QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.66K subscribers
6.95K photos
705 videos
2 files
2.44K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
⚜️Энергетика министрі сарапшылармен Отын-энергетика кешенін дамыту стратегиясын және нарықтағы реформаларды талқылады

✔️Астана, 2026 жылғы 5 ақпан - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Аккенженов саланың жетекші сарапшылары мен аналитиктерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы аясында отын-энергетика кешенін (ТЭК) реформалау мәселелері қаралды.

✔️Тараптар конституциялық өзгерістерді ескере отырып, энергетикалық саясатты іске асырудың нақты тетіктерін талқылап, саланы дамытуға қатысты ұстанымдарын пысықтады.

✔️Ерлан Ақкенженов жаңа Конституция жобасын энергетика саласын дамытудың негізгі бағыт-бағдары ретінде атады. Оның айтуынша, жер қойнауын халықтың игілігі ретінде бекіту мемлекеттік басқарудың жаңа стандарттарын енгізуді талап етеді. Осы мақсаттағы негізгі құрал – жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша ашық электрондық аукциондар өткізу. Бұл тетік ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, мемлекет үшін тиімділікті арттырады. «Заң және Тәртіп» қағидаты ұзақмерзімді келісімшарттар мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамьамасыз етеді.

✔️Технологиялық даму бағытында министрлік өндірісті міндетті цифрландыруға және ғылымның рөлін күшейтуге басымдық беріп отыр. Ведомство басшысы инновациялар жер қойнауын пайдаланушылар үшін құқықтық талапқа айналатынын атап өтті. Бұл қолданыстағы және жаңа мұнай кен орындарында өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

✔️Кездесу барысында саланың қолданбалы мәселелері талқыланып, минералдық-шикізат базасының жай-күйі де қаралды. Министрлік геологиялық барлау қарқынын бірнеше есе арттыруды және елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жаңа табиғи газ кен орындарын игеруді көздеп отыр. Осы ретте жер қойнауын пайдалану саласындағы аукциондар учаскелерді бөлудің ашық тетігі ретінде қарастырылды.

✔️Инвестициялық ахуалды талқылау барысында тарифтік саясат та назардан тыс қалмады. Министрліктің ұстанымы — әділ баға қалыптастыру арқылы жаңа қуаттарды іске қосуға жағдай жасау. Сонымен қатар, басқосуда парниктік газдар шығарындыларын азайту және саланы әртараптандыру тетігі ретінде көмір химиясын дамыту жайы қозғалды. Ведомство басшысы жаңа технологияларды енгізу арқылы қолданыстағы мұнай кен орындарында өндіру көлемін арттыру қажеттігін атап өтті.

✔️Мұнай өнімдері нарығын талқылау барысында сарапшылар отандық мұнай өңдеу зауыттарының экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

📌Кездесу соңында Ерлан Ақкенженов сарапшылармен тұрақты өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді. Министр жүйелі әрі кәсіби диалог энергетикалық қауіпсіздік пен ел экономикасының орнықты дамуы үшін салмақты шешімдер қабылдауда қажет екендігін атап өтті. Сарапшылар пікіріне құлақ асу мемлекеттік саясатты қалыптастыруда тұрақты құралға айналады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1😁1🤡1🥴1
QR Energetıka mınıstrligi
Photo
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Министр энергетики обсудил с экспертами стратегию развития ТЭК и реформу топливного рынка

✔️Астана, 5 февраля 2026 - Министр энергетики Ерлан Аккенженов провел встречу с ведущими аналитиками и экспертами отрасли. Стороны сверили позиции по реформированию ТЭК через призму конституционных изменений и обсудили конкретные механизмы реализации энергетической политики.

✔️Ерлан Аккенженов назвал проект новой Конституции главным вектором развития отрасли. Министр пояснил: закрепление статуса недр как достояния народа требует внедрения принципиально иных стандартов госуправления. Ключевым инструментом здесь становится проведение прозрачных электронных аукционов на право недропользования. Это гарантирует равный доступ к ресурсам и максимальную выгоду для государства. Принцип «Закон и Порядок» обеспечивает юридическую защиту долгосрочных контрактов и защиту прав инвесторов.

✔️В части технологического развития министерство делает ставку на обязательную цифровизацию производств и усиление роли науки. Глава ведомства подчеркнул: инновации становятся правовым требованием для недропользователей, что позволит повысить эффективность добычи на действующих и новых месторождениях нефти.

✔️Продолжением диалога стал разбор прикладных вопросов отрасли. Участники встречи обсудили состояние минерально-сырьевой базы. Ведомство ставит задачу по кратному увеличению темпов геологоразведки и освоению новых месторождений природного газа для полного покрытия внутренних потребностей страны. В этом контексте стороны затронули вопросы проведения аукционов в сфере недропользования как прозрачного механизма распределения участков.

✔️В ходе обсуждения инвестиционного климата были подняты вопросы тарифной политики. Позиция министерства заключается в создании условий для ввода новых мощностей через справедливое ценообразование. Одновременно с этим участники затронули темы снижения выбросов парниковых газов и развития углехимии как способа диверсификации отрасли. Глава ведомства также отметил необходимость наращивания добычи на действующих нефтяных месторождениях за счет внедрения новых технологий.

✔️В части обсуждения рынка нефтепродуктов эксперты затронули вопросы обеспечения экономической устойчивости отечественных НПЗ.

📌В завершение Ерлан Аккенженов выразил готовность к регулярному взаимодействию с экспертным сообществом. Министр подчеркнул, что системный профессиональный диалог необходим для выработки взвешенных решений в интересах энергетической безопасности и устойчивого развития экономики Казахстана. Консолидация экспертных мнений станет постоянным элементом формирования государственной политики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
🇰🇿🇬🇧Энергетика министрі мен Ұлыбритания елшісі «ақылды желілер» мен сутегі жобаларын дамыту жоспарын талқылады

▪️Астана, 2026 жылғы 5 ақпан — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксвортимен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және энергетика секторын экологиялық тұрғыдан тұрақты дамыту мәселелері талқыланды.

▪️Министр ведомствоның ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізіп, алдағы уақытта дәстүрлі өндіру модельдерінен инновациялық шешімдерді енгізуге көшу қажеттігін айтты. Тараптар сутегі энергетикасын дамыту, «ақылды желілерді» (Smart Grids) енгізу және өндірістік нысандардың энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне баса назар аударды.

«Қазақстан Лондонмен серіктестікті кеңейтуге дайын, біздің қызығушылығымыз шикізат өндіруден бастап, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыруға дейінгі барлық бағытты қамтиды. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы терең технологиялық тәжірибе алмасудың негізін қалайды», — деді Ерлан Ақкенженов.

▪️Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемелерді (Global Methane Pledge) талқылады. Қазақстан мұнай-газ және көмір өнеркәсібінде зиянды газдарды азайтуда жүйелі жұмыс істеп, халықаралық сараптамалар мен жабдықтарды жаңартуға инвестиция тартады.

▪️Басқосуда министр британдық тарапты елдің электр энергетикасын дамыту жоспарларымен таныстырды. 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15%-ға жетеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, көмір саласында «таза көмір» принциптері енгізіліп, зиянды шығарындыларды азайтуға күш салынуда.

▪️Сөз соңында Ерлан Ақкенженов британдық тараппен тұрақты пікір алмасуға дайын екенін білдірді. Министр жүйелі диалог бірлескен жобаларды тиімді іске асыруға және екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімді екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM