ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазіргі таңда әйелдер қауымы еліміздің бүгіні мен болашағы үшін аса маңызды салаларда - өнеркәсіпте, құрылыста, геологияда және инфрақұрылымда табысты еңбек етуде.

Олар ірі жобаларды жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізіп, ел дамуының берік негізін қалыптастыруда.

Алайда, олар еңбек етудің түрлі қиындығына қарамастан, бойларындағы мейірімді, даналық пен адамгершілікті сақтай біледі.

Әйелдер бұл салаларда жай ғана жұмыс істеп жүрген жоқ, Қазақстан болашағының ірге тасын қалап жатыр.

💐 8 наурыз мерекесімен!

➖

Сегодня женщины уверенно работают там, где создаётся будущее — в промышленности, строительстве, геологии и инфраструктуре.

Они реализуют масштабные проекты, внедряют технологии и создают основу развития страны.

Но при всей профессиональной силе они остаются теми, кто умеет сохранять тепло, мудрость и человечность.

Женщины не просто работают в отрасли — они строят и открывают будущее Казахстана.

💐 С 8 Марта!
👍3❤1
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы:

🔹Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады
🔹Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі
🔹Канадада Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің инвестициялық әлеуеті таныстырылды
🔹Қуандық Қажкенов қоғамдық ұйымдар өкілдерімен тұрғын үй саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады
🔹Өнеркәсіптегі ЖИ: БҚО кәсіпорындарына цифрландыру мүмкіндіктері таныстырылды
🔹Тұрмыстық химия және косметика өндірушілері цифрлық таңбалауды сынақтан өткізуде
🔹8 наурыз мерекесіне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде әйелдер қауымына құрмет көрсетілді

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы: 🔹Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады 🔹Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге…
📌События Министерства за неделю:

🔹Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провёл приём граждан
🔹Инвестиционный потенциал горно-металлургического комплекса Казахстана был представлен в Канаде
🔹Куандык Кажкенов обсудил с общественными организациями вопросы совершенствования жилищной политики
🔹ИИ в промышленности: предприятиям ЗКО представили цифровые решения
🔹Цифровая маркировка выходит на тестирование у производителей бытовой химии и косметики
🔹В преддверии 8 марта в Министерстве промышленности и строительства поздравили женский коллектив

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
❤4
📌 Қазақстанда Президент бағдарламасы аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында Үкімет алдына 7 жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. 2026 жылы 18,5 млн шаршы метр пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

«Болжамға сәйкес, 2026 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18,5 млн шаршы метрді құрайды. Осы ретте, тұрғын үй құрылысын ынталандыру ұлғайған кезде бұл көрсеткіш жоғарылауы мүмкін», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы бойынша ең үлкен көрсеткіштер республикалық маңызы бар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі болатыны болжануда.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі сонымен қатар тұрғын үй құрылысының қарқыны нәтижесінде көрсеткіштер үш жыл қатарынан жоспарланған деңгейден асып түскенін атап көрсетті.

Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық көрсеткішке жетті.

Жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, оның алдындағы жылғы көрсеткіштен асып түсті. Жалпы алғанда, жоспар елдің 18 өңірінде артығымен орындалды.

➖

📌 111 млн кв. метров жилья построят в Казахстане в рамках программы Президента

В рамках предвыборной программы Главы государства Правительству на 7 лет поставлена задача по строительству 111 млн кв. метров жилья. Ожидается, что в 2026 году будет введено в эксплуатацию 18,5 млн кв. метров. Об этом сообщил министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства.

«Согласно прогнозу, в 2026 году объём ввода в эксплуатацию составит 18,5 млн кв. метров. При этом при увеличении стимулирования жилищного строительства данный показатель может быть увеличен», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Наибольшие объёмы по строительству жилья, по его словам, прогнозируются в Астане, Алматы и Шымкенте.
Министр промышленности и строительства также отметил темпы жилищного строительства, которые уже третий год подряд превышают плановые показатели.

Так, по итогам 2025 года введено рекордное количество жилья. При плановом показателе 19,2 млн кв. метров введено в эксплуатацию 20,1 млн кв. метров, превысив показатель предыдущего года. В целом плановый показатель перевыполнен в 18 регионах страны.
❤4
📌 Мемлекет мұқтаж жандар үшін жалға берілетін және жеңілдетілген тұрғын үйді қолдау шараларын жалғастыруда

Қазақстанда 2026 жылы кредиттік және жеңілдікті тұрғын үй салу және сатып алу бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР неркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

«Биыл 155 млрд теңге сомасына 11,5 мың кредиттік тұрғын үй салу және сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын алу, сондай-ақ жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар шеңберінде 18,2 мың несие беру жұмыстары жалғасады», – деп мәлімдеді Ерсайын Нағаспаев.


Министр жалпы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қолжетімді ипотекалық құралдарды кеңейтуді қамтитын мемлекеттік қолдау тетіктерінің кешенін енгізу іске асырылып жатқанын айтты.

Оның деректері бойынша, кезекте тұрғандар үшін 2025 жылы 218 млрд теңгеге 14,5 мың жалға берілетін тұрғын үй сатып алынған. Сонымен қатар 140 млрд теңгеге 14 мыңнан астам кредиттік тұрғын үй салынды және сатып алынды.

10,5 мың жер теліміне инженерлік инфрақұрылым орнатылды. Жалпы сомасы 68 миллиард теңгеге 2% және 5% мөлшерлемемен 5 мыңнан астам жеңілдікті ипотекалық несие, сондай-ақ «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 233 млрд теңгеге 8,6 мың несие берілді.

➖

📌 Государство продолжает меры поддержки арендного и льготного жилья для нуждающихся

В Казахстане в 2026 году планируется продолжить работы по строительству и приобретению кредитного и льготного жилья. Об этом сообщил министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства.

«В текущем году будет продолжена работа по выкупу ценных бумаг местных исполнительных органов для строительства и приобретения 11,5 тыс. кредитного жилья на сумму 155 млрд тенге, а также выдача 18,2 тыс. займов в рамках льготных ипотечных программам», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Министр сообщил, что в целом для стимулирования жилищного строительства реализуется комплекс механизмов государственной поддержки, включающий финансирование строительства, выкуп готовых квартир, развитие инженерной инфраструктуры и расширение доступных ипотечных инструментов.

По его данным, в 2025 году приобретено 14,5 тыс. квартир арендного жилья для очередников на сумму 218 млрд тенге. Кроме того, на 140 млрд тенге построено и приобретено более 14 тыс. квартир кредитного жилья.

Подведена инженерная инфраструктура к 10,5 тыс. земельным участкам. Выдано более 5 тыс. льготных ипотечных займов по ставкам 2% и 5% на сумму 68 млрд тенге, а также 8,6 тыс. займов по программам «Наурыз» и «Наурыз-Жұмыскер» на сумму 233 млрд тенге.
❤4👍2🙏1
📌 «Отбасы банк» тұрғын үйді бөлудің бірыңғай институтына айналды

Ұлттық даму институтына айналған «Отбасы банкі»арқылы 2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда тұрғын үйді есепке қою және бөлу жүргізілді.

Мәселен, өткен жыл ішінде азаматтарға 8 мыңға жуық жалдамалы тұрғын үй және 11 мыңнан астам жеңілдікті ипотекалық қарыз берілді (2% - 1587 несие, 5% - 3401 несие, 7% - 6015 несие).

Бұдан бөлек, 2025 жылы бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын 15 мыңнан астам азамат пайдаланды.

Сондай-ақ, 11 мыңнан астам азамат тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігіне субсидияларды пайдаланды, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді.

ℹ️ Сонымен қатар, биылға жалдау ақысын субсидиялау осындай көлемде жоспарланған.

➖

📌 Отбасы банк стал единым институтом распределения жилья

Через Отбасы банк, который стал национальным институтом развития, с мая 2025 года проводились постановка на учет и распределение жилья в Казахстане.

Так, в течение прошлого года гражданам предоставлено порядка 8 тыс. арендного жилья и более 11 тыс. льготных ипотечных займов (2% - 1587 займов, 5% - 3401 заем, 7% - 6015 займов).
Кроме того, в 2025 году правом приватизации арендного жилья, ранее выданного без права выкупа, воспользовались более 15 тыс. граждан.

Также субсидиями на часть арендной платы за жилье воспользовались более 11 тыс. граждан, на эти цели из республиканского бюджета выделено 7,6 млрд тенге.

ℹ️ Вместе с тем, на текущий год субсидирование арендной платы запланировано в том же объеме.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🤩1
📌 Құрылыс саласы цифрлық технологияларға және бірыңғай цифрлық платформаға көшуде

Құрылыс өнеркәсібі цифрлық технологияларды енгізуге және құрылыс өнімдерінің толық өмірлік циклін –жобалаудан бастап пайдалану мен кәдеге жаратуға дейін есепке алуға көшуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Осы жылдың 9 қаңтарында қол қойылған және 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексі аталған тәсілдерді бекітеді және қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, саланы одан әрі дамыту үшін нормативтік негіз қалыптастырады.

Қандай тапсырмалар орындалады:
- Құрылыс нарығына қатысушыларға қойылатын талаптар қатаңдатылуда, лицензи иелерінің электрондық тізілімі және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау енгізілуде.
- Ұлттық техникалық нормалау институты құрылыс нормаларын әзірлеу мен жаңартудың бірыңғай орталығы ретінде құрылады.
- 138 нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру жүргізілуде.
- Цифрлық жүйелерді интеграциялау үшін Qportal.kz бірыңғай құрылыс порталы құрылды, ол құрылысты жоспарлау, сараптау және бақылау жүйелерін үйлестіре біріктіреді.
- Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын қоса алғанда, барлық әзірленетін және түзетілетін жобаларға міндетті сараптама енгізіледі.
- ЕЖЖ-ны түзету жиілігі шектеледі – екі жылда бір реттен артық емес.
- Үдерістерді орталықтандыру үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді.
-Салалық портал арқылы объектілердің электрондық 3D-модельдерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін BIM-технологиялар енгізілуде.

ℹ️ Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші тоқсанында пилоттық режімде құжаттаманы автоматты түрде тексеру үшін жасанды интеллектті қолдану жоспарлануда.

«Құрылыс кодексі арқылы бекітілген жаңа тәсілдерді енгізу, процестерді цифрландыру, бақылауды күшейту және нормативтік базаны жаңарту тұрғын үй құрылысының тұрақты, қауіпсіз және ашық дамуы үшін берік негіз қалыптастырады», – деп атап өтті Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.


➖

📌 Строительная отрасль переходит к цифровым технологиям и единой цифровой платформе

Строительная отрасль переходит к внедрению цифровых технологий и учёту полного жизненного цикла строительной продукции - от проектирования до эксплуатации и утилизации. Об этом сообщил министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства.

Новый Строительный кодекс, подписанный 9 января текущего года и вступающий в силу с 1 июля, закрепляет эти подходы и формирует нормативную основу для дальнейшего развития отрасли с учетом современных требований.

Какие задачи выполняются:
- Ужесточаются требования к участникам строительного рынка, внедряется электронный реестр лицензиатов и поэтапная сертификация инженеров.
- Создается Национальный институт технического нормирования как единый центр разработки и обновления строительных норм.
- Ведется актуализация 138 нормативных правовых актов.
- Для интеграции цифровых систем создан Единый строительный портал Qportal.kz, который объединяет системы планирования, экспертизы и мониторинга строительства.
- Вводится обязательная экспертиза всех разрабатываемых и корректируемых проектов, включая проекты детальной планировки.
- Ограничивается частота корректировки ПДП - не более одного раза в два года.
- Для централизации процессов внедрена Автоматизированная информационная система государственного градостроительного кадастра.
- Через отраслевой портал внедряются BIM-технологии, позволяющие работать с электронными 3D-моделями объектов.

ℹ️ Дополнительно в первом квартале 2026 года в пилотном режиме планируется применение искусственного интеллекта для автоматической проверки документации.

