ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Геологиялық барлау жұмыстарының барлығын дерлік қазақстандық мамандар атқарады

📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Қаратас кен орнында жас мамандарды қолданыстағы жобаларға тікелей қатыстыра отырып, даярлауға ерекше назар аударылды.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы жаңа технологияларды енгізуге және келешегі зор кен орындарын іздеуге ғана емес, отандық геология мектебін қайта жаңғыртуға да негіз болып отыр.

«Маңызды мәселе — геолог кадрларды даярлау ісін қайта жандандыру. Жұмысымызға түгелге жуық өзіміздің отандық мамандарды тартамыз. Басты мақсатымыз — жас геологиялық барлаушылардың жаңа буынын тәрбиелеу»,

— деді «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев.

Жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылар мен юниорлық компаниялардың мамандары, ғылыми ұйымдар және салалық оқу орындары тартылуда. Олардың қатарында Satbayev University, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институты және Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжі бар. Жас мамандар далалық зерттеулер мен бұрғылаудан бастап геологиялық деректерді талдау және цифрлық өңдеуге дейінгі геологиялық барлаудың барлық кезеңінде нақты дағдыларды меңгереді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Практически весь объем геологоразведочных работ выполняется казахстанскими специалистами

📌Особое внимание в рамках рабочей поездки Премьер-министра Олжаса Бектенова в Карагандинскую область на месторождение Қаратас АО «НГК «Тау-Кен Самрук» уделено практической подготовке молодых специалистов непосредственно в рамках действующих проектов.

Масштабная программа государственного геологического изучения недр, становится базой не только для внедрения новых технологий и поиска перспективных месторождений, но и для возрождения отечественной геологической школы. 

«Важный момент — это возрождение геологических кадров. Мы в нашей работе применяем практически исключительно наши местные кадры. Главная цель — мы должны взрастить новое поколение молодых геологоразведчиков»,

— сказал Председатель Правления АО «Национальная геологическая служба» Ерлан Галиев.

К работам привлекаются специалисты недропользователей и юниорских компаний, научные организации и профильные учебные заведения. В их числе Satbayev University,  Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева, Казахстанско-Британский технический университет, Карагандинский технический университет им. А. Сагинова, Атырауский институт нефти и газа им.С.Утебаева и Геологоразведочный колледж г. Семей. Молодые специалисты получают практические навыки на всех этапах геологоразведки — от полевых исследований и бурения до анализа и цифровой обработки геологических данных.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға жұмыс сапарымен барды
 
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі берген тапсырмаға сәйкес, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Қуандық Жұмабекұлы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қоғамның қазіргі қызметі, негізгі жұмыс бағыттары, сондай-ақ өзекті мәселелер мен одан әрі даму перспективалары қаралды.

🗺️ Сонымен қатар, Қуандық Жұмабекұлы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның өндірістік базасына барып, оның мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде Қоғамдық одан әрі дамытуға, атап айтқанда, құрылыс саласын цифрландыруға және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

🖥️ Сондай-ақ e-Qurylys ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту, құрылыс саласындағы процестерді автоматтандыру және құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту мәселелері атап өтілді.

✔️ Сонымен қатар, құрылыс саласындағы процестердің ашықтығын, тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған цифрлық құралдарды жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға жұмыс сапарымен барды   Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі берген тапсырмаға сәйкес, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға…
📌 Вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов посетил АО «КазНИИСА»

По поручению Министра промышленности и строительства Республики Казахстан АО «КазНИИСА» с рабочей поездкой посетил вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов.

В рамках визита состоялась рабочая встреча вице-министра с руководством АО «КазНИИСА». В ходе встречи были рассмотрены текущая деятельность Общества, основные направления работы, а также актуальные вопросы и перспективы дальнейшего развития.

🗺️ Также К. Кажкенов посетил производственную базу АО «КазНИИСА» и ознакомился с ее возможностями. По итогам встречи вице-министр дал ряд поручений, особое внимание среди которых уделено дальнейшему развитию Общества, в том числе цифровизации строительной отрасли и внедрению современных цифровых решений.

🖥️ Отдельно были обозначены вопросы дальнейшего развития информационной системы e-Qurylys, автоматизации процессов в строительной отрасли и расширения применения цифровых технологий на всех этапах реализации строительных проектов.

✔️ Также отмечена важность совершенствования цифровых инструментов, направленных на повышение прозрачности, эффективности и качества процессов в строительной сфере.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏭 Қазақстанның АЭА-лары шамамен 16 трлн теңгенің өнімін өндірді

Еліміз бойынша 18 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, оның ішінде 2025-2026 жылдары құрылған төрт жаңа алаң бар. Бизнес үшін қолайлы жағдайлар, инженерлік инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау шаралары ауқымды жобаларды жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіруге мүмкіндік берді.

Мемлекет бизнеске өндірістерді іске қосуды жеделдетуге, заманауи технологияларды енгізуге және экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге көмектесіп келеді. АЭА аумақтарында барлығы 561 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 11,5 трлн теңгені құрады, 38 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 15,9 трлн теңгенің өнімі өндірілді, оның 1,1 трлн теңгесі экспортқа тиесілі.

▶️ Елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін ірі жобалар қатарында мыналар бар:

🔵«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында іске қосылған еліміздегі алғашқы газ-химия кешені. Кешеннің елдің мұнай-газ химиясы кластерін қалыптастырудағы маңыз зор. KPI жобалық қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп, республиканың экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 366,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

🔵 «Тау-Кен Алтын» ЖШС – «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы қауқары жылына 25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна күміс өндіруге жететін негізгі жобалардың бірі. Жобаны іске асыру Қазақстан ішінде бағалы металдарды өңдеудің толық циклін қамтамасыз етуге және металлургия саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашты. Бүгінгі таңда зауытта 8,8 трлн-нан астам теңгенің өнімі өндірілді.

🔵 «СМИТ Орталық Азия» ЖШС – «Сарыарқа» АЭА аумағындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Онда халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін жылу оқшаулағыш құбыр жүйелері: мұнай-газ, коммуналдық және энергетика салаларына арналған құбырлар мен фитингтер өндіріледі. Кәсіпорынның қауқары жылына 30 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Өндірілген өнім көлемі 33,64 млрд теңгені құрады.

🔵 «Түркістан тоқыма» ЖШС (Lihua Group) – Түркістан облысындағы «Turan» АЭА аумағында мақта-тоқыма кешенін дамытып келеді. 2025 жылғы желтоқсанда өндірістің бірінші кезеңі іске қосылып, 430 жұмыс орны құрылды. Кешен толық қуатына шыққаннан кейін жыл сайын 11,4 мың тонна иірілген жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе өндіру жоспарланып отыр. Өндірісті дамыту отандық мақтаны дайын тоқыма өніміне дейін өңдеуге және экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

🔵Жамбыл облысындағы «Jibek Joly» АЭА аумағында жүгеріні терең өңдейтін «Shengtai Biotech» ЖШС (Fufeng Group) зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Бірінші кезеңнің қуаты жылына 500 мың тонна жүгері өңдеуге жетеді. Жоба аясында крахмал, аминқышқылдары және жемшөп қоспаларын өндіру көзделген. Кешенді дамыту ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді арттыруға және қосылған құны жоғары өнімдерді шетелдік нарықтарға жеткізу ісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның барлық кезеңі жүзеге асырылса, шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

ℹ️ Осылайша, арнайы экономикалық аймақтар ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстан экономикасын дамытуға кең мүмкіндіктер ашады. АЭА мен индустриялық аймақтардың қызметін QazIndustry үйлестіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏭 Қазақстанның АЭА-лары шамамен 16 трлн теңгенің өнімін өндірді Еліміз бойынша 18 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, оның ішінде 2025-2026 жылдары құрылған төрт жаңа алаң бар. Бизнес үшін қолайлы жағдайлар, инженерлік инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау…
🏭 Казахстанские СЭЗ произвели продукции почти на 16 трлн теңге

В Казахстане функционируют 18 специальных экономических зон, включая четыре новые площадки, созданные в 2025-2026 годах. Предлагаемые для бизнеса условия, инженерная инфраструктура и меры господдержки обеспечили реализацию масштабных проектов и выпуск  конкурентоспособной отечественной продукции.

Государство помогает бизнесу ускорять запуск производств, внедрять современные технологии и расширять экспортные поставки. Всего на территориях СЭЗ реализован 561 инвестиционный проект. Общий объем привлеченных инвестиций составил 11,5 трлн теңге, создано свыше 38 тыс. рабочих мест. Произведено продукции на 15,9 трлн теңге, из которых 1,1 трлн приходится на экспорт.

