ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Тұрмыстық химия және косметика өндірушілер цифрлық таңбалауды сынақтан өткізуде

🧪 Елімізде тұрмыстық химия және косметика өнімдерін таңбалау бойынша қанатқақты жобаны іске асыру жалғасуда. Отандық өнім өндірушілер таңбалау кодтарын қолдану үдерістерін сынақтан өткізуге белсенді қатысуда. Бұл пилоттық жоба бизнеске процестерді алдын ала қауіпсіз түрде бейімдеуге және таңбалауды қолданыстағы өндірістік және логистикалық циклдарға біріктіруді тексеруге мүмкіндік береді.

🔬Айта кетейік, тұрмыстық химия мен косметиканы таңбалау бойынша пилоттық жоба импорттың жоғары үлесі мен көлеңкелі сегментті ескере отырып, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Жоба 2025 жылдың 1 шілдесінде басталған, ол 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Бұл тауарлар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, адал бизнес пен тұтынушыларды қорғауға, сондай-ақ тең бәсекелестік жағдайын қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда 4 отандық өндіруші, 3 импорттаушы және 1 бөлшек сауда субьектісіне эксперименттер жүргізілді. Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тұрмыстық химия, косметика және дезинфекциялау құралдарының ірі отандық өндірушілерінің бірі – «Аврора өндірістік кешені бар.

Өндіруші ассортиментіне шамамен 200 өнім кіреді, оның ішінде ыдыс жууға арналған гельдер мен губкалар, сұйық сабын, шыны спрейлер, сантехникалық тазалағыштар, сұйық кір жуғыш заттар, дақ кетіргіштер және хош иіс диффузорлары бар. Сондай-ақ желіде балалар терісінің ерекшеліктерін ескерілгендіктен, балалар ыдыс-аяқтарын және киімдерін жууға арналған құралдар, сұйық сабындар, сусабындар мен шомылуға арналған құралдар бар.

Пилоттық жоба аясында өндірісте таңбалау мен қадағалаудың барлық негізгі процестері көрсетілген: өнімдерді тіркеуден бастап, бақылау-кассалық аппараттар арқылы өнімді айналымнан шығаруға дейін. Тәжірибе нәтижелері бойынша таңбалау кодтарын қолдану желінің қызметіне және кәсіпорын қоймасының жұмысына еш әсер етпегені анықталды.

Талқылау барысында «Аврора» кешенінің өкілдері брендті қорғау және өнімнің заңсыз айналымының алдын алуда цифрлық таңбалау мүмкіндіктеріне, әсіресе контрафактіні анықтау және заңсыз қайта сатудың жолын кесу құралдарына қызығушылық білдірді.

Пилоттық жоба шеңберінде тестілеу «TELLI ONDIRIS» ЖШС өндірістік алаңында да жүргізілді. Бұл еліміздегі халықаралық ISO 22716 (GMP) стандартының барлық талаптарына сай келетін алғашқы косметикалық кәсіпорын. Аталған өндіріс орны, сонымен қатар «Халал» сертификатына ие және АҚШ пен Еуропа елдеріне  өз өнімін экспорттауға рұқсаты бар.

Компания өз брендтерін шығарады және қазақстандық компаниялар үшін келісімшарттық негізде өндірісті жүзеге асырады. Өндіріс технологиясы өнімдерді «стерильді аймақта» өндіру мүмкіндігіне ие, бұл микробиологиялық ластану қаупін болдырмайды. «TELLI ONDIRIS» директорының орынбасары Жанна Баймағамбетованың айтуынша, өндірістік инфрақұрылым әлемдік брендтер үшін халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

«Бұл пилоттық жобаны іске қосу және оны сынақтан өткізу біз үшін артықшылық. Біз бұл үдеріске алғашқылардың бірі болып кірдік, мұның қаншалықты тиімді екенін және отандық тауар өндірушілердің мүддесін қалай қорғайтынын бағалай аламыз. Таңбалау біз үшін пайдалы болатынына сенеміз», – дейді Жанна Баймағамбетова.


Эксперимент барысында таңбалау үдерістері зауыттың өндірістік процестеріне сәтті енгізілді. Компания өкілдері жобаға, әсіресе косметика мен тұрмыстық химияны цифрлық таңбалау міндетті болып табылатын елдерге өнім экспорттау тұрғысынан қызығушылық танытатындарын атап өтті.

Таңбалау – өнімнің әрбір бірлігіне бірегей Data Matrix кодын қолдану. Бұл өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бөлшек саудаға, одан әрі айналымнан шығарылғанға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

ℹ️ Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалауға дәрілік заттар, темекі өнімдері, аяқ киім, сыра, мотор майлары және ақбөкеннің дериваттары жатады. Бұл қанатқақты жоба шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды, тұрмыстық химия мен косметиканы, өсімдік майын таңбалау бойынша сынықтар жүргізілуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Тұрмыстық химия және косметика өндірушілер цифрлық таңбалауды сынақтан өткізуде 🧪 Елімізде тұрмыстық химия және косметика өнімдерін таңбалау бойынша қанатқақты жобаны іске асыру жалғасуда. Отандық өнім өндірушілер таңбалау кодтарын қолдану үдерістерін сынақтан…
📌 Цифровая маркировка выходит на тестирование у производителей бытовой химии и косметики

🧪 В Казахстане продолжается реализация пилотного проекта по маркировке товаров бытовой химии и косметики. Отечественные производители продукции активно принимают участие в тестировании процессов нанесения кодов маркировки. Пилотный формат позволяет заранее и без рисков адаптировать бизнесу процессы и протестировать интеграцию маркировки в действующие производственные и логистические циклы.

🔬 Отметим, что пилотный проект по маркировке бытовой химии и косметики инициирован Министерством промышленности и строительства РК с учетом высокой доли импорта и значительного теневого сегмента. Проект стартовал 1 июля 2025 года и продлится до 30 июня 2026 года. Инструмент направлен на обеспечение прозрачности оборота товаров, защиту добросовестного бизнеса и потребителей, а также формирование равных конкурентных условий.

На сегодняшний день эксперименты проведены на базе 4 отечественных производителей, 3 импортеров и 1 розничного реализатора. Среди участников пилотного проекта – Производственный комплекс «Аврора» – один из крупнейших отечественных производителей бытовой химии, косметики и дезинфицирующих средств.

Ассортимент производителя насчитывает около 200 наименований, включая гели и губки для мытья посуды, жидкое мыло, спреи для стекол, чистящие средства для сантехники, жидкие средства для стирки, пятновыводители и ароматические диффузоры. В линейке также представлена детская серия с учетом особенностей детской кожи, включающая средства для стирки и мытья детской посуды, жидкое мыло, шампуни и средства для купания.

В рамках пилотного проекта на производстве продемонстрированы все ключевые процессы маркировки и прослеживаемости: от регистрации товаров до вывода продукции из оборота через контрольно-кассовые машины. По итогам эксперимента установлено, что нанесение кодов маркировки не повлияло на производительность линии и работу склада предприятия.

Во время обсуждения представители комплекса «Аврора» выразили интерес к возможностям цифровой маркировки в защите бренда и предотвращении незаконного оборота продукции, в частности к инструментам выявления контрафакта и пресечения нелегальной перепродажи.

Тестирование в рамках пилотного проекта также проведено на производственной площадке ТОО «TELLI ONDIRIS». Компания является первым в стране косметическим заводом, созданным с учетом всех требований международного стандарта ISO 22716 (GMP). Организация также имеет сертификат «Халал» и разрешительные документы, позволяющие экспортировать продукцию в США и страны Европы.

Предприятие выпускает собственные бренды и осуществляет контрактное производство для казахстанских компаний. Технология производства предполагает изготовление продукции в «стерильной зоне», что исключает риски микробиологического загрязнения. По словам заместителя директора TELLI ONDIRIS Жанны Баймагамбетовой, производственная инфраструктура позволяет изготавливать продукцию по международным стандартам для мировых брендов.

«Пилотный запуск и тестирование системы для нас – это преимущество. Мы одними из первых входим в этот процесс и можем оценить, насколько он выгоден и как защищает отечественных товаропроизводителей. Рассчитываем, что маркировка действительно будет работать на нас», – поделилась мнением Жанна Баймагамбетова.


В ходе эксперимента процессы нанесения маркировки были успешно интегрированы в производственные процессы завода. Представители компании отметили заинтересованность в проекте, в частности для экспорта продукции в страны, где уже действуют обязательства по цифровой маркировке косметики и бытовой химии.

Маркировка – это нанесение на каждую единицу товара уникального кода Data Matrix, который позволяет отслеживать путь продукции от производителя или импортера до розничной продажи и вывода из оборота.

ℹ️ В настоящее время в Казахстане обязательной цифровой маркировке подлежат лекарственные средства, табачные изделия, обувь, пиво, моторные масла и дериваты сайгака. В пилотном режиме тестируется маркировка изделий медицинского назначения,
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🔥1🥰1👏1
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Азаматтарды қабылдау орталығында жеке мәселелер бойынша офлайн және онлайн форматтарда қоғамдық қабылдау өткізді.

Елорда мен басқа да өңірлердің тұрғындары Ерсайын Нағаспаевқа өз сұрақтарын тікелей қойды. Министр азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты құрылымдарға тиісті тапсырмалар берді.

💬💬 Қабылдау барысында мынадай тақырыптар талқыланды: отандық тауар өндірушілер тізілімін енгізу, Қазақстанның жобалау және құрылыс саласын цифрландыру, халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санаты бойынша жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлерді бөлу.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Азаматтарды қабылдау орталығында жеке мәселелер бойынша офлайн және онлайн форматтарда қоғамдық қабылдау өткізді. Елорда мен басқа да өңірлердің…
📌 Ерсайын Нагаспаев провёл приём граждан

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провёл приём граждан по личным вопросам в Центре приема граждан в офлайн и онлайн формате.

Благодаря этому жители столицы и других регионов Казахстана задали напрямую Ерсайыну Нагаспаеву свои вопросы, на которые он предоставил исчерпывающие объяснения и дал поручения профильным подразделениям Министерства промышленности и строительства РК.

💬💬 В ходе приема были обсуждены следующие темы: реализация Реестра отечественных товаропроизводителей, цифровизация проектной и строительной отрасли Казахстана, распределение арендного и кредитного жилья по категории социально уязвимых слоев населения (СУСН).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
📌 Елімізде машина жасау саласын мемлекеттік тұрғыда қолдау күшейтілуде

Машина жасау индустриалды дамыған елдерде өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып қала береді. Қазақстанда саланы дамыту мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың басым бағыты және экономикалық тұрақтылықты нығайту мүмкіндігі ретінде қарастырылады.

Қаржылық тетіктер және ынталандыру шаралары
Қазіргі таңда елімізде 2023 жылы республикалық және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде бекітілген «Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары» шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. Мемлекеттік қолдау инвестиция, экспортты ынталандыру, отандық машина жасау өнімдерінің лизингі және басқа да жеңілдікті қаржы құралдары бойынша қолайлы жағдай жасау форматында жүзеге асырылады.

Шаралар қаржылық құралдар мен қолдау бағдарламаларының ауқымды мүмкіндіктеріне ие ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:

🔹 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ
🔹«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
🔹 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
🔹 «ҚазАгроҚаржы» АҚ
🔹 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Аталған институттар жеңілдікті несиелендіруден экспорттық қолдауға дейінгі құралдардың кең спектрін ұсынады. Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің операторы Qazindustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ерекше рөл атқарады.

QazIndustry кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін келесі бағыттар бойынша өтейді:

• өнімдер мен менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау;
• қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
• цифрлық технологияларды енгізу;
• технологиялық үдерістерді жетілдіру (жабдықты сатып алуды қоса алғанда);
• өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру;
• өнімді ел ішінде темір жол көлігімен тасымалдау.

АЭА кәсіпорындары үшін жеңілдіктер
Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) аумағында жұмыс істейтін машина жасау компаниялары 10 жыл немесе одан да көп мерзімге айтарлықтай салықтық және кедендік жеңілдіктер алады.

Бұл жеңілдіктерге мыналар кіреді:

• корпоративтік табыс салығы 0%;
• жер салығы мен мүлік салығынан босату;
• шикізат импорты кезінде ҚҚС пен кедендік баждардан босату;
• жер мен инфрақұрылымды өтеусіз беру;
• шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген рәсімдері.

Жергілікті өндірісті дамыту және сатып алудың жаңа тетіктері
Ірі кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың реттеліп сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. Шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аудара отырып, локализациялауды арттыру бағдарламасы үш жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл машина жасау кәсіпорындарына ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасауға, өндірістердің жүктемесін арттыруға және локализациялау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі жұмыс істей бастады. Онда автоматты түрде тексеру және сатып алуларға басымдықпен қол жеткізу қарастырылған. Бұл жүйе индустриялық сертификаттар мен СТ-KZ сертификаттарының орнына енгізілген.
❤1👍1
Экспорттық әлеует және сын-тегеуріндер
Сонымен қатар еліміздегі экспортқа бағдарланған ең шағын сала электр жабдықтарын өндіру болып қала береді.

Мәселен, Қазақстан жыл сайын мыналарды экспорттайды:

• автомобиль аккумуляторлары;
• трансформаторлық жабдық;
• кабель және сым өнімдері.

Автоөнеркәсіпте (жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк көліктері), ауыл шаруашылығы машиналарын (бүріккіштер, шөп шабатын машиналар, мал шаруашылығына арналған жабдықтар), мұнай-газ машиналарын жасау (сорғылар, бекіту арматурасы) бойынша, сондай-ақ желдету жабдықтары сегментінде экспорттау әлеуеті сақталып отыр.

Ресей дәстүрлі нарықтық кеңістік болып қала береді. Алайда, қазіргі аймақтық жағдай, есептесулер мен логистикадағы қиындықтар жеткізілімдерді әртараптандыруды, сондай-ақ Орталық Азия елдері және Иранмен сауда байланыстарын күшейтуді талап етеді.

Сыртқы нарықтарға шығудың негізгі мәселелері қатарында:

• баға бойынша бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;
• қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулілігі;
• басқа елдерде өз өндірушілеріне мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейі;
• әкімшілік кедергілер және сертификаттау рәсімдерінің күрделілігі.

«Машина жасау – өнеркәсіптік егемендіктің негізі. Бүгінде Қазақстанда өндірісті жаңғыртып қана қоймай, экспортты ынталандыруға мүмкіндік беретін құралдар кешені қалыптасты. Таяу жылдарға арналған басты міндеті – локализациялауды күшейту, импортқа тәуелділікті төмендету және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деп атап өтті ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы Төреәділ Абдрахманов.


Даму перспективалары
Айта кетейік, мемлекет қазірдің өзінде экспортқа дейінгі қаржыландыру, экспорттық сақтандыру, сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға қатысу секілді шараларды жүзеге асыруда.
Әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендету, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және өтемақы тетіктерін кеңейту елдің машина жасау өнімдері экспортының көлемін едәуір ұлғайтып, жаһандық нарықтардағы орнын нығайта алады.
❤1👍1