ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы ▪️Қазақстандағы Машина жасаушы күні: салада локализациялау, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті дамыту ісі күшейтілуде ▪️ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкіметте әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының сапасын…
📌Дайджест Министерства промышленности и строительства РК за неделю

▪️ День машиностроителя в Казахстане: отрасль наращивает производство, локализацию и внедрение новых технологий

▪️Министр промышленности и строительства РК доложил в Правительстве о мерах по обеспечению качества строительства социальной инфраструктуры

▪️Ерсайын Нагаспаев провел прием граждан по личным вопросам

▪️Олжас Сапарбеков провел встречу с польской делегацией

▪️Дархан Мырзабаев встретился с жителями и представителями бизнес-сообщества Костанайской области

▪️Казахстан передал Беларуси председательство в Межправсовете по разведке, использованию и охране недр СНГ

▪️Утверждены правила маркировки товаров легкой промышленности

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 Қазақстан мен Германия Өнеркәсіп, технология және шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында Берлин қаласында екі елдің іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтті.

⚡️ Форумның панельдік сессиясының ашылуы барысында Ерсайын Нағаспаев екіжақты өзара іс-қимылдың, оның ішінде өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. 2005 жылдан бері Германияның ҚР экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі $8 млрд-тан асты, оның шамамен 90%-ы өңдеу өнеркәсібі секторына бағытталған. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 1100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бірлескен инвестициялық портфельге жалпы құны $54,2 млрд болатын 44 инвестициялық жоба кіреді. Олардың қатарында CLAAS, Linde, Siemens, Heidelberg Materials, Knauf және басқа да компаниялардың өндірістері бар.

💬
«Қазақстан неміс бизнесімен тығыз әрі сенімді серіктестік орнатуға ашық. Озық технологияларымызды, инвестицияларымыз бен ресурстарымызды біріктіре отырып, елдеріміздің экономикаларының игілігі үшін сенімді әрі орнықты өнеркәсіптік кооперация құра аламыз. Ортақ саяси ерік-жігер мен сындарлы диалогтың арқасында екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нақты мазмұнмен байыта түсетінімізге сенімдімін»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

✔️ Форум алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ГФР Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті. Тараптар минералдық-шикізат базасын игеру, технологиялар трансфері және терең өңдеуді дамыту сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестікті тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған Өнеркәсіп, технология және шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойылды.

🚆 Сондай-ақ министрлік WILO Central Asia компаниясымен сорғы жүйелерін локализациялауды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Deutsche Bahn AG компаниясымен бірлесіп теміржол машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
🇰🇿🇩🇪 Казахстан и Германия подписали Дорожную карту по развитию промышленного, технологического и сырьевого сотрудничества 
 
В рамках официального визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Федеративную Республику Германия в городе Берлин состоялся Казахстанско-Германский бизнес-форум с участием деловых кругов двух стран.

⚡️ В ходе открытия панельной сессии форума Ерсайын Нагаспаев сделал акцент на ключевых направлениях двустороннего взаимодействия, в том числе промышленного и инвестиционного сотрудничества.  С 2005 года объем прямых инвестиций Германии в экономику РК превысил $8 млрд, из них около 90% — в обрабатывающий сектор.  В стране работают более 1100 предприятий с германским капиталом. Совместный пул включает 44 инвестпроекта на $54,2 млрд. Среди них производства компаний CLAAS, Linde, Siemens, Heidelberg Materials, Knauf и др.

💬
«Казахстан открыт для тесного и доверительного партнерства с германским бизнесом. Объединив наши передовые технологии, инвестиции и ресурсы, мы способны выстроить надежную и устойчивую промышленную кооперацию на благо экономик наших стран. Уверен, что благодаря общей политической воле и конструктивному диалогу мы наполним двустороннее стратегическое партнерство еще более весомым практическим содержанием»,

– подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

✔️ На полях форума министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провел встречу с  Федеральным  министром экономики и энергетики ФРГ Катериной Райхе. Стороны обсудили широкий спектр вопросов, включая освоение минерально-сырьевой базы, трансфер технологий и развитие глубокой переработки.

🤝 По итогам переговоров подписана Дорожная карта по развитию промышленного, технологического и сырьевого сотрудничества на 2026–2028 годы между Республикой Казахстан и Федеративной Республикой Германия, направленная на углубление партнерства и реализацию совместных проектов.

🚆 Также Министерством подписан Меморандум о взаимопонимании с  WILO Central Asia, предусматривающий локализацию насосных систем. Совместно с Deutsche Bahn AG подписано Соглашение о сотрудничестве в сфере железнодорожного машиностроения. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 425 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды
 
Қазақстанда өнеркәсіп саласы кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету ісі жалғасуда. Олардың жұмсалған шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі өтеледі. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша QazIndustry отандық бизнеске 425,3 млн теңгеден астам қаржы бөлді.
 
Қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 416,1 млн теңгеден астамы еңбек өнімділігін арттыру көзделген бірінші бағыт бойынша берілді. Нақтылай айтқанда, аталған қаржы компанияларға технологиялық жабдықтарды сатып алуға, қызметкерлерді оқытуға, жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және цифрлық шешімдерді енгізуге жұмсаған шығындарын өтеу үшін төленді.
 
Мұндай қолдауды машина жасау, металлургия, жеңіл, химия, ағаш өңдеу және фармацевтика өнеркәсібі, АӨК, құрылыс материалдарын, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар алды. Өтінімдердің басым бөлігі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарындағы кәсіпорындардан келіп түсті.
 
Тағы шамамен 9,1 млн теңге екінші бағыт бойынша – өнімдерді ішкі нарықта ілгерілетуге жұмсалған шығындарды өтеуге жұмсалды. Дәлірегі, көрсетілген қаржы кәсіпорындардың зертханалық сынақтар жүргізу, халықаралық сертификаттаудан өту, тауарларды (мұның ішінде аяқ киім де бар) таңбалауға арналған жабдықтарды сатып алу үшін кеткен шығындары үшін берілді.
 
↗️ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндірісті және ынталандыру шараларын күшейте түсті. Мәселен, өткен жылы отандық компаниялар ел ішінде басым тауарларды теміржол арқылы жеткізу үшін жұмсаған шығындарының жартысына өтемақы алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар оларға халықаралық сертификаттаудан өту барысында кеткен шығынына қатысты берілетін өтемақы мөлшері 5 есеге өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1🥰1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 425 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды   Қазақстанда өнеркәсіп саласы кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету ісі жалғасуда. Олардың жұмсалған шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі өтеледі. Осы жылдың 9 айының қорытындысы…
📌 Свыше 425 млн теңге направлено на возмещение затрат предприятиям
 
Промышленным предприятиям в Казахстане продолжают оказывать государственную поддержку, возмещая им от 40% до 50% понесенных расходов. По итогам 9 месяцев текущего года QazIndustry выплатил отечественному бизнесу свыше 425,3 млн теңге

Основная часть средств, или более 416,1 млн теңге, пришлась на первое направление, связанное с ростом производительности труда. Компаниям компенсировали расходы на покупку технологического оборудования, обучение сотрудников, оптимизацию процессов и внедрение цифровых решений.

Такую поддержку получили предприятия машиностроения, металлургии, легкой, химической, деревообрабатывающей и фармацевтической промышленности, АПК, по производству стройматериалов, пластмассовых и резиновых изделий. Больше всего заявок поступило от предприятий Астаны, Алматы и Шымкента, а также Карагандинской, Павлодарской, Западно-Казахстанской и Туркестанской областей.

Еще порядка 9,1 млн теңге направили по второму направлению — возмещение затрат по продвижению продукции на внутреннем рынке. Речь идет о лабораторных испытаниях, международной сертификации, покупке оборудования для обязательной маркировки товаров, в том числе для обувной отрасли.

↗️ Министерство промышленности и строительства РК усилило меры поддержки и стимулирования производства. Так, в прошлом году отечественные компании получили возможность возмещать половину трат на железнодорожную доставку приоритетных товаров внутри страны. Кроме того, в 5 раз вырос размер компенсации за прохождение международной сертификации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1🔥1
⚡️ Қазақстан мен OXUS геология саласын цифрландыру және ЖИ қолдану туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және сингапурлық OXUS METALS AI PTE. LTD. компаниясы геологиялық ақпаратты цифрландыру және жер қойнауын геологиялық зерттеу кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

✍ Меморандумға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев және OXUS METALS AI PTE. LTD. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дэвид Чжэнь Инь қол қойды.

🌫 Құжат Қазақстанның геология саласына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Негізгі бағыттар геологиялық деректерді өңдеу және интерпретациялау, кернді цифрландыру, жинақталған геологиялық материалдарды машинада оқылатын форматқа көшіру, сондай-ақ геологияда жасанды интеллектті қолдану саласындағы отандық құзыреттерді дамытуды қамтиды.

💻 Атап айтқанда, тараптар тарихи және қазіргі геологиялық, геофизикалық және геохимиялық деректерді өңдеу үшін жасанды интеллектті қолдану жөніндегі пилоттық жобаны пысықтауды жоспарлап отыр. Заманауи деректерді талдау құралдарын пайдалану ауқымды ақпарат массивтерін құрылымдауға, кейіннен геологиялық тексеру жүргізу үшін перспективалы учаскелерді анықтауға және саралауға, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау кезінде шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастықтың жеке бағыты керн материалын цифрландыруды көздейді. Пилоттық жоба шеңберінде кернді фото және мультисенсорлық түсіру, құрылымдалған цифрлық деректер базасын қалыптастыру және оны геологиялық есептілікпен және Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен интеграциялық байланыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тараптар графикалық геологиялық материалдарды — карталарды, қималарды, схемалар мен кестелерді — геоақпараттық жүйелер форматындағы құрылымдалған машинада оқылатын деректерге түрлендіруге арналған мамандандырылған модуль құруды пысықтауды жоспарлап отыр. Шешім Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен үйлесімді болып, геологиялық ақпаратты цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толықтыруға тиіс.

🤝 Ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі ұлттық құзыреттерді дамыту болмақ. Қазақстандық мамандарды геологиялық деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеуге оқыту, тиісті құзыреттерді беру, сондай-ақ Қазақстанда OXUS жергілікті командасын дамыту көзделген.

Бірлескен бастамаларды іске асыру кезінде геологиялық ақпаратты қорғауға ерекше назар аударылады. Пилоттық жобалар шеңберінде деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының аумағында ғана, заңнама мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, келісілген қорғалған контурда жүзеге асырылатын болады.

Келесі кезең қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыруға көшу болмақ. Меморандумға қол қойылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тараптар бірлескен жұмыс тобын құрып, үйлестірушілерді айқындауды жоспарлап отыр. 30 күнтізбелік күн ішінде нақты объектілерді, деректер жиынтығын, қатысушыларды, күтілетін нәтижелер мен іске асыру мерзімдерін айқындайтын егжей-тегжейлі Жол картасын әзірлеу жоспарланған.

✔️ Ынтымақтастық геология саласының цифрлық трансформациясын жеделдетуге, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға, заманауи геологиялық деректер базасын қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Қазақстан мен OXUS геология саласын цифрландыру және ЖИ қолдану туралы меморандумға қол қойды Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және сингапурлық OXUS…
⚡️ Казахстан и OXUS подписали меморандум о цифровизации геологии и применении ИИ

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан, Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан и сингапурская компания OXUS METALS AI PTE. LTD. подписали Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве в области цифровизации геологической информации и применения технологий искусственного интеллекта при геологическом изучении недр.

✍ Меморандум подписали вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Дархан Мырзабаев, вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Бахтияр Мухаметкалиев и основатель и главный исполнительный директор OXUS METALS AI PTE. LTD. Дэвид Чжэнь Инь.

🌫 Документ предусматривает развитие сотрудничества по внедрению современных цифровых решений и технологий искусственного интеллекта в геологическую отрасль Казахстана. Основными направлениями станут обработка и интерпретация геологических данных, цифровизация керна, перевод накопленных геологических материалов в машиночитаемый формат, а также развитие отечественных компетенций в области применения искусственного интеллекта в геологии.

💻 В частности, стороны намерены проработать пилотный проект по применению искусственного интеллекта для обработки исторических и современных геологических, геофизических и геохимических данных. Использование современных инструментов анализа позволит структурировать значительные массивы информации, выявлять и ранжировать перспективные участки для последующей геологической проверки и повышать эффективность принятия решений при планировании геологоразведочных работ.

Отдельное направление сотрудничества предусматривает цифровизацию кернового материала. В рамках пилотного проекта планируется проведение фото- и мультисенсорной съемки керна, формирование структурированной цифровой базы данных и ее интеграционная увязка с геологической отчетностью и Единой платформой недропользования.

Кроме того, стороны намерены проработать создание специализированного модуля для перевода графических геологических материалов — карт, разрезов, схем и таблиц — в структурированные машиночитаемые данные в форматах геоинформационных систем. Решение должно быть совместимо с Единой платформой недропользования и дополнить проводимую работу по цифровизации геологической информации.

🤝 Важной составляющей сотрудничества станет развитие национальных компетенций. Предусматриваются обучение казахстанских специалистов работе с современными инструментами обработки и интерпретации геологических данных, передача соответствующих компетенций, а также развитие локальной команды OXUS в Казахстане.

Особое внимание при реализации совместных инициатив будет уделено защите геологической информации. Обработка данных в рамках пилотных проектов предусматривается исключительно на территории Республики Казахстан в согласованном защищенном контуре с соблюдением требований законодательства и информационной безопасности.

Следующим этапом станет переход к практической реализации достигнутых договоренностей. В течение 15 рабочих дней с даты подписания Меморандума стороны намерены сформировать совместную рабочую группу и определить координаторов. В течение 30 календарных дней планируется подготовить детализированную Дорожную карту с определением конкретных объектов, наборов данных, участников, ожидаемых результатов и сроков реализации.

✔️ Сотрудничество направлено на ускорение цифровой трансформации геологической отрасли, повышение эффективности геологоразведочных работ, формирование современной базы геологических данных и внедрение технологий искусственного интеллекта в процессы изучения недр Республики Казахстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Оралда тұрғын үй құрылысы және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды
 
Орал қаласында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкеновтың Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй қорын жаңарту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ құрылыс саласындағы өзгерістер талқыланды. Вице-министр азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуына қолжетімді мүмкіндіктер ұсыну мемлекет үшін негізгі әлеуметтік басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
 
✔️ 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 642,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2026 жылы өңірге 645 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылды. Бұл шамамен 5,3 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың сегіз айында 332,9 мың шаршы метр немесе 2 687 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік қолдау аясында 543 жалға берілетін және 529 кредиттік тұрғын үй сатып алынды. 465 азамат 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотекалық қарыз алды, тағы 326 қарыз «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары бойынша берілді. Тұрғын үй қорын жаңартуға да ерекше назар аударылды. Облыста 2 533 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 334-і авариялық және тозығы жеткен үйлер санатына жатады, ал 1 581 үйде күрделі жөндеу жүргізу қажет. Орал қаласында 1 815 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 61 авариялық және 216 тозығы жеткен үй бар. 2029 жылға дейін 20 авариялық үйді бұзу жоспарланған. Тозығы жеткен және авариялық тұрғын үйді жаңарту үшін реновация тетігі де қолданылады. Ол меншік иесіне ауданы бойынша тең жаңа тұрғын үй беруді немесе тұрғын үйдің нарықтық құны бойынша өтемақы алуды көздейді.
 
⚡️ Кездесу барысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері де қаралды. 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында 146,2 км сумен жабдықтау желісі реконструкцияланды. Коммуналдық инфрақұрылымды одан әрі жаңарту «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалғасады. Сонымен қатар Орал қаласының кәріздік тазарту құрылыстарының жай-күйі талқыланды. Нысанның тозу деңгейі 88%-дан асады. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі тарапынан нысанды реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2026 жылдың IV тоқсанында алу жоспарланған.
 
