ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнёвпен Қазақстанның тау-кен секторын дамыту перспективаларын талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Дүниежүзілік банктің Қазақстан және Түрікменстандағы…
⚡️ Ерсайын Нагаспаев обсудил с постоянным представителем Всемирного банка Андреем Михневым перспективы развития горнорудного сектора РК
  
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с постоянным представителем Всемирного банка в Казахстане и Туркменистане Андреем Михневым.

Внимание уделено перспективам развития горно-металлургического комплекса в рамках поставленных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым задач.

В ходе встречи заслушан проект отчета Всемирного банка «Оценка условий для инвестиций в горнорудную промышленность в Казахстане», отражающем изменения с 2023 года. Всемирным банком дана высокая оценка проводимой Правительством РК работе по динамичному развитию ГМК и перерабатывающего сектора в целом. Рекомендации даны в области дальнейшего реформирования и привлечения инвестиций для обеспечения диверсификации и устойчивого роста экономики.

«Между Министерством промышленности и строительства и Всемирным банком ведется активная совместная работа по развитию сотрудничества в сфере горно-металлургического комплекса. Мы высоко ценим наши взаимоотношения и настроены на их дальнейшее укрепление», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев

и пригласил постоянного представителя Всемирного банка Андрея Михнева принять участие в  Международной выставке «Astana Mining and Metallurgy», которая состоится 11-12 июня т.г.

ℹ️ По итогам встречи стороны договорились углублять сотрудничество и подтвердили совместную заинтересованность в проведении Всемирным банком макроэкономического анализа «Консолидированные прогнозы экономических выгод горнодобывающего сектора РК до 2045 года». Также состоялось обсуждение странового компакта между Казахстаном и Всемирным банком по развитию ГМК.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Геология мен өнеркәсіптен бастап ТКШ-ға дейін: ӨҚМ цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді кезең-кезеңімен енгізуде

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың қатысуымен аталған министрлікке қарасты салалардағы цифрлық трансформация мәселелері бойынша брифинг өтті.

Министрлік жер қойнауын пайдалану, геология, құрылыс, өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ елдің «Энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) аясында бірқатар цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен іске асырып жатыр. Реформалар әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге, уақыт үнемдеуге, деректерді жүйелеуге және жасанды интеллект элементтерін енгізуге бағытталған.

Негізгі рәсімдерді бірыңғай цифрлық форматқа көшіру үшін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы дамытылуда. Бұл платформа табиғи ресурстарды басқару жүйесін жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде платформа арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсету түрлері автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар электронды аукциондар мен жазылу бонусын онлайн төлеу тетіктері де іске қосылды. Қазіргі уақытта 729 лицензия берілді. Цифрлық формат қағаз құжат айналымын азайтып, қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелер (ЛКУ) бойынша есептіліктің 89%-ын электронды түрде тапсырды. Келесі кезең – электронды өзара іс-қимылды кеңейту және деректер сапасын арттыру», – деді вице-министр.


Сонымен қатар ондаған жылдар бойы жинақталған геологиялық есептерді, карталар мен архивтік құжаттарды цифрландыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда геологиялық тарихи деректердің 97,5%-ы сканерленді. Мамандарға қолда бар барлық ақпаратпен тыңғылықты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірыңғай база қалыптастырылуда. Бұл аналитика сапасын арттыруға жол ашады. Қазірдің өзінде көлемі шамамен 1 терабайт болатын алғашқы деректер массиві жүктелді.

Құрылыс саласында ӨҚМ деректердің аумақты жоспарлау кезеңінен бастап нысанды пайдалануға беруге дейін ақпарат жоғалмайтын және қайта енгізілмейтін тұтас үздіксіз цифрлық процесті қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Негізгі құрал ретінде бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инженерлік-коммуналдық желілер туралы мәліметтер жинақталған мемлекеттік қала құрылысы кадастры пайдаланылады. Бірыңғай базаның болуы кеңістіктік деректерді талдауға арналған компьютерлік көру құралдарын енгізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде нақты құрылыс пен бекітілген жоспарлар арасындағы сәйкессіздіктерді анықтау уақыты бірнеше күннен бірнеше сағатқа дейін қысқарды. Жобалық құжаттарды автоматты тексеру жүйесі бас жоспарлардағы мәліметтерді өздігінен салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтайды. Соның арқасында рәсімдерді өткізу уақыты екі есеге қысқарды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Smart Turmys цифрлық жүйесі енгізілуде. Бұл – ресурстарды есепке алу жүйелерімен біріктірілген, азаматтардың коммуналдық саламен ыңғайлы цифрлық интерфейс арқылы өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай платформа.

Сонымен қатар коммуналдық ресурстарды есепке алу жүйесі дамытылып, салаға қатысушылардың барлығын кезең-кезеңімен интеграциялау қамтамасыз етілуде.

«Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) аясында жүздеген мердігер мен жеткізушіні біріктіретін электрондық сатып алу платформасы іске қосылды. Жедел бақылау үшін басшылыққа арналған аналитикалық дашборд енгізілді. Сондай-ақ сынақ режимінде пайдаланушыларға сатып алу рәсімдерінде жылдам бағдарланып, үлгілік құжаттамамен жұмыс істеуге көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі SKAI-Contract интеллектуалды модулі іске қосылды.

Өнеркәсіп өндірісінде Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге, жабдықтарды мониторингтеуге, өндірістік аналитикаға, автоматтандырылған басқару жүйелерін дамытуға және басқа да бағыттарға басымдық берілуде.

ℹ️ Атқарылып жатқан барлық шаралар еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың түрлі секторларының орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Геология мен өнеркәсіптен бастап ТКШ-ға дейін: ӨҚМ цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді кезең-кезеңімен енгізуде Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың қатысуымен аталған министрлікке…
📌 От геологии и промышленности до ЖКХ: МПС поэтапно внедряет цифровые технологии и ИИ

В Службе центральных коммуникаций состоялся брифинг с участием вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Жаннат Дубировой по вопросам цифровой трансформации в подотчетных Министерству секторах.

Министерство поэтапно реализует ряд цифровых решений в недропользовании, геологии, строительстве, промышленности, а также в рамках Национального проекта модернизации энергетического и коммунального секторов страны. Реформы направлены на упрощение административных процедур, сокращение временных затрат, систематизацию данных и внедрение элементов искусственного интеллекта.

Для перевода ключевых процедур в единый цифровой формат развивается Единая платформа недропользования, которая выведет управление природными ресурсами на качественно новый уровень.

«Через платформу автоматизированы и доступны 22 государственные услуги, запущены механизмы электронных аукционов и онлайн-оплаты подписных бонусов. На текущий момент предоставлено 729 лицензий. Цифровой формат позволяет минимизировать бумажный документооборот и быстрее получать услуги. По итогам прошлого года 89% отчетности по ЛКУ недропользователи сдали в электронном виде. Следующий этап - расширение электронного взаимодействия и повышение качества данных», – сообщила вице-министр.


Кроме того, завершается работа по оцифровке накопленных за десятилетия материалов: геологических отчетов, карт и архивных документов. На данный момент отсканировано 97,5% исторических геологических данных. Формируется единая база, которая позволит специалистам углубленно работать со всей имеющейся информацией, что повысит качество аналитики. Уже загружен первый массив данных объемом порядка 1 терабайта.

В сфере строительства МПС ставит задачу обеспечить сквозной цифровой процесс, при котором данные последовательно передаются от этапа планирования территории до эксплуатации объекта без потерь информации и повторного ввода. Базовым инструментом является государственный градостроительный кадастр, где собраны генеральные планы, ПДП и данные по инженерно-коммунальным сетям. Наличие единой базы позволило внедрить инструменты «компьютерного зрения» для анализа пространственных данных. В результате время выявления расхождений между фактической застройкой и утвержденными планами сократилось с нескольких дней до нескольких часов. Автоматическая проверка проектных документов самостоятельно сопоставляет данные генпланов и выявляет несоответствия, при этом время проведения процедур сокращено вдвое.

В сфере ЖКХ внедряется цифровая система Smart Turmys -  единая точка взаимодействия граждан с коммунальной сферой через удобный цифровой интерфейс. Параллельно развивается система учета коммунальных ресурсов и поэтапно обеспечивается интеграция.

В рамках Национального проекта модернизации энергетического и коммунального сектора (МЭКС) запущена электронная платформа закупок, объединяющая подрядчиков и поставщиков. Для оперативного контроля запущен аналитический дашборд, в тестовом формате развернут интеллектуальный модуль SKAI-Contract на базе ИИ, помогающий пользователям быстрее ориентироваться в закупочных процедурах.

В промышленном производстве акцент сделан на внедрении технологий Индустрии 4.0, мониторинге оборудования, промышленной аналитике,  автоматизированном управлении и др.

ℹ️ Все решения направлены на повышение производительности и обеспечение устойчивости секторов экономики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жамбыл облысында "ЕуроХим" күкірт қышқылы зауыты іске қосылды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсіміне қатысты.

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны құрылды.Аталған өндіріс орны жылына 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнім шығаруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық химия кластерін құруға бағытталған ауқымды индустриялық жобаның бір бөлігі саналады. «ЕуроХим» халықаралық компаниясының бұл жобаға салған инвестициясының жалпы көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

«Жоба Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру бойынша алға қойған стратегиялық міндеттерін орындауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың бір мысалы. Жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу – екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің нығаюының жарқын үлгісі. Жоба толық қуатына шыққан кезде Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.


Химия кешені жобасының үшінші кезеңі аясында бүгінде тиісті жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалған. Жобаны толық қуатқа шығару келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Барлық өндірістік желілер іске қосылғаннан кейін химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін береді, сондай-ақ 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Президент тапсырмаларын орындау аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы әртараптандыру және басым бағыттарға инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде соңғы екі жыл бойы өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталып отыр. Бұлоң үрдіс биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша да байқалды. Химия өнеркәсібінде шамамен 20 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Елімізде полипропилен, күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар, лак-бояу және басқа да тауарларды өндірукөлемі жыл сайын артып келеді.

ℹ️ Анықтама: «ЕуроХим» (EuroChem Group AG) – негізгі өндірістік активтері Ресей, Бельгия, Литва және Қытайда орналасқан халықаралық химия компаниясы. Компания минералды тыңайтқыш өндіру саласында әлемдегі алғашқы бестіктің қатарына кіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Жамбыл облысында "ЕуроХим" күкірт қышқылы зауыты іске қосылды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жамбыл облысында «ЕуроХим» күкірт қышқылы зауытын іске қосу рәсіміне қатысты. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына…
⚡️ Новый завод по производству серной кислоты запущен в Жамбылской области

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев принял участие в открытии в Жамбылской области завода по производству серной кислоты «ЕвроХим».

Мощность нового предприятия – 800 тыс. тонн серной кислоты в год. Данная продукция широко используется в сельском хозяйстве, энергетике, металлургии, машиностроении и других отраслях. Открытие завода обеспечило создание 330 новых рабочих мест. Производство является частью масштабного индустриального проекта по созданию высокотехнологичного химического кластера мощностью до 1 млн тонн минеральных удобрений и индустриальной продукции ежегодно. Общий объем инвестиций международной компании «ЕвроХим» в данный проект составляет $1 млрд.

«Проект полностью соответствует поставленным Главой государства стратегическим задачам по развитию обрабатывающей промышленности, диверсификации и обеспечению экономической самодостаточности Казахстана. Запуск высокотехнологичных производств – это яркий пример укрепления промышленного сотрудничества и стратегического партнерства между двумя странами.  Уверен, что выход проекта на полную мощность внесет большой вклад в развитие экономики Казахстана», — подчеркнул министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев.


В рамках третьей очереди проекта химического комплекса на  сегодня уже выполнено свыше 70% работ. Выход на полную мощность планируется в начале следующего года. Запуск всех производственных линий даст импульс развитию химической промышленности, АПК, а также обеспечит создание 1200 постоянных рабочих мест.

В рамках поручений Президента Министерством промышленности и строительства ведется последовательная работа по диверсификации экономики и привлечению инвестиций в приоритетные направления, результатом которой стал динамичный рост обрабатывающей промышленности на протяжении двух лет. Данная тенденция сохраняется и по итогам четырех месяцев текущего года. В химической промышленности достигнут рост порядка 20%. В Казахстане ежегодно увеличиваются объемы производства полипропилена, серной кислоты, минеральных удобрений, лакокрасочной продукции и др.


ℹ️ Справочно: «ЕвроХим» (Eurochem Group AG) — международная химическая компания, основные производственные активы которой расположены в России, Бельгии, Литве и Китае. Входит в пятерку крупнейших мировых производителей минеральных удобрений.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
📌 Қарағандыда өткен халықаралық конференцияда сарапшылар мен ғалымдар құрылыс саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады

Қарағандыда техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмағұлы Нұғожиновтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Польша, Беларусь, АҚШ және басқа елдердің ғалымдары, инженерлері, сарапшылары мен құрылыс саласының өкілдері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар саланы цифрландыру, BIM-модельдеу енгізу, Жасанды интеллект пен цифрлық сыңарлар қолдану, сейсмикаға төзімді құрылыс және заманауи инженерлік шешімдер мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ғылым мен өндіріс салаларындағы тәжірибе алмасу өтті.

Конференция жұмысына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қатысты. Пленарлық отырыста Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сөз сөйледі.

— Мемлекет басшысы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі күшті ғылымға, заманауи технологияларға және жаңа буынның инженер кадрларын даярлауға тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгінде цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және жобалаудың жаңа әдістері кеңінен енгізілуде, — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.


ℹ️ Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар озық технологияларды дамыту бағытындағы тәжірибе алмасты, сондай-ақ ғылым мен білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қарағандыда өткен халықаралық конференцияда сарапшылар мен ғалымдар құрылыс саласын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады Қарағандыда техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмағұлы Нұғожиновтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік…
📌 Эксперты и учёные обсудили цифровую трансформацию строительной отрасли на международной конференции в Караганде

В Караганде состоялась международная научно-практическая конференция, посвящённая 70-летию доктора технических наук, профессора Жумагулы Нугужинова. В мероприятии приняли участие учёные, инженеры, эксперты и представители строительной отрасли из Казахстана, России, Великобритании, Южной Кореи, Польши, Беларуси, США и других стран.

Участники обсудили вопросы цифровизации отрасли, внедрения BIM-моделирования, применения искусственного интеллекта и цифровых двойников, сейсмоустойчивого строительства и современных инженерных решений. Также состоялся обмен опытом в области науки и производства.

В работе конференции принял участие председатель Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства РК Бакытжан Жунисбеков. На пленарном заседании выступил аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев.

— Глава государства неоднократно подчёркивал, что конкурентоспособность Казахстана напрямую зависит от сильной науки, современных технологий и подготовки инженерных кадров нового поколения. Сегодня получили широкое внедрение цифровые технологии, искусственный интеллект и новые методы проектирования, — отметил Ермаганбет Булекпаев.


ℹ️ По итогам конференции участники обменялись практическим опытом в области развития передовых технологий, а также договорились укреплять взаимодействие в сферах науки и образования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумына қатысты

Сямынь қаласында (ҚХР) өткен BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы мен стратегиялық әріптестігі жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

🤝 ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Синь Гобинмен кездесу барысында индустриялық сектордағы озық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Zijin Mining Group компаниясының вице-президенті Цзянь Симинмен тау-кен металлургия кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ терең өңдеу мен геологиялық барлау салаларын дамыту перспективалары қарастырылды. Аталған конгломерат – алтын өндіру бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Қазақстанда компания үшін соңғы 6 жылдағы ең ірі жобалардың біріне айналған бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
❤2👌1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумына қатысты Сямынь қаласында (ҚХР) өткен BRICS-тің "Жаңа өнеркәсіптік революция 2026" форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ҚР Өнеркәсіп…
📌 Вице-министр промышленности и строительства РК Рахымжан Исакулов принял участие в Форуме БРИКС «Новая промышленная революция 2026»