«Внедрение новых подходов, закреплённых Строительным кодексом, цифровизация процессов, усиление контроля и нормативное обновление создают прочную основу для устойчивого, безопасного и прозрачного развития жилищного строительства», - отметил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3👏1
📌 Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Ислам даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Жәннат Дүбірова Ислам даму банкі өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар инфрақұрылым тиімділігін арттыруға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Әсіресе коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды түрде тиісті аспаптармен жабдықтау жобасын қаржыландыруға Ислам даму банкінің қатысу мүмкіндігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған жоба коммуналдық ресурстарды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында заманауи есептеу құралдарын және цифрлық мүмкіндіктерді енгізуді көздейді.

Банк өкілдері осы жобаны іске асыруды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық білдірді.

ℹ️ Кездесу барысында аталған жиынның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жасаған сапары кезінде басталған диалогтың жалғасы екені айтылды. Осы сапар аясында Ислам даму банкі басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілген.

🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоба параметрлері мен оны қаржыландыру тетіктерін бірлесіп пысықтау жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Ислам даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Жәннат Дүбірова Ислам даму банкі өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында…
📌 Вице-министр Жаннат Дубирова обсудила сотрудничество с Исламским банком развития

В Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан состоялась встреча вице-министра Жаннат Дубировой с представителями Исламского банка развития.

В ходе встречи стороны обсудили перспективы сотрудничества в рамках реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов», направленного на повышение эффективности инфраструктуры и внедрение современных технологий в сфере жилищно-коммунального хозяйства.

Особое внимание было уделено вопросу возможного участия Исламского банка развития в финансировании проекта по масштабной приборизации коммунальной инфраструктуры, предусматривающего внедрение современных приборов учета и цифровых решений для повышения прозрачности и эффективности управления коммунальными ресурсами.

Представители банка подтвердили заинтересованность в рассмотрении вопроса о выделении финансирования для реализации данного проекта.

ℹ️ Отмечено, что текущая встреча стала продолжением ранее начатого диалога по итогам визита Министра промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайына Нагаспаева в Королевство Саудовская Аравия, в рамках которого состоялись переговоры с руководством Исламского банка развития по вопросам расширения инвестиционного сотрудничества.

🤝 Стороны договорились продолжить совместную работу по проработке параметров проекта и механизмов его финансирования. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Шикізатты өз елімізде өңдеу ісі күшейтілуде

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шикізатты терең өңдеуді дамыту және ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ішкі өңдеу ісіне байланысты отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда.

🏭 Шикізат базасын және экспорттық әлеуетті ұлғайту мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға елеулі үлес қосады. Ол сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруды қамтамасыз ететін тұрақты өнеркәсіптік базаны қалыптастыруға әсер етеді.

🔧 Ішкі қайта өңдеуді дамытудағы тиімді құралдардың бірі – отандық кәсіпорындарды негізгі базалық металдармен (мәселен, алюминий, мыс және мырыш сияқты металдар) қамтамасыз ету тетігі.

⚙️ Бұл механизм мынадай ыңғайда жүзеге асырылады: ірі өндіруші компаниялар бірінші кезекте ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етеді. Бұл компаниялар отандық кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін ғана өнімін экспортқа жібере алады.

📊 Отандық кәсіпорындарға берілетін жеңілдік мөлшері өнімді қайта өңдеу деңгейіне байланысты:
• дайын өнім үшін – Лондон металл биржасы (LME) бағасынан 5% жеңілдік;
• аралық өнім үшін – 1% жеңілдік.

📑 Осы мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде Министрлік 2025 жылы өтінімдер қабылдады, қажетті сараптамалар жүргізді және катодты мыс, бастапқы алюминий және металл мырышын жеткізуге 18 кәсіпорынмен үшжақты келісімдерге қол қойды.

📈 Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары тарапынан шикізатқа сұраныс ұдайы өсіп келеді.

🔹 Мәселен, 2025 жылы мысқа деген қажеттілік 18,6 мың тоннаны құрады. 2026 жылы сұраныс 20,4 мың тоннаға дейін (10%) артады деп күтілуде.

🔹 Алюминий саласында ішкі нарықта қайта өңдеу көлемі 2025 жылы 57,4 мың тоннаны құрады, ал бастапқы алюминийге қажеттілік 2026 жылы 77,7 мың тонна деңгейінде күтілуде, бұл 35%-дан артық.

🔹 Сұраныстың өсуі мырыш өндірісінде де байқалады. 2026 жылы мырышқа қажеттілік 2,6 мың тоннаны құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артық (2025 жылы – 1,8 мың тонна).

📌 Сұранысқа байланысты жеткізілетін шикізат көлемінің ұлғаюы атқарылып жатқан шараларды мемлекеттік қолдау тетігінің тиімділігін растайды.

🏗 Отандық өндірушілерді базалық металдармен қамтамасыз ету орта және жоғары деңгейде өңделген өнім шығарып жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға ықпал етеді. Бұл катанка, кабель және өткізгіш өнімдер, аккумуляторлар, терезе профильдері, жиһаз жабдықтары және басқа да тауарлар өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

📊 Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, қосылған құны жоғары өнім шығаруды және экспорттық әлеуетті арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады.

📍 Осылайша, бұл бағытты ілгерілету шикізатты ішкі нарықта өңдеуді одан әрі өрістетуге, ел аумағында өндірілетін дайын тауарлар көлемі мен түрлерін көбейтуге, сондай-ақ отандық кәсіпорындарды ынталандыру арқылы халықтың әл-ауқаты деңгейін көтере түсуге ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Шикізатты өз елімізде өңдеу ісі күшейтілуде 🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шикізатты терең өңдеуді дамыту және ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Өнеркәсіп және құрылыс…
📌 В Казахстане усиливается внутренняя переработка сырья

🇰🇿 В соответствии с поручениями Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева по развитию глубокой переработки сырья и увеличению доли обрабатывающей промышленности Министерством промышленности и строительства реализуются меры государственной поддержки, направленные на обеспечение отечественных производителей сырьем для внутренней переработки.

🏭 Наращивание сырьевой базы и экспортного потенциала способствует пополнению доходной части государственного бюджета и формированию устойчивой промышленной базы, обеспечивающей выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью.

🔧 Одним из инструментов развития внутренней переработки является механизм обеспечения базовыми металлами отечественных предприятий — алюминием, медью и цинком. Крупные добывающие компании в приоритетном порядке обеспечивают сырьем внутренний рынок, после выполнения обязательств перед отечественными предприятиями оставшиеся объемы могут направляться на экспорт.

📊 Размер предоставляемой скидки для отечественных предприятий зависит от глубины переработки продукции:
• для готовой продукции — 5% от цены Лондонской биржи металлов (LME);
• для промежуточной продукции — 1%.

📑 В рамках данной меры государственной поддержки в 2025 году Министерством приняты заявки, проведены экспертизы и подписаны трехсторонние соглашения с 18 предприятиями на поставку катодной меди, первичного алюминия и металлического цинка.

📈 Спрос на сырье у предприятий обрабатывающей промышленности растет. В 2025 году потребность в меди составила 18,6 тыс. тонн, в 2026 году ожидается увеличение на 10% — до 20,4 тыс. тонн.

🔹 В алюминиевой отрасли объем внутренней переработки в 2025 году составил 57,4 тыс. тонн, а потребность в первичном алюминии в 2026 году ожидается на уровне 77,7 тыс. тонн, что более чем на 35% больше.

🔹 В цинковой отрасли в 2026 году потребность составляет 2,6 тыс. тонн, что на 45% больше, чем в 2025 году (1,8 тыс. тонн).

🏗 Обеспечение отечественных производителей базовыми металлами способствует загрузке действующих предприятий и наращиванию производства катанки, кабельно-проводниковой продукции, аккумуляторов, оконных профилей, мебельной фурнитуры и других товаров.

📊 Развитие данного направления способствует расширению внутренней переработки сырья, увеличению выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью и расширению экспортного потенциала страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3