ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркеу барысы туралы баяндады

👤 Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне отандық өндірушілерді тіркеу барысы туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте баяндама жасады.
Кеңеске мұнай-газ және энергетика салаларының, тау-кен және металлургия өнеркәсібінің, агроөнеркәсіп кешенінің бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтардың мүшелері мен барлық өңірден келген сарапшылар қатысты. Іс-шара «Атамекен» ҰКП алаңында өтті.

📄 Министрдің хабарлауынша, 2025 жылы нормативтік-құқықтық база дайындалып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап СТ-KZ нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификаттардың орнына Тізілімнен берілетін үзінді көшірме енгізілді.

«Тізілімді енгізу деректерді шоғырландыруды қамтамасыз етуге, «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға және отандық компаниялардың жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Маңызды аспектілердің бірі – отандық тауар өндіруші мәртебесін тану рәсімдерін дебюрократияландыру. Бұл өндірістік нысандарға барып тексеруді барынша азайтуға, сондай-ақ жеке аудиторлардың қатысуын болдырмауға бағытталған. Барлық рәсім тегін жүзеге асырылады», – деп мәлімдеді Ерсайын Нағаспаев.


📊 6 ақпандағы жағдай бойынша жүйеде 5 608 компания авторизациядан өтті, 13 533 өтінім берілді. Тізілімде 783 кәсіпорыннан 3 490 өтінім тіркелген (оның ішінде 478-і – индустриялық сертификат иелері). Олар машина жасау, құрылыс индустриясы, металлургия, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларын қамтиды.

«Өтінімдердің қабылданбау фактілері де бар –
705 кәсіпорыннан 3 710 өтінім
кері қайтарылды, олардың ішінде 408-і өндірісті бағалау кезеңінен өте алмаған индустриялық сертификат иелері. Мысалы, машина жасау
саласында персонал саны мен материалдық-техникалық базаның мәлімделген өндіріс көлеміне сәйкес келмеуі анықталды, химия саласында компоненттерді «араластыру» түріндегі қарапайым операциялар, ал жеңіл өнеркәсіпте өндірістік қызметке қатысы жоқ бейнематериалдардың жүктелуі тіркелді. Осылайша, жүйе бүгінде нақты өндірушілерді айқындау жөніндегі өзінің негізгі функциясын толық көлемде орындап отыр», – деді Ерсайын Нағаспаев.


🤝 Министр ведомствоның «Атамекен» ҰКП және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп, Тізілімге өтінім беру кезінде кәсіпорындарға жүйелі қолдау көрсетуді және талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, тұрақты өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу жолға қойылған.

ℹ️ Айта кетейік, мемлекеттік ақпараттық жүйені іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.
👍6🔥3👏3❤2🆒1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркеу барысы туралы баяндады 👤 Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне отандық өндірушілерді тіркеу…
📌 Министр промышленности и строительства доложил о ходе регистрации в Реестре казахстанских товаропроизводителей

👤 Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев выступил с докладом о ходе регистрации отечественных производителей в Реестре казахстанских товаропроизводителей на совещании под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова по вопросам развития предпринимательства с участием представителей бизнеса нефтегазовой и энергетической отраслей, горнорудной и металлургической промышленности, АПК, членов профильных ассоциаций и экспертов со всех регионов на площадке НПП «Атамекен».

📄 Как сообщил министр, в 2025 году была подготовлена нормативно-правовая база и уже с 1 января 2026 года сертификаты формы СТ-КЗ и индустриальные сертификаты заменила выписка из Реестра.

«Внедрение Реестра способствует обеспечению консолидации данных, выявлению «лжепроизводителей», повышению прозрачности и усилению ответственности отечественных компаний. Важным аспектом является дебюрократизация процедур признания ОТП, направленная на минимизацию проверок и выездных посещений производственных объектов, а также исключение участия частных аудиторов. Все процедуры осуществляются на безвозмездной основе», - заявил Ерсайын Нагаспаев.

📊 По состоянию на 6 февраля в системе авторизовались 5 608 компаний, подано 13 533 заявки. В Реестре зарегистрированы 3 490 заявок от 783 предприятий (в том числе 478 - владельцы индустриальных сертификатов) по отраслям машиностроения, строительной индустрии, металлургии, химической, пищевой и лёгкой промышленности.

«Имеются факты отклонения заявок - 3 710 заявок от 705 предприятий, из них 408 владельцы индустриальных сертификатов, которые не прошли оценку производства. К примеру, в сфере машиностроения выявлено несоответствие численности персонала и материально-технической базы заявленным объёмам производства, в химии - примитивные операции «смешивания компонентов», в лёгкой промышленности - загрузка видеоматериалов, не относящихся к производственной деятельности. Таким образом, система на сегодня полноценно выполняет свою основную функцию по определению реальных производителей», - подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

🤝 Министр указал, что ведомство совместно с НПП «Атамекен» и региональными палатами предпринимателей обеспечивает системную поддержку предприятий при подаче заявок в Реестр и контроль за соблюдением требований. Одновременно налажено постоянное взаимодействие и обмен информацией.

ℹ️ Отметим, что реализация государственной информационной системы осуществляется совместно с АО «Центр электронных финансов» (Министерства финансов РК) в рамках исполнения поручений Главы государства.
👍8🔥3👏3❤2🆒1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿 pinned «📌 Конституциялық өзгерістер өңірлердің дамуы мен заманауи технологиялық өндірістердің іске қосылуына мүмкіндік береді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жалпыұлттық талқылауға шығарылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының…»
📊 9 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне тіркелу деректері

➖

📊 Данные по регистрации в Реестр казахстанских товаропроизводителей на 9 февраля
👍10🤩2👏1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов: бір жыл ішінде 200-ден астам жаңа өндіріс орны іске қосылды

📌 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібін дамытуды ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

💬Өңдеу өнеркәсібінің қазіргі өсу қарқыны экономиканы толыққанды әртараптандыру үшін жеткіліксіз. Бұған қажетті серпін беру мақсатында өңдеуші кәсіпорындардың дамуын ынталандыратын жобалар жүзеге асырылуда💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Бүгінгі таңда «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландыру тетіктері арқылы металлургия, машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

💬Салалық министрліктерге әрі қарай өңдеуге бағытталған өндіріс орындарын ашу мәселелерін алдын ала жан-жақты пысықтау міндеті қойылды. Жалпы алғанда, өткен жылы 200-ден астам жаңа өндіріс орны іске қосылды, тағы осынша нысанның құрылысы аяқталуға жақын💬, — деп атап өтті Премьер-министр.


Өңдеу саласына келетін инвестиция көлемінің тұрақты өсуі үшін экономиканы шикізатпен қамтамасыз ету маңызды, соған байланысты геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Премьер-министр 2025 жылы 1:50 000 масштабтағы геологиялық картаны әзірлеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Ол қазір пайдаланылып жүрген кеңестік кезеңде жасалған 1:200 000 масштабтағы картаның орнына қолданылатын болады.

Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 3 жылда мемлекет тарапынан геологиялық барлау жұмыстарына шамамен $500 млн инвестиция салынатын болады. Салыстыру үшін айта кетсек, соңғы 30 жылда бұл салаға барлығы $760 млн жұмсалған. Нәтижесінде перспективасы жоғары учаскелерде сейсмикалық сынақтардан бастап аэрогеофизикалық зерттеулерге дейін барлығы 100 мың шаршы шақырым аумақ зерттеледі. Кейін әр жыл сайын қосымша 30 мың шаршы шақырым аумақта барлау жұмыстары жүргізілетін болады.

Шикізат базасын ұлғайту мақсатында мемлекет қаржысынан бөлек, геологиялық барлауға жеке инвестициялар да тартылуда. 2023 жылдан бері оның көлемі $500 млн-нан асты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов: за год введено более 200 новых промышленных объектов

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов на расширенном заседании Правительства под председательством Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева доложил о принимаемых мерах по стимулированию развития обрабатывающей промышленности.

💬Текущие темпы роста обрабатывающей промышленности недостаточны для полноценной диверсификации экономики. Для придания должной динамики реализуем проекты, которые стимулируют развитие обрабатывающих предприятий💬, — отметил Олжас Бектенов.


В настоящее время продолжается реализация проектов высокого передела в металлургии, машиностроении и АПК через механизмы финансирования по линии холдинга «Байтерек».

💬Перед профильными министерствами поставлена задача по заблаговременной проработке вопросов открытия производств дальнейшего передела. В целом в прошлом году было введено более 200 новых промышленных объектов и еще столько же находится на завершающей стадии строительства💬, — подчеркнул Премьер-министр.


Для устойчивого прироста инвестиций в обработку необходимо снабжение экономики сырьем, в связи с чем особое внимание будет уделено развитию геологоразведки.

Премьер-министр отметил, что в 2025 году началась разработка детальной геологической карты в масштабе 1:50 000 взамен действующей в масштабе 1:200 000, разработанной еще в советское время.

В соответствии с поручением Президента в ближайшие 3 года в геологоразведку государством будет инвестировано порядка $500 млн. Для сравнения, за последние 30 лет было вложено $760 млн. Таким образом, будет исследовано 100 тыс. кв. км территории на самых перспективных участках, от проведения сейсмических испытаний до аэрогеофизики. Далее – по 30 тыс. км дополнительно каждый год.

С целью увеличения сырьевой базы в геологоразведку привлекаются и частные инвестиции. Так, с 2023 года в отрасль вложено более $500 млн.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🆒1
Forwarded from UKIMET
Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда

📌 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов экономиканың қол жеткізілген өсу жылдамдығы инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуды талап ететінін атап өтті.

Дегенмен арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.

Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда.

💬АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды.

Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Forwarded from UKIMET
Правительство принимает меры для 100% обеспечения специальных экономических и индустриальных зон инфраструктурой

📌 Олжас Бектенов на расширенном заседании Правительства под председательством Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева отметил, что набранные темпы роста экономики требуют опережающего развития инфраструктуры.

Вместе с тем, в специальных экономических зонах средняя обеспеченность инфраструктурой составляет лишь 53%, в индустриальных зонах – 48%.

В связи с этим Правительством принимается ряд мер по ускоренному развитию инфраструктуры в СЭЗ и ИЗ.

💬Приняты необходимые решения для 100% обеспечения СЭЗ и ИЗ инфраструктурой.

В течение трех лет будут осуществлены залповые инвестиции в размере 1 трлн тенге на строительство инфраструктуры для специальных экономических и индустриальных зон за счет привлечения средств Исламского Банка Развития💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
📌 Ерсайын Нағаспаев пен Ненад Попович экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Сербияның халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Поповичпен кездесті.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан–Сербия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.

Сондай-ақ, Сербия басшылығының Қазақстанға алдағы сапары аясында өнеркәсіп, құрылыс, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге және Іскерлік кеңесте талқыланатын бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.

«Сербия – Қазақстанның Балқандағы жақын және сенімді серіктесі және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасында тиімді ынтымақтастық архитектурасы, соның ішінде тұрақты саяси диалог қалыптасты», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.


Кездесуден кейін тараптар өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.
❤4👍4👏2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев пен Ненад Попович экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Сербияның халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Поповичпен кездесті.…
📌 Ерсайын Нагаспаев и Ненад Попович обсудили развитие экономического взаимодействия

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев встретился с Министром по развитию международного экономического сотрудничества Сербии Ненадом Поповичем.

В ходе переговоров рассмотрены текущее состояние и перспективы казахстанско-сербского взаимодействия в торгово-экономической и инвестиционной сферах.

Также обсуждены возможности реализации совместных инициатив в промышленности, строительстве, инфраструктуре и высокотехнологичных секторах экономики в контексте предстоящего визита руководства Сербии в Казахстан.

Отдельное внимание было уделено вопросам развития военно-технического сотрудничества, расширения производственной кооперации и запуску совместных проектов, которые будут обсуждены в рамках Делового совета.

«Сербия является близким и надёжным партнёром Казахстана на Балканах и одним из ключевых торгово-экономических партнёров в Юго-Восточной Европе. Между нашими странами сформирована эффективная архитектура взаимодействия, включающая регулярный политический диалог», — отметил Ерсайын Нагаспаев.

По итогам встречи стороны подтвердили своё намерение и впредь развивать двусторонние отношения на основе взаимного доверия и взаимовыгодного сотрудничества.
❤7👍4👏2👌2