QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.65K subscribers
6.93K photos
705 videos
2 files
2.44K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
QR Energetıka mınıstrligi
🗣Жарты миллион қолданушы және жаңа AI-ассистент: цифрландыру газ қызметін қалай өзгертуде ▪️Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында газ саласында цифрландыру саясатын іске асыруда. ▪️Өткен жылы QazaqGaz Aimaq мобильді…
🗣Полмиллиона пользователей и новый AI-ассистент: как цифровизация меняет газовый сервис

▪️В рамках развития цифровизации Министерство энергетики реализует политику цифровой трансформации ТЭК, в частности в газовой отрасли.

▪️В прошлом году QazaqGaz Aimaq внедрило мобильное приложение для удобной передачи показаний газовых счётчиков.

▪️Ключевая функция — автоматическое распознавание показаний по фотографии с проверкой данных на ошибки и аномалии. Приложение также позволяет просматривать историю потребления и оплат, получать уведомления о поверке счётчиков и плановых работах.

▪️В мобильном приложении QazaqGaz Aimaq проходит закрытое тестирование виртуальный AI-консультант. Новый цифровой помощник на основе искусственного интеллекта будет отвечать на вопросы потребителей природного газа в круглосуточном режиме.

▪️Сегодня колл-центр компании работает в рабочее время, однако вопросы по использованию «голубого топлива» могут возникать у абонентов в любое время суток, включая выходные и праздничные дни. AI-консультант обеспечит оперативную поддержку 24/7.

▪️В настоящее время сервис тестируется на различных LLM-моделях для выбора наиболее эффективного и точного решения. Особое внимание уделяется качеству и актуальности информации.

▪️Чем более полно виртуальный помощник будет обеспечен актуальными данными — о тарифах, отраслевых нормативных актах и правилах, перечне необходимых документов, порядке подключения к газу и другим вопросам, — тем быстрее и удобнее пользователи смогут получать необходимую консультацию.

▪️Функционал AI-консультанта будет строго ограничен тематикой газоснабжения. Планируется регулярное обновление базы знаний и дальнейшее совершенствование сервиса.

▪️Сервис уже скачали полмиллиона человек, через него передано свыше 200 тысяч показаний.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👏1
Forwarded from UKIMET
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық: ҚР-да ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді

📌 Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Ол 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін бекітілгенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін:
🟦жеке ПИН-кодтар алынды;
🟦дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу;
🟦электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды.

Аталған шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан дизель отынын АШТӨ операторларына мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

💬Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында💬, — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.


➖

Подготовка к весенне-полевым работам: в РК утвержден график по поставке 402 тыс. тонн дизтоплива сельхозтоваропроизводителям


📌 В рамках подготовки к весенне-полевым работам в Казахстане утвердили график поставки удешевленного дизельного топлива сельхозтоваропроизводителям. Об этом на заседании Правительства сообщил министр энергетики РК Ерлан Аккенженов.

Он отметил, что в в январе 2026 года министерствами энергетики и сельского хозяйства утвержден график по поставке 402 тыс. тонн дизельного топлива сельхозтоваропроизводителям на период с 1 февраля по 30 июня.

Для обеспечения прозрачности и контроля за движением дизельного топлива приняты следующие меры:
🟦получены отдельные ПИН-коды (цифровая маркировка);
🟦окраска дизтоплива в желтый, синий и красный цвета (цветная маркировка);
🟦создание отдельного виртуального склада для дизтоплива в электронной системе счет-фактур.

Данные меры позволят обеспечить со стороны поставщиков нефти точечную реализацию по целевому назначению в адрес операторов СХТП.

💬Отгрузка дизельного топлива для нужд сельхозтоваропроизводителей находится на постоянном контроле Министерства💬, — подчеркнул Ерлан Аккенженов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Мұнай-газ саласында еңбекті нормалаудың жаңа тәсілдері Энергетика министрлігінде талқыланды

✔️2026 жылғы 24 ақпанда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы ұйымдарда еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, келісу және қайта қарау мәселелері бойынша Жұмыс тобының биылғы алғашқы отырысы өтті.

✔️ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігінің, салалық қауымдастықтардың («KAZENERGY», «PETROMINING», Мұнай-газ химиясы өнімін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы), ірі мұнай-газ компаниялары мен кәсіподақтардың өкілдері қатысты.

✔️Бұл жұмыс ҚР Еңбек кодексі шеңберінде жүргізілуде, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбектің үлгілік нормаларын бекіту және ауыстыру өкілеттіктері еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарына бекітілген.

✔️Энергетика министрінің бұйрығымен құрылған Жұмыс тобының мүшелері мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл алгоритмдерін қарастырды.

✔️Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, КПО және НКОК сияқты компаниялардың практикалық тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

📌Отырыс қорытындысы бойынша тараптар еліміздің энергетика секторында тиімді әрі қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша бірлескен қызметті жалғастыруға уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Мұнай-газ саласында еңбекті нормалаудың жаңа тәсілдері Энергетика министрлігінде талқыланды ✔️2026 жылғы 24 ақпанда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы ұйымдарда еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, келісу және…
🔸В Министерстве энергетики обсудили новые подходы к нормированию труда в нефтегазовой отрасли

✔️24 февраля 2026 года состоялось первое в текущем году заседание Рабочей группы по вопросам разработки, согласования и пересмотра типовых норм и нормативов по труду в организациях нефтегазовой, нефтеперерабатывающей и нефтегазохимической отраслей.

✔️На совещании прошедшем под председательством вице-министра энергетики РК Кайырхана Туткышбаева, приняли участие представители Министерства труда и социальной защиты населения РК, отраслевых ассоциаций («KAZENERGY», «PETROMINING», Ассоциация производителей и потребителей нефтегазохимической продукции), крупнейших нефтегазовых компаний и профсоюзов.

✔️Данная работа проводится в рамках Трудового кодекса РК, согласно которой с 1 января 2025 года полномочия по утверждению и замене типовых норм труда закреплены за уполномоченными государственными органами соответствующих сфер деятельности по согласованию с ведомством по труду.

✔️Члены Рабочей группы, созданной приказом Министра энергетики, рассмотрели алгоритмы взаимодействия по ключевым направлениям: разведка, добыча, транспортировка, хранение и переработка нефти и газа.

✔️Особое внимание в рамках встречи было уделено практическому опыту таких компаний, как АО «ҚазМұнайГаз», АО «ИнтерГаз Центральная Азия», ТОО «Тенгизшевройл», КПО и НКОК.

📌По итогам заседания стороны договорились продолжить совместную деятельность по совершенствованию нормативной базы для обеспечения эффективного и безопасного производственного процесса в энергетическом секторе страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1
⚜️Популизмсіз энергетика: Ерлан Ақкенженов аналитиктермен саланың нақты сын-қатерлерін талқылады

✔️Астана қаласында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Парламент Сенаты жанындағы «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасына қатысушы аналитиктермен кездесті. Кездесу барысында энергетика саласындағы қуат тапшылығы, тарифтердің өсуін тежеу және жаңа технологиялардың саланы дамытудағы рөлі талқыланды. Іс-шара KEGOC АҚ-ның Жүйелік операторы базасында өтті.

✔️Басқосу барысында ведомство басшысы отын-энергетика кешеніндегі қазіргі ахуал мен алдағы жылдарға арналған жоспар туралы баяндады. Ол жаңа электр стансаларын салу, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және газ-химия саласын дамыту бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов энергетика саласында «қолмен» басқарудан цифрлық басқаруға кезең-кезеңімен көшу жүзеге асып жатқанын, тұтынуды дәл болжау және апаттардың алдын алу үшін жасанды интеллект құралдары енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі басты міндетіміз — елдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды қысқа мерзімде салып, жаңарту. Сонымен қатар тепе-теңдікті сақтауымыз қажет: жаңартылатын энергия көздерін дамыта отырып, кез келген ауа райында тұрақты жұмыс істейтін сенімді көмір және газ генерациясына сүйенуіміз керек», — деп атап өтті министр.


✔️Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Жиын барысында «Талдау мектебінің» қатысушылары энергетика саласына қатысты нақты әрі тәжірибелік сұрақтар қойды. Жас сарапшылар Қазақстанның электр энергиясы импортына тәуелділігін азайту мәселесіне және жаңа көмір электр стансаларының қалалар экологиясына қалай әсер ететіндігіне қызығушылық танытты.

✔️Сонымен қатар солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселелері, электр желілерін ауқымды жаңғыртудың соңғы тұтынушылар үшін тарифтерге әсері талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мемлекеттік шешімдер қабылдауда жүйелі тәсілдерге сүйенуге шақырып, сапалы деректерге негізделген талдау мен ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлау елдің энергетикалық егемендігі мен тұрақты өнеркәсіптік дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін айтты.

📌Іс-шара Ұлттық диспетчерлік орталыққа экскурсиямен аяқталды. Аналитиктер Қазақстанның энергожүйесі нақты уақыт режимінде қалай басқарылатынын өз көздерімен көрді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM