ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏗️ Ерсайын Нағаспаев Үкіметте құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы баяндады   🌳 Мемлекет басшысының биылғы 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша…
🏗️ Ерсайын Нагаспаев доложил в Правительстве о мерах по повышению качества и безопасности строительства 

🌳 На совещании в Правительстве РК по реализации поручений Главы государства, данных в выступлении в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» 19 сентября т.г., министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о мерах по обеспечению качества строительства объектов социальной инфраструктуры.

📊 Отрасль остается одним из ключевых драйверов экономического роста. При этом министр подчеркнул, что качество строительства должно быть обеспечено на каждом объекте.

💬
«Сегодня Кодексом предусмотрены гарантийные обязательства сроком не менее пяти лет, а для несущих конструкций, кровли и фасада – не менее десяти. Одновременно усилен государственный архитектурно-строительный контроль. Задача – обеспечить не столько увеличение количества проверок, сколько предупреждение нарушений на ранней стадии. При выявлении серьезных нарушений применяются меры оперативного реагирования – от приостановления строительства до лишения разрешительных документов»,

– отметил Ерсайын Нагаспаев.

⚡️ Отдельное внимание уделяется комплексному развитию территорий и цифровизации сектора. С начала года действует единый портал строительства, позволяющий осуществлять цифровой контроль процессов планирования, проектирования и строительства, в том числе с применением технологии BIM.

👥 Сегодня в отрасли задействованы свыше 352 тыс. инженерно-технических работников и порядка 32 тыс. экспертов. Кодексом предусмотрен переход на сертификацию инженеров и экспертов, которая обеспечит персональную профессиональную ответственность.

📃 Министерством также проводится работа по масштабированию опыта Центра урбанистики Астаны в регионах. Акиматами утверждены дорожные карты на 2026-2027 годы, предусматривающие обновление фасадов зданий, благоустройство общественных пространств, разработку брендбуков городов и формирование единого архитектурного облика населенных пунктов. С этой же целью Строительным кодексом введен обязательный дизайн-код.

🔵 Дальнейшая работа по развитию отрасли будет выстроена вокруг трех взаимосвязанных принципов – качества материалов и работ, комплексного развития территорий и профессиональной ответственности всех участников строительного процесса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👏1💯1
🇰🇿🇵🇱 Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады
 
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Польша Республикасының Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары, бас геологы Кшиштоф Галос бастаған поляк делегациясымен кездесті.
 
▶️Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, тиісті ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
 
📄 Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы қос тараптың арасындағы шикізатты, аккумуляторларды тұрақты өндіру және құн тізбектерін құру саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде дамып келеді.
 
⚡️ Өнеркәсіптік өзара іс-қимыл, заманауи технологияларды енгізу, өндірістік құзыреттерді дамыту және екі ел ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
Тараптар тәжірибе алмасып, елімізде поляк құзыреттері мен технологияларын қолдану перспективаларын, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
 
✔️ Кездесу барысында әріптестік байланыстарды нығайтудың және перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
 
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру жөнінде уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇵🇱 Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады   Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Польша Республикасының Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары, бас геологы Кшиштоф Галос бастаған…
🇰🇿🇵🇱Казахстан и Польша обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас Сапарбеков провел встречу с польской делегацией во главе с заместителем министра климата и окружающей среды, главным геологом Республики Польша Кшиштофом Галосом.

▶️В ходе встречи стороны обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества, взаимодействия между профильными организациями, а также возможности реализации совместных проектов.

📄 Сотрудничество Казахстана с Европейским союзом развивается в рамках Меморандума о взаимопонимании между Казахстаном и Европейским союзом по стратегическому партнерству в сфере устойчивого производства сырья, аккумуляторов и цепочек создания стоимости.

⚡️ Отдельное внимание было уделено вопросам промышленного взаимодействия, внедрения современных технологий, развития производственных компетенций и укрепления профессиональных связей между организациями двух стран.

Стороны обменялись опытом и обсудили перспективы применения польских компетенций и технологий в Казахстане, а также дальнейшего развития практического взаимодействия.

✔️ В ходе встречи отмечена важность укрепления партнерских связей и расширения взаимодействия по перспективным направлениям.

🤝 По итогам встречи стороны договорились о дальнейшем развитии сотрудничества и реализации совместных инициатив.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Қостанай облысында өнеркәсіп, құрылыс және ТКШ салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды

Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаевтың өңір тұрғындарымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында жер қойнауын пайдалану, геология, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп салаларын цифрлық тұрғыда трансформациялау бағытында қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы жоспарлар таныстырылды.

Кездесуді аша отырып, вице-министр Мемлекет басшысының Қазақстанды цифрлық елге айналдыру міндетін алға қойғанын атап өтті. Жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында министрлік жетекшілік ететін салаларға заманауи технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты іске асырудағы басты мақсат – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру.

Жер қойнауын пайдалану саласында Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жетілдірілуде. Қазіргі уақытта платформа арқылы 22 мемлекеттік қызмет қолжетімді және 3 410 лицензия берілген. Сонымен қатар геологиялық архивтерді ауқымды түрде цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда тарихи геологиялық материалдардың 100%-ы, яғни шамамен 4,8 млн парақ цифрландырылды. Келесі кезеңде жинақталған деректерді бірыңғай жүйеге біріктіру және геологиялық ақпаратты іздеуді, талдауды әрі тәжірибеде пайдалануды жеделдету үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану көзделуде.

Құрылыс және қала құрылысы салаларында аумақтарды жоспарлау мен жобалаудан бастап, нысандарды салу және пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын бірыңғай цифрлық үдерісті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік қала құрылысы кадастры, BIM-жобалау технологиялары және жобалау құжаттамасын автоматтандырылған тексеру құралдары дамытылуда. Алдын ала бағалаулар бойынша, мұндай шешімдерді қолдану бір жобаны тексеру уақытын 16 сағаттан 9 сағатқа дейін қысқартуға, күнделікті қайталанатын жұмыс көлемін азайтуға және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі бағыттардың бірі – азаматтардың коммуналдық қызметтермен өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай цифрлық Smart Turmys платформасын дамыту. Платформа негізгі коммуналдық сервистерге қолжетімділікті біріктіруге, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және қызметтерді алу ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында коммуналдық ресурстарды есепке алу жүйесін жетілдіру және сала қатысушыларын бірыңғай цифрлық ортаға кезең-кезеңімен біріктіру жұмыстары жүргізілуде.

Өнеркәсіп саласында Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге басымдық берілуде. Олардың қатарында жабдықтардың жұмысын мониторингтеу, өнеркәсіптік талдау, цифрлық егіздер және өндірістік үдерістерді автоматтандырылған басқару жүйелері бар. Мұндай шешімдерді қолдану еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорындардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өндірістегі тоқтап қалу уақытын қысқартуға және басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Кездесу барысында Қостанай облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары өкілдері көтерген мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өндірісті цифрландыруды мемлекеттік қолдау шаралары, жасанды интеллект пен бейнеталдау технологияларын енгізу, технологиялық жүйелердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, білікті цифрлық кадрларды даярлау және отандық IT-шешімдерді дамыту мәселелері талқыланды.

Кәсіпорын өкілдері сондай-ақ отандық өндірушілерге құрылып жатқан деректерді өңдеу орталықтарының суперкомпьютерлік қуаттарын қолжетімді ету мәселесін көтерді. Вице-министр министрліктің уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық егіздерді, бейнеталдау жүйелерін және өндірістік үдерістерді болжауға арналған жасанды интеллект шешімдерін енгізу үшін есептеу ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін пысықтауға дайын екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1🔥1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қостанай облысында өнеркәсіп, құрылыс және ТКШ салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаевтың өңір тұрғындарымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі…
Кездесу қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, жұмысқа қабылданды. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер Қостанай облысының әкімдігі, тиісті мемлекеттік органдар және мүдделі ұйымдармен бірлесіп пысықталады.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында өздігінен жүретін машиналардың электрондық паспорттары жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оны мемлекеттік цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ отандық IT-әзірлемелерді өнеркәсіптік кәсіпорындарда сынақтан өткізу және одан әрі енгізу мәселелері қаралды.

Жұмыс сапары барысында вице-министр «Қостанай-Су» МКК-ға барып, кәсіпорынның қызметімен және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерімен танысты.

Өңірдің өнеркәсіптік нысандарын аралау барысында Д. Мырзабаев «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «KIA QAZAQSTAN» ЖШС, «KamLitKZ» ЖШС және «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС кәсіпорындарындағы өндірістік процестермен және цифрлық технологиялардың қолданылуымен танысты. Өндірісті автоматтандыру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және отандық машина жасау саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ вице-министр «Большевичка» тігін фабрикасы мен «ЭПК-Форфайт» кәсіпорнына барып, өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуымен және қолданылып жатқан автоматтандыру технологияларымен танысты.

Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуеті жоғары. 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,07 трлн теңгені құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 1,5 трлн теңге. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ды құрады.

Цифрлық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамытуға, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға қосымша жағдай жасауға бағытталған.
❤1👍1🔥1
📌 В Костанайской области обсудили цифровизацию промышленности, строительства и ЖКХ

В Костанайской области состоялась встреча вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Дархана Мырзабаева с жителями и представителями бизнес-сообщества региона. В ходе встречи были представлены результаты и дальнейшие планы по цифровой трансформации недропользования, геологии, строительства, жилищно-коммунального хозяйства и промышленности.

Открывая встречу, вице-министр отметил, что Глава государства поставил задачу по превращению Казахстана в цифровую страну. В рамках объявленного Года цифровизации и искусственного интеллекта Министерство проводит системную работу по внедрению современных технологий в курируемых отраслях. Главная цель этой работы – повышение качества государственных услуг, создание благоприятных условий для бизнеса, обеспечение прозрачности процессов и повышение эффективности производства.

В сфере недропользования развивается Единая платформа недропользования, через которую уже доступны 22 государственные услуги и предоставлено 3 410 лицензий. Параллельно продолжается масштабная оцифровка геологических архивов. На сегодняшний день оцифровано 100% исторических геологических материалов, или порядка 4,8 млн листов. Следующим этапом станет объединение накопленных данных в единую систему и применение технологий искусственного интеллекта для ускорения поиска, анализа и практического использования геологической информации.

В строительстве и градостроительстве ведётся работа по формированию сквозного цифрового процесса – от планирования территорий и проектирования до строительства и эксплуатации объектов. Для этого развиваются государственный градостроительный кадастр, технологии BIM-проектирования и инструменты автоматизированной проверки проектной документации. По предварительным оценкам, применение таких решений позволит сократить время проверки одного проекта с 16 до 9 часов, снизить объём рутинной работы и повысить качество принимаемых решений.

В жилищно-коммунальном хозяйстве ключевым направлением является развитие единой цифровой платформы Smart Turmys, которая создаётся как единая точка взаимодействия граждан с коммунальной сферой. Платформа призвана объединить доступ к основным коммунальным сервисам, обеспечить прозрачность процессов и повысить удобство получения услуг. Параллельно в рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» проводится работа по совершенствованию учёта коммунальных ресурсов и поэтапной интеграции участников отрасли в единую цифровую среду.

В промышленности основной акцент сделан на внедрении технологий Индустрии 4.0, включая мониторинг оборудования, промышленную аналитику, цифровые двойники и автоматизированное управление производственными процессами. Применение таких решений направлено на повышение производительности труда, устойчивости предприятий, снижение производственных простоев и повышение качества управленческих решений.

Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам, поднятым представителями промышленных предприятий Костанайской области. В частности, обсуждались меры государственной поддержки цифровизации производства, внедрение искусственного интеллекта и видеоаналитики, обеспечение кибербезопасности технологических систем, подготовка квалифицированных цифровых кадров и развитие отечественных IT-решений.

Представители предприятий также подняли вопрос предоставления отечественным производителям доступа к суперкомпьютерным мощностям создаваемой инфраструктуры центров обработки данных. Вице-министр отметил готовность Министерства совместно с уполномоченными государственными органами проработать возможности использования вычислительных ресурсов для внедрения цифровых двойников, видеоаналитики и систем прогнозирования производственных процессов.

По итогам встречи поступившие вопросы и предложения взяты в работу. Вопросы, требующие дополнительного рассмотрения, будут проработаны совместно с акиматом Костанайской области, профильными государственными органами и заинтересованными организациями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 В Костанайской области обсудили цифровизацию промышленности, строительства и ЖКХ В Костанайской области состоялась встреча вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Дархана Мырзабаева с жителями и представителями бизнес-сообщества…
Кроме того, в рамках рабочей поездки вице-министр провёл личный приём граждан, в ходе которого были рассмотрены вопросы обеспечения стабильной работы системы электронных паспортов самоходных машин, её интеграции с государственными цифровыми системами, а также апробации и дальнейшего внедрения отечественных IT-разработок на промышленных предприятиях.

Рабочая поездка также включала посещение ГКП «Костанай-Су», где вице-министр ознакомился с деятельностью предприятия и вопросами развития коммунальной инфраструктуры.

В ходе посещения промышленных объектов региона Д. Мырзабаев ознакомился с производственными процессами и применением цифровых технологий на предприятиях АО «АгромашХолдинг KZ», ТОО «СарыаркаАвтоПром», ТОО «KIA QAZAQSTAN», ТОО «KamLitKZ» и ТОО «Машиностроительный завод МТЗ-Казахстан». Особое внимание было уделено вопросам автоматизации производства, внедрения современных цифровых решений, повышения производительности труда и развития отечественного машиностроения.

Также вице-министр посетил швейную фабрику ТОО «Большевичка» и предприятие ТОО «ЭПК-Форфайт», где ознакомился с организацией производственных процессов и применяемыми технологиями автоматизации.

Костанайская область обладает значительным промышленным потенциалом. По итогам января-августа 2026 года объём промышленного производства региона составил 2,07 трлн тенге, в том числе обрабатывающей промышленности – 1,5 трлн тенге. Рост обрабатывающей промышленности по сравнению с аналогичным периодом прошлого года составил 5,2%.

Реализация цифровых проектов и внедрение современных технологий призваны создать дополнительные условия для дальнейшего развития промышленного потенциала региона, повышения конкурентоспособности отечественных предприятий и улучшения качества государственных и коммунальных услуг для населения.
👍3❤1🔥1
📦 Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау ережелері бекітілді

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап елімізде жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті түрде таңбалау ісі енгізілмек. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім талаптарын және ЕЭК Кеңесінің тиісті шешімін орындауға байланысты болып отыр.

Таңбалауды енгізу тауарлардың заңсыз айналымы мен контрафактілік өнім көлемін қысқартуға, адал өндірушілер мен сатушылар мүддесін қорғауға, сондай-ақ нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету ісін жетілдіруге бағытталған.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау қағидалары бекітілді. Оның негізгі ережелері 2026 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. Міндетті таңбалау 2026 жылғы 1 желтоқсаннан басталып, үш кезеңде енгізіледі.
 
➡️ Таңбалау қалай енгізіледі?

🔵 Бірінші кезеңде, яғни, 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған киімдер мен керек-жарақтарды, жасанды үлбір (талшық) және одан жасалған бұйымдарды, ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киімнің жекелеген түрлерін, шаңғы костюмдерін, сондай-ақ төсек-орын, асхана, дәретхана және ас үй жабдықтарын таңбалау міндетті болады.

🔵 Екінші кезең 2027 жылғы 1 наурыздан басталады. Бұл кезеңде сырт киімнің жекелеген түрлерін, блузкаларды, жемпірлерді, пуловерлерді, кардигандарды, кеудешелерді, ерлер жейделерін, әйелдер блузкаларын, шәлілерді, шарфтарды, галстуктерді және басқа да тауарларды таңбалау міндеттеледі.

2027 жылғы 1 қазаннан бастап ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киімнің қосымша санаттарын, оның ішінде костюмдерді, пиджактарды, жакеттерді, көйлектерді, белдемшелерді, шалбарларды, комбинезондарды, спорттық костюмдерді және трикотаж жейделерді таңбалау талап етіледі.

Міндетті таңбалау ісін кезең-кезеңімен енгізу жеңіл өнеркәсіп тауарлары айналымына қатысушылардың жаңа реттеу құралына біртіндеп бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
 
👨‍💻 Цифрлық таңбалау дегеніміз не?

Цифрлық таңбалау тауардың әрбір бірлігіне бірегей екі өлшемді Data Matrix кодын енгізуді көздейді. Таңбаланған тауар туралы ақпарат Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай оператор жүйесіне ендіріледі. Бұл өнімді сәйкестендіруге және оның өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Сатып алушы тегін Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен кодты сканерлеп, тауар туралы мәліметтерді тексеріп, оның жүйеде тіркелгеніне көз жеткізе алады.
 
➡️ Нарыққа қатысушылар нені білуі маңызды?

Өндірушілер таңбалау кодын тауарды айналымға қатысушы келесі тұлғаға бергенге дейін түсіруі тиіс. Импорттаушылар өнімді ҚР аумағына әкелгенге дейін немесе оны ішкі тұтыну және реимпорттауға шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырмас бұрын таңбалауды қамтамасыз етуі қажет. Бөлшек саудамен айналысатын сатушылар таңбаланған тауарды Data Matrix екі өлшемді кодтарын оқи алатын сканердің көмегімен бақылау-касса машинасы арқылы сатуды жүзеге асыруы тиіс.

Нарыққа қатысушылардың дайындалуы үшін өтпелі кезең қарастырылған. Қадағалау, яғни нарыққа қатысушылар арасында өнімнің қозғалысы туралы мәліметтерді міндетті түрде беру 2027 жылғы 1 қазаннан бастап басталады, ал тауар қалдықтарын 2028 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей таңбалау қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📦 Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау ережелері бекітілді 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап елімізде жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті түрде таңбалау ісі енгізілмек. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау…
📦 В Казахстане утверждены правила маркировки товаров легкой промышленности
 
С 1 декабря 2026 года в Казахстане ожидается введение обязательной маркировки товаров легкой промышленности. Это связано с исполнением Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации участниками ЕАЭС и соответствующего Решения Совета ЕЭК.

Введение маркировки направлено на сокращение незаконного оборота и контрафактной продукции, защиту добросовестных производителей и продавцов, а также повышение прозрачности рынка.

Приказом Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан утверждены Правила маркировки и прослеживаемости товаров легкой промышленности, основные положения которых вводятся в действие с 14 ноября 2026 года. Обязательная маркировка начнется с 1 декабря 2026 года и будет внедряться в три этапа.
 
➡️ Как будет вводиться маркировка

🔵На первом этапе, с 1 декабря 2026 года, маркировка станет обязательной для одежды и принадлежностей из натуральной или композиционной кожи, искусственного меха и изделий из него, отдельных видов мужской, женской и детской одежды, лыжных костюмов, а также постельного, столового, туалетного и кухонного белья.

🔵Второй этап начнется 1 марта 2027 года и охватит отдельные виды верхней одежды, блузки, свитеры, пуловеры, кардиганы, жилеты, мужские рубашки, женские блузы, шали, шарфы, галстуки и др.

С 1 октября 2027 года маркировка распространится на дополнительные категории мужской, женской и детской одежды, включая костюмы, пиджаки, жакеты, платья, юбки, брюки, комбинезоны, спортивные костюмы и трикотажные рубашки.

Поэтапное введение обязательной маркировки призвано обеспечить плавный переход участников оборота товаров легкой промышленности к новому регуляторному инструменту.
 
👨‍💻 Что представляет собой цифровая маркировка

Цифровая маркировка предусматривает нанесение на каждую единицу товара уникального двумерного кода Data Matrix. Информация о маркированном товаре фиксируется в системе Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров. Это позволяет идентифицировать продукцию и отслеживать ее движение от производителя или импортера до продажи конечному потребителю. Покупатель сможет отсканировать код с помощью бесплатного мобильного приложения Naqty Onim, проверить сведения о товаре и убедиться, что он зарегистрирован в системе. 
 
➡️ Что важно знать участникам рынка

Производители должны наносить код маркировки до передачи товара следующему участнику оборота. Импортерам необходимо обеспечить маркировку до ввоза продукции в РК либо до ее помещения под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления и реимпорта. Розничным продавцам нужно обеспечить продажу маркированного товара через контрольно-кассовую машину с помощью сканера, способного считывать двумерные коды Data Matrix.

Для подготовки бизнеса предусмотрен переходный период. Прослеживаемость, то есть обязательная передача сведений о движении продукции между участниками рынка, начнется с 1 октября 2027 года, а товарные остатки необходимо будет промаркировать не позднее 1 января 2028 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1🔥1
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша дәстүрлі және онлайн форматта қабылдады. Қабылдауда Ақтөбе, Қостанай және Астана қалаларының тұрғындары болды.

Кездесу барысында азаматтар құрылыс жүргізушілердің нысандарды жобалау, салу, пайдалануға беру және аумақты абаттандыру кезінде тиісті нормаларды сақтау мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлер техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын тексеру жөнінде сараптамалық жұмыстар жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу мүмкіндігіне қатысты жүгінді. Сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына жалға берілетін тұрғын үй ұсыну қағидаларына қатысты жайттар да қозғалды.

Министр барлық өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына сай толық түсініктемелер берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша дәстүрлі және онлайн форматта қабылдады. Қабылдауда Ақтөбе, Қостанай және Астана…
📌 Ерсайын Нагаспаев провел прием граждан по личным вопросам

Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провел прием граждан по личным вопросам в офлайн и онлайн форматах. Обращения поступили от жителей городов Актобе, Костанай и Астана.

В ходе приема гражданами подняты вопросы соблюдения застройщиками строительных норм при проектировании, строительстве и вводе объектов в эксплуатацию и благоустройстве территории. Представители бизнеса обратились касательно возможности аккредитации юридических лиц, осуществляющих инжиниринговые услуги по технадзору и экспертные работы по обследованию надежности и устойчивости зданий и сооружений. Также подняты вопросы правил предоставления арендного жилья социально уязвимым категориям граждан.

По всем обращениям министр дал подробные разъяснения действующих норм законодательства.  
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
📌 ТМД елдері өкілдері жер қойнауын бірлесіп зерттеу және игеру мәселелерін талқылады

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Қанат Ерубаев төрағалық етуші тараптың өкілі ретінде аталған құрылымның өткен кезеңдегі қызметі туралы есеп берді.

⚡️ Сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Саида Нигматова және геология және геофизика жөніндегі сарапшы Дулат Әжғалиев сөз сөйледі. Сонымен қатар Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның геологиялық қызметтері басшыларының 2025-2026 жылдардағы жұмыс нәтижелері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың перспективалық жоспарын іске асыру барысы туралы баяндамалары тыңдалды.

🌃 «Mineral Museum» (Қазақстан) қоғамдық қоры мен «Геологиялық музей» (Өзбекстан) мемлекеттік мекемесінің басшылары Геологиялық және минералогиялық музейлердің халықаралық қауымдастығын құру туралы бастама көтерді.

🎓 Бұдан басқа, ТМД-ға мүше мемлекеттердің жер қойнауын аймақтық зерттеу, геологиялық картаға түсіру және шекаралас аумақтардың минералдық-шикізаттық әлеуетін зерделеу мен бағалау жөніндегі халықаралық жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
Қолданбалы минералого-геохимиялық және заманауи зертханалық-талдамалық зерттеулер саласында тәжірибе алмасуға, ақпараттық технологияларды дамыту мен енгізуге, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған бірлескен жұмыстардың перспективалық жоспары іс-шараларын іске асыруға қатысты өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

🤝 Сессия қорытындысы бойынша Үкіметаралық кеңеске келесі жылға төрағалық ету өкілеттігін Беларусь тарапына беру рәсімі өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 ТМД елдері өкілдері жер қойнауын бірлесіп зерттеу және игеру мәселелерін талқылады Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…
📌 Страны СНГ обсудили совместное изучение и освоение недр

В городе Минск (Республика Беларусь) на XXIX сессии Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр СНГ председатель Комитета геологии МПС РК Канат Ерубаев в качестве  представителя председательствующей стороны представил отчет о деятельности Межправсовета за предыдущий период.

⚡️ С казахстанской стороны также выступили заместитель директора по науке Института геологических наук им. К.И. Сатпаева Саида Нигматова и эксперт по геологии и геофизике Дулат Ажгалиев. Кроме кого, были заслушаны доклады руководителей геологических служб Армении, Беларуси, Кыргызской Республики, России, Таджикистана, Казахстана и Узбекистана о результатах работы за 2025-2026 годы и реализации Перспективного плана совместных работ по разведке, использованию и охране недр государств – участников СНГ.

🌃 Руководители  Общественного фонда «Mineral Museum» (Казахстан) и ГУ «Геологический музей» (Узбекистан) озвучили инициативу о создании Международной ассоциации геологических и минералогических музеев. Также обсуждены перспективы сотрудничества  государств-участников СНГ в области регионального изучения недр, геологического картографирования и реализации международных проектов по изучению и оценке минерально-сырьевого потенциала приграничных территорий.

🎓 Отдельное внимание уделено обмену опытом в сфере прикладных минералого-геохимических и современных лабораторно-аналитических исследований, развитию и внедрению информационных технологий, взаимодействию по реализации мероприятий Перспективного плана совместных работ по разведке, использованию и охране недр государств – участников СНГ на 2023–2030 годы.

🤝 По итогам сессии состоялась церемония передачи полномочий председательства в Межправсовете на предстоящий год белорусской стороне.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊 Қазақстандағы Машина жасаушы күні: салада локализациялау, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті дамыту ісі күшейтілуде
 
Жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда елдің өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қозғаушы күштердің бірі – машина жасау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Машина жасаушы күні атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған міндеттер аясында еліміз өндіріс орындарының қуатын, локализациялау деңгейін жүйелі түрде арттырып, заманауи технологияларды игеруде. Машина жасау саласы экономиканы көлік, техника және жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, аралас өндірістердің дамуына, білікті мамандарға арналған жұмыс орындарының құрылуына өзіндік ықпалын тигізіп отыр.
 
❤️ Кейінгі жылдары аталған сала тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, 2023-2025 жылдары машина жасау бағытындағы өндіріс көлемі 4,3 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 36%-ға артты. Осы жылдың жеті айында саладағы кәсіпорындар 3,23 трлн теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға жоғары.
 
Инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде сақталып отыр. Өткен жылы машина жасау секторы жобаларына салынған инвестиция көлемі 655,5 млрд теңгеге жетті. Елде 39 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде шамамен 10 мың жұмыс орны құрылды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында тағы 157,8 млрд теңге инвестиция тартылды, ал тамыз айындағы жағдай бойынша жалпы құны 94 млрд теңге болатын 19 жаңа жоба іске қосылды.
 
⚡️ Отандық өндірісті дамыту және локализациялау ісін арттыру негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қазақстандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 2025 жылы 2023 жылғы 16,8%-дан 22,2%-ға дейін өсті. Осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көрсеткіш 24,7%-ға жетті. Локализациялау деңгейінің өсуі өзіміздің компоненттік базамызды қалыптастыруға, аралас өндірістерді дамытуға және ел ішінде жаңа технологиялық құзыреттердің пайда болуына ықпал етеді.
 
🚗Машина жасау саласындағы ең серпінді бағыттардың бірі автомобиль өнеркәсібі болып қала бермек. Бүгінде Қазақстанда жеңіл және жүк көліктерін, автобустар мен арнайы техникалар шығаратын 11 зауыт жұмыс істейді. Өткен жылы елде 171 мыңнан артық, 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында 124,1 мыңнан астам көлік шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға көп. Биылғы сегіз айда Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоӨндіріс») – 47 619, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – 33 102, Hyundai Trans Kazakhstan – 25 066, Kia Qazaqstan – 12 290 автомобиль шығарды.
 
🚆 Теміржол машиналарын жасау саласы да жақсы нәтиже көрсетуде. 2025 жылы «Электровоз құрастыру зауыты» (Alstom) және «Локомотив құрастыру зауыты» (Wabtec) кәсіпорындары 114 локомотив өндірді, оның 45-і электровоз, 69-ы тепловоз. Биыл тағы 94 локомотив шығару жоспарланған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындар жүк және жолаушылар вагондарын өндіру көлемін де арттыруда.
 
🤝 Қазақстан ірі халықаралық технологиялық компаниялармен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Kia Qazaqstan, Stadler Kazakhstan, Атырау вагон жасау зауыты өндірістерін дамыту, John Deere, серіктес брендтердің тракторларын, комбайндарын және ауыл шаруашылығының басқа да техникаларын өндіру маңызды жобалардың қатарында. Саранда қазіргі уақытта қытайлық SINOTRUK компаниясымен бірлесіп HOWO және SITRAK жүк көліктерін және арнайы техникалар өндіретін алаңды іске қосуға дайындық жүргізілуде.
 
Samsung, Artel, Dauscher және Xiaomi сияқты халықаралық брендтердің тұрмыстық техникалар өндірісі де дамып келеді. Биылғы 8 айда Silk Road Electronics (+15%), DS Multimedia (5 есе өсім), Almaty Turmystyq Tehnika Zavody (+86%), Jasyl Suyq Qazaqstan (2,6 есе өсім) сынды кәсіпорындар өндіріс көлемін едәуір арттырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🌐 Заманауи машина жасау саласы өндірістік озық технологияларды енгізудің негізгі алаңдарының біріне айналып келе жатқанын атап өткен жөн. Сектор кәсіпорындарында өнеркәсіптік роботтар, компьютерлік көру, сапаны автоматтандырылған бақылау жүйелері және жасанды интеллект негізіндегі шешімдер қолданылуда.
 
Мысалы, Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнында 17 өнеркәсіптік робот, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan-да – 54, Kia Qazaqstan-да – 68 робот жұмыс істейді. Қостанайдағы Allur зауытында дәнекерлеу жіктерінің сапасын бақылауға арналған ЖИ негізіндегі жүйе, кузовтарды роботтармен сырлау және компьютерлік көру технологиялары енгізілген.
 
👥 Машина жасау саласының өндірістік бағытта дамуымен қатар кадрлық әлеуеті де артып келеді. Автомобиль өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны 11 мың адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 62,5%-ға өсті. Тағы шамамен 9 мың адам аралас салаларда еңбек етеді. Бүгінде автокөлік өнеркәсібі саласы және онымен байланысты өндіріс орындары шамамен 20 мың қазақстандықты жұмыспен қамтып отыр.
 
Кәсіпорындар «мектеп – колледж – жоғары оқу орны – оқыту орталықтары – корпоративтік университет – зауыт» бірыңғай жүйесін қалыптастыра отырып, кәсіптік бағдар беру, дуальды оқыту және инженерлік-техникалық кадрларды даярлау ісін дамытуда.
 
Адами капиталды дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және инженерлердің жаңа буынын даярлау Қазақстан өнеркәсібінің технологиялық трансформациясының маңызды бөлігіне айналуда.
 
Бүгінде отандық машина жасау саласында өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар жаңа зауыттар мен жұмыс орындарын ашу, компоненттерді локализациялау, жасанды интеллект игіліктерін пайдалану, халықаралық кооперацияны ілгерілету, роботтандыру және инженерлік құзыреттерді қалыптастыру жұмыстары да жүзеге асырылып отыр.
 
🎉 Құрметті машина жасау саласының қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз – Машина жасаушы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жемісті еңбек, жасампаз жетістіктер тілейміз. Алдағы уақытта Қазақстан өнеркәсібін, оның технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды табысты іске асыру жолындағы қызметтеріңіз жана берсін!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📊 Қазақстандағы Машина жасаушы күні: салада локализациялау, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті дамыту ісі күшейтілуде   Жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда елдің өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қозғаушы күштердің бірі – машина жасау…
📊 День машиностроителя в Казахстане: отрасль наращивает производство, локализацию и внедрение новых технологий
 
В последнее воскресенье сентября в Казахстане отмечается День машиностроителя – профессиональный праздник работников одной из ключевых отраслей обрабатывающей промышленности страны. В рамках задач, обозначенных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, Казахстан последовательно расширяет производственные мощности, углубляет локализацию и осваивает современные технологии. Машиностроение обеспечивает экономику транспортом, техникой и оборудованием, способствует развитию смежных производств и созданию квалифицированных рабочих мест.

❤️ В последние годы отрасль демонстрирует устойчивый рост. Так, в 2023-2025 годах объем производства в машиностроении увеличился с 4,3 до 5,9 трлн теңге — на 36%. За семь месяцев текущего года предприятия отрасли произвели продукции на 3,23 трлн теңге, что на 13,3% больше, чем за аналогичный период прошлого года.

Сохраняется и высокая инвестиционная активность. Объем инвестиций в проекты машиностроения в прошлом году достиг 655,5 млрд теңге. В стране введено 39 проектов с созданием около 10 тыс. рабочих мест. За январь-июль 2026 года инвестиции составили еще 157,8 млрд теңге, а по состоянию на август запущено 19 новых проектов общей стоимостью 94 млрд теңге.

⚡️ Одним из ключевых приоритетов остается развитие отечественного производства и углубление локализации. Доля казахстанских производителей на внутреннем рынке выросла с 16,8% в 2023 году до 22,2% в 2025-ом. По итогам первого полугодия текущего года показатель достиг 24,7%. Рост локализации способствует формированию собственной компонентной базы, развитию смежных производств и появлению новых технологических компетенций внутри страны.

🚗 Одним из наиболее динамичных направлений машиностроения остается автомобильная промышленность. Сегодня в Казахстане действуют 11 заводов, выпускающих легковые и грузовые автомобили, автобусы и специальную технику. В прошлом году в стране произведено более 171 тыс. единиц транспорта, а за январь-август 2026-го — свыше 124,1 тыс. единиц, что на 32,4% больше, чем за аналогичный период предыдущего. За восемь месяцев этого года Allur («СарыаркаАвтоПром») в Костанае выпустил 47 619 автомобилей, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan  – 33 102, Hyundai Trans Kazakhstan – 25 066, Kia Qazaqstan – 12 290 автомобилей.

🚆 Рост демонстрирует и железнодорожное машиностроение. В 2025 году предприятия «Электровоз құрастыру зауыты» (Alstom) и «Локомотив құрастыру зауыты» (Wabtec) произвели 114 локомотивов, в том числе 45 электровозов и 69 тепловозов. Всего на текущий год запланирован выпуск еще 94 локомотива. Одновременно с этим отечественные предприятия также увеличивают производство грузовых и пассажирских вагонов.

🤝 Казахстан расширяет промышленное сотрудничество с крупнейшими международными технологическими компаниями. Среди значимых проектов – развитие производств Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Kia Qazaqstan, Stadler Kazakhstan и Атырауского вагоностроительного завода, освоение производства тракторов, комбайнов и другой сельскохозяйственной техники John Deere и партнерских брендов. В Сарани сейчас ведется подготовка к запуску совместной с китайской SINOTRUK площадки по производству грузовой и специальной техники HOWO и SITRAK.

Развивается и производство бытовой техники международных брендов, включая Samsung, Artel, Dauscher и Xiaomi. За 8 месяцев текущего года значительно нарастили объемы производства такие предприятия, как: Silk Road Electronics (+15%), DS Multimedia (рост в 5 раз), Almaty Turmystyq Tehnika Zavody (+86%), Jasyl Suyq Qazaqstan (рост в 2,6 раза).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1
🌐 Важно отметить, что современное машиностроение становится одной из ключевых площадок внедрения передовых производственных технологий. На предприятиях отрасли используются промышленные роботы, компьютерное зрение, автоматизированные системы контроля качества и решения на основе искусственного интеллекта.

К примеру, на Hyundai Trans Kazakhstan работают 17 промышленных роботов, на Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – 54, на Kia Qazaqstan – 68. На заводе Allur в Костанае внедрены система на основе искусственного интеллекта для контроля качества сварных швов, роботизированная окраска кузовов и технологии компьютерного зрения.

👥 Вместе с производством растет и кадровый потенциал машиностроения. Численность работников автомобильной промышленности достигла 11 тыс. человек, увеличившись на 62,5% по сравнению с 2024 годом. Еще около 9 тыс. человек заняты в смежных отраслях. На сегодняшний день автомобилестроение и связанные с ним производства обеспечивают занятость порядка 20 тыс. казахстанцев.

Предприятия развивают профориентацию, дуальное обучение и подготовку инженерно-технических кадров, формируя единую систему «школа – колледж – вуз – центры обучения – корпоративный университет – завод».

Развитие человеческого капитала, повышение престижа рабочих профессий и подготовка нового поколения инженеров становятся важной частью технологической трансформации промышленности Казахстана.

Сегодня отечественное машиностроение – это не только рост объемов производства. Это новые заводы и рабочие места, локализация компонентов, международная кооперация, роботизация, искусственный интеллект и формирование собственных инженерных компетенций.

🎉 Уважаемые работники машиностроительной отрасли!

Примите искренние поздравления с профессиональным праздником – Днем машиностроителя!
Желаем крепкого здоровья, благополучия, стабильной работы, успешной реализации новых проектов и новых производственных достижений. Пусть ваш труд и дальше служит развитию промышленности и укреплению технологического потенциала Казахстана!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1