ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
🧠 Қазақстан құрылыс саласында ЖИ мүмкіндіктерін қолдануға бет бұруда

Қазақстанда жасанды интеллект жобалаумен сараптамадан бастап, орындалуын нақты уақыт режимінде толық бақылауға дейінгі барлық кезеңде енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Жоспарлау және қала құрылысы кезеңінде цифрлық бас жоспарлар мен ЕТЖЖ-ның орындалуын бақылау үшін «компьютерлік көруді» жасанды интеллектпен үйлестіріп қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жүйе нысандардың нақты жағдайын бекітілген жобалық құжаттамамен салыстырады. Бұл сәйкессіздіктерді анықтау уақытын 3 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартуға және заңсыз құрылыс тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Бұған қоса, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, қалалардың цифрлық сыңарларынқұру үшін дрондарды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ℹ️ Министрдің айтуынша, жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңінде BIM жобаларын тексеру үшін жасанды интеллектті енгізу жоспарлануда. Бұл топырақ жағдайлары мен сейсмикалық белсенділікті ескере отырып, елдің әртүрлі аймақтарындағы стандартты жобаларды қарау мерзімдеріндегі айырмашылықтарды жоюға және ел бойынша бірыңғай және ашық ережелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🧠 Қазақстан құрылыс саласында ЖИ мүмкіндіктерін қолдануға бет бұруда Қазақстанда жасанды интеллект жобалаумен сараптамадан бастап, орындалуын нақты уақыт режимінде толық бақылауға дейінгі барлық кезеңде енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…
🧠 Казахстан внедряет ИИ на всех этапах строительства

Искусственный интеллект в Казахстане внедряется на всех этапах строительства – от проектирования и экспертизы до полного контроля исполнения в режиме реального времени. Об этом сообщил министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства.

«На этапе планирования и градостроительства запущен пилотный проект по применению «компьютерного зрения» в сочетании с ИИ для контроля реализации цифровых генпланов и ПДП. Система сопоставляет фактическое состояние объектов с утвержденной проектной документацией. Это позволяет сократить время выявления несоответствий с 3 рабочих дней до 4 часов иминимизировать риски незаконной застройки», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Параллельно, по его данным, для создания цифровых двойников городов совместно с АО «Казахтелеком» ведётся работа по использованию дронов.

ℹ️ Планируемое внедрение ИИ для предварительной проверки BIM-проектов на этапе проектирования и госэкспертизы, по словам министра, также устранит различия в сроках рассмотрения типовых проектов в разных регионах с учетом особенностей грунтов и сейсмичности и обеспечит единые и прозрачные правила по всей стране.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🧠 Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау: Қазақстанда ЖИ өндірісті өрістетуге қолданылуда

Ел өнеркәсібінде сапаны бақылау және өндірістік үдерістерді оңтайландыру үшін жасанды интеллект қазірдің өзінде қолданылуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«ERG, Astana Motors және KAZ Minerals сияқты ірі кәсіпорындар өз өндірістік алаңдарында цифрлық сыңарларын енгізуде. Өнеркәсіптік интернет заттары (IIoT)технологиялары 70-тен астам кәсіпорында қолданылады», – деді Ерсайын Нағаспаев.


⚡️ Министр, сондай-ақ тау-кен саласында ЖИ негізіндегі шешімнің енгізілуі жөнінде айта келіп, бұған мысал ретінде Solidcore Resources кәсіпорнын атап өтті. Онда өндірістік көрсеткіштерді талдап, диспетчерлер мен машинистерге ұсынымдар қалыптастыратын оператордың цифрлық ассистенті жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🧠 Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау: Қазақстанда ЖИ өндірісті өрістетуге қолданылуда Ел өнеркәсібінде сапаны бақылау және өндірістік үдерістерді оңтайландыру үшін жасанды интеллект қазірдің өзінде қолданылуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…
🧠 Цифровая трансформация промышленности: ИИ оптимизирует производство в Казахстане

Для контроля качества и оптимизации производственных процессов в промышленности страны уже применяется искусственный интеллект. Об этом сообщил министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства.

«Крупные предприятия, такие как ERG, Astana Motors и KAZ Minerals, внедряют цифровые двойники на своих производственных площадках. Технологии промышленного интернета вещей уже используются на более чем 70 предприятиях», - заявил Ерсайын Нагаспаев.


⚡️ Министр также привёл в пример внедрение решения на базе ИИ в горнодобывающей отрасли, отметив предприятие Solidcore Resources, где есть цифровой ассистент оператора, который анализирует производственные показатели и формирует рекомендации для диспетчеров и машинистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Биыл түсті металлургия саласында сегіз жобаны іске асыру жоспарланған

Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібіндегі жетекші салалардың бірі. Бұл бағыттың табысты дамуына еліміздің бай шикізаттық базасының болуы ықпал етіп отыр. Қазақстан аумағында мыс, мырыш, никель, қорғасын, алюминий және бағалы металдардың ірі кен орындары шоғырланған. Биыл салада жалпы көлемі шамамен 80,1 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 8 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асырылса 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жобаларды мониторингтеу және талдау дирекциясыхабарлады.

Атап айтқанда, катодты мыс, мыс сымы, мыс кабелі, алюминий ұнтағы және легирленбеген алюминийден құйылған шыбықтар өндірістерін іске қосу көзделген. Қазіргі таңда бір жоба өндірістік пайдалануға берілді: Қарағанды облысында катодты мыс өндіру өндірісі іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға 8 млрд теңге инвестиция тартылып, 512 тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Бұдан бөлек, түсті металлургия саласында Доре қорытпасын, алюминий биллеттері мен профильдерін өндіруге бағытталған алты жоба қазіргі уақытта іске асырылу кезеңінде тұр. Аталған жобалардың пайдалануға берілуі 2027-2028 жылдары жоспарланып отыр. Жобаларға тартылған жалпы инвестиция көлемі 532,1 млрд теңгеден асады. Бұл бастамалар 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, соның ішінде шамамен 140 жұмыс орны ауылдық елді мекендерде ашылмақ», – делінген хабарламада.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта Доре құймасындағы алтын мен күміс, никель штейні, легирленбеген алюминий, вольфрам, қорғасын және мырыш өндіру бойынша тағы 34 жоба пысықталу сатысында. Аталған жобалар бойынша жоспарланған инвестиция көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды, болжам бойынша, бұл жобалар 17,1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, қазіргі және алдағы уақыттағы жоспарланған 48 жоба аясында шамамен 7,5 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Нәтижесінде жалпы 19,4 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, оның 15,7 мыңы ауылдық жерлерге тиесілі болмақ.

ℹ️Айта кетейік, түсті металлургия өнімдерін өндіруге бағытталған ірі жобаларды Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай облыстарында іске асыру жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Биыл түсті металлургия саласында сегіз жобаны іске асыру жоспарланған Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібіндегі жетекші салалардың бірі. Бұл бағыттың табысты дамуына еліміздің бай шикізаттық базасының болуы ықпал етіп отыр. Қазақстан аумағында мыс,…
📌 Восемь проектов в цветной металлургии запустят в Казахстане в 2026 году

Цветная металлургия является одной из ведущих отраслей промышленности Республики Казахстан. Ее успешному развитию способствует богатая собственная сырьевая база: крупные месторождения меди, цинка, никеля, свинца, алюминия и драгоценных металлов. Ожидается, что в 2026 году будет запуск восьми проектов с привлечением порядка 80,1 млрд тенге инвестиций и созданием более 1,5 тыс. постоянных рабочих мест, сообщает дирекция мониторинга и анализа проектов QazIndustry.

Так, в этом году запланирован запуск производств катодной меди, медной катанки, медного кабеля, алюминиевой пудры и литыхпрутков из нелегированного алюминия. На данный момент в эксплуатацию введен один проект: в Карагандинской области запущено производство катодной меди. Для его реализации привлечено 8 млрд тенге, создано 512 рабочих мест.

«Помимо этого, на стадии реализации находятся шесть проектов - по производству сплава Доре, алюминиевых биллетов и профилей. Их запуск ожидается в 2027-2028 годах. Общая сумма инвестиций превысит 532,1 млрд тенге. Данные проекты позволят создать более 800 рабочих мест, в том числе порядка 140 - в сельской местности», - говорится в сообщении.


Вместе с тем на стадии проработки находятся еще 34 проекта по производству золота и серебра в слитках Доре, никелевого штейна, нелегированного алюминия, вольфрама, свинца и цинка. Сумма инвестиций -6,9 трлн тенге, прогнозы - 17,1 тыс. рабочих мест.

В целом, объем инвестиций по 48 текущим и предстоящим проектам составляет около 7,5 трлн тенге, будет создано 19,4 тыс. рабочих мест, из которых 15,7 тыс. - в сельской местности.

ℹ️ Отметим, крупнейшие проекты по производствупродукции цветной металлургии планируетсяреализовать в Костанайской, Павлодарской, Карагандинской областях и области Абай.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Air Products – газ индустриясының халықаралық көшбасшысы, ол әлемнің 50-ден астам елінде жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында газ химиясы, көмір химиясы, сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ отандық металлургия өндірістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан жаңа сапа экономикасына дәйекті түрде көшіп келе жатқанын, мұнда негізгі басымдықтар технологиялық жаңғырту, технологиялар трансфері және заманауи өндірістер құру болып отырғанын атап өтті.

«Біз жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікке үлкен мән береміз және озық технологияларды дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Қазақстан айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие және жаңа индустриялық салаларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Air Products компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болс Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге және экономиканың басым секторларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына Air Products компаниясымен келешегі зор бірлескен жобалардың нақты пысықталуын жандандыруды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом. Обсуждены перспективы расширения сотрудничества в сфере промышленной кооперации, внедрения передовых технологий и реализации совместных инвестиционных проектов в области газохимии.

Air Products является международным лидером в промышленной индустрии газов и осуществляет деятельность более чем в 50 странах мира.

В ходе встречи особое внимание уделено развитию сотрудничества в газохимии, углехимии, водородной энергетики, а также повышению эффективности отечественных металлургических производств.

Олжас Бектенов отметил, что Казахстан последовательно переходит к экономике нового качества, где ключевыми приоритетами являются технологическая модернизация, трансфер технологий и создание современных производств.

«Мы придаем большое значение партнерству с ведущими международными компаниями и всегда открыты к взаимовыгодному сотрудничеству по развитию передовых технологий. Казахстан располагает значительным ресурсным потенциалом и проводит системную работу по формированию новых индустриальных отраслей»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

Президент по регионам Европы и Африки компании Air Products Иво Болс выразил заинтересованность в расширении партнерства с Казахстаном и реализации совместных инициатив в приоритетных секторах экономики.

По итогам встречи руководитель Правительства поручил председателю правления Фонда «Самрук-Қазына» активизировать предметную проработку перспективных совместных проектов с компанией Air Products.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ел азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында  тұрғын үй кешендері аумағында әлеуметтік нысандар салуға; ірі панельді үйлердегі пәтерлерді бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес қайта жоспарлауға; жоғары кернеулі электр желісін жүргізуге; МИБ және ПИК қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті құрылымдарына тапсырмалар берді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ел азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында  тұрғын үй кешендері аумағында әлеуметтік нысандар салуға; ірі панельді…
📌 Ерсайын Нагаспаев провёл приём граждан

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провёл ряд встреч с казахстанцами по личным вопросам в Центре приёма граждан.

В ходе приёма были обсуждены следующие темы: возведение социальных объектов на территории ЖК; перепланировка квартир в крупнопанельных домах в соответствии с утверждённой проектно-сметной документацией (ПСД); строительство высоковольтной линии; деятельность ОСИ и КСК.

По итогам проведения приёма граждан Ерсайын Нагаспаев дал поручения профильным подразделениям Министерства промышленности и строительства.
🚰 Елімізде халықты сапалы сумен қамтамасыз ету басты назарда

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру аясында қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспар әзірленді. Осы жоспар шеңберде су көздерін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сумен жабдықтау нысандарын салу, сондай-ақ суды тазартудың блокты-модульдік стансаларын орнату көзделген.

Қаржыландыру ісі республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылуда.

Негізгі нәтижелер
Жалпы, тапсырманы іске асыру кезеңінде:
• 835 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді;
• 34 қала мен 756 ауылдық елді мекен сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізді;
• 699 ауылда жергілікті бюджет есебінен суды тазартудың блокты-модульдік стансалары орнатылды.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша нысаналы көрсеткішке толық қол жеткізілді. Нақтылай айтқанда, 90 қала мен 6 075 ауылдық елді мекенді (7,5 млн адам) қоса алғанда, барлық елді мекен сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылды.

Соның ішінде:
• 4 725 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қосылған (ауыл халқының 96%-ы қамтылған);
• 1 350 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етілген (ауыл халқының 4%-ы), оның ішінде:
• 1 103 ауылда блокты-модульдік тазарту стансалары орнатылған (ауыл халқының 3,6%-ы қамтылған);
• 233 шағын ауылда сумен жабдықтау қызметі жеке ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады;
• 14 ауылға шалғай орналасуына және су көздерінің болмауына байланысты су тасымалдау арқылы жеткізіледі.

Сумен жабдықтау қызметінің түрлі модельдерін қолдану халықты сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, күрделі шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мен жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.

Атап айтқанда, «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында:
• коммуналдық желілердің тозуын кезең-кезеңімен төмендету;
• инфрақұрылымның сенімділігін арттыру;
• ресурстарды басқару мен есепке алудың заманауи технологияларын енгізу көзделген.

Сонымен қатар 2026 жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен сумен жабдықтау және су бұру бойынша 320 жобаны іске асыруға 209 млрд теңге бөлінді. Оның 144 млрд теңгесі қалаларға, 65 млрд теңгесі ауылдық елді мекендерге бағытталды.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұдайы бақылауында.
❤2