В своем выступлении на церемонии открытия Форума БРИКС «Новая промышленная революция 2026» в г. Сямынь (КНР) вице-министр промышленности и строительства РК подчеркнул высокий уровень сотрудничества и стратегического партнерства Казахстана и Китая. Внимание уделено инвестиционному взаимодействию двух стран и реализации совместных проектов.

🤝 В ходе встречи с заместителем министра промышленности и информационных
технологий КНР Синь Гобином обсуждено сотрудничество в области развития передовых технологий в индустриальном секторе.

С вице-президентом компании Zijin Mining Group Цзянь Симином рассмотрены вопросы реализации совместных проектов в ГМК, а также перспективы развития глубокой переработки и геологоразведки. Конгломерат является одним из ведущих игроков в мире по добыче золота. В Казахстане реализуется совместный инвестиционный проект, ставший для компании одним из крупнейших за последние 6 лет.
👍2
📌 Қазақстан мен Германия энергия үнемдеуге негізделген құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Берлин қаласында құрылыс, жобалау және энергия үнемдеуге негізделген ғимараттар тақырыбында өткен, Қазақстан мен Германия өкілдерінің тәжірибе алмасуға арналған іскерлік басқосуына қатысты.

Бағдарлама аясында қатысушылар Германияның энергия үнемдеуге негізделген құрылыс, тұрғын үй қорын жаңғырту, жылумен тұрақты жабдықтау және қалалық даму салаларындағы заманауи тәсілдерімен танысты.

Сондай-ақ салалық сарапшылармен, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, сәулет және инженерлік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.

Энергия үнемдеудің тиімді тәсілдерінің нақты мысалдарына, ғимараттарды жаңғырту мәселелеріне және құрылыс саласына заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасуға және Қазақстанның құрылыс саласына озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.
👏2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан мен Германия энергия үнемдеуге негізделген құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Берлин қаласында құрылыс, жобалау және энергия үнемдеуге негізделген ғимараттар…
📌 Казахстан и Германия укрепляют сотрудничество в сфере энергоэффективного строительства

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов принял участие в деловом визите по обмену опытом между представителями Казахстана и Германии на тему строительства, проектирования и энергоэффективности зданий, прошедшем в Берлине.

В рамках программы участники ознакомились с современными подходами Германии в области энергоэффективного строительства, модернизации жилого фонда, устойчивого теплоснабжения и городского развития. Также состоялись встречи с профильными экспертами, представителями государственных и международных организаций, архитектурных и инженерных компаний.

Особое внимание было уделено практическим примерам реализации энергоэффективных решений, вопросам модернизации зданий и внедрения современных технологий в строительной отрасли.

Подобные мероприятия способствуют укреплению международного сотрудничества, обмену профессиональным опытом и внедрению передовых практик в строительную сферу Казахстана.

Такой формат профессионального обмена способствует укреплению международного сотрудничества, развитию экспертного взаимодействия и внедрению передовых практик в строительную отрасль Казахстана.
👍2
📌 Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері ЕЭФ-тің панельдік сессияларына қатысты

Құны $23 млрд болатын 135 жоба ЕАЭО елдерінің қатысуымен іске асырылды

Астанада өткен "Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектке басымдық" V Еуразиялық экономикалық форумы аясында өнеркәсіптік даму, кооперация және цифрлық трансформацияның негізгі мәселелеріне арналған бірқатар панельдік сессиялар болды.

Саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Иран Шархан мен Жәннат Дүбірова қатысты.

ℹ️ «ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кооперация: бизнес-идеялар және қолдау тетіктері» панельдік сессиясы барысында Иран Шархан ЕАЭО серіктестерімен жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік кооперация туралы айтты. Еуразиялық кеңістіктегі өнеркәсіптік кооперация шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге тұрақты түрде көшіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда ЕАЭО елдерімен шамамен $23 млрд сомасына 135 жоба іске асырылды, бұл 33 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кооперациядағы көшбасшы сала — машина жасау, онда 41 жоба (30%) жүзеге асырылған.

"Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жаһандық үрдістері: ЕАЭО және БҰҰӨДҰ (UNIDO) тәжірибесі» панельдік сессиясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Индустрия 4.0 шеңберінде көпжақты жобаларды іске асыру және ЕАЭО кеңістігінде ЖИ енгізу перспективалары жөнінде айтты.

Спикер стратегиялық үш бағытты атап өтті:
• нақты сектордағы зияткерлік кооперация,
• "ақылды" цифрлық платформалар құру және әкімшілік кедергілерді азайту.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері ЕЭФ-тің панельдік сессияларына қатысты Құны $23 млрд болатын 135 жоба ЕАЭО елдерінің қатысуымен іске асырылды Астанада өткен "Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектке басымдық" V Еуразиялық экономикалық…
📌 Вице-министры промышленности и строительства приняли участие в панельных сессиях ЕЭФ
 
135 проектов стоимостью $23 млрд реализовано со странами ЕАЭС
 
В рамках прошедшего в Астане V Евразийского экономического форума «ЕАЭС в глобальной цифровой гонке: ставка на искусственный интеллект» состоялся ряд панельных сессий, посвященных ключевым вопросам промышленного развития, кооперации и цифровой трансформации.

В обсуждениях актуальных вопросов сотрудничества приняли участие вице-министры промышленности и строительства РК Иран Шархан и Жаннат Дубирова.

ℹ️ В ходе панельной сессии «Промышленная кооперация в ЕАЭС: бизнес-идеи и механизмы поддержки» И. Шархан рассказал о промышленной кооперации с партнерами по ЕАЭС, направленной на устойчивый переход от сырьевой модели к созданию продукции с высокой добавленной стоимостью.

На сегодняшний день со странами ЕАЭС реализовано 135 проектов на сумму порядка $23 млрд, что позволило создать более 33 тыс. рабочих мест. Лидером кооперации выступает машиностроение - 41 проект (30%).

В рамках панельной сессии «Глобальные тенденции цифровой трансформации промышленности: опыт ЕАЭС и ЮНИДО» вице-министр промышленности и строительства РК Жаннат Дубирова озвучила перспективы реализации многосторонних проектов в рамках Индустрии 4.0 и внедрения ИИ на пространстве ЕАЭС.

Спикер выделила три стратегических направления:
• интеллектуальная кооперация в реальном секторе,
• создание «умных» цифровых платформ и снижение административных барьеров.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Мәжілісте машина жасау саласын дамыту жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының жетекшілігімен машина жасау және көлік салаларын дамытуға арналған заң жобасын екінші оқылымда қарау жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков қатысты.

Заң жобасында отандық өндірушілерді қолдау, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа технологияларды енгізу және қазақстандық өнімніңішкі әрі сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған.

Негізгі бастамалардың бірі – мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған өнеркәсіптік кластерлерді дамыту. Бұл өз кезегінде еліміздің әр өңіріндегі кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығын нығайтып, өндірістік әлеуетін біріктіруге және қосылған құны жоғары өнім көлемін арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар заң жобасында арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруге қатысты нормалар қарастырылған.

Ұсынылып отырған өзгерістер жеңілдіктер беру тетіктерінің тиімділігін арттырып, заманауи өндірістерді дамытуға және нарықта сұранысқа ие өнім шығаруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Заң жобасында қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау және қайта өңдеу мәселелеріне де ерекше назар аударылған. Ұсынылып отырған нормалар өнеркәсіп кәсіпорындарын қайталама шикізатпен қамтамасыз етуге және осы саладағы жұмыстың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

ℹ️ Жалпы, заң жобасында қарастырылған шаралар машина жасау саласының дамуына серпін беріп, инвестиция тартуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝2