بسم الله الرحمن الرحيم
Телеграмдағы алғашқы жазбам 😊
Пенде жер мен көктің арасындай көп күнә жасаса да, тәубе етсе Алла оны кешіреді. Өйткені Оның мейіріміне тең келер ештеңе жоқ.
Пенде не сұраса да, Алла оны береді. Өйткені Оның жомарттығына тең келер ештеңе жоқ.
Біз "мүмкін еместі" көп айтамыз. Үлкен армандардан қорқамыз. Бірақ Алла үшін "мүмкін емес" нәрсе жоқтығын ұмытып кетеміз 😊
Армандарымызға ұмтылайық! Дұға етейік! Құлшылық жасайық! Алланың қалауымен бәрі де жүзеге асады 😉
Жұма мүбәрак!

Қандай тақырыптарда жиірек жазайын?
anonymous poll
Екеуі де 😊 – 269
👍👍👍👍👍👍👍 53%
Кітаптарға рецензия, пікір. Оқыған кітаптарыңыздың эл нұсқасын осында жіберіңіз. – 146
👍👍👍👍 29%
Діни тақырыпта танымдық дүниелер. – 93
👍👍 18%
👥 508 people voted so far.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын бір мұсылман елінің телеарнасында тікелей эфирден Пайғамбарымызға қатысты діни сұхбат жүргізіледі. Сұхбатқа әдейілеп сол елдің атақты дінтанушы профессорын шақырады. Әлгі профессор Пайғамбарымыз жайлы «Ол - да біз сияқты қарапайым адам. Пенде болып қателік жасайды. Мысалы, оның пәлен тақырыпқа қатысты хадисіндегі пікіріне қосыла алмаймын» тағысын-тағы деп Пайғамбарды жай адам секілді сынап отырады. Осы кезде тікелей эфирге христиан елінде өмір сүретін мұсылмандардың бір шейхы телефон соғып, әлгі профессорға: «Сіз неге менің Пайғамбарыма жай адам ретінде қарап, тіл тигізесіз. Сіздің Пайғамбарымызды сынап, оның хадистеріне қадаған әрбір тікен сөзіңіз менің жүрегіме найза болып қадалуда. Алла Тағаланың сүйіктісі һәм ғаламзаттың рақым пайғамбарын сынайтындай сіз кім едіңіз?» дейді. Бірақ әлгі дінтанушы «Сіз дінге қарапайым көзбен қарайсыз, ал біздер (дінтанушылар) дінге сын көзбен қараймыз» деп бой бермеген соң шейх телефонды қоя салады.
Бірнеше күннен соң әлгі христиан елінен бір топ адам ұшақпен мұсылман еліне келіп, профессорды іздеп табады. Олар оған: «Сіздің Пайғамбарымызды сынағаныңыз үлкен қателік еді. Ұстазымыз сіздің сондағы сын сөздеріңізге шыдай алмай, телефонды тастай салды. Сол түні ол түні бойы қатты күйініп, үй ішінде әрі-бері жүре берді. «Менің Пайғамбарыма тіл тигізуге қандай қақысы бар, кім ол сонша?» деген сөздерді қайталай берген ол қатты күйзеліп, іші от боп жанып, таңғы жуық жүрекпен құлады. Қанша жанталасқанмен құтқара алмадық. Сол күйінген күйі ақырет әлеміне жүріп кетті» дейді. Осы сөздерді естіген кезде әлгі профессор кенеттен шошып, жүрегі дір ете қалады да, жас кезіндегі жолғалтқан иманын қайта табады. Бейне бір қырық жыл жынданып, есін жиған адамдай жан-жағына қарап, істеген қылығынан қатты ұялап тәубеге келеді".
Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Үш қасиет бар. Осы үшеуі кімде болса, онда ол иманның дәмін сезеді: Алла мен елшісін өзгенің бәрінен артық сүю, бір адамды Алла ризалығы үшін ғана жақсы көру және Алла күпірліктен құтқарып, Исламды нәсіп еткеннен кейін қайтадан имансыздыққа оралудан отқа құлап кететіндей деңгейде қорқу» деген хадисінде айтылғандай, иманның дәмін сезген жан екен, ол шейх...
Ал біз ше? Қаншалықты иманның дәмін сезіп жүрміз? Алла мен Алла елшісіне (с.а.у) деген махаббатымыз қандай?

Техника заманына көшкеннен кейін, қазір оқыған екі кітабымның бірі қағаз кітап болса, екіншісін телефоннан немесе электронды кітаптан оқимын. Қағаз кітап ауыр болғаннан соң кейде көтеріп жүргің келмейді. Кейде "жүктеп алып оқымаймын ба, ақша құртып, сатып алып, қайтем?" деген оймен, электронды нұсқасына жүгінесің. Бірақ орысша, ағылшынша кітаптар толып тұрғанымен, қазақша кітапты, қазақ жазушыларының жазғандарын интернеттен таба алмай жүргенің. Сол себепті соңғы жылдары қазақша кітаптарды авторларынан уорд нұсқасында, басқалай нұсқада алып, өзге де кітап оқитын достарымнан көшіріп алып, біраз қазақша кітаптардың электронды нұсқасын жинап, өзіме электронды кітапхана жасап алдым. Енді соның бәрін достарыммен, өзге де кітапсүйер қауыммен бөлісетін кез келген секілді 😊 Өзім ғана оқып қоймай, өзгеге де пайдам тисін) Осында күніне кемі бір кітаптан, шағын пікіріммен жіберіп отырамын. Кітаптың астында қалғыларыңыз келсе, өздеріңіз оқып қоймай, каналыма кітап оқығанды жақсы көретін достарыңызды да шақырыңыздар 😊 Ал әзірге аудиториямды білу үшін шағын сауалнама жүргізгім келіп отыр.
❤1
Кітапты қағаздан оқисыз ба, әлде электронды нұсқа қолайлы ма?
anonymous poll
Екеуі де ыңғайлы. Қайсысын қай форматта табам, сол форматта оқимын. – 233
👍👍👍👍👍👍👍 51%
Кітаптың иісін сезіп отырып оқығанға не жетсін! Тек қағаздан оқимын!😊 – 166
👍👍👍👍👍 37%
Қағаз кітапты арқалап жүрген қиын. Электронды нұсқасын оқи беремін ☺️ – 45
👍 10%
Кітап оқымаймын 😐 – 9
▫️ 2%
👥 453 people voted so far.

Сайын Мұратбековтей мөп-мөлдір, тұп-тұнық жазушы қазақта кемде-кем ғой. Әсіресе "Жусан иісі" мен "Жабайы алманы" көзіне жас алмай оқыған жан кемде-кем шығар. Мынау сол автордың "Жусан иісі" повесі. Менің қайталап оқитын сүйікті туындым.
"Абай жолын" оқыдыңыз ба?
anonymous poll
Оқыдым 😇 Керемет туынды! – 137
👍👍👍👍👍👍👍 33%
Жартылай оқыдым. Толық бітіруге шамам жетпеді 😐 – 128
👍👍👍👍👍👍👍 31%
Оқымадым 😔 Ыңғайы келмей жүр. – 67
👍👍👍 16%
Оқиын деп жүрмін. Оқу керек қой 🙂 – 67
👍👍👍 16%
Оқымаймын. "Абай жолын" оқымай да қазақ болуға болады 😀 – 13
👍 3%
👥 412 people voted so far.

Алдыңғы жолы "Абай жолы" туралы сауалнаманы жайдан-жай жүргізбеген ем. Оқығандар да, оқығысы келетіндер де көп екен. Қуанышты жағдай, әрине! Сондықтан архивімде тұрған "Абай жолының" пдф нұсқасын ұсынамын :) Әзірге І-томы.
Өткенде сіздерге мына бір ми туралы тамаша кітапты жіберем деген едім ғой. Сол уәдем, міне. Өзі ғана емес, осы кітаптың негізінде жазған материалымды да оқи отырыңыздар :)
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-gylym/midyn-jumysyn-jaqsartatyn-qarapaiym-6-adis-2001/#gsc.tab=0
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-gylym/midyn-jumysyn-jaqsartatyn-qarapaiym-6-adis-2001/#gsc.tab=0
Islam.kz
Мидың жұмысын жақсартатын қарапайым 6 әдіс / Марфуға ШАПИЯН
Соңғы кездері ғылымда мидың жұмысына қатысты талай жаңалықтар ашылды. Олардың көпшілігі мидың мүмкіндігінің шексіздігін, адам оны тиісті дәрежеде пайдаланбай жүргенін айтады. Бұл – ақпараттар ғасыры. Айналамызда ақпараттың көптігі сондай, олардың арасынан…
Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, "Қызыл жебе", "Ай мен Айша", "Интернат наны", "Қара маржан" секілді тамаша кітаптардың авторы - Шерхан Мұртазаның туған күні. Даңқты жазушы 85 жасқа келіп отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізгеннен кейін бірден аты-жөнін "Шерхан Муртазаевтан" "Шерхан Мұртазаға" ауыстырып әрі сол кездегі қызметкерлеріне де сондай ұран тастаған, халқының жоғалтқанын қайта табуға барын салған жазушы, Ислам, иман мәселесіне келгенде де, үндемей қалған жоқ. Кеңес кезеңінде бірге тәрбиеленген өзге замандастарындай емес, Шерағаң құлшылыққа ден қойып, намаз да оқыды. Жазушының жайнамазымен намаз оқу маған да бұйырған еді. Бүгінгі туған күнінде осы бір жып-жылы естелікті сіздермен бөліскім келіп отыр.
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/jazushy-sherhan-murtazanyn-jainamazy-2006/#gsc.tab=0
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/jazushy-sherhan-murtazanyn-jainamazy-2006/#gsc.tab=0
Islam.kz
Жазушы Шерхан Мұртазаның жайнамазы / Марфуға ШАПИЯН
Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, "Қызыл жебе", "Ай мен Айша", "Интернат наны", "Қара маржан" секілді тамаша кітаптардың авторы - Шерхан Мұртазаның туған күні. Даңқты жазушы 85 жасқа келіп отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізгеннен кейін…
❤1
Ертең - Ашура күні. Бұл күні істесе, сауап болатын бірер амал бар:
1. Ораза ұстау. Әзіреті Әли Пайғамбарымыздан қай күні ораза ұстаудың абзалдығы туралы сұрағанда Ол (с.а.у.): «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айында ораза ұста. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар. Ол күні Алла тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді», - деді.
2. "Тәубе" намазын оқып, Құдайдан кешірім тілеу. Сахаба Акрама мен Әзірет Әлидің айтуларына қарағанда Адам атамыздың да, Юнус пайғамбардың да тәубесі қабыл етіліп, Алланың кешіріміне дәл осы күні қол жеткізген.
3. Садақа беру, отбасын қуанту. «Кім отбасына Ашура күні жомарттық танытса, Алла Тағала да оған жылдың қалған күндерінде кеңшілік танытып, молшылыққа бөлейді». Суфия Сәури былай дейтін еді: «Біз бұны тәжірибе етіп көрдік, нәтижесі айтылғандай болды».
Бүгінгі Жұма қабыл, ертеңгі Ашура күні мүбәрак болғай!

Қазақ жазушылары арасында Ғабит Мүсіреповтей сөз зергері сирек. Бүгін сіздерге Ғабеңнің ең қызықты романдарының бірі "Ұлпанды" ұсынып отырмын. "Ұлпан" - қазақ аналарына қойылған ескерткіш. Ғабит Мүсіреповтің көптеген еңбектері Кеңестік идеология шеңберінде жазылғаны белгілі. Алайда, "Ұлпанның" жөні бөлек. Ғабеңнен бір туынды оқығысы келген жан дәл осы кітабын оқуы керек деп ойлаймын :)
Ал сіз Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпанын" оқығансыз ба?
anonymous poll
Иә 😊 – 175
👍👍👍👍👍👍👍 51%
Жоқ😁 – 113
👍👍👍👍👍 33%
Оқиын деп жүрмін 😅 – 56
👍👍 16%
👥 344 people voted so far.
anonymous poll
Иә 😊 – 175
👍👍👍👍👍👍👍 51%
Жоқ😁 – 113
👍👍👍👍👍 33%
Оқиын деп жүрмін 😅 – 56
👍👍 16%
👥 344 people voted so far.
Негізі Әуезов дегенде көбіне ойымызға "Абай жолы" келеді. "Абай жолын" оқу қажет деп жатамыз. Бірақ достар, Әуезовтің әңгімелері тіпті, шедевр ғой. Егер үлкен романды оқуға шамаларыңыз келмесе, бұл ғажап жазушының әңгімелері мен повестерін оқып шығыңыздаршы. Керемет әсер алып, осылай да жазуға болады екен ғой деп таңғаларыңыз анық.
Бүгін сіздерге Әуезовтің 1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күні" әңгімесін ұсынып отырмын. Бар болғаны 30-ақ бет әңгімені сабаққа не жұмысқа бара жатқанда, автобуста-ақ оқып тастарыңыз анық :) Ендеше, сәттілік!

Кадзуо Исигуроның қай кітабын оқиын?
anonymous poll
"Остаток дня" – 54
👍👍👍👍👍👍👍 60%
"Не отпускай меня" – 36
👍👍👍👍👍 40%
👥 90 people voted so far.
anonymous poll
"Остаток дня" – 54
👍👍👍👍👍👍👍 60%
"Не отпускай меня" – 36
👍👍👍👍👍 40%
👥 90 people voted so far.
Нәбік деген кедейдің бір тұлпары болады. Бір бай "осы атыңды маған сат" деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік атты сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткен Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады. Ойында ештеңе жоқ кедей: "Маған мінгесіңіз, апарып тастайын" дегенде, бай: «Шырағым, аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа сүйемелдеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады ғой, келіп. Істің мән-жайын енді ғана аңдаған Нәбік:
- Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар, - депті. Бай "бұл пақыр не дер екен" деп, атын іркіп:
- Ал бейбақ, не дейсің, айт айтарыңды, - депті.
- Осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы, - депті кедей.
Бай сонда:
- Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтұғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы? - дегенде, Нәбік:
- Мәселе онда емес, менің қорқып тұрғаным, бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды қояды ғой. Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын, - депті... (соңы islam.kz порталында)
P.s. Рас, қазір жағымсыз ақпарат тез тарайды. Алдау-арбау көп. Сонда да нағыз мұқтаждар барын ұмытпайықшы...
Жұма мүбәрак! 😊

Дауыс беру бойынша Исигуроның "Остаток днясы" жеңді 😊 Осыны оқитын болдым 😀
Бүгін сіздерге қазақтың талантты жазушысы Баққожа Мұқайдың "Өмірзая" романын ұсынамын. Бұл - Кеңестік жүйеге қарсы туынды.
Мұнда құлдық сана, рухтың жанышталуы әңгіме болады. Замандастары бұл романға "Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс" деп баға берген. Дәл осы кітабы үшін Баққожа Мұқай Мемлекеттік сыйлықты алған.
Өзіме де роман қатты әсер етті. Мен "Өмірзаядан" атақты тарихшымыз Бекмахановтың өмірбаянын көргендей болдым. Кейінгі қазақ прозасында ұнатып оқыған туындыларымның бірін сіздер де оқысаңыздар екен деймін 😊