ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
🚊 Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты
 
Ел экономикасының тұрақты дамуында көлік-логистикалық саласының, оның ішінде, теміржол машиналарын жасау кешенінің маңызы ерекше. Кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп, отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
 
Салада қазақстандық 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұлар 8,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндірілетін өнімдегі қазақстандық қамту деңгейі 30%-дан 90%-ға дейін жетеді.
 
📍 Локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондарын, мойынтіректерді, тұтас илемделген дөңгелектерді, осьтерді, арба бөлшектері мен тораптарын және басқа да өнімдерді шығаратын жетекші зауыттар Астана, Петропавл, Екібастұз, Степногор, Павлодар, Семей, Өскемен, Атырау қалаларында орналасқан. Индустрияландыру бағдарламасы аясында локомотив және вагон жасау саласындағы әлемнің жетекші компаниялары – Wabtec Corporation, Alstom, Stadler және т.б. тартылды.
 
📰 8 жыл ішінде елімізде теміржол секторы өнімдерін өндіру көлемі 7 еседен асты, яғни, 104,5 млрд теңгеден 734 млрд теңгеге дейін өсті. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол секторы бұйымдарын өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22,5%-ға өсіп, 734 млрд теңгеге жетті. Бұл бүкіл машина жасау саласының жалпы көлемінің 13%-ын құрайды. Тек өткен жылдың өзінде отандық зауыттар 114 локомотив (45 электровоз және 69 тепловоз) және 3 068 вагон, оның ішінде жартылай вагондар, платформалар мен жолаушылар вагондарын шығарды.
 
↗️ Жоғары қарқын осы жылдың бірінші жартыжылдығында да сақталды: өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға артып, 345 млрд теңгені құрады. Динамика электровоздар өндірісінің (24%-ға), жолаушылар вагондарының (+11%), теміржол жолдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының (3,3 есеге), сондай-ақ локомотив бөлшектері мен қозғалысты басқаруға арналған механикалық жабдықтар өндірісінің (+36%) өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
 
2026 жылға өндірушілер теміржол техникасын шығарудың мынадай жоспарын қалыптастырды: 94 локомотив, 193 жолаушылар вагоны, 1 323 жартылай вагон және 2 377 платформа. Бұл ретте жылжымалы құрамның жекелеген түрлері бойынша зауыттардың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
 
➡️Мемлекеттік қолдау арқасында және бизнестің атсалысуымен республикада жаңа заманауи зауыттар ашылып, қолданыстағы өндіріс орындары жаңғыртылуда. Мысалы, өткен жылы Елордада швейцариялық жетекші серіктес StadlerBussnang AG-пен бірлесіп, жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын «ШтадлерҚазақстан» жаңа зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жайлы купелі, плацкартты, штабтық және техникалық вагондар шығарады.
 
➡️Атырау облысында «ТексолТранс» компаниясы жылдық жобалық қуаты 6000 бірлік болатын жүк вагондары өндірісін іске қосты. Атырау вагон жасау зауыты өткен жылы 305 жартылай вагон шығарды. «ТексолТранс» ЖШС Атырауда құю зауытының құрылысын жүргізіп жатыр. Жылына 60 мың тоннаға дейін құйма бөлшектер өндіретін кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады, шамамен 500 жұмыс орнын құру көзделген. Бұл вагондарға арналған құрамдас бөлшектер өндірісін 90%-ға дейін локализациялауға мүмкіндік береді.
 
➡️Семей машина жасау зауыты 2025 жылдан бастап жылына 600 бірлік жартылай вагон шығаратын өндірісті іске қосты. Екібастұзда Railways Systems KZ холдингінің теміржол кластері жұмыс істейді. Ол теміржол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» ЖШС зауытымен бір мезгілде іске қосылды. Кластердің құрылуы логистиканы және өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыруға, жоғары технологиялық өнім өндіруге жағдай жасауға мүмкіндік берді.
 
➡️Сонымен қатар «Востокмашзавод» және «Format Mach Company» кәсіпорындары сапалы құйма өндірісін кеңейту үшін автоматты қалыптау желілерін енгізу бойынша инвестициялық жобаларды, ал «Railcast Systems» компаниясы соғу-бандаж кешенін құру жобасын жүзеге асыруда.
 
ℹ️ Осындай бастамалардың барлығы елішілік құндылықты арттырып, Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдердің ірі экспорттаушысы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🚊 Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты   Ел экономикасының тұрақты дамуында көлік-логистикалық саласының, оның ішінде, теміржол машиналарын жасау кешенінің маңызы ерекше. Кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар…
🚊 Казахстан в 7 раз увеличил объем производста продукции ж/д машиностроения

В устойчивом развитии экономики страны особую роль играет транспортно-логистическая отрасль, в частности, комплекс железнодорожного машиностроения. В этом направлении проделана масштабная работа, которая позволила повысить производственный потенциал и конкурентоспособность предприятий.

В отрасли действуют более 60 казахстанских предприятий, обеспечивающих рабочими местами свыше 8,5 тыс. человек. Уровень казахстанского содержания в продукции составляет от 30 до 90%.

📍 Ведущие заводы по выпуску локомотивов, грузовых и пассажирских вагонов, подшипников, цельнокатаных колес, осей, деталей и узлов тележки и другой продукции работают в Астане, Петропавловске, Экибастузе, Степногорске, Павлодаре, Семее, Усть-Каменогорске, Атырау. Привлечены крупнейшие мировые лидеры в области локомотиво- и вагоностроения — Wabtec Corporation, Alstom, Stadler и др.

📰 За 8 лет объем производства железнодорожной продукции в РК увеличился более чем семь раз: с 104,5 млрд до 734 млрд теңге. Так, по итогам 2025 года объемы выпуска железнодорожных изделий выросли по сравнению с предыдущим годом на 22,5% и достигли 734 млрд теңге, что составляет 13% от общего объема всего машиностроения. Только за прошлый год заводами было произведено 114 локомотивов (45 электровозов и 69 тепловозов) и 3 068 вагонов, включая полувагоны, платформы и пассажирские вагоны.

↗️ Высокие темпы сохранились и в первом полугодии т.г.: объем производства увеличился на 16,6% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года и составил 345 млрд теңге. Динамика обеспечена за счет роста выпуска электровозов (рост на 24%), пассажирских вагонов(+11%), транспортных средств для ремонта и технического обслуживания железнодорожных путей (в 3,3 раза) и производства частей локомотивов и механического оборудования для управления движением (+36%).

На 2026 год производителями сформированы следующие планы по выпуску железнодорожной техники: 94 локомотива, 193 пассажирских вагона, 1 323 полувагона и 2 377 платформ. При этом по отдельным направлениям подвижного состава заводы располагают возможностями увеличить объемы производства.

➡️При поддержке государства и благодаря активному участию бизнеса в республике открываются новые современные заводы и модернизируются действующие мощности. К примеру, в прошлом году в столице совместно с ведущим мировым швейцарским партнером StadlerBussnang AG был запущен новый завод «ШтадлерКазахстан» мощностью 100 пассажирских вагонов в год, выпускающий комфортабельные скоростные купейные, плацкартные, штабные и технические вагоны.

➡️Компания «ТексолТранс» в Атырауской области запустила производство грузовых вагонов мощностью 6000 единиц в год. Атырауский вагоностроительный завод в прошлом году выпустил 305 полувагонов. ТОО «ТексолТранс» ведет строительство литейного завода в Атырау. Предприятие мощностью до 60 тысяч тонн литых деталей запустят в 2027 году, предусмотрено создать порядка 500 рабочих мест. Это позволит локализовать производство вагонных комплектующих до 90%.

➡️Семипалатинский машиностроительный завод с 2025 года освоил производство полувагонов объемом 600 единиц в год. В Экибастузе действует железнодорожный кластер холдинга Railways Systems KZ, который был запущен одновременно с заводом ТОО «Проммашкомплект» по производству железнодорожных колес. Создание кластера способствовало оптимизации логистики и взаимодействия производителей, обеспечило условия для выпуска высокотехнологичной продукции.

➡️Наряду с этим предприятия «Востокмашзавод» и «Format Mach Company» реализуют инвестиционные проекты по внедрению автоматических формовочных линий для расширения выпуска качественного литья, а компания «Railcast Systems» осуществляет проект по созданию кузнечно-бандажного комплекса.

ℹ️Все эти и другие масштабные инициативы увеличивают внутристрановую ценность и укрепляют позиции Казахстана как крупного экспортера высокотехнологичной продукции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті.

– Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Сонымен қатар Президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін айтты. Бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

🟦Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытқаны жөн.

🟦Жиын барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перспективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер туралы есеп берді.

🟦Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға саланы дамытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық барлау мен өңдеу ісін дамыту, техногенді минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосу, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства провел заседание Совета Безопасности

🟦Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета Безопасности по вопросам развития отрасли критических материалов, в том числе редких и редкоземельных металлов.

🟦Глава государства подчеркнул лидирующее положение Казахстана в Центральной Азии по ресурсному и производственному потенциалу и отметил необходимость его использования в интересах государства.

– Нынешняя ситуация в мире создает выгодные, можно сказать, уникальные условия для тех, кто обладает запасами, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


🟦Президент также обратил внимание на то, что в мире усиливается конкуренция государств за доступ к критическим материалам, имеющим стратегическое значение для развития высокотехнологичных отраслей.

🟦В этих условиях Казахстану следует эффективно использовать имеющийся ресурсный и промышленный потенциал, последовательно развивая собственные компетенции и производственные цепочки.

🟦В ходе мероприятия были заслушаны доклады членов Правительства о текущем состоянии отрасли, перспективах освоения ресурсной базы, развитии переработки и существующих барьерах.

🟦По итогам заседания Правительству и заинтересованным государственным органам даны конкретные поручения по формированию системного видения развития отрасли, совершенствованию регулирования, развитию геологоразведки и переработки, вовлечению техногенных минеральных образований в экономический оборот, развитию лабораторной и кадровой базы, а также устранению административных барьеров.
 
 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжон Кихонмен кездесті. Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың қыркүйек айында Сеулге жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше назар аударылды.

🗣 Сонымен қатар Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның маңызды шикізаттық минералдар кен орындарын барлау және игеру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Бұл ресурстар жаһандық қосылған құн тізбектерінде маңызды рөл атқарады. Тараптар ынтымақтастықты дамыту, технологиялар трансферті және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін әлеует бар екенін атап өтті. Оның ішінде министрлік жүзеге асырып жатқан жерде сирек кездесетін металдар бойынша Өңірлік зерттеу орталығын құру жобасы да бар.

💬
«Қазақстан Корея Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Стратегиялық әріптестікті нығайтуда қалыптасқан сенімді қарым-қатынастар мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалог ерекше рөл атқарады. Kia, Hyundai, Samsung Electronics және басқа да брендтермен бірлескен кәсіпорындар өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жарқын мысалдары саналады. Бізде айтарлықтай әлеует бар және қосылған құны жоғары өнім бойынша жаңа өндірістерді құру үшін озық технологияларды, құзыреттер мен инвестицияларды тартуға мүдделіміз»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

▶️ Соңғы 10 жылда Оңтүстік Кореядан Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі шамамен $8 млрд-ты құрады. Министрлік жетекшілік ететін салаларда жалпы құны $2,6 млрд-тан асатын 36 бірлескен жоба түрлі пысықтау кезеңдерінде тұр, оның ішінде 16 жоба іске қосылған. Олардың қатарында жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустар өндіретін зауыттар, тұрмыстық техника, желдету жабдықтарын және басқа да өнімдерді шығаратын кәсіпорындар бар.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу ниеттерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😘1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжон…
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нагаспаев обсудил с Послом Республики Корея перспективы развития промышленной кооперации 
 
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Корея в РК Чжоном Кихоном. В ходе переговоров особое внимание было уделено предстоящему государственному визиту Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Сеул в сентябре текущего года.

🗣Кроме того, обсуждены перспективы сотрудничества Казахстана и Южной Кореи в сфере разведки и освоения месторождений критических сырьевых минералов. Данные ресурсы играют ключевую роль в глобальных цепочках создания добавленной стоимости. Стороны отметили потенциал для кооперации, трансферта технологий и реализации совместных инициатив, в том числе в рамках реализуемого Министерством проекта по созданию Регионального исследовательского центра по редкоземельным металлам.

💬
«Казахстан высоко ценит двустороннее сотрудничество с Республикой Корея. Особую роль в укреплении стратегического партнерства играют сложившиеся доверительные отношения и регулярный диалог на высшем уровне. Яркими примерами успешного промышленного сотрудничества являются совместные предприятия с Kia, Hyundai, Samsung Electronics и другими брендами. Мы располагаем значительным потенциалом и заинтересованы в привлечении передовых технологий, компетенций и инвестиций для создания новых производств с высокой добавленной стоимостью»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

▶️ За последние 10 лет объем прямых инвестиций из Южной Кореи в экономику Казахстана составил около $8 млрд. В курируемых Министерством отраслях на различных стадиях проработки – 36 совместных проектов общей стоимостью более $2,6 млрд, из которых 16 проектов уже запущено. Среди них заводы по производству легковых, грузовых автомобилей и автобусов, предприятия по производству бытовой техники,  вентиляционного оборудования и др.

