ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Мемлекеттік есепке 103 түрлі пайдалы қазба және шамамен 10 мың кен орны алынған
 
Бүгін Конгресс орталығы алаңында өткен баспасөз кездесуде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Мемлекет басшысының геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты.
 
Оның айтуынша, аталған тапсырмаларды жүйелі түрде орындаудың нәтижесінде сала жүйелі жаңғырту кезеңінен өтіп отыр. Бүгін мемлекеттік есепке 103 түрлі пайдалы қазба мен еліміз бойынша шамамен 10 мың кен орны алынған. Қатты пайдалы қазбалар бойынша 2 907 лицензия және 251 келісімшарт қолданыста, ал тек ағымдағы жылдың өзінде барлау жұмыстарына 707 лицензия және өндіруге 22 лицензия берілген.
 
Иран Шархан геологиялық барлау нәтижесінде алғаш рет мемлекеттік есепке 5 кен орны енгізілгенін атап өтті. Атап айтқанда: Көк-Жон (Болаттөбе учаскісі), Алтын-Шоко, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Қалжыр.
 
Пайдалы қазбалар қорының өсімі шамамен 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс, 11 млн тонна марганец, 1,3 млн тоннадан астам фосфориттер.
 
Президенттің тапсырмасына сәйкес, ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы км-ге дейін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 2 млн 14 мың шаршы км зерттелген, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2 млн 38 мың шаршы км-ге жеткізіледі.
 
Вице-министрдің айтуынша, саланың келесі даму кезеңі геологиялық зерттеуді 1:50 000 масштабқа көшіру болмақ. Бұл перспективалы учаскелерді ерте анықтауға және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2026–2028 жылдары 100 мың шаршы км аумақты зерттеу жоспарланған, одан кейін жыл сайын шамамен 30 мың шаршы км қамтылады.

Баспасөз кездесуін келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG

➖

Государственным учётом охвачено 103 вида полезных ископаемых и порядка 10 тысяч месторождений
 
На пресс-встрече, состоявшейся сегодня на площадке Конгресс-центра, вице-министр промышленности и строительства РК Иран Шархан рассказал о ходе реализации поручений Главы государства по переводу геологической отрасли на новый технологический уровень.
 
По его словам, благодаря последовательной реализации данных поручений сегодня отрасль проходит этап системной модернизации. Сегодня государственным учётом охвачено 103 вида полезных ископаемых и порядка 10 тысяч месторождений по всей стране. Действует более 2 900 лицензий и 250 контрактов по ТПИ, только в текущем году выдано 707 лицензий на разведку и 22 на добычу.
 
Иран Шархан отметил, что по итогам геологоразведочных работ впервые поставлены на государственный учёт 5 месторождений, среди которых Кок-Жон (участок Болаттобе), Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий и Такыр-Кальджир.
 
Прирост запасов составил порядка 98 тонн золота, 36 тысяч тонн меди, 11 млн тонн марганца и свыше 1,3 млн тонн фосфоритов.
 
По поручению Президента продолжается работа по расширению геолого-геофизической изученности территории страны до 2,2 млн кв. км к 2026 году. На сегодня изучено 2 млн 14 тысяч, а к концу года этот объём будет увеличен до 2 млн 38 тысяч кв. км.
 
По словам вице-министра, следующим этапом развития отрасли станет переход к более детальному масштабу геологического изучения 1:50 000, что позволит обеспечить раннее выявление перспективных участков и повысить эффективность геологоразведочных работ. В 2026-2028 годах планируется изучение 100 тыс. кв. км, в дальнейшем — ежегодно по 30 тыс. кв. км.

Трансляцию пресс-встречи можете посмотреть по ссылке: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG
❤1👍1🔥1👏1
2025 жылдың алғашқы 11 айында 16,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде 2025 жылдың алдын ала нәтижелерімен бөлісті. Вице-министр құрылыс саласында осы жылдың қаңтарынан қарашасына дейін оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«2025 жылдың алғашқы 11 айының қорытындысы бойынша 16,9 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 154 300 бірлік пайдалануға берілді», – атап өтті Қуандық Қажкенов.

Президенттің сайлауалды бағдарламасының бөлігі ретінде 2029 жылға қарай 111 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 1 миллионнан астам азаматты жеке тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 7,3 миллион шаршы метрге артық.

Одан кейін Қуандық Қажкенов әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты. Тұрғын үй секторында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін тұрғын үй және кезекте тұрғандарға несиелік тұрғын үй беру түрінде мемлекеттік тұрғын үйді қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

«Әлеуметтік жағынан осал топтарға жалға берілетін тұрғын үйлерді беру мақсатында 2025 жылдың алғашқы 11 айының соңына дейін 7,2 мың пәтер т алынды», – атап өтті Қуандық Қажкенов.

Баспасөз кездесуін келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG

➖

16,9 млн м2 жилья введено в эксплуатацию за 11 месяцев 2025 года

Сегодня вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов на пресс-встрече с представителями СМИ поделился предварительными результатами работы за прошедший год. Вице-министр отметил, что за период с января по ноябрь текущего года в сфере строительства были достигнуты положительные результаты.

«По итогам 11 месяцев 2025 года введено в эксплуатацию 16,9 млн. кв. метров жилья или 154,3 тыс. жилищ», – подчеркнул Куандык Кажкенов.

В рамках предвыборной программы Главы Государства до 2029 года планируется ввести в эксплуатацию 111 млн.кв.м и обеспечить более 1 млн. граждан собственным жильем. Опережение планового показателя составляет 7,3 млн. кв. метров.

Далее Куандык Кажкенов рассказал о применяемых мерах поддержки социально уязвимых слоев населения. В жилищном секторе применяются меры поддержки государственного жилья в качестве арендного для социально уязвимых слоев населения и кредитного жилья для очередников.

«В целях обеспечения арендным жильем социально уязвимые слои населения приобретено 7,2 тыс. квартир по итогам 11 месяцев 2025 года», – подчеркнул Куандык Кажкенов.

Трансляцию пресс-встречи можете посмотреть по ссылке: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG
Өнеркәсіпті, геологияны және жер қойнауын пайдалануды цифрландыру: Бірыңғай платформа, жасанды интеллектті пилоттық енгізу және Smart Turmys

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесу барысында жер қойнауын пайдалануды, құрылысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылған. Интерактивті карта іске қосылды, электрондық аукциондар және жазылым бонустарын онлайн төлеуге арналған электрондық әмиян қызметі енгізілді. Биыл Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы арқылы 729 лицензия берілді, төрт аукцион өткізілді, жазылым бонустары 45,4 млрд теңгені құрады.

«Келесі жылы біз жасанды интеллектті пайдалана отырып, геологиялық есептерді цифрлық өңдеу жобасын практикалық түрде іске асыруға көшуді жоспарлап отырмыз», – атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта бұл жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жасанды интеллект сканерленген есептерді, карталарды және кестелерді таниды, оларды бірыңғай сандық геологиялық дерекқорға – Big Data негізіне айналдырады.

Баспасөз кездесуін келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG

➖

Цифровизация промышленности, геологии и недропользования: Единая платформа, пилотное внедрение ИИ и Smart Turmys

Сегодня вице-министр промышленности и строительства РК Жаннат Дубирова во время пресс-встречи с представителями СМИ поделилась своим опытом в сфере цифровизации недропользования, строительства и ЖКХ.

На сегодня уже функционирует Единая платформа недропользования, на которой было оцифровано 22 государственные услуги в сфере геологии и недропользования. Обеспечено функционирование интерактивной карты и внедрены электронные аукционы и сервис «электронный кошелёк» для онлайн-оплаты подписных бонусов. В этому году через Единую платформу недропользования предоставлено 729 лицензий и проведено 4 аукциона на сумму подписных бонусов 45,4 млрд тенге.

«В следующем году мы планируем перейти к практической реализации проекта по цифровой обработке геологических отчетов с использованием искусственного интеллекта», – отметила вице-министр.

Сегодня ведётся активная работа по обеспечению его финансирования. Искусственный интеллект позволит распознавать сканированные отчеты, карты и таблицы, преобразуя их в единую цифровую базу геологических данных – основу для формирования Big Data.

Трансляцию пресс-встречи можете посмотреть по ссылке: https://www.youtube.com/live/Zey_PKzfZJc?si=vWEKbSmqIdUwnBaG