Өнеркәсіп және құрылыс министрі автомобиль жасау саласында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Соңғы 5 жылда салаға шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы елімізде 171 мыңнан астам автомобиль шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты.
Оң динамика биыл да сақталуда. Биылғы 6 айда 94 400 автомобиль шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 35%-ға жоғары. Осы жылға арналған жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға ұлғайтып, 190 мың автомобиль шығару.
Жалпы, биыл автомобиль өндірісі 131,1%-ға өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Министр промышленности и строительства сообщил, что в отрасли автомобилестроения занято более 10 тыс. человек. За последние 5 лет привлечено около 457 млрд тенге инвестиций. В прошлом году в стране выпущено более с 171 тыс. автомобилей, а объем производства увеличился на 18%.
Положительная динамика сохраняется и в текущем году. За 6 месяцев этого года произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше показателя аналогичного периода прошлого года. План на текущий год — увеличить объем производства на одиннадцать процентов и выпустить 190 тыс. автомобилей.
В целом в текущем году производство автомобилей выросло на 131,1%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Министр локализациялау деңгейін одан әрі арттыру үшін негізгі басымдықтардың бірі жаңа автокомпоненттер өндірісін игеру және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль компанияларымен бірлескен өндірістерге тарту екенін атап өтті.
«Ұсынылып отырған шаралар автомобиль өнеркәсібін одан әрі тұрақты дамытуға, жаңа инвестициялар тартуға, отандық өнімнің қолжетімділігін арттыруға және өңірлік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Министрлік өз өкілеттіктері аясында аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді»,
– деп қорытындылады Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Министр подчеркнул, что для дальнейшего повышения уровня локализации основным приоритетом станет освоение производства новых автокомпонентов и привлечение отечественных предприятий к совместным производствам с ведущими мировыми автомобильными компаниями.
«Предлагаемые меры позволят обеспечить дальнейшее устойчивое развитие автомобильной промышленности, привлечь новые инвестиции, повысить доступность отечественной продукции и укрепить региональный потенциал. Министерство в рамках своих полномочий будет системно продолжать работу по указанным направлениям и обеспечит качественное и своевременное выполнение поставленных задач»,
— подытожил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев пен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков тұрғын үй қорын реновациялау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Реновация аясында қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, инженерлік желілерді жаңартуға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2029 жылға дейін шамамен 40 мың меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Жер кодексіне, Құрылыс кодексіне және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Әкімдіктер реновацияға жататын тұрғын үйлердің тізімін қалыптастырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзектендіру жұмыстарын жүргізуде. Биыл елімізде 224 көппәтерлі тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланған, оның ішінде 44 үйдің демонтаж жұмыстары аяқталған.
«Реновация саласында тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторының кепілдіктеріне негізделген жаңа нарықтық тетік енгізілді. Бұл тетік жеке инвестицияларды тартуға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға жол ашады. Кепілдік тетігі тұрғындардың құқықтарын "бөлмеге – бөлме" қағидаты бойынша қорғайды, құрылыс салушыларға кепілдік алуға мүмкіндік береді, инвесторлардың сенімін арттырып, реновация жобаларына жеке инвестициялардың тартылуына ықпал етеді»,
– деді Қанат Мыңбаев.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков салынып жатқан, ҚТҮК кепілдігі берілген тұрғын үйлерден баспана сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы туралы айтты. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 15,9%, бастапқы жарна – 20%-дан бастап, несие мерзімі – 20 жылға дейін; қарыз сомасы – 75 млн теңгеге дейін. ҚТҮК кепілдігі сатып алушылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді және құрылыс салушыда қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда да құрылыс жұмыстарының аяқталуына кепілдік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
О проводимой работе в сфере реновации жилищного фонда рассказали на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК Канат Мынбаев и заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков.
В рамках реновации ведется комплексная работа, направленная на модернизацию городской инфраструктуры, обновление инженерных сетей, развитие общественных пространств и повышение качества жизни граждан. До 2029 новым жильём планируется обеспечить около 40 тысяч собственников. Для достижения этой цели внесены изменения в Земельный и Строительный кодексы, а также ряд других законодательных актов. Акиматы формируют перечни домов, подлежащих реновации, и обеспечивают актуализацию проектов детальной планировки. В текущем году в стране планируется снести 224 многоквартирных жилых дома, из которых 44 уже демонтированы.
«В сфере реновации внедрён новый рыночный механизм, основанный на гарантиях Единого оператора жилищного строительства. Он позволит привлечь частные инвестиции, обеспечить защиту прав жителей и снизить нагрузку на государственный бюджет. Гарантийный механизм обеспечивает защиту прав жителей по принципу «комната за комнату», позволяет застройщикам получать гарантии, повышает доверие инвесторов и способствует привлечению частных инвестиций в проекты реновации»,
— сообщил Канат Мынбаев.
Заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков рассказал об ипотечной программе «Орда Аймақ», которая позволяет приобрести жилье в строящихся домах с гарантией КЖК. Программа предусматривает ставку 15,9%, первоначальный взнос от 20%, срок кредитования до 20 лет и сумму займа до 75 млн тенге. Гарантия КЖК обеспечивает защиту средств покупателей и завершение строительства даже в случае возникновения проблем у застройщика.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.
Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның машина жасау, металлургия және жеңіл өнеркәсіп саласы өнімдерінің Армения нарығына экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Қазақстан мен Арменияны өзара құрметке, сенімге және сындарлы саяси диалогқа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстырады. Аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді»,
– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Министр отандық өндірушілердің дайын өнім жеткізу көлемін, оның ішінде жоғары қуатты трансформаторлар, аккумуляторлар және басқа да өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді. Өткен жылы екі ел арасындағы өнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы $67,9 млн-ды құрады. Оның $48 млн-ы Қазақстан Республикасының экспортына тиесілі болды.
🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты барлық перспективалы бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провёл встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Армения в Казахстане Арменом Гевондяном.
Обсуждены перспективы наращивания промышленного взаимодействия в рамках достигнутых на высшем уровне договоренностей. Отдельное внимание уделено перспективам наращивания казахстанского экспорта продукции машиностроения, металлургии и легкой промышленности на рынок Армении.
«Казахстан и Армению связывают традиционно дружественные отношения, основанные на взаимном уважении, доверии и конструктивном политическом диалоге. Благодаря регулярному политическому диалогу на высшем и высоком уровнях казахстанско-армянские отношения последовательно развиваются»,
— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
Министр отметил готовность отечественных производителей наращивать объемы поставок готовой продукции, в том числе силовых трансформаторов, аккумуляторов и др. В прошлом году товарооборот продукции промышленного назначения двух стран составил $67,9 млн. Из них большую часть составил экспорт из РК – $48 млн.
🤝 По итогам переговоров стороны подтвердили намерения всесторонне содействовать расширению сотрудничества Казахстана и Армении по всем перспективным направлениям.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында ұйымдастырылған «Өнеркәсіптік кооперация – Қазақстан мен Ресейдің орнықты дамуының факторы» атты панельдік сессияға қатысты.
Сессия барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері, бірлескен инвестициялық жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту тетіктері таныстырылды.
Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден тартылған тікелей инвестициялар көлемі $2,9 млрд-ты құрады. Ал 2005 жылдан бері тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен $29 млрд-қа жетті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация қоржынында жалпы құны $52,7 млрд-ты құрайтын, шамамен 60 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 177 бірлескен жоба бар. Оның ішінде жалпы құны $22,4 млрд-ты құрайтын 122 жоба қазірдің өзінде іске асырылды.
Сондай-ақ жиында инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігі қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас Сапарбеков принял участие в панельной сессии «Промышленная кооперация как фактор устойчивого развития России и Казахстана», состоявшейся в рамках XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске.
В ходе выступления представлены актуальные показатели казахстанско-российского промышленного сотрудничества, информация о совместных инвестиционных проектах, мерах государственной поддержки инвесторов и механизмах развития промышленной кооперации.
Россия входит в тройку крупнейших инвесторов в экономику Казахстана. По итогам 2025 года объем прямых российских инвестиций составил 2,9 млрд долларов, а совокупный объем инвестиций с 2005 года достиг порядка 29 млрд долларов.
Портфель промышленной кооперации Казахстана и России включает 177 совместных проектов общей стоимостью 52,7 млрд долларов, предусматривающих создание порядка 60 тыс. рабочих мест. Из них 122 проекта общей стоимостью 22,4 млрд долларов уже реализованы.
Также рассмотрены действующие меры государственной поддержки инвесторов, включая возможности специальных экономических и индустриальных зон, а также механизм финансирования кооперационных проектов в рамках Евразийского экономического союза.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы
ҚР Үкіметінің отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы баяндады
Елімізде жарты жыл ішінде 94 400 автомобиль өндірілді, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары көрсеткіш
Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Олжас Сапарбеков Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында өткен панельдік сессияға қатысты
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері ОКҚ брифингінде реновация саласында жаңа нарықтық тетік енгізілгені жөнінде мәлімдеді
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Үкіметінің отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы баяндады
Елімізде жарты жыл ішінде 94 400 автомобиль өндірілді, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары көрсеткіш
Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Олжас Сапарбеков Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында өткен панельдік сессияға қатысты
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері ОКҚ брифингінде реновация саласында жаңа нарықтық тетік енгізілгені жөнінде мәлімдеді
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы ҚР Үкіметінің отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері туралы баяндады Елімізде жарты жыл ішінде 94 400 автомобиль өндірілді, бұл – өткен жылдың сәйкес…
📌Недельный дайджест Министерства промышленности и строительства РК
На заседании Правительства РК министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о развитии автомобильной промышленности
В Казахстане за полгода произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше периода прошлого года
Ерсайын Нагаспаев обсудил промышленное сотрудничество с Послом Армении в Казахстане
Олжас Сапарбеков принял участие в панельной сессии XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России
О внедрении нового рыночного механизма в сфере реновации проинформировали на брифинге СЦК представители МПС РК
📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
На заседании Правительства РК министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о развитии автомобильной промышленности
В Казахстане за полгода произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше периода прошлого года
Ерсайын Нагаспаев обсудил промышленное сотрудничество с Послом Армении в Казахстане
Олжас Сапарбеков принял участие в панельной сессии XXII Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России
О внедрении нового рыночного механизма в сфере реновации проинформировали на брифинге СЦК представители МПС РК
📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы жұмыстың үш негізгі бағыты туралы баяндады.
Олардың біріншісі – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту. Бұл бағытта желілерді жаңарту және заманауи кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу көзделген. Ұлттық жобаның электрондық платформасында жалпы сомасы шамамен 330 млрд теңгені құрайтын 105 жоба орналастырылды. Оның ішінде 20 жобаға қатысты жұмыстар жүргізілуде, 58 жоба іске асыруға дайын, 2 жоба бойынша тарифті айқындау жұмыстары аяқталу сатысында, ал 25 жоба қаралу үстінде. Сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер аясында 209 млрд теңгеге 516 жоба қаржыландырылуда. Жалпы, шамамен 1,9 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңғырту және олардың тозу деңгейін 43%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары кәріз-тазарту құрылыстарын жаңартумен қатар жүргізіледі.
«Ұлттық жоба аясында жалпы құны 800 млрд теңгеден асатын 45 кәріз-тазарту құрылысы (КТҚ) жобасын іске асыру көзделген. Оның ішінде 7 жоба халықаралық қаржы ұйымдарының, ал 38 жоба түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. Соңғы 2 жылда 5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта 3 қалада кәріз-тазарту құрылысы мен реконструкциясы жүргізілуде, оларды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Барлық жобалардың іске асырылуы министрліктің тұрақты бақылауында»,
– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о трех ключевых направлениях работы в рамках реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов».
Первым из них определена модернизация систем водоснабжения и водоотведения, включая обновление сетей и строительство современных канализационно-очистных сооружений (КОС). На электронной платформе Нацпроекта размещено 105 проектов на сумму порядка 330 млрд теңге. Из них по 20 проектам уже ведутся работы, 58 – готовы к реализации, по двум завершается определение тарифа, еще 25 находятся на рассмотрении. Параллельно в рамках трансфертов общего характера финансируются 516 проектов на 209 млрд теңге. Всего планируется реконструировать порядка 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения и снизить уровень их износа до 43%.
Модернизация инженерных сетей будет сопровождаться обновлением канализационно-очистных сооружений.
«В рамках Нацпроекта предусматривается реализация 45 проектов КОС на общую сумму более 800 млрд теңге. Из них 7 проектов за счет финансирования международных финансовых организаций и 38 – за счет различных источников финансирования. За последние 2 года завершены работы по 5 проектам. В настоящее время в 3 городах ведется реконструкция и строительство КОС, которые планируется завершить до конца т.г. Реализация всех проектов находится на постоянном контроле Министерства»,
— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1