🤝 По итогам переговоров стороны подтвердили намерения содействовать дальнейшему углублению казахстанско-корейского промышленного сотрудничества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤗1
🏡 Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары қолданылады.

▶️ Бағдарламаның операторы болып «Отбасы банкі» АҚ белгіленген.

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігін көздейді, оған сәйкес жалдау ақысының 50%-ы мемлекеттік субсидия есебінен өтелсе, қалған 50%-ын алушы өз қаражаты есебінен төлейді.

✔️ Жалпы, 2022 жылдан бері қазақстандық 45 514 отбасы субсидия алған. 34 246 алушымен жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған: қазірдің өзінде 20 424 отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге ие болған, қағида талаптары сақтамауына байланысты 13 822 отбасымен жасалған шарттар бұзылған. Бүгінде субсидия алушылардың саны 11 268 отбасын құрайды.

💬
«Мұндай қолдауға мынадай санаттағы азаматтар үміткер бола алады: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы жиынтық табысы күнкөріс минимумының 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрғанын растау қажет. Субсидия төлемдерін алу үшін өтінім «Отбасы банкі» АҚ-ның ресми сайты арқылы беріледі»,

— деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәубек Керімбаев.

✉️ Өтінім беру барысында тұрғын үйді жалға берушінің келісімін ЭЦҚ арқылы растауы талап етіледі. Барлық талап орындалған жағдайда «Отбасы банкі», субсидия алушы және жалға беруші арасында үшжақты шарт жасалады. Субсидиялар мемлекет тарапынан шартта белгіленген күнге сәйкес уақтылы төленеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏡 Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау…
🏡 Свыше 11 тыс. казахстанских семей получают господдержку в виде субсидирования арендного жилья

В соответствии с поручением Главы государства в Казахстане действуют правила субсидирования части арендной платы за квартиры и дома, арендованные в частном жилищном фонде.

▶️Оператором данной программы определен АО «Отбасы банк».

Принцип адресной помощи предусматривает солидарную ответственность граждан, в соответствии с которой 50% покрывается за счет государственных субсидий, а остальные 50% получатель оплачивает самостоятельно.

✔️ Всего с 2022 года 45 514 казахстанских семей получили субсидии. С 34 246 получателями договоры были расторгнуты досрочно:  20 424 семьи уже получили арендное и кредитное жилье, с 13 822-мя семьями договоры расторгли из-за несоблюдения требований правил. На сегодняшний день количество получателей субсидий составляет 11 268 семей.

💬
«Рассчитывать на такую поддержку могут следующие категории: лица с инвалидностью первой и второй групп, семьи, воспитывающие детей с инвалидностью, дети-сироты, многодетные. При этом совокупный доход каждого члена семьи за последние 6 месяцев не должен превышать 1-кратный размер прожиточного минимума. Подтверждение постановки на учет в акимате в качестве нуждающегося в жилье по категориям. Для получения выплат по субсидиям заявка подается через официальный сайт АО «Отбасы банк»,

— разъясняет Даубек Керимбаев, и.о. руководителя управления жилищных отношений Комитета по делам строительства и ЖКХ МПС РК.

✉️ В процессе подачи заявки требуется подтверждение арендодателя жилья с помощью ЭЦП. При выполнении всех требований между «Отбасы банком», получателем выплат по субсидиям и арендодателем заключается трехсторонний договор. В соответствии с датой, установленной в договоре, субсидии со стороны государства выплачиваются своевременно.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗳Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі еліміздің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысты.

✔️ Ерсайын Нағаспаев Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде өз дауысын берді.

🚀 @minpromstroykz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1💯1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🗳Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі еліміздің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысты. ✔️ Ерсайын Нағаспаев Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің…
🗳 Ерсайын Нагаспаев проголосовал на выборах в Курултай

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан принял участие в первых выборах в новый однопалатный законодательный орган страны — Курултай.

✔️ Свой голос Ерсайын Нагаспаев отдал на одном из избирательных участков Астаны.

🚀 @minpromstroykz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👌1💯1
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы
 
Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады

Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
 
Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда
 
2029 жылға дейін Қазақстанда 1 трлн теңгеге 8 мың шақырымға жуық су құбыры және кәріз желілері жаңғыртылады
 
Орал мен Қарағанды қалаларында сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
 
Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
 
Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды
 
Қазақстан теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемін 7 есеге арттырды
 
Қазақстанда пайдалы қазбаларды геологиялық тұрғыда барлау және өндіруге қолжетімді аумақтар кеңейтілді
 
Әлеуметтік нысандар бүгінде қалай жылытылады: көрсеткіштер мен өңірлер
 
Қазақстанда қой жүнін кәдеге асырудың жаңа жолы табылды
 
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы   Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді   Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша…
📌 Дайджест Министерства промышленности и строительства РК по итогам недели

Ерсайын Нагаспаев обсудил с Послом Республики Корея перспективы развития промышленной кооперации

Ерсайын Нагаспаев проголосовал на выборах в Курултай

В Казахстане реализуется 20 проектов детальной геологической съемки

До 2029 года в Казахстане модернизируют почти 8 тыс. км водопроводных и канализационных сетей на 1 трлн теңге

В Уральске и Караганде продолжается модернизация объектов водоснабжения и водоотведения

В Казахстане за семь месяцев введено 9,7 млн кв. метров жилья

Свыше 11 тыс. казахстанских семей получают господдержку в виде субсидирования арендного жилья

Казахстан в 7 раз увеличил объем производства продукции ж/д машиностроения

В Казахстане расширены территории, доступные для геологоразведки и добычи полезных ископаемых

Как отапливаются соцобъекты сегодня: цифры и регионы

Казахстанской овечьей шерсти нашли новое применение

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности МПС.
👍3
🔥 Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

🏣 Министр барлық өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде 10 913 білім беру нысанының 10 693-і, яғни 98%-ы дайын. 8 өңірде дайындық жұмыстары 100% аяқталғаны байқалды. Жоспардан Алматы және Ақтөбе облыстары қалып келеді.

«Денсаулық сақтау нысандары бойынша да жағдай осындай, әзірлік деңгейі 98%-ды құрайды, яғни 5 394 нысанның бүгінде 5 281-і дайын. 6 өңірде барлық нысанның толық дайын екені байқалды. Шымкент және Алматы қалаларында көрсеткіш төмен. Тұрғын үйлер бойынша әзірлік жұмыстары 51 391 үйде аяқталды, бұл жоспардың 96%-ын құрайды. Түркістан облысында барлық тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлерді дайындау қарқыны өз деңгейінде емес»,

– деп мәлімдеді Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🔥 Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. 🏣 Министр…
🔥 98% соцобъектов в Казахстане готовы к отопительному сезону
 
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о ходе подготовки к предстоящему отопительному сезону.

🏣 Министр отметил, что во всех регионах ведется соответствующая работа. На сегодняшний день из 10 913 объектов образования подготовлено 10 693, или 98%. 100% готовность наблюдается в 8 регионах, отстают от графика две области: Алматинская и Актюбинская.

«По объектам здравоохранения ситуация аналогичная, процент готовности составляет 98%, то есть из 5 394 объектов на сегодня готовы 5 281. 100% готовность объектов наблюдается в  6 регионах. Низкие показатели в городах Шымкент и Алматы. По жилым домам подготовительные работы завершены в 51 391 домах, это 96% от плана. 100% готовность обеспечена только в Туркестанской области. Отмечаются ненадлежащие темпы готовности жилья в Восточно-Казахстанской области и в городе Шымкент»,

– сообщил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚰 Қазақстанда 1 303 шақырым сумен жабдықтау желісі жөнделді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады.

🚰 1 808 шақырым сумен жабдықтау желісінің 1 303 шақырымы жөнделді. Бұл – жоспарланған көрсеткіштің 72%-ы. 6 өңірде жөндеу жұмыстары аяқталды. Алматы, Жамбыл облыстарында көрсеткіш төмен.

Су бұру желілері бойынша жоспардың 74%-ы орындалды, яғни 306 шақырым желінің 225 шақырымы жөнделді. 

💬
«Жылыту маусымынан кедергісіз өту үшін министрлік тарапынан автономды қазандықтардың дайындығына мониторинг жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінде 14 618 автономды қазандық дайын, бұл – 98%. 6 өңірде нысандардың әзірлігі 100%-ға жеткені байқалды. Алматы және Шымкент қалаларында көрсеткіш төмен. Автономды қазандықтарға арналған көмір қорын дайындау деңгейі 69%-ды, мазут қоры – 88%-ды, дизель отыны – 93%-ды құрайды»,

– деп баяндады министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM