QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.66K subscribers
6.95K photos
705 videos
2 files
2.44K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
⚜️Қазақстан энергетикасы - өсім мен тұрақтылықтың қуаты

🔵Еліміздің энергетика саласы өңірдегі ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады. Соңғы жиырма жылда салада жүйелі жаңғырту жүргізіліп, электр энергиясын өндіру көлемі айтарлықтай артты. 2000-жылдардың басында электр энергиясын өндіру деңгейі 51 млрд киловатт-сағатты құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіштің 122 млрд киловатт-сағатқа жетуі күтілуде.

🔵Өндіріс көлемінің өсуі жабдықтарды жаңарту, қолданыстағы қуаттарды кеңейту және жаңа электр стансаларын пайдалануға беру есебінен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта республика аумағында 237 электр стансасы жұмыс істейді, олардың 158-і жаңартылатын энергия көздерін пайдаланады. Энергожүйенің орнатылған қуаты 25,4 ГВт-тан асып отыр.

🔵Экологиялық «таза» генерацияның үлесі кезең-кезеңімен артып келеді, электрмен жабдықтау сенімділігі мен желілік инфрақұрылымның тұрақтылығы күшейтілуде. Саланы реформалау нәтижесінде нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 2009–2015 жылдары іске асырылған шекті тарифтер бағдарламасы аясында шамамен 3 ГВт жаңа қуат енгізіліп, энергетика саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.

🔵2023 жылы жаңартылған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылып, апатты жағдайларды төмендетуге мүмкіндік берді. Бір жылыту маусымының қорытындысы бойынша технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға қысқарып, температуралық режимнің сақталмау жағдайлары 3,3 есе азайды.

🔵Жылу энергетикасына ерекше назар аударылуда. Елімізде 37 жылу электр орталығы (ЖЭО) жұмыс істейді, олардың орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендетілді. Тоғыз ЖЭО «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, үш ЖЭО «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауыстырылды. 2025 жылға арналған жөндеу науқанына шамамен 400 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

🔵Сонымен қатар электр желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. 2,4 мың км-ден астам электр беру желілері салынды, ондаған қосалқы станса пайдалануға берілді. «Солтүстік–Шығыс–Оңтүстік» транзитін іске асыруды қоса алғанда, батыс өңір желілерін күшейтуге бағытталған стратегиялық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Соңғы жылдары жалпы құны 422 млрд теңгені құрайтын 153 жоба іске асырылды.

🔵Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу желілерін және 79 мың км инженерлік желілерді жаңарту жоспарланған. Бұл шаралар жылу желілерінің тозу деңгейін 52%-дан 42%-ға, электр желілерінің тозуын 74%-дан 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

🔵Саланың стратегиялық дамуы 2035 жылға дейінгі Энергетиканы дамыту жоспары арқылы айқындалған. Жоспарға сәйкес 26,3 ГВт жаңа қуат енгізу және энергожүйенің жалпы әлеуетін шамамен екі есеге арттыру көзделген. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы ЖЭО құрылысы аяқталу сатысында, Түркістан облысында бу-газ қондырғысы салынуда. Астана мен Шымкент қалаларында осындай қондырғыларды салу жоспарланған. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті табиғи газға көшіру жобасы жүзеге асырылуда.

🔵Сонымен қатар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында «таза көмір» технологияларын қолдану арқылы жаңа көмір электр стансалары салынатын болады. Курчатов қаласында және Екібастұз МАЭС (ГРЭС) базасында бірқатар энергетикалық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

🔵Жаңартылатын энергетика саласы да қарқынды дамып келеді: стратегиялық инвесторлар жобаларының портфелі 5 ГВт-қа бағаланады. 2035 жылға дейін 8 ГВт-тан астам жаңартылатын энергия көздері қуатын енгізу, оның ішінде Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасын салу жоспарланған.

📌Энергетиктер күні - елдің тұрғын үйлерін, өндіріс орындарын және әлеуметтік нысандарды сенімді жарықпен, жылумен және тұрақтылықпен қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Олардың еңбегі Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен дамуына айрықша үлес қосып, елдің болашағына деген сенімді нығайтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
QR Energetıka mınıstrligi
⚜️Қазақстан энергетикасы - өсім мен тұрақтылықтың қуаты 🔵Еліміздің энергетика саласы өңірдегі ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады. Соңғы жиырма жылда салада жүйелі жаңғырту жүргізіліп, электр энергиясын өндіру көлемі айтарлықтай…
⚜️Энергетика Казахстана - энергия роста и стабильности

🔵Энергетика Казахстана по праву считается одной из самых устойчивых и динамично развивающихся в регионе. За два десятилетия страна прошла масштабный путь модернизации: если в начале 2000-х годов выработка электроэнергии составляла 51 миллиардов киловатт-часов. В этом году ожидается выход на исторический рекорд выработки - 122 миллиардов киловатт-часов.

🔵Рост стал возможен благодаря обновлению оборудования, расширению мощностей и вводу новых электростанций. В настоящее время в республике функционируют 237 электростанций, из которых 158 используют возобновляемые источники энергии. Установленная мощность энергосистемы составляет более 25 ГВт.

🔵Последовательно увеличивается доля «чистой» генерации, повышается надёжность электроснабжения и устойчивость сетевой инфраструктуры. Системные реформы в отрасли дали ощутимый результат. В рамках программы предельных тарифов 2009-2015 годов было введено порядка 3 ГВт новых мощностей, а объём привлечённых инвестиций превысил 1 трлн тенге.

🔵В 2023 году стартовала обновлённая программа «Тариф в обмен на инвестиции», позволившая значительно снизить аварийность: за один отопительный сезон количество технологических нарушений сократилось на 27%, а случаев несоблюдения температурного режима - в 3,3 раза.

🔵Особое внимание уделяется теплоэнергетике. В стране работают 37 ТЭЦ, средний износ которых снижен с 64% до 61%. Девять станций переведены из красной зоны в жёлтую, ещё три - из жёлтой в зелёную. На ремонтную кампанию 2025 года предусмотрено почти 400 млрд тенге.

🔵Параллельно реализуется масштабная модернизация электрических сетей: построено свыше 2,4 тыс. км линий электропередачи, введены десятки подстанций, реализованы стратегически важные инфраструктурные проекты, включая транзит «Север – Восток – Юг» и усиление сетей западного региона. За последние годы реализовано 153 проекта на сумму 422 млрд тг.

🔵Казахстан приступил к реализации национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов. До 2029 года планируется обновить 1,6 тыс. км теплосетей и 79 тыс. км инженерных сетей, что позволит снизить износ теплосетей с 52% до 42%, а электросетей - с 74% до 45%.

🔵Стратегическое развитие отрасли закреплено Планом развития энергетики до 2035 года, который предусматривает ввод 26,3 ГВт новых мощностей и почти двукратное увеличение потенциала энергосистемы. Ведётся строительство и модернизация ключевых объектов: завершается возведение ТЭЦ в Кызылорде, строится парогазовая установка в Туркестанской области, аналогичные ПГУ планируются в Астане и Шымкенте. Реализуется проект по переводу Алматинских ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 на природный газ.

🔵Новые угольные электростанции будут возводиться с применением технологий «чистого угля» в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске, а также планируются проекты в Курчатове и на Экибастузской ГРЭС.

🔵Активно развивается возобновляемая энергетика: портфель проектов стратегических инвесторов оценивается в 5 ГВт, а до 2035 года планируется ввести более 8 ГВт ВИЭ, включая ветропарк мощностью 1 ГВт в Жамбылской области.

📌День энергетика - это праздник людей, которые ежедневно обеспечивают свет, тепло и стабильность в домах, на предприятиях и в социальной сфере страны. Их труд - надёжная опора экономики и уверенности Казахстана в завтрашнем дне.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
⚜️22 желтоқсан - Энергетиктер күні: мейрамның тарихы

✔️Энергетиктер күні - электр энергиясын және жылуды өндіру, беру және тарату саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн дәстүрлі түрде 22 желтоқсанда атап өтіледі, себебі 1920 жылы дәл осы күні электрификация жоспары бекітілген болатын. Бұл жоспар Қазақстанды қоса алғанда, тәуелсіздік алған посткеңестік мемлекеттер территориясында энергетиканың даму негізін қалады.

✔️Қазақстан Республикасында Энергетиктер күні 1998 жылы ресми мәртебеге ие болды және кәсіби мерекелер жүйесінде энергетиктердің еңбегін мойындау күні ретінде бекітілді. Олар - елдің тұрғындарына, өнеркәсібіне және әлеуметтік инфрақұрылымына сенімді энергетикалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін мамандар.

✔️Қазақстанда бұл мейрам бірнеше жыл бойы желтоқсанның үшінші жексенбісінде тойланған болатын. Алайда, 2025 жылы тарихи дәстүрге қайта оралу мақсатында 22 желтоқсан ресми мерекелік күн ретінде бекітілді.

📌Осылайша, 2025 жылы Қазақстанда Энергетиктер күні 22 желтоқсанда атап өтіледі, бұл саланың сабақтастығын және мемлекеттің тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын айқындайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
QR Energetıka mınıstrligi
⚜️22 желтоқсан - Энергетиктер күні: мейрамның тарихы ✔️Энергетиктер күні - электр энергиясын және жылуды өндіру, беру және тарату саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн дәстүрлі түрде 22 желтоқсанда атап өтіледі, себебі 1920 жылы дәл осы күні…
⚜️22 декабря - День энергетика: история праздника

✔️День энергетика - профессиональный праздник работников сферы производства, передачи и распределения электрической и тепловой энергии. Он традиционно отмечается 22 декабря - в день утверждения в 1920 году плана электрификации, который заложил основы развития энергетики на территории современных государств постсоветского пространства, включая Казахстан.

✔️В Республике Казахстан День энергетика получил официальный статус в 1998 году и закреплён в системе профессиональных праздников как день признания труда энергетиков - специалистов, обеспечивающих надёжное энергоснабжение населения, промышленности и социальной инфраструктуры страны.

✔️В течение ряда лет в Казахстане праздник отмечался в третье воскресенье декабря. Однако в 2025 году принято решение установить 22 декабря официальной датой празднования, вернувшись к исторически сложившейся традиции.

📌Таким образом, в 2025 году День энергетика в Казахстане отмечается 22 декабря, что подчёркивает преемственность отрасли и её стратегическое значение для устойчивого развития государства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🔹Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес Екібастұзда көшпелі отырыс өткізді

✔️Энергетиктер күнінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Жақып Хайрушевтің жетекшілігімен елдің электр энергетикасындағы маңызды нысандардың бірі — Екібастұз ГРЭС-1 базасында көшпелі отырыс өткізді.

✔️Қоғамдық кеңестің жұмысы «Богатырь» көмір разрезін бақылау алаңынан танысудан басталды. Разрез жылына шамамен 45 млн тонна көмір өндіреді және Екібастұз электр станциялары үшін отын жеткізу тізбегінің негізгі буыны болып табылады. Сапар барысында отын жеткізудің тұрақтылығы мен көмірдің баға параметрлері талқыланды.

✔️Екібастұз ГРЭС-1 аумағында Қоғамдық кеңес мүшелері негізгі жабдықтардың жай-күйімен және жаңа түтін мұржасының құрылысының барысымен танысты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық тәуекелдер және жүктеменің шекті кезеңдеріндегі станция жұмысының сенімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

✔️Отырыс аясында күн тәртібінің негізгі мәселелері қаралды, оның ішінде:

🔵электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалану, жөндеу және жобалау кезінде нормативтік-техникалық құжаттаманың жеткіліксіздігіне байланысты проблемалар, сондай-ақ анықталған қайшылықтар мен нақты емес тұжырымдарды ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау қажеттілігі;

🔵Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы;

🔵Электр энергиясының бірыңғай сатып алушысының қызметі, қолданыстағы жүйелік мәселелер және оны одан әрі дамыту бағыттары.

📌Баяндамалармен Энергетика министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық және жаңғырту бағдарламаларын іске асыру мәселелері Екібастұз ГРЭС-2 мен Екібастұз ЖЭО тарапынан жан-жақты таныстырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес Екібастұзда көшпелі отырыс өткізді ✔️Энергетиктер күнінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Жақып Хайрушевтің жетекшілігімен елдің электр энергетикасындағы маңызды нысандардың бірі…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔸Общественный совет при Минэнерго провел выездное заседание в Экибастузе

✔️В День энергетика Общественный совет при Министерстве энергетики Республики Казахстан под председательством Жакыпа Хайрушева провел выездное заседание на базе Экибастузской ГРЭС-1 — одном из ключевых объектов электроэнергетики страны.

✔️Работа Совета началась с осмотра угольного разреза «Богатырь» со смотровой площадки. Разрез обеспечивает добычу порядка 45 млн тонн угля в год и является базовым элементом топливной цепочки для экибастузских электростанций. В ходе посещения были обсуждены вопросы устойчивости поставок топлива, а также ценовые параметры угля.

✔️На Экибастузской ГРЭС-1 члены Общественного совета ознакомились с состоянием основного оборудования и ходом строительства новой дымовой трубы. Особое внимание было уделено вопросам промышленной безопасности, технических рисков и надежности работы станции в условиях пиковых нагрузок.

✔️В рамках заседания рассмотрены ключевые вопросы повестки дня, в том числе:

🔵проблемы, связанные с недостаточностью нормативно-технической документации при эксплуатации, ремонте и проектировании электрических станций, электрических и тепловых сетей, а также необходимость пересмотра действующих нормативных правовых актов с учетом выявленных противоречий и некорректных формулировок;

🔵ход реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» в пределах компетенции Министерства энергетики;

🔵деятельность Единого закупщика электроэнергии, существующие системные проблемы и возможные направления дальнейшего развития.

📌С докладами выступили представители Министерства энергетики и РФЦ. Вопросы подготовки к осенне-зимнему периоду и реализации программ модернизации были подробно представлены Экибастузской ГРЭС-2 и Экибастузской ТЭЦ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🔹Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банк жылу және электрмен қамтамасыз ету кәсіпорындарын бағалауда

✔️Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

✔️Биылғы қараша айында жылу және электрмен жабдықтау саласындағы жобалар мен 12 коммуналдық кәсіпорынның «пулы» бекітілді.

✔️Сонымен қатар, PforR (program-for-Results) бағдарламасы аясында желтоқсанда 5 коммуналдық кәсіпорын қамтылды:
- «Каспий жылу, су арнасы»;
- «Астана АЭК»;
- «Астана Теплотранзит»;
- «Алатау Жарық Компаниясы»;
- «Алматы жылу желілері».

✔️Бірінші кезеңде техникалық-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізілді және желілердің тозу деңгейін төмендету үшін алдын ала жұмыс көлемі анықталды.

📌Жалпы, 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ әрбір кәсіпорын бойынша қорытынды есеп дайындайды, әрі қарай практикалық іске асыру үшін негізгі бағыттар айқындалатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банк жылу және электрмен қамтамасыз ету кәсіпорындарын бағалауда ✔️Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске…
🔸Минэнерго и Всемирный банк проводят оценку предприятий тепло и электроснабжения

✔️Министерство энергетики РК совместно со Всемирным банком ведёт активную работу по реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». В рамках программы Program-for-Results (PforR) начата оценка состояния и перспектив развития ключевых коммунальных предприятий в сфере тепло- и электроснабжения.

✔️В ноябре 2025 года был утвержден пул из 12 коммунальных предприятий, которые вошли в программу модернизации. В декабре проведена оценка пяти из них:
- ГКП «Каспий жылу, су арнасы» (г. Актау);
- АО «Астана региональная электросетевая компания»;
- АО «Астана Теплотранзит»;
- АО «Алатау Жарык Компаниясы»;
- ТОО «Алматинские тепловые сети».

✔️На первом этапе уже проведен анализ технико-экономических показатели и определен предварительный объемы работ для снижения уровня изношенности сетей.

📌В целом, до конца февраля 2026 года Министерство энергетики и международные эксперты Всемирного банка, АО «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства» подготовят итоговый отчет по каждому предприятию, и буду определены ключевые направления для последующей практической реализации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3