ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосты

Бірінші кезеңде жүйеге қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар компанияларды қосу жоспарлануда.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустриялық сертификат иелерін қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу жөніндегі Жол картасына қол қойды.
Қолданыстағы индустриялық сертификаттары бар кәсіпорындар «Атамекен» ҰКП ұсынған деректер негізінде техникалық оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ арқылы Тізілімге енгізіледі.
Компаниялар өз мәртебесін рәсімдеу үшін 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін жүйеде қажетті мәліметтерді толтырып, өтінім беру және цифрлық тексеруден өту қажет. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда кәсіпорын тізілімнен шығарылады.
Мәртебені сақтау үшін негізгі шарт – нақты өндірістік қызметтің расталуы болып табылады.
Сонымен қатар, өзге компаниялар да өтінім беру арқылы, қажетті технологиялық операциялардың орындалуын растай алған жағдайда тізілімге енгізіле алады.

➖

Министерством промышленности и строительства запущена Государственная информационная система «Реестр казахстанских товаропроизводителей»

На первом этапе планируется включить компании – держателей действующих Индустриальных сертификатов.
Для этого между Министерством промышленности и строительства Республики Казахстан, Министерство финансов Республики Казахстан и НПП «Атамекен» подписана Дорожная карта по включению обладателей индустриальных сертификатов в Реестр казахстанских товаропроизводителей.
Предприятия с действующими индустриальными сертификатами будут включены в Реестр техническим оператором – АО «Центр электронных финансов» – на основании данных НПП «Атамекен».
Для закрепления статуса компаниям необходимо заполнить сведения в системе, подать заявку и пройти цифровую верификацию до 30 января 2026 года. В случае невыполнения этих требований предприятие исключается из Реестра.
Ключевым условием сохранения статуса является подтверждение фактической производственной деятельности.
При этом другие компании также могут быть включены в Реестр при подаче заявки и подтверждении выполнения необходимых технологических операций.
👍2
ҚазОрталык ТКШ мен «Атамекен» ҰКП тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ішкі елдік құндылықты арттыру жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында Техникалық оператор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары саласында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ішкі елдік құндылығын арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы (ҚазОрталык ТКШ) 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасының техникалық операторы болып табылады.

Меморандумға қол қою салалық сүйемелдеу институттары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды қадамға айналды, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру барысында отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдану үшін салалық өндірушілердің тұрақты дерекқорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Меморандум өндірісті локализациялау бағытында тараптардың күш-жігерін шоғырландыруды, қазақстандық қамту үлесін кеңейтуді және ТКШ саласындағы инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға отандық кәсіпорындарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

Келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша тиімді үйлестіруді жолға қоюды жоспарлап отыр:
• отандық өндірушілер және олар шығаратын өнім номенклатурасы туралы деректерді өзектендіру;
• энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларында ішкі елдік құндылық деңгейін айқындаудың қолданыстағы тәсілдері мен әдістемелерін талдау;
• локализациялауға жататын басым тауар позициялары мен технологиялық бағыттарды айқындау;
• отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және оларды іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы уақтылы ақпараттандыру;
• қазақстандық өндірістегі өнімді қолдану бөлігінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.

Тараптар сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдану мәселелері бойынша әдіснамалық және талдамалық сүйемелдеу жобасын әзірлеуді, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым субъектілерімен, табиғи монополия субъектілерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі алаңы болып табылады, отандық өндірушілердің ұсыныстарын жинақтайды, өндірістік әлеует пен қолданыстағы кедергілерді айқындауға жәрдемдеседі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Меморандумды іске асыру аясында коммуналдық кәсіпорындар мен қазақстандық тауар өндірушілердің қатысуымен салалық қоғамдастықтар арасында бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар тараптар коммуналдық сатып алулар саласындағы процестердің ашықтығын арттыру мақсатында қазақстандық өнімді қолдануды мониторингтеу және талдау тетіктерін дамыту, сондай-ақ ішкі елдік құндылықты бағалау әдіснамасы мен құралдарын енгізу туралы уағдаласты.

Меморандум ережелерін іске асыру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жобаларында отандық тауарлар үлесін арттыру үшін орнықты жағдайлар жасауға, қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктеуді ұлғайтуға және ел экономикасы үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
ҚазОрталык ТКШ мен «Атамекен» ҰКП тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ішкі елдік құндылықты арттыру жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында Техникалық…
Казцентр ЖКХ и НПП «Атамекен» заключили меморандум о сотрудничестве по повышению внутристрановой ценности товаров в сфере ЖКХ

В рамках реализации национального проекта модернизации энергетического и коммунального секторов Технический оператор и Национальная палата предпринимателей «Атамекен» заключили меморандум о сотрудничестве, цели которого направленны на повышение внутристрановой ценности товаров, работ и услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства и жилищных отношений.

КазЦентр ЖКХ является техническим оператором Национального проекта Модернизации энергетического и коммунального секторов (МЭКС) на 2025-2029 годы.

Подписание меморандума стало важным шагом в развитии системного взаимодействия между институтами отраслевого сопровождения и бизнес-сообществом, а также в формировании устойчивой базы данных отраслевых производителей для применения продукции отечественных товаропроизводителей при реализации проектов модернизации коммунальной инфраструктуры.

Меморандум предусматривает консолидацию усилий сторон по развитию локализации производства, расширению доли казахстанского содержания и созданию благоприятных условий для вовлечения отечественных предприятий в реализацию инвестиционных программ в сфере ЖКХ.

В рамках соглашения стороны намерены выстроить эффективную координацию по вопросам:
• актуализации данных об отечественных производителях и их номенклатуры товаров;
• анализа текущей методики по определению уровня внутристрановой ценности в проектах модернизации энергетического и коммунального секторов;
• выявления приоритетных товарных позиций и технологических направлений, подлежащих локализации;
• содействия отечественным товаропроизводителям и своевременного информирования о реализуемых проектах;
• формирования предложений по совершенствованию нормативно-правовой базы в части применения продукции казахстанского производства.

Стороны в рамках меморандума разрабатывают проект методологического и аналитического сопровождения вопросов применения продукции отечественных товаропроизводителей, а также координацию взаимодействия с субъектами коммунальной инфраструктуры, субъектами естественных монополий и местными исполнительными органами.

НПП «Атамекен», в свою очередь, выступает ключевой площадкой для взаимодействия с бизнес-сообществом, аккумулирует предложения отечественных производителей, содействует выявлению производственного потенциала и барьеров, а также обеспечивает обратную связь между государственными структурами и предпринимателями.

В рамках реализации меморандума планируется проведение совместных мероприятий среди отраслевых сообществ с участием коммунальных предприятий и казахстанских товаропроизводителей.
Также стороны договорились о развитии механизмов мониторинга и аналитики применения казахстанской продукции, внедрении методологии и инструментов оценки внутристрановой ценности для повышения прозрачности процессов в сфере коммунальных закупок.

Ожидается, что реализация положений меморандума позволит создать устойчивые условия для увеличения доли отечественных товаров в проектах модернизации ЖКХ, повысить загрузку производственных мощностей казахстанских предприятий и обеспечить мультипликативный эффект для экономики страны.
Құрылыстағы ашықтықты арттыру: сметалық құжаттаманың жаңа форматы енгізілді
 
«Мемсараптама» РМК құрылыс саласындағы сметалық құнның ашықтығын, дәлдігін және сенімділігін арттыруға бағытталған сметалық құжаттама файлдарының жаңа форматын (KENML 2.0) енгізу туралы хабарлайды.

Жаңа формат сметалық деректерді құрылымдандырылған және машиналық оқылатын форматқа көшіруді көздейді, бұл сметалық есептеулерді біріздендіруге және оларды бағдарламалық қамтамасыз етуге тәуелсіз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа форматтың негізгі артықшылықтары:
• сметалық көрсеткіштердің дәлдігі мен салыстырмалылығын арттыру;
• сметаларды тексеру уақытының қысқаруы;
• деректердің қайталануы мен қолмен енгізу кезінде қателіктердің туындау тәуекелдерін төмендету;
• шығындардың ашықтығы мен бақылауын күшейту.

Сметалық құжаттаманың жаңа форматының сипаттамасы ҚР ЕЖ 1.02-123-2025 «Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелермен жобалық-сметалық құжаттаманың электрондық цифрлық түрі» нормативтік техникалық құжатында келтірілген.

Сметаларды жаңа форматта сараптамаға ұсыну 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті болады.
Жаңа форматты енгізу құрылыс саласын кешенді цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі болып табылады және жобалау, сараптау және құрылыс жобаларын іске асыру процестерінің тиімділігі мен технологиялылығын арттыруға бағытталған.

➖

Повышение прозрачности в строительстве: внедрен новый формат сметной документации
 
РГП «Госэкспертиза» сообщает о внедрении нового формата файлов сметной документации (KENML 2.0), направленного на повышение прозрачности, точности и достоверности сметной стоимости строительства.

Новый формат предусматривает переход на структурированные и машиночитаемые данные, что позволит обеспечить унификацию сметных расчетов и их независимость от программного обеспечения.

Основные преимущества нового формата:
• повышение точности и сопоставимости сметных показателей;
• сокращение времени на проверку смет;
• снижение рисков дублирования данных и ошибок ручного ввода;
• повышение прозрачности и контроля затрат.

Описание нового формата сметной документации приведено в СП РК 1.02-123-2025 «Электронно-цифровая форма технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации на строительство».
Представление смет в новом формате на экспертизу станет обязательным с 1 февраля 2026 года.

Внедрение нового формата является частью комплексной цифровой трансформации строительной отрасли и соответствует курсу на повышение эффективности и технологичности процессов проектирования, экспертизы и реализации строительных проектов.
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
1 800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыларға қолжетімді және барлық бизнес бүгін тіркеуге өтініш бере алады.

«Тауарлардың шығу тегін растаудың бұрынғы механизмімен салыстырғандағы Тізілімнің басты айырмашылығы – барлық процесстер толық цифрландырылған. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады, бұл барлық кезеңдерде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді»,

— атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

🔹 Екіншіден, процесс бюрократиядан арылады. Жүйе басқа мемлекеттік базалармен интеграцияланып, құжаттар санын қысқартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

🔹 Үшіншіден, бұл қызметті мемлекеттік органдар жеке аудиторлар мен сарапшылардың қатысуынсыз тегін көрсетеді.

👀 Министр жаңа жүйеге тиімді өту үшін бұрын қазақстандық өндірушілер мәртебесін растаған 1800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылғанын атап өтті. Бұл компаниялар бір ай ішінде жүйеде қажетті мәліметтерді толықтырып, өтінімді ЭЦП арқылы растауы қажет. Қазірде жаңа платформада мыңға жуық компания тіркелген.

🔍 Жалпы алғанда, Тізілім мемлекеттік қолдаудың нысаналылығы мен ашықтығын және оны нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға мақсатты түрде жеткізуді жақсарту үшін құрылды.

➖

Более 1 800 действующих владельцев индустриальных сертификатов автоматически перенесены в Реестр

📌 По поручению Главы государства запущена цифровая платформа «Реестр казахстанских товаропроизводителей». Она доступна для всех пользователей на сайте e-ondiris.gov.kz и уже сегодня все субъекты бизнеса могут подать заявку на регистрацию.

«Ключевым преимуществом Реестра по сравнению с прежним механизмом подтверждения происхождения товара является в первую очередь – цифровизация. Подача заявок, их проверка и принятие решений полностью проходят в онлайн-формате, что обеспечивает прозрачность и контроль на всех этапах»,

— подчеркнул министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев.

🔹 Второе – дебюрократизация процесса. Система интегрирована с государственными базами данных, что сокращает количество документов и снижает административную нагрузку на бизнес.

🔹 В-третьих, данная услуга осуществляется государственными органами бесплатно, без привлечения частных аудиторов и экспертов.

👀 Министр отметил, что для обеспечения плавного перехода на новую систему более 1 800 действующих владельцев индустриальных сертификатов, по которым ранее был подтвержден статус казахстанского товаропроизводителя, автоматически перенесены в Реестр. При этом данные компании, обязаны в течение одного месяца заполнить необходимые сведения в системе и подписать заявку с использованием ЭЦП. На сегодня в системе авторизовались около тысячи компании.

🔍 В целом Реестр создан для повышения адресности и прозрачности государственной поддержки и её целевого направления на предприятия с реальной производственной деятельностью.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Forwarded from UKIMET
Отандық бизнес реттелетін сатып алуларға ОТӨ Реестрі арқылы қол жеткізе алады

📌 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде отандық тауар өндірушілер Реестрі (ОТӨ Реестрі) іске қосылады. Бұл – отандық бизнестің реттелетін сатып алуларға және мемлекеттік қолдаудың мақсатты шараларына қол жеткізуі үшін міндетті құралға айналатын цифрлық платформа.

📋 «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, приоритетті негізде сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау алу тек осы Реестрге енген компанияларға ғана мүмкін болмақ.

🔸
Сатып алуларға және мемлекеттік қолдауға қол жеткізу шарттары:

📌 Негізгі шарт – Қазақстан территориясында нақты өндірісі расталған болуы тиіс.

✅ Тізілімде тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы қол қойылған өтінімді беру, өндірісті тексеруден және бағалаудан өту қажет. Тіркеу e-ondiris.gov.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады.

📊 Мәліметтердің бір бөлігі мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі, жетіспейтін құжаттарды өтініш беруші өзі жүктейді. Жүйе «цифрлық іздер» бойынша цифрлық верификация жүргізеді, яғни өндірістік алаңдарды, жабдықтарды, рұқсат беру құжаттарын, жеткізу тізбегін, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар мен кедендік статистика деректерін талдайды.

⏩Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әрбір коды бойынша (барлығы 3 371 тауар тобы) технологиялық операцияларға және оқшаулаудың ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген.

⏩Тізілімге енгізілгеннен кейін қатысушы мәртебесін сақтау үшін мониторинг көзделген.

📲 Бейнероликте тіркеуден бастап тізілімге енгізуге дейін және қатысушы мәртебесін сақтау үшін одан кейінгі мониторингке дейінгі реті көрсетілген нұсқаулық берілген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Отечественный бизнес получит доступ к регулируемым закупкам через Реестр КТП

📌 С 1 января 2026 года в Казахстане начнет действовать Реестр казахстанских товаропроизводителей (Реестр КТП) – это цифровая платформа, которая станет обязательным инструментом доступа отечественного бизнеса к регулируемым закупкам и целевым мерам господдержки.

📋 В соответствии с поправками в Закон «О промышленной политике», участие в закупках на приоритетной основе и получение господдержки будет возможно только для компаний, включенных в данный Реестр.

🔸 Условия доступа к закупкам и господдержке:

📌 Основное условие – подтвержденное фактическое производство на территории Казахстана.

✅ Для регистрации в Реестре необходимо подать заявку, подписанную ЭЦП, пройти верификацию и оценку производства. Регистрация осуществляется онлайн через платформу e-ondiris.gov.kz.

📊 Часть сведений автоматически подгружается из государственных баз данных, недостающие документы загружаются заявителем. Система проводит цифровую верификацию по «цифровым следам» – анализирует производственные площадки, оборудование, разрешительные документы, цепочку поставок, а также данные электронных счет-фактур и таможенной статистики.

⏩По каждому коду товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности (всего 3 371 товарная группа) установлены требования к технологическим операциям и минимальному уровню локализации.

⏩После включения в Реестр предусмотрен последующий мониторинг для сохранения статуса участника.

📲 В видеоролике – пошаговая инструкция, начиная от регистрации до включения в Реестр и последующего мониторинга для сохранения статуса участника.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр Ерсайын Нагаспаев сообщил о запуске реестра казахстанских товаропроизводителей

В рамках исполнения поручения Главы государства о снижении бюрократических процедур для бизнеса, Министерством упрощен процесс подтверждения отечественной продукции посредством данного Реестра.

«Платформа повысит прозрачность при оказании господдержки. Она должна доходить до тех, кто реально производит, а не просто числится на бумаге», – отметил Министр Ерсайын Нагаспаев.

Из преимуществ:
- система интегрирована практически со всеми государственными базами данных;
- это сократит количество документов;
- позволит снизить административную нагрузку на бизнес;
- услуга осуществляется бесплатно.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚТӨ тізіліміне өтініш берушілерге арналған бейне нұсқаулық дайындалды
 
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне өтініш берушілер үшін жан-жақты бейне нұсқаулық әзірледі.

Онда тіркеуге өтініш беру тәртібі, сондай-ақ жеке кабинетте жұмыс істеу процестері кезең-кезеңімен егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Нұсқаулық рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ платформада жұмыс істеу барысында өтініш берушілер тарапынан туындауы мүмкін қателіктердің алдын алуға бағытталған.

Еске саламыз, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі СТ-KZ және индустриялық сертификаттарды алмастырып, кәсіпорындардың тапсырыстарға және мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін жеңілдетеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Подготовлена видеоинструкция для заявителей Реестра КТП
 
АО «Центр электронных финансов»подготовило подробную видеоинструкцию для заявителей Реестра казахстанских товаропроизводителей.

В ней пошагово описаны процессы подачи заявок на регистрацию и алгоритмы работы в личном кабинете.  

Инструкция призвана повысить прозрачность процедур и минимизировать ошибки со стороны потенциальных участников при работе с платформой.

Напомним, Реестр казