Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Жалпы, ханымдар тағатын әшекейге барынша маңыз бергені абзал. Өйткені кез келген заттың өз «даусы» бар екенін ескерсек, бұл фәни жалғанда арзан салпыншақтан қатты «айқайлайтын» ештеңе жоқ.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы
❤8
Неге осы еркектерге бұл өмірде қалағанын істеу соншалықты оңай да, әйелдерге бәрі қиын?

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы
❤9
Қарсылық өзіңе сұрақ қойған кезде пайда болады. Сосын ол сұрақты сен өзгелерге қоясың.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы
❤7
Бәрінен маңыздысы – естеліктер. Тән жарасы жазылады. Жан жарасы ұмытылады. Қалатыны – махаббат. Қалатыны – біз.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы
❤8👍1
Тарихты жазатын – еркектер. Қалай айтылса да, турасы осы. Әйелдер көндіккен бәріне. Бұл соғыста біз көлеңкеде қалдық. Соғыс біткеннен кейін біз ешқандай шерулерге шақырылмадық. Бізге медаль тақпады. Тарих кітаптарына бізді ешкім қоспады.

Кристин Ханна “Бұлбұл” кітабы
❤7👍1🔥1😢1
#аптасына1кітап оқимын деп мақсат қойған ем ғой. Осы аптаның кітабы - “Атом улаған дала”. Қанша естіп жүрсем де қызыға қоймағам ғой, бұрын. Содан бір күні ютубтен Тоғжан Қасенованың сұхбатын тыңдап қалдым да, авторды ұнаттым. Сосын Ақжарқын атты журналист сіңлімнің осы кітап әсер етіп, полигон туралы жоба жасап жатқанын көргеннен кейін де оқу керек деп қойған ем. Енді бүгін Т.Қасеновамен кездесу болатынын естіген соң жанталасып кітапқа тапсырыс бердім. Аз да болса оқып ап, бүгін кездесуге барсем деп отырмын 😎
👍7❤2
Жазуы тым ұсақ екен. Көзімді ауыртып жатыр 😒
Қаңтар айын қорытындыласам:

Өткенде бір блогердің қаңтарды қорытындылаа, жоспарларының орындалғанын айтып жатқанын көріп өз блокнотымды ашқам ғой. Сөйтсем, мен қасқа, жылдық жоспар жасаппын да, қаңтарға мүлдем жоспар жасамаппын 😅Шынын айтсам, жасамағаныма қуанып қалдым 🙈 Сіңлім “Бәрібір жасамайтыныңды білгенсің ғой, сосын жасамағансың” дейді.

Қаңтардың басында Ұлытауда болдық. Жолда ауырыңқырап келдік те, үйге жете бәріміз қатты суықтап ауырып қалдық. Солай қаңтардың жартысынан көбі өте шығыпты. Ех! Уақыт қандай жүйрік, иә?!

Одан бөлек инстаграмымды жүргізуді қолға алдым. Алла күш-қуат берсін деп отырмын енді. Әзірге беталыс жаман емес. Енді ақпан сәтті болғай 🤲
👍15❤4
6-ақпан күні құрбым Назеркемен саяхатқа аттандық. АРКТИКАҒА ❤️ Мақсатымыз - Солтүстік поляр шұғыласы мен Солтүстік мұзды мұхитын көру, бұғы жегілген шанаға отыру, кит көру. Солай жердің бір жеріне кеп қалдық. Әзірге бұғы ғана орындалды. Қалғандары ауа райына байланысты боп тұр. Бүгін бұйырып кетсе 🤲
❤23👏7
Жаңа ғана Солтүстік поляр шұғыласын көзіммен көріп келдім, достар. Бұл бір ғажап сезім екен 🥹
👍32❤17🔥9👏4
“Марфуға, армандасаң, осындай дүниелерді арманда. Қалғаны бекер” дедім ғой, шұғыланы көргенде көзім жасқа толып 🥹Көрсеткен Аллаға шүкір! 🤲
👍22❤15🥰6
Адам қаншалықты ессіз болу керек екен, қақаған қыста мұзды суға түсу үшін 😃 Бірақ осындай арманшыл, жарқын, өмірге құштар Марфуғаның сіздерге ұнайтынын білем. Өзіме де сол Марфуға көбірек ұнайды 😇
❤38👍11🥰4
Ерекше жақсы көретін қалам Питерге кеп қалдық. Питердің мәдени вайбы қатты ұнайды 😍 Аңсап, сағынвп жеттім ғой, бұл жолы.
❤23🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Питер Достоевскийдың тұманды, сұр, суық Санкт Петербургі боп тұр, тура.