▶️ Сондай-ақ вице-министр жаңа Құрылыс кодексін іске асыру барысы туралы айтып берді. Жаңа тәсілдер құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қала құрылысы жоспарлауын жетілдіруге, цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды енгізуге, сондай-ақ құрылыс саласындағы процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
 
ℹ️ Кездесу соңында Қуандық Кажкенов өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Негізгі өтініштер тұрғын үй жағдайына, көппәтерлі үйлердің жай-күйіне және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға қатысты болды. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Оралда тұрғын үй құрылысы және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды   Орал қаласында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкеновтың Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында…
📌 В Уральске обсудили вопросы жилищного строительства и модернизации коммунальной инфраструктуры
 
В Уральске состоялась встреча вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Куандыка Кажкенова с жителями Западно-Казахстанской области. В ходе встречи обсуждены вопросы жилищного строительства, обновления жилищного фонда, модернизации коммунальной инфраструктуры, а также изменения в строительной отрасли. Вице-министр отметил, что обеспечение граждан доступными инструментами для улучшения жилищных условий остается одним из ключевых социальных приоритетов государства.
 
✔️ По итогам 2025 года в области введено 642,4 тыс. кв. метров жилья. В 2026 году перед регионом поставлена задача обеспечить ввод 645 тыс. кв. метров, что позволит улучшить жилищные условия порядка 5,3 тыс. семей. За восемь месяцев текущего года введено 332,9 тыс. кв. метров, или 2 687 квартир. В рамках государственной поддержки приобретено 543 квартиры арендного и 529 квартир кредитного жилья. 465 граждан получили льготные ипотечные займы по ставкам 2% и 5%, еще 326 займов выдано по программам «Наурыз» и «Наурыз-Жұмыскер». Отдельное внимание уделено обновлению жилищного фонда. В области насчитывается 2 533 МЖД, из которых 334 являются аварийными и ветхими, а в 1 581 доме требуется капитальный ремонт. В Уральске расположено 1 815 многоквартирных домов, в том числе 61 аварийный и 216 ветхих. До 2029 года предусмотрен снос 20 аварийных домов. Для обновления ветхого и аварийного жилья также применяется механизм реновации, предусматривающий предоставление собственнику нового жилья равнозначной площади либо компенсации по рыночной стоимости.
 
⚡️ В ходе встречи рассмотрены вопросы модернизации коммунальной инфраструктуры. В 2025 году в Западно-Казахстанской области реконструировано 146,2 км сетей водоснабжения. Дальнейшее обновление коммунальной инфраструктуры будет продолжено в рамках национального проекта МЭКС. Отдельно обсуждалось состояние канализационно-очистных сооружений Уральска, износ которых превышает 88%. В настоящее время акиматом области реализуются мероприятия по реконструкции объекта, получение заключения государственной экспертизы планируется в IV квартале 2026 года.
 
▶️ Также вице-министр рассказал о реализации нового Строительного кодекса. Новые подходы направлены на повышение качества и безопасности строительства, совершенствование градостроительного планирования, внедрение цифровых решений и современных технологий, а также повышение прозрачности процессов в строительной сфере.
 
ℹ️ В завершение встречи Куандык Кажкенов ответил на вопросы жителей региона. Основные обращения касались жилищных условий, состояния многоквартирных домов и развития коммунальной инфраструктуры. Кроме того, состоялся личный прием граждан, в ходе которого жителям были даны соответствующие разъяснения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌃 Орал қаласында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына аралау жүргізілді
 
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына аралау жүргізілді. Аралау жұмыстарына қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесов, жергілікті атқарушы органдардың және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
▶️ Аралау барысында С. Камалов, Тәуелсіздік және А. Черекаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер қаралды. Нысандардың қазіргі жай-күйі, құрылыс жұмыстарының барысы, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және әр нысан бойынша жағдайды одан әрі реттеуге қатысты мәселелер талқыланды.
 
▪️ С. Камалов және Тәуелсіздік көшелеріндегі нысандар бойынша қажетті рәсімдерді аяқтау және үлескерлердің қатысуымен жағдайды одан әрі шешу мәселелеріне баса назар аударылды.
 
▪️ А. Черекаев көшесіндегі тұрғын үйге қатысты жағдай да жеке қаралды. Нысан құрылыстың бастапқы кезеңінде тұр. Қазіргі уақытта құрылысты аяқтаудың одан арғы тетігін айқындау үшін қажетті құқықтық және қаржылық мәселелер пысықталуда.
 
✔️ Аралау қорытындысы бойынша Р. Лепесов әрбір проблемалық нысан бойынша оның құқықтық мәртебесі мен қазіргі жағдайын ескере отырып, жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Негізгі басымдық — үлескерлердің құқықтарын қорғау және нысандар бойынша мәселелерді одан әрі реттеу үшін қажетті шараларды қабылдау.
 
ℹ️ Өңір тұрғындарымен кездесуде вице-министр атап өткендей, үлестік құрылысқа қатысушы азаматтардың құқықтарын қорғау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Елде нарықтың ашықтығын арттыруға және үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға жол бермеуге бағытталған шаралар іске асырылуда. Тұрғын үй порталы eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшаларымен интеграцияланған. Сондай-ақ азаматтар ақпарат пен консультация ала алатын үлескерлерді қолдаудың iBOTA онлайн-орталығы жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🌃 Орал қаласында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына аралау жүргізілді   Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарына аралау жүргізілді. Аралау жұмыстарына қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық…
🌃 В Уральске проведён объезд проблемных объектов долевого строительства
 
В рамках рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область состоялся объезд проблемных объектов долевого строительства в городе Уральске. В выезде приняли участие директор департамента градостроительной и жилищно-коммунальной политики Руслан Лепесов, представители местных исполнительных органов и профильных организаций.
 
▶️ В ходе объезда осмотрены жилые дома по улицам С. Камалова, Тәуелсіздік и А. Черекаева. На местах рассмотрено текущее состояние объектов, ход работ, а также вопросы, связанные с защитой прав граждан и дальнейшим урегулированием ситуации по каждому из объектов.
 
▪️ По объектам на улицах С. Камалова и Тәуелсіздік основное внимание уделено вопросам завершения необходимых процедур и дальнейшего решения ситуации с участием дольщиков.
 
▪️ Отдельно рассмотрена ситуация по жилому дому на улице А. Черекаева. Объект находится на начальной стадии строительства. В настоящее время прорабатываются правовые и финансовые вопросы, необходимые для определения дальнейшего механизма завершения строительства.
 
✔️ По итогам объезда Р.Лепесовым отмечена необходимость продолжения системной работы по каждому проблемному объекту с учётом его правового статуса и текущей ситуации. Основной приоритет — защита прав дольщиков и принятие необходимых мер для дальнейшего урегулирования вопросов по объектам.
 
ℹ️ Как отметил вице-министр на встрече с населением региона важным направлением остается защита прав граждан, участвующих в долевом строительстве. В стране реализуются меры по повышению прозрачности рынка и предотвращению незаконного привлечения средств дольщиков. Жилищный портал интегрирован с eGov Mobile и мобильными приложениями банков, также работает онлайн-Центр поддержки дольщиков iBOTA, где граждане могут получить информацию и консультации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

🗓 Құжаттар 2026 жылдың 2 – 8 қазан (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

👥 Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 6 адам – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің 8-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыс тобының отырыстарына қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылардың тізімі қалыптастырылады.

Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген тұлға Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің 11-тармағына сәйкес өтініш бере алады.

✉️ Құжаттар a.bektanov@mps.gov.kz, электрондық поштасына жіберіледі немесе қолма қол жұмыс уақытында ұсынылады.

📍 Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты.

📞 Анықтама телефоны: 8 7172 98 32 35, 8 7172 98 32 01
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📣 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және…
📣 ОБЪЯВЛЕНИЕ О ПРОВЕДЕНИИ КОНКУРСА ПО ОТБОРУ ЧЛЕНОВ РАБОЧЕЙ ГРУППЫ И СПИСКА НАБЛЮДАТЕЛЕЙ ДЛЯ ФОРМИРОВАНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА МИНИСТЕРСТВА ПРОМЫШЛЕННОСТИ И СТРОИТЕЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан объявляет о проведении конкурса по отбору членов Рабочей группы по формированию нового состава Общественного совета Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан (в соответствии с Законом РК «Об общественных советах» от 2 ноября 2015 года и Типовым положением об Общественном совете от 28 марта 2025 года № 112-НҚ).

Конкурс проводится среди граждан и представителей некоммерческих организаций Республики Казахстан.

🗓 Документы принимаются в течение 2– 8 октября (включительно) 2026 года.

👥 Количественный состав рабочей группы 9 человек, 6 – представители некоммерческих организаций, граждане Республики Казахстан.

Для участия в конкурсе представляются документы, предусмотренные п.8 Типового положения об Общественных советах, утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 28 марта 2025 года № 112-НҚ.

Член рабочей группы по формированию Общественного совета не допускается к конкурсу для избрания в члены Общественного совета.

Кроме того, ведется формирование списка наблюдателей без права голоса, являющиеся гражданами Республики Казахстан, представителями неправительственных организаций, средств массовой информации, государственных органов, международных организаций.

Для присутствия на заседании Рабочей группы в качестве наблюдателя лицо, изъявившее желание быть наблюдателем, предоставляет заявление, предусмотренный п.11 Типового положения об Общественных советах .

✉️ Документы направляются на электронную почту a.bektanov@mps.gov.kz либо нарочно в рабочее время.

📍 Контактные данные: Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан по адресу: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район Есиль, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр».

📞 Телефон для справки: 8 7172 98 32 35, 8 7172 98 32 01
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов ТМҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуіне қатысты

Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Р. Исақұлов қатысты.

❔ Кездесу барысында ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары, оның ішінде өндірістік кооперация, бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе және технологиялар алмасу мәселелері талқыланды.

➖

📌 Вице-министр промышленности и строительства РК Рахымжан Исакулов принял участие во второй встрече глав оборонных ведомств ОТГ

В городе Баку состоялась вторая встреча глав оборонных ведомств Организации тюркских государств (ОТГ), в которой принял участие вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Р. Исакулов.

❔ В ходе встречи обсуждены перспективы развития сотрудничества государств – членов ОТГ в сфере оборонной промышленности, включая производственную кооперацию, реализацию совместных проектов, обмен опытом и технологиями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

▪️ Қазақстан мен Германия Өнеркәсіп, технология және шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды

▪️ Рахымжан Исақұлов ТМҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуіне қатысты

▪️ Кәсіпорындардың шығындарын өтеуге 425 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды

▪️ Қазақстан мен OXUS геологиялық барлау бойынша жасанды интеллектін қолдану ісін дамытады

▪️ Халықаралық конференцияда ҚР ғалымдары аса маңызды минералды ресурстар саласындағы зерттеу жұмыстарын таныстырды

▪️ Көкшетауда МИБ пен ПИК қызметіне қатысты нақты тетіктер талқыланды

▪️ Қазақстанның жас ғалымдары ферротитанды алудың жаңа технологияларын әзірлеуде

▪️ Оралда тұрғын үй құрылысын және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды.

▪️ Үлестік құрылыс бойынша түйткілді нысандардың жай-күйі тексерілді

▪️ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыбы бойынша семинар өтті

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

✨ Біздің әлеуметтік желілер:
AITU • Instagram • Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы ▪️ Қазақстан мен Германия Өнеркәсіп, технология және шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды ▪️ Рахымжан Исақұлов ТМҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының екінші кездесуіне қатысты…
📌 Дайджест Министерства промышленности и строительства РК

▪️ Казахстан и Германия подписали Дорожную карту по развитию промышленного, технологического и сырьевого сотрудничества

▪️ Рахымжан Исакулов принял участие во второй встрече глав оборонных ведомств ОТГ

▪️ Свыше 425 млн теңге направлено на возмещение затрат предприятиям

▪️ Казахстан и OXUS будут развивать применение искусственного интеллекта в геологоразведке

▪️ На международной конференции ученые РК представили исследования в области критически важных минеральных ресурсов

▪️ В Кокшетау обсудили практические решения для ОСИ и КСК

▪️ Молодые ученые Казахстана разрабатывают новые технологии получения ферротитана

▪️ Вопросы жилищного строительства и модернизации коммунальной инфраструктуры обсудили в Уральске.

▪️ Проведен объезд проблемных объектов долевого строительства

▪️ В Министерстве промышленности и строительства состоялся семинар по вопросам антикоррупционной культуры

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.

✨ Мы в социальных сетях:
AITU • Instagram • Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3