▶️ Среди  крупных проектов, способствующих укреплению экспортного потенциала страны:

🔵 ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» – первый газохимический комплекс страны, запущенный на территории СЭЗ «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк» в Атырауской области. Комплекс стал важным этапом формирования нефтегазохимического кластера страны. Проектная мощность KPI составляет 500 тысяч тонн полипропилена в год, что позволяет обеспечить внутренний рынок и значительно увеличить экспортный потенциал республики. В первом полугодии 2026 года произведено продукции на 366,2 млрд теңге.

🔵 ТОО «Тау-Кен Алтын» – один из ключевых проектов СЭЗ «Астана – новый город» мощностью 25 тонн аффинированного золота и 50 тонн серебра в год. Реализация проекта позволила обеспечить полный цикл переработки драгоценных металлов внутри Казахстана и повысить конкурентоспособность металлургической отрасли. На сегодняшний день на заводе произведено продукции более чем на 8,8 трлн теңге.

🔵 ТОО «СМИТ Центральная Азия» на территории СЭЗ «Сарыарка» является одним из ведущих производителей труб и фасонных изделий для нефтегазовой, коммунальной и энергетической отраслей. Мощность предприятия – 30 тыс. тонн продукции в год. Здесь выпускают теплоизолированные трубопроводные системы, соответствующие международным требованиям качества. Объем произведенной продукции достиг 33,64 млрд теңге.

🔵 ТОО «Түркістан тоқыма» (Lihua Group) развивает хлопково-текстильный комплекс на территории СЭЗ «Turan» в Туркестанской области. В декабре 2025 года запущен первый этап производства, создано 430 рабочих мест. После выхода комплекса на полную мощность планируется ежегодный выпуск 11,4 тыс. тонн пряжи, 47,3 млн квадратных метров ткани, 2 млн комплектов постельного белья и 4 млн одеял. Развитие производства позволит перерабатывать отечественный хлопок в готовую текстильную продукцию и расширить экспортные поставки.

🔵 В СЭЗ «Jibek Joly» в Жамбылской области запущена первая фаза завода ТОО «Shengtai Biotech» (Fufeng Group) по глубокой переработке кукурузы. Мощность первой очереди – 500 тыс. тонн кукурузы в год. Проект предусматривает выпуск крахмала, аминокислот и кормовых добавок. Развитие комплекса позволит увеличить глубину переработки сельскохозяйственного сырья и поставки продукции с высокой добавленной стоимостью на зарубежные рынки. Реализация всех этапов предусматривает создание около 1,5 тыс. постоянных рабочих мест.

ℹ️ Таким образом, специальные экономические зоны открывают широкие возможности для реализации крупных промышленных проектов и развития экономики Казахстана. Деятельность СЭЗ и индустриальных зон координируется QazIndustry. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы
 
▪️ Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Digital Qazaqstan аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады
 
▪️ ҚР Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінде Ерсайын Нағаспаев инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді
 
▪️ Қазақстанның АЭА-лары шамамен 16 трлн теңгенің өнімін өндірді
 
▪️ Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшылығымен кездесті
 
▪️ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті
 
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

✨ Біздің әлеуметтік желілер:
AITU • Instagram • Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы   ▪️ Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Digital Qazaqstan аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады   ▪️ ҚР Үкіметінің Халықаралық…
📌 Дайджест Министерства промышленности и строительства РК за неделю 

▪️ Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о работе по цифровой трансформации геологии, промышленности и строительства в рамках Digital Qazaqstan

▪️ На Координационном совете по сотрудничеству Правительства РК с международными финорганизациями Ерсайын Нагаспаев проинформировал о реализации инфраструктурных проектов 

▪️ Казахстанские СЭЗ произвели продукции почти на 16 трлн теңге 

▪️ Куандык Кажкенов встретился с руководством АО «КазНИИСА»

▪️ В МПС проведен семинар по вопросам продвижения принципа «Закон и Порядок» и противодействия коррупции

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства. 

✨ Мы в социальных сетях:
AITU • Instagram • Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 Қазақстан мен Бельгия аса маңызды минералдарды бірлесіп өңдеу мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстанның Еуропалық одақ аса маңызды деп таныған 34 минералдың 21 түрін жеткізуге мүмкіндігі бар. Еліміз шикізатты терең өңдеуді, жоғары технологиялық материалдар шығаруды және еуропалық серіктестермен бірлескен өндірістерді дамытуды көздеп отыр.

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 12 қазанда Астанадағы Назарбаев Университетінде өткен Қазақстан–Бельгия семинарында мәлімдеді. Жиынға екі елдің өнеркәсіп, ғылым және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

▶️ 2018 жылдан бері Қазақстанда геологиялық зерттеулерге 67 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 2 млн шаршы шақырымнан астам аумақ зерттелді. 2026 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді деп болжануда. Сирек жер металдарын іздестіру жұмыстары жүргізілген 11 алаңда игеруге әлеуеті бар 38 учаске анықталды.

⚡️ Елімізде тантал, ниобий, бериллий өндірісі жолға қойылған, сондай-ақ молибден мен рений алынады. Жылына 15 тонна галлий өндіретін кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Қазақстан аккумулятор материалдарын, арнайы қорытпаларды, жартылай өткізгіш материалдар мен тұрақты магниттерді өндіруге басымдық беріп отыр.

💬
«Қазіргі әлеуетіміз бен мүмкіндіктерімізді ескерсек, Қазақстан аса маңызды шикізат саласында бастапқы өндіру мен түпкілікті өнім шығарудың арасындағы өңдеу буынына, яғни Midstream индустриясына маманданған ел ретінде әлемдік нарықта өзіндік орын ала алады»,

– деді Олжас Сапарбеков.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Еуропалық одақ институттарының қатысуымен Сирек жер металдарын зерттеу жөніндегі өңірлік ғылыми орталықты құру жұмыстары жүргізілуде. Еуропалық қайта құру және даму банкі жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қолдады. Еуропалық комиссияның қолдауымен геохимиялық, төрелік сараптама және ғылыми-металлургиялық зертханалар кешенінің құрылысын 2027 жылы бастап, 2028 жылы іске қосу жоспарланған.

Бельгиямен ынтымақтастықтың төрт бағыты ұсынылды: шикізатты өңдеу, металдарды бөлу және тазарту, инженерлік шешімдер мен жабдықтар, логистика және қаржыландыру. Бірлескен жобалар аясында гидрометаллургия, сирек жер металдарының оксидтерін бөлу, қайталама шикізатты өңдеу және өндіріс орындарын жаңғырту мүмкіндіктері қаралды.

💬
«Біз өңдеу өндірісін қажетті технологиялармен және кәсіби құзыреттермен бірге кезең-кезеңімен Қазақстанға көшіруді көздейтін ынтымақтастық үлгілерін талқылауға дайынбыз»,

– деді вице-министр.

✔️ Сондай-ақ дайын өнімді Еуропаға жеткізуде Антверпен портының мүмкіндіктерін пайдалану және бірлескен жобаларды еуропалық қаржы құралдары мен қазақстандық мемлекеттік қолдау шаралары арқылы қаржыландыру мәселелері көтерілді.

🤝 Семинарда Molymet және Lindian Kazakhstan компаниялары өз тәжірибелерімен бөлісті. Талқылау қорытындысында жауапты серіктестері мен алғашқы техникалық қадамдары айқындалған нақты бірлескен жобалар тізбесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇧🇪 Қазақстан мен Бельгия аса маңызды минералдарды бірлесіп өңдеу мүмкіндіктерін талқылады Қазақстанның Еуропалық одақ аса маңызды деп таныған 34 минералдың 21 түрін жеткізуге мүмкіндігі бар. Еліміз шикізатты терең өңдеуді, жоғары технологиялық материалдар…
🇰🇿🇧🇪 Казахстан и Бельгия обсудили совместную переработку критически важных минералов

Казахстан обладает потенциалом для поставок 21 из 34 критически важных минералов, определённых Европейским союзом. Страна намерена развивать глубокую переработку сырья, производство высокотехнологичных материалов и совместные проекты с европейскими партнёрами.

Об этом сообщил вице-министр промышленности и строительства РК Олжас Сапарбеков на Казахстанско-Бельгийском семинаре, прошедшем 12 октября в Назарбаев Университете в Астане. В мероприятии приняли участие представители промышленности, науки и университетов двух стран.

▶️ С 2018 года на геологическое изучение Казахстана направлено более 67 млрд теңге. Исследованиями охвачено свыше 2 млн квадратных километров, к концу 2026 года показатель должен достичь 2,2 млн. На 11 площадках поисковых работ по редкоземельным металлам выявлено 38 перспективных участков.

⚡️ В Казахстане уже производятся тантал, ниобий и бериллий, извлекаются молибден и рений. Планируется запуск производства галлия мощностью 15 тонн в год. Приоритетными направлениями определены выпуск батарейных материалов, специальных сплавов, полупроводниковых материалов и постоянных магнитов.

💬
«Учитывая текущий потенциал и возможности, Казахстан может занять уникальную позицию на мировой арене как представитель Midstream индустрий в сфере критического сырья, играя ключевую роль в обеспечении стабильности и устойчивости глобальных поставок»,

– отметил Олжас Сапарбеков.

По поручению Главы государства с участием институтов ЕС создаётся Региональный исследовательский центр редкоземельных металлов. Европейский банк реконструкции и развития поддержал подготовку предварительного ТЭО. При поддержке Европейской комиссии строительство комплекса геохимической, арбитражной и научной металлургической лабораторий планируется начать в 2027 году, запуск — в 2028 году.

Казахстан предложил Бельгии четыре направления сотрудничества: переработку сырья, разделение и рафинирование металлов, инжиниринг и оборудование, логистику и финансирование. Рассмотрены проекты в области гидрометаллургии, разделения редкоземельных оксидов, переработки вторичного сырья и модернизации производств.

💬
«Мы готовы обсуждать поэтапные модели, при которых переработка постепенно переносится в Казахстан вместе с технологиями и компетенциями»,

– подчеркнул вице-министр.

✔️ Также обсуждались использование порта Антверпена для поставок готовой продукции в Европу и сочетание европейских финансовых инструментов с казахстанскими мерами государственной поддержки.

🤝 Представители Molymet и Lindian Kazakhstan поделились опытом промышленного сотрудничества. По итогам семинара ожидается формирование перечня конкретных совместных проектов с определением партнёров и первых технических шагов – от обмена пробами и испытаний до подготовки ТЭО.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Биылғы 9 айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 8,6%-ға өсті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторларында оң динамика байқалып, жиынтық өсім 8,6%-ды құрағанын баяндады.

📈 Өсім машина жасау (+22,8%), химия өнімдері (+23,4%), құрылыс материалдары (+5,9%), резеңке және пластмасса бұйымдары (+18,1%), жеңіл өнеркәсіп (+62,4%) және басқа да салаларда қамтамасыз етілді.

💬
«Өсімнің негізгі факторы жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы болды. Бүгінгі таңда жалпы құны 642 млрд теңгеден асатын 106 жоба пайдалануға беріліп, шамамен 8 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде елімізде бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды. Олардың қатарында натрий сульфаты, тамшылатып суару жүйелері, ламинат, кофе машиналарына арналған алюминий капсулалар және басқа да өнім түрлері бар. Жыл соңына дейін жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр»,

– деп атап өтті вице-министр.

➖

📌 Обрабатывающая промышленность за 9 месяцев года выросла на 8,6% 

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова вице-министр промышленности и строительства РК  Куандык Кажкенов доложил, что по итогам 9 месяцев т.г. в основных секторах обрабатывающей промышленности наблюдается положительная динамика с совокупным показателем 8,6%.

📈 Рост обеспечен в машиностроении (+22,8%), производстве химической продукции (+23,4%), строительных материалов (+5,9%), резиновых и пластмассовых изделий (+18,1%), легкой промышленности (+62,4%) и других отраслях.

💬
«Основным фактором роста стало введение новых производственных мощностей. На сегодняшний день введены в эксплуатацию 106 проектов общей стоимостью более 642 млрд теңге, создано порядка 8 тысяч постоянных рабочих мест. Благодаря реализации этих проектов в стране налажен выпуск новой продукции, ранее не производившейся в стране. В их числе сульфат натрия, системы капельного орошения, ламинат, алюминиевые капсулы для кофемашин и другие виды продукции. До конца года планируется реализовать 200 инвестиционных проектов общей стоимостью 1,7 трлн теңге»,

– отметил вице-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Қазақстан ел ішінде мыс концентратын өңдеу көлемін ұлғайтады

Металлургия өнеркәсібінде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 98,2%-ды құрады. Кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың арқасында алдыңғы айлармен салыстырғанда көрсеткіш 0,9%-ға жақсарды.

⚡️ Отандық өндірушілер металлургия кәсіпорындарына мыс, мырыш және құрамында алтыны бар шикізатты жеткізу көлемін арттырып, мырыш концентратын беруді қайта жандандырды. Қажетті шикізатты импорттау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Бұдан бөлек, отандық кәсіпорындардың шикізаттық базасын кеңейту үшін шетелдік серіктестермен тауар жеткізілімдерін өзара есепке алу тетігі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар өңдеуге арналған тарифтерді есептеудің жаңа әдістемесін енгізу арқылы мыс концентратын ел ішінде өңдеу көлемін арттыру жоспарлануда.

💬
«Бұл отандық қайта өңдеу саласының экономикалық тартымдылығын арттыруға, мыс концентратын шетелге шығаруды қысқартуға және оны ел ішінде тереңірек өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, жоспарланған көрсеткіштерге қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру және жаңа өндіріс орындарын іске қосу арқылы қол жеткізіледі»,

– деп мәлімдеді вице-министр.

➖

📌Казахстан увеличит объемы переработки медного концентрата внутри страны 

В металлургической промышленности объем производства по итогам 9 месяцев составил 98,2%. По сравнению с предыдущими месяцами показатели улучшились на 0,9% благодаря принятым мерам по обеспечению предприятий необходимым сырьем.

⚡️ Отечественные производители увеличили поставки медного, цинкового и золотосодержащего сырья на металлургические предприятия, а также возобновили поставки цинкового концентрата. Достигнуты договоренности об импорте необходимого сырья. Кроме того, прорабатывается механизм взаимозачета встречных поставок с зарубежными партнерами для расширения сырьевой базы отечественных предприятий.

Дополнительно планируется увеличить объемы переработки медного концентрата внутри страны за счет внедрения новой методики расчета тарифов на переработку.

💬
«Это позволит повысить экономическую привлекательность отечественной переработки, сократить вывоз медного концентрата и обеспечить его более глубокую переработку внутри страны. В целом достижение запланированных показателей будет обеспечено за счет наращивания производства на действующих предприятиях и ввода новых производственных мощностей»,

— доложил вице-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 22,8%-ға артты

Бұған көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, сондай-ақ әртүрлі жабдықтар мен тұрмыстық техниканы өндіру көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді. Биылғы 9 айда Қазақстанда 144 мың автокөлік құралы өндірілді. Оның 136 мыңнан астамы – жеңіл автокөлік, шамамен 1,8 мыңы – автобус және 5,8 мыңға жуығы – жүк көлігі мен арнайы техника.

💬
«Көрсеткіштердің артуы ішкі сұраныстың өсуіне және бұрын іске қосылған жобалардың жоспарлы қуатына шығуына байланысты. Салаға бағытталған салықтық және кедендік жеңілдіктер де қосымша қолдау болып отыр. Атап айтқанда, тұрмыстық техниканы сату кезінде қосылған құн салығынан босату шарасы келесі жылдың соңына дейін қолданылады. Өндірісті локализациялау деңгейін арттыру және Samsung тәрізді ірі халықаралық өндірушілерді тарту мақсатында осы жеңілдіктің қолданылу мерзімін неғұрлым ұзарту ұсынылып отыр»,

– деді вице-министр.

➖

📌 Объем производства в машиностроении увеличился на 22,8% 

Произошло это за счет роста выпуска транспортных средств, сельскохозяйственной и железнодорожной техники, а также разного вида оборудования и бытовой техники. За 9 месяцев в Казахстане произведено 144 тыс.  автотранспортных средств, в том числе более 136 тыс. легковых автомобилей,  около 1,8 тыс. автобусов и 5,8 тыс. единиц грузовой и специальной техники.

💬
«Рост показателей обусловлен повышением внутреннего спроса и выходом на плановую мощность введенных ранее проектов. Дополнительную поддержку отрасли оказывают налоговые и таможенные льготы. В частности, до конца следующего года действует освобождение от НДС при реализации бытовой техники. Для расширения локализации и привлечения крупных международных производителей, включая Samsung, предлагается продлить срок действия данной льготы на более длительный период»,

— сказал вице-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📶 Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 62,4%-ға өсті

Елімізде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі – 91,1%-ға, киім-кешек өндірісі – 27%-ға, былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 22,9%-ға ұлғайды.

Химия өнеркәсібінде полипропилен, аммофос және каустикалық сода өндірісінің ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 23,4%-ға артты. Құрылыс ерітінділерін, цемент және бетоннан жасалған құрастырмалы конструкцияларды өндіру көлемінің артуына байланысты құрылыс материалдарының өндірісі 5,9%-ға өсті.

➖

📶 В легкой промышленности производство выросло на 62,4% 

По итогам 9 месяцев в Казахстане увеличено производство текстильных изделий на 91,1%, одежды на 27%, кожаной и относящейся к ней продукции на 22,9%.

В химической промышленности объем производства вырос на 23,4% за счет роста производства полипропилена, аммофоса и  каустической соды. Производство строительных материалов выросло на 5,9% в связи с увеличением объемов выпуска строительных растворов, цемента и сборных конструкций из бетона.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM