниетімізді тағы бір жаңартып, тас түйін дайындалып алмасақ болмайды.

Жалпы жылда Рамазанға үлкен жоспармен кіретінмін. Әлгі жоспардың ішінде не жоқ, Құдай-ау, бәрі бар. Дұға, Құран, хадис, Алланың көркем есімдерін жаттау, намаздың небір түрін оқу, Құран хатым ету, садақа беру, ауызашар жасау, жақсылық жасау, айта берсең көп енді. Алғашында шабыттанып бәрін орындап жүргеніңмен, соңында болдырған аттай мәреге жетпей, ортасында көбі үзіліп жатады. Сондықтан осы қателігімді ескеріп, бұл Рамазанда өзіме көп алмауға бел будым)) Одан да нақты бірер мақсат қояйын, сосын соны орындайын әрі Рамазан біткеннен кейін де жалғастырайын. Сіздерге де солай нақты үш мақсат қойып, соны жүйелі, шаршап қалмай орындауға кеңес беремін.

Ал менің мақсаттарым мынадай:

1. Құраннан күніне 1 пара оқу. Сонда 30 күнде толық хатым етемін, Алла қаласа.
2. Шүкірлік күнделігін жүргізу. Мұны да бір істеп, бір істемейтін едім ғой. Енді үзбей жүргізіп, оразадан соң да әдетке айналдырғым келеді.
3. Күніне 100 бет діни кітап оқу, ондағы алған жаңа ақпараттарыммен бөлісу.
4. Күйеуіме ауызашарға дәмді тамақ әзірлеп беру.
5. Ютуб каналға күнде "Ауызашар күнделігі" деген влогтар мен пайдалы лайфхактар түсіру.

Қалған сауапты істерді Алла қаласа, осылардан бөлек шамам келіп жатса орындай жатамын. Ал мыналардың орындалуы міндетті. Сіздер де қосылыңыздар. Осы жазбаның астына өз мақсаттарыңыз туралы жазыңыздар. Бір-бірімізге күнде есеп берелік. Сонда нәтижелі боп қалар, бұйыртса.

Хэштег #марфуғамен_рамазан
Балалар ораза туралы не ойлайды? Қызық па? Онда жаңа видеомды көріңіз. Сілтемесі төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=jjNMlokMAPg&t=1s
Туған сіңлім канал ашты. Оған да жазылып, қолдап қойыңыздаршы ☺️☺️☺️

https://youtu.be/Zu6sNj8EDvI
​Көпшіліктің сұрауы бойынша, кітап-саммариді алатын сілтемені бір салып қояйын 😊 marfu.kz
​Ал мына саммариді сатып алу үшін: marfu.kz
Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын #аптасына1әдет айдарын жүргізіп, челлендж бастап едім ғой. Соны қайта жалғастырғым келіп тұр 😊
⠀
Өйткені біздің өміріміз әдеттерден тұратынын ғалымдар баяғыда дәлелдеп қойды. Жақсы әдетіміз көп болса, өміріміз де жақсы болмақ. Жаманы көп болса, таразының келесі басы ауыр тартпақ. Сондықтан ақырындап болса да, жақсы әдеттерімізді арттыра беруіміз керек екен.
⠀
Осы себептен бүгіннен жаңа бір әдет бастамақпын. Ол - құрма жеу. Көбіміз құрманы оразада ауыз ашқанда ғана желінуі тиіс жеміс деп ойлаймыз. Ал ақиқатында күніне бар болғаны 3 құрма жеп отырған адам өз ағзасын қажетті дәрумендерге толтырып отыратын көрінеді. Жүрек, асқазан, бауыр, ішек жұмысына пайдасы өз алдына. Онкология, туберкулезді емдеудегі қызметі тіпті бөлек.
⠀
Құранда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде айтылған нәрсенің тегін емес екенін білсек те, көп дүниеге немқұрайлы қараймыз ғой. Дәл осы құрмаға немқұрайлы қарамай, күнде кем дегенде үшеуін жеуді әдетке айналдырайықшы. Ем іздейтін мұсылман емес, деніміз сау, мықты мұсылман болайық! 😊
⠀
Құрманың қандай ауруларды емдейтінін ютубтегі видеомда кеңірек айтқанмын. Көрем десеңіздер, сілтемесі, міне: https://www.youtube.com/watch?v=MFi0V7jtCDo&lc=z230grzoqorbxzwcqacdp430z5jh4gi2jn34zlfmuntw03c010c


Ал мен бастадым! Кім маған қосылады? Күнде сториімізде салып тұрайық)) Және достарымның арасында күнде құрма жейтіндер бар ма екен?
⠀
👍1
ХІІ ғасырдың үлкен ғұламасы Мəриəм бинт 'ƏбдулҚадир "Сахихтың" қол жазбасын аяқтағаннан кейін: "Бұл нұсқадан қате тапқан адам, мені кешірер деп үміттенемін. Мен оң қолыммен жазып, сол қолыммен баланы тербетіп отырып жазған едім" деп жазған.
Бұндай аналар (қазір) қайда?!

Имəм Жууəинидің əкесі хəлəлдан ақша табатын жəне əйелінің аяғы ауыр болғанда (тіпті оған дейін де) күмəнді нəрсеге сатылып алынған бір жапырақ болсын киімнің əйеліне тиюіне ешқашан жол бермейтін. Олардың сəбилері ер жетіп Хəрəмəйннің (Мəккə мен Мəдинə) Имəмі атанып, Имəм Ғазалиді шəкірті ретінде тəрбиеледі. Бұндай əкелер (қазір) қайда?!

Сахабалардың балалары былай дейтін: "Пайғамбардың (صلى الله عليه و سلم) өмір тарихын əке-шешелеріміз біздерге Қуран аяттарын үйреткендей үйрететін". Олар одан (صلى الله عليه و سلم) ілім алып, балаларында оқытатын еді.

Имəм Бухаридің бала кезінде көздері көрмей қалған еді, Аллаһ оның жанарын анасының дұғасы себепті қайтарған еді.

Осы үмметтің ұлы тұлғалары дінге ұқыптылықпен қарайтын, дінді үйреніп оны дəріптейтін ата аналардан тəрбие алған"

Шейх Мухəммəд Əслəм حفظه الله

"ИСНАД" ОНЛАЙН МЕДРЕСЕСІ
Құранда:
و اذ تاذن ربكم لئن شكرتم لازيدنكم و اذ تاذن ربكم لئن شكرتم لازيدنكم
яғни, "Егер шүкірлік етсеңдер, нығметтерімді арттыра беремін, ал егер күпірлік етсеңдер, азабым қатты" деген аят бар. Біз шүкір еткен сайын Алла Тағаланың бізге берері де көбейе түседі екен!
⠀
Ең қызығы Құрандағы осы бір қарапайым формуланы Батыстың жетістікке жеткен көптеген адамдары өз тәжірибесінде жиі қолданатынын байқадым. Анау "Секреты успеха", "Хватит ныть...", "Правила самоорганизации", "Измени свой мозг" деген кітаптардың барлығында "Шағым жасай берме, рахмет айтуды үйрен, күнде алғыс айт" деген кеңестер береді.
⠀
Ал біз пендеміз ғой. Күнде айтуды ұмытып кете береміз 😊 Сондықтан да шүкірлік күнделігін әлеуметтік желіде жүргізгім келеді ☺️ Осында күнде бір нәрсеге шүкір айтып отырамын. Әрі ешқайсысын қайталамауым керек.
⠀
365 күнге 365 шүкір айту) Әрі мұны әлеуметтік желіде өткізуімде бір сыр бар. Сіздер де маған қосылсаңыздар екен деген тілек 🤗. Менің шүкірлік туралы күнделікті постыма сіздер де комментте сол күнге не нәрсеге шүкір айтатындарыңызды жазып отырасыздар. Бір-біріміздікін қайталамауымыз керек. Сонда парақшамыз күнде Аллаға шүкіршілікке толады. Кім менімен бірге?
⠀
Бүгін Алла тағалаға Төрем ❤️екеумізге сыйлаған кішкентай Ханшайым үшін шүкірлік айтқым келеді😇 Қызымыз өзінің дүниеге келуімен қаншама адамға қуаныш сыйлағанын біле ме екен?! Бізге ата-ана бақытын нәсіп еткен Аллаға мың да бір шүкір! 🙏
⠀
Ал сіз бүгін не нәрсеге шүкір айтасыз?
⠀
#1күн
#шүкірге_толы_365күн
#шүкірлік_күнделігі
#Marfu_muslima
Қазақ "Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің" деп бекерден-бекер айтпаған ғой. Балалы болғалы бері анамның қадірін түсініп жүрмін. Ананың жаны баланың үстінде болады екен ғой. Тек біреу білдіреді, біреу іштен тынады.
⠀
Қазақтың көптеген тұңғыштары секілді мен де ата-әжеге тиесілі бала болдым. Апамның бауырында өскен соң мамам жеңгем іспетті еді. Осы кезге дейін тіпті туған шешеме еркелеп жақын тартып көрмеппін.
Алайда бұл олар бізді, біз оларды жақсы көрмейміз деген сөз емес...
⠀
Бүгін ауылдан анам келді. Артынып-тартынып... Жылы-жұмсағын пісіріп... Қорап-қорап алма, қызанақ, өрік... Бәрі мен ерекше жақсы көретін тағамдар.
⠀
АНА ғана өзі ана боп отырған қызының қамын ойлап қанша шақырымды артқа тастап, іздеп келер... АНА ғана отыздағы ақыл тоқтатқан қызын уайымдар...
⠀
Бүгін мен анамның амандығы үшін, осындай ана бұйыртқаны үшін Аллаға шүкіршілік айтамын. Ал сіз ше?
⠀
#3күн
#шүкірге_толы_365күн
#шүкірлік_күнделігі
#Marfu_muslima
Тек әйелдерге арналған ☺️

Ассаляму алайкум. Қалайсыздар?

"Пайғамбарымыздың ﷺ әйелдерге 20 өсиеті" атты тек әйелдерге арналған 10 күндік хадис марафон ұйымдастырып жатырмыз.

Марафонда:
📌Біз жіберген әйелдерге ең қажетті 20 хадисті жаттап, тапсырасыз!

20 хадистің шархының (түсіндірмесін) аудиосын тыңдап, конспект жасайсыз!

📌 Емтихан тапсырып, ең үздік 5 шәкіртке сыйлық беріледі.

💰Марафон ақысы: 2000 теңге.

⏳Орындар шектеулі!

Қатысушылар сілтемеге өтіп, жазыңыз:
👇👇👇👇👇👇👇👇👇 👇 👇

@toregeldiyev
@toregeldiyev
@toregeldiyev

P. S Жаттаған хадисті әйел адам тексереді.

«Пайғамбарымыздың әйелдерге 20 өсиеті» атты хадис марафонында сіздермен 10 күн бойы өтетін хадистердің тақырыптары:

1. Білім алу әрбір мұсылманға міндет
2. Намаз және оразаның үкімі
3. Күйеуге бойұсыну
4. Халал ризық талап ету
5. Хайыз және нифас мәселесі
6. Құран оқудың артықшылығы
7. Салауат айтудың артықшылығы
8. Ер мен әйел оңаша қалуына болады ма?!
9. Әтір сеуіп көшеге шығудың күнәсі
10. Шаш және кірпік жалғаудың үкімі
11. Ән айту және тыңдау рұқсат па?!
12. Сиқыр және тұмар тағу
13. Ердің әйелге, әйелдің ерге ұқсауы
14. Әйелдің ерінен талақ сұрауы
15. Ғайбат
16. Туыстық қарым-қатынас
17. Бала тәрбиесі
18. Садақа беру
19. Қонақ күту
20. Аллаға деген махаббат