Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Ертең - Ашура күні. Бұл күні істесе, сауап болатын бірер амал бар:
1. Ораза ұстау. Әзіреті Әли Пайғамбарымыздан қай күні ораза ұстаудың абзалдығы туралы сұрағанда Ол (с.а.у.): «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айында ораза ұста. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар. Ол күні Алла тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді», - деді.
2. "Тәубе" намазын оқып, Құдайдан кешірім тілеу. Сахаба Акрама мен Әзірет Әлидің айтуларына қарағанда Адам атамыздың да, Юнус пайғамбардың да тәубесі қабыл етіліп, Алланың кешіріміне дәл осы күні қол жеткізген.
3. Садақа беру, отбасын қуанту. «Кім отбасына Ашура күні жомарттық танытса, Алла Тағала да оған жылдың қалған күндерінде кеңшілік танытып, молшылыққа бөлейді». Суфия Сәури былай дейтін еді: «Біз бұны тәжірибе етіп көрдік, нәтижесі айтылғандай болды».
Бүгінгі Жұма қабыл, ертеңгі Ашура күні мүбәрак болғай!
Қазақ жазушылары арасында Ғабит Мүсіреповтей сөз зергері сирек. Бүгін сіздерге Ғабеңнің ең қызықты романдарының бірі "Ұлпанды" ұсынып отырмын. "Ұлпан" - қазақ аналарына қойылған ескерткіш. Ғабит Мүсіреповтің көптеген еңбектері Кеңестік идеология шеңберінде жазылғаны белгілі. Алайда, "Ұлпанның" жөні бөлек. Ғабеңнен бір туынды оқығысы келген жан дәл осы кітабын оқуы керек деп ойлаймын :)
Ал сіз Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпанын" оқығансыз ба?
anonymous poll

Иә 😊 – 175
👍👍👍👍👍👍👍 51%

Жоқ😁 – 113
👍👍👍👍👍 33%

Оқиын деп жүрмін 😅 – 56
👍👍 16%

👥 344 people voted so far.
Негізі Әуезов дегенде көбіне ойымызға "Абай жолы" келеді. "Абай жолын" оқу қажет деп жатамыз. Бірақ достар, Әуезовтің әңгімелері тіпті, шедевр ғой. Егер үлкен романды оқуға шамаларыңыз келмесе, бұл ғажап жазушының әңгімелері мен повестерін оқып шығыңыздаршы. Керемет әсер алып, осылай да жазуға болады екен ғой деп таңғаларыңыз анық.

Бүгін сіздерге Әуезовтің 1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күні" әңгімесін ұсынып отырмын. Бар болғаны 30-ақ бет әңгімені сабаққа не жұмысқа бара жатқанда, автобуста-ақ оқып тастарыңыз анық :) Ендеше, сәттілік!
Кадзуо Исигуроның қай кітабын оқиын?
anonymous poll

"Остаток дня" – 54
👍👍👍👍👍👍👍 60%

"Не отпускай меня" – 36
👍👍👍👍👍 40%

👥 90 people voted so far.
Нәбік деген кедейдің бір тұлпары болады. Бір бай "осы атыңды маған сат" деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік атты сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткен Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады. Ойында ештеңе жоқ кедей: "Маған мінгесіңіз, апарып тастайын" дегенде, бай: «Шырағым, аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа сүйемелдеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады ғой, келіп. Істің мән-жайын енді ғана аңдаған Нәбік:
- Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар, - депті. Бай "бұл пақыр не дер екен" деп, атын іркіп:
- Ал бейбақ, не дейсің, айт айтарыңды, - депті.
- Осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы, - депті кедей.
Бай сонда:
- Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтұғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы? - дегенде, Нәбік:
- Мәселе онда емес, менің қорқып тұрғаным, бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды қояды ғой. Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын, - депті... (соңы islam.kz порталында)
P.s. Рас, қазір жағымсыз ақпарат тез тарайды. Алдау-арбау көп. Сонда да нағыз мұқтаждар барын ұмытпайықшы...
Жұма мүбәрак! 😊
Дауыс беру бойынша Исигуроның "Остаток днясы" жеңді 😊 Осыны оқитын болдым 😀
Бүгін сіздерге қазақтың талантты жазушысы Баққожа Мұқайдың "Өмірзая" романын ұсынамын. Бұл - Кеңестік жүйеге қарсы туынды.
Мұнда құлдық сана, рухтың жанышталуы әңгіме болады. Замандастары бұл романға "Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс" деп баға берген. Дәл осы кітабы үшін Баққожа Мұқай Мемлекеттік сыйлықты алған.

Өзіме де роман қатты әсер етті. Мен "Өмірзаядан" атақты тарихшымыз Бекмахановтың өмірбаянын көргендей болдым. Кейінгі қазақ прозасында ұнатып оқыған туындыларымның бірін сіздер де оқысаңыздар екен деймін 😊
#танымал_оқырман

Барлық жетістікке жеткен адамдар секілді Мұхаммед Әли де кітап оқығанды жақсы көрген. Әрине, ол үшін ең маңызды кітап - ҚҰРАН болған.

Мұхаммед Әлиден кейін алынған сұхбаттардың бірінде журналист: «Қазір уақытты қалай өткізесіз?» - деп сұрақ қояды. Ол: «Жасырақ кезімде оқу дегенді ұнатпаушы едім. Қазір сол олқылықтың орнын толтырудамын. Әртүрлі бағыттағы кітаптарды оқимын. Әрине, олардың арасында мен үшін ең сүйіктісі – Құран. Жарлы-жақыбайларға қол ұшымды беремін. Балаларға арнап спортзалдар салдырамын. Бірақ менің өмірімнің қазіргі басты мақсаты – Аллаға құлшылық ету және Исламды жаю», - деп жауап береді.

Мұхаммед Әлидің әйелі спортшының бұл ісі туралы: «Бұрын оқығанды жақсы көрмесе, қазір сағаттап оқиды. Құран оқып отырып, кей бөліктерін жаттау үшін жазып алады. Негізінен ислам әдебиетін, ғылыми-зерттеулерді оқып, Інжілге қарсы келетін тұстарын салыстырады. Көшедегі талай жарлы-жақыбайға киім алсын деп ақша таратып жүреді. Бірақ олардың көбі ақшаны киім немесе тамақ үшін емес, ішу үшін алатыны белгілі. Бірақ соған қарамастан садақа беруін тоқтатар емес» дейді. «Сіз бүкіл спорттағы мансабыңызда үш-ақ рет жеңілген адамсыз. Жеңілісті қалай қабылдадыңыз?» деген сұраққа: «Әрине, жеңіліс үшін қуанған жоқпын. Бірақ жеңіс үшін барымды салғанымды білемін. Соған қарамастан жеңіліс тапсам, ол – Алланың қалауы», - деп жауап беріп, қиындыққа қарсы тұрудың үлгісін көрсетеді. Айналасындағыларды да, өзінің жанкүйерлерін де Исламға шақырудан бір сәт те жалықпаған боксшы: «Әтеш таңның жарығын көргенде, құлшылыққа шақырады. Мен де жарықты көрдім, сондықтан бар жан-тәніммен жарыққа шақырамын» дейді, өзінің бұл ісі туралы.
Мен Мұхтар Мағауинді қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі деп бағалаймын. Ол секілді жазатын және ол секілді жазып жүрген жазушы сирек. Мұхаң - менің сүйікті жазушыларымның бірі. "Тіл байлығымды қалай арттырсам болады?" деп кеңес сұрағандарға Мағауинді оқуға кеңес беремін.

Әрине, барлығыңыз оқып қойған шығарсыздар. Десе де қайталап оқыса да артықтық етпейтін "Тазының өлімі" атты повесін ұсынамын. Мұнда ит тағдыры сөз болғанымен, адам тағдыры тіпті ерекше. Шығарманың ойландырары анық.
❤1
Мұқағали - жақсы көретін ақыным. Сіздердің араларыңызда да көпшілігіңіз бұл ақынды жандарыңызға жақын тартатын шығарсыздар. Оған күмәнім жоқ 😊 Мен де сіздер секілді Мұқағалидың көп өлеңін жатқа білем. Тіпті кезінде ақынның туған жері Қарасазға да барып қайтқан едім.

Ал мына "Аққудың қанатына жазылған жыр" атты кітаптың менде қағаз нұсқасы бар болатын. Ескіріп, парақтары қарайып кеткен еді. Өйткені, Марфуға қайда барса да оны өзімен тастамай алып жүретін 😊 Қазір сол кітаптың түріне қарасам, ұяламын. Енді міне, телефонымызға жүктеп алып, қай жерге барсақ та ашып жіберіп, оқи беретін электронды нұсқасы бар)
"Жаңа жыл қарсаңында ағам маған судай жаңа көлік сыйлады. Кеңседен шықсам, машинамды айналсоқтап бір бала тамашалап жүр екен. "Бұл сіздің көлігіңіз бе?" деп сұраған балаға: "Иә, менікі. Оны маған ағам сыйлады" деп мақтанышпен жауап бердім. Көздері жайнап кеткен бала: "Шіркін, сіздің..." дей бергенде ақ, оның ойын бірден ұқтым. Ол да "көлік сыйлайтын бай ағам болса" деп армандап тұрған шығар. Бірақ бала: "Шіркін, сіздің ағаңыздың орнында болсам ғой" деп, мен күтпеген сөзді айтты. Баланың ниетіне риза болып кеттім де, көлігіммен қыдырып қайтуға шақырдым. Сәл жүргеннен кейін бала қуанышты дауыспен: "Аға, кешіріңіз. Менің үйімнің алдына тоқтай аласыз ба?" деп өтінді. Үйіне әдемі көлікпен келгенін көрсетіп, көршілеріне мақтанғысы келіп тұрған шығар деген оймен тоқтай қалдым. Бірақ тағы қателесіппін... Үйіне жүгіріп кіріп кеткен бала бір кезде кішкентай мүгедек інісін арқалап шығып, көлікті нұсқап: "Көрдің бе? Бәрі де жаңа саған айтқанымдай. Бұл көлікті мына кісіге ағасы сыйлапты. Мен де күндердің бір күнінде міндетті түрде, саған осындай машина сыйлаймын. Сосын қалаған жеріңе өзің бара алатын боласың" деді жүзі бал бұл жанып. Кішкентай баланың інісіне деген сүйіспеншілігіне толқып кеттім. Көлігімнен түсіп, інісін машинаның алдыңғы орнына отырғыздым. Мәз болып кеткен балақай артқы орынға жайғасты. Үшеуміз біразға дейін қыдырдық. Мен сол күні бірдеңені алғаннан да бергеннің көбірек бақыт сыйлайтынын түсіндім..."

Бір кітаптан осы оқиғаны оқып отырып, мен де ата ана, бауырларымыздың өздері ішіп жемесе де барын неліктен біздің аузымызға тосатынын, жақсы дүниесі болса неге бізге бергісі келіп тұратынын енді түсіндім. Адам ең қымбатын жақынына беріп, оны қуантқанда бақыттырақ бола түседі екен ғой Жақындарымызға көбірек сыйлық жасап, бақыттырақ бола түсейікші 😊 Апта сәтті өтсін!
Мұхтар Мағауин оқуға ұсынған кітаптар:

1. Абайдың "Ғақылиясы".
2. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері, "Қараш-қараш" пен "Қилы заман" және "Абай жолы".
3. С.Мұқановтың "Өмір мектебінің" бірінші кітабы.
4. Гоголь "Миргород" пен "Петербург повестері".
5. Стендаль "Қызыл мен қара", "Парм монастрі".
6. Бальзак "Адамзат комедиясы", уақыт жеткенше;
7. Тургенев түгел;
8. Толстой "Кавказ әңгімелері", "Казактар", "Крейцер сонатасы", "Иван Ильичтің өлімі", "Хажымұрат", "Соғыс және бейбітшілік";
9. Достоевский "Өлі үйден шыққан жазбалар", "Құмарпаз", тағы екі-үш романы;
10. Пастернак "Доктор Живаго",
11. Кобо Абэ "Құмдағы әйел", "Бөтеннің түрі" және бұрынғы-соңғы жапон әдебиетінен көзге ілінгеннің барлығын;
12. Мериме;
13. Эдгар По;
14. Мопассан;
15. Мамин-Сибиряк, Чехов, Каплинг, Джек Лондон, Кнут Гамсон, Бунин, Акутагава, Моэм, Набоков, Иво Андрич, Колдуэлл, Хемингуэй, Шаламов әңгімелері немесе қолға түскен кез келген шығармасы, содан соң... Стефан Цвейг жазған "Бальзак".

©Мұхтар Мағауин. "Мен"
Кеш жарық, достар! Менің аты-жөнім - Марфуға Шапиян 😊Негізінен журналистпін. Қосымша ютубте кітап пен саяxатқа арналған каналым болғаннан кейін блоггер деп атайтындар да жоқ емес. Жазғанды жақсы көрем, кітап оқыған одан да қатты ұнайды. Саяxат десе тіпті есім кетеді))

Көрген-білгенімді, оқығанымды бөлісіп отырғанды абзал көрем 😇 Сондықтан осы каналды ақырындап жүргізіп жүрмін ☺️Бұл жақта оқыған кітаптарым, сүйікті жазушыларым, саяxаттарым мен діни тақырыпта түйгендерімді жариялап отырамын. Әрі осыған дейін әр жақтан жинаған қазақша кітаптардың, әлем әдебиетінің электронды нұсқасымен бөлісемін.

Жазылып, оқып жүргендеріңіз үшін рақмет! 🙏 Парақшам бұдан ары қызықты бола түссін десеңіздер достарыңызды жазылуға шақырып, бөлісіп, подписчиктерімді көбейтулеріңізді сұраймын 😊 Егер жазылушылар саны 500-ден асса, көптен ойымда жүрген қызықты жобамды бастамақпын 😉
#иманым_жиғаным 💐

"Бала кезімде орын алған осы бір оқиға кейін есейгенде де есімнен бір шыққан емес.

Кішкентай кезім, бірде әкем екеуміз циркке билет алайық деп кезекке тұрдық. Ұзын сонар кезек аяқталып, алдымызда бір отбасы ғана қалды. Жаңағы отбасы еріксіз назарымды аударды. Ерлі-зайыптының жастары 12-ге де жетіп үлгермеген 8 баласы бар екен. Жұпынылау бірақ таза киімдеріне қарап, дәулетті емес екенін де, балалардың клоундардың суреттеріне қарап, бір-біріне көрсетіп мәз болысып жатқанынан бұрын циркте болмағанын да бірден байқауға болады.

Кассадағы қыз жігітке: "Қанша билет керек?" деп еді, ол мақтанған дауыспен: "Менің отбасым үшін 8 балалар, 2 ересектер билетін беріңіз" деді. Кассирші қыз билеттің бағасын айтып еді, әйел күрсініп төмен қарады. Еріндері дірілдеп кеткен отағасы билет бағасын қайта сұрап жатты. Олардың ақшасының жетпей тұрғаны айдан анық еді...

Бірақ артында тұрған 8 баласына бұрылып: "Ақшам жетпеді, циркке кіре алмаймыз" деп айтуға дәті қайтіп барсын? Жағдайды көріп тұрған әкем әмиянын ашты да, ақша алып шығып, оны жерге түсіріп алды. Сосын алдында тұрған жігіттің иығынан қағып: "Кешіріңіз, мына ақша сіздің қалтаңыздан түсіп қалды" деп, өзі тастаған ақшаны алып берді. Жігіт түсіне қойды.

Рас, ол әкемнен көмек сұрамады, бірақ тығырыққа тірелген сәтінде келген көмекке қатты қуанды. Әкемнің қолын алып қайта-қайта: "Бұл менің отбасым үшін өте маңызды дүние еді, рахмет сізге!" дей берді.
Әкем екеуміз кері бұрылып, үйге қайттық. Өйткені бізде билет алатын басқа ақша жоқ болатын. Бірақ циркке кіре алмағаныма мен де, ақшаны өзгеге беріп, өз ұлына циркке билет әпере алмағанына әкем де өкінген жоқ. Клоундардың ойынын тамашалаудан да жақсы іс істегенімізді бала түйсігім сезген еді..."

Пы.сы. Таңертең кітап оқып отырып, ұнап қалған осы оқиғаны сіздерге аударып беруді ұйғардым) Бізден тікелей келіп көмек сұрамаса да, айналамызда біздің кішкентай қол ұшын созып жіберуімізге мұқтаж қаншама жандар бар. Жақындарымызға ғана емес, айналамыздағы бөтен адамдарға да қайырымды болайықшы!
#иманым_жиғаным 💐

Бүгін таңертең Құран оқып отырып, قليلا ما تشكرون яғни, "аз шүкір етесіңдер" деген аятты кездестіріп қалдым.

Баяғыда бала кезімде көршінің баласының ойыншығына немесе сыныптасымның бір киіміне қызығып "маған да сондай әперіңдер" деп қиғылық салсам, әжем: "Анау пәленбайдың баласын қарашы, үстінде дұрыс киімі де жоқ, анау түгенбайдың дастарxанын көрдің бе, наннан басқа ас жоқ, ыстық тамақ ішпегелі қай заман?! Ал сен осы күніңе неге шүкір етпейсің?" деп кейитін. Ондайда өзімнің оғаш қылығым үшін ұялып кететінмін. Ал біздің әжелердің әр күні шүкірмен басталып, шүкірмен аяқталушы еді ғой.

Бүгінде өмірімізде кейбір келеңсіздер орын алса, сол шүкіріміздің жоқтығынан екені туралы ойланамыз ба екен, өзі? Әлде жанымызға бәрін дер кезінде есімізге салып тұратын бір-бір әже керек пе?

Алла тағала "Шүкір етсеңдер, арттыра беремін" дейді... Ендеше неге аз шүкір етеміз... Бүгін кездескен осы аят мені кәдімгідей ойға салды...

Сіз ше? Бүгінгі жарық таңды көргеніңіз үшін, аман-есен оянғаныңыз үшін, ғұмырыңыз мүмкіндіктерге толы тағы бір күнмен ұзарғаны үшін шүкіршілік айттыңыз ба? 😊

P.s. Шүкірді шын жүрекпен "әлxамдулиллаһ" сөзін кем дегенде 50-100 рет қайталап та айтуға болады 😉
танымал_оқырман🌷

Мәскеуге өткен аптада перулік жазушы, Нобель сыйлығының 2010 жылғы лауреаты Марио Варгас Льоса қаламгерлерге арналған «Ясная поляна» сыйлығын алуға келіпті.

Орыстың «мен» деген басылымдарының барлығы Льосадан сұхбат алып, жариялап жатыр. Біразын оқып шықтым. Іштей «түуу, бізге қашан Нобель сыйлығын алған жазушылар келер екен? Біз олардан қашан сұхбат алар екенбіз?» деп армандап қойдым. Журналистер Льосадан сүйікті кітаптары мен жазушылары туралы сұраған екен. Берген жауабын сіздерге де ұсынып қояйын:

1. Бала кезімде Жюль Верннің кітаптарын оқыдым;

2. Одан кейін А.Дюманың «Три мушкетера» кітабы;

3. Виктор Гюгоның «Аласталғандары» жан дүниеме төңкеріс жасады;

4. Фолкнердің болмашы дүниеден керемет нәрсе жасап шығатын ғажап-ақ, әсіресе «Госпожа Бовари».

5. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» теңдессіз роман.

6. Сосын философ жазушы Сартрды айтпай кетуге болмайды.

7. Герценнің «Былое и думы» атты мемуары қатты әсер етті.

8. Достоевский «Бесы».
Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы Рахымжан Отарбаевтың туған күні. Мұрағатымда жазушының кітаптары жоқ екен. Алайда оның "Шыңғысханның көз жасы", "Біздің ауылдың амазонкалары" деген секілді әр қазақ оқуы тиіс тамаша туындылары бар. Сондықтан осы сілтемені жіберіп отырмын. Мұнда жазушының үш кітабы тұр. Онлайн оқуға болады 😊 http://adebiportal.kz/kz/authors/book/2214
Forwarded from Marfu
Бүгін өзім қазақ әдебиеті классиктерінің қатарына қосатын Дулат Исабеков ағамыздың туған күні. Жазушы 75-жасқа толып жатыр екен.

Кітаптарын бала күнімізден оқып өстім. Журналистикаға келгеннен кейін ағамызбен бір дұрыс сұхбат жасасам деп жүруші едім. Оның сәті биыл түсті. Әдебиет порталында "Қаламгердің бір күні" атты жобамның бар екенін білесіздер. Соның аясында жазда Алматыға арнайы барып, Дулат ағамыздың жанында бір күн бойы еріп жүріп, сұхбаттасып, үйінде қонақ болып, апайдың қолынан дәм татып қайтқан едім. Әсіресе апай әзірлеп берген кофенің дәмі өзім ерекше жақсы көретін Starbucks пен Costaның кофелерінің дәмінен кем түспейді-ау, кем түспейді. Артынан неге рецептін сұрап алмадым екен деп өкінгенім бар :)

Аға кең көсіліп сұхбат берді. Әсіресе сүйікті шығармам, Асқар Сүлейменов туралы жазған "Қарғыны" туралы, оны Сүлейменовтің қалай қабылдағаны туралы сұрағанымда күліп қойып, ол кісінің мінезін келтіре отырып жауап берген еді. Дулат ағамен бірге өткізген бір күн мына сілтемеде, әдемі фотолар да бар: http://adebiportal.kz/kz/news/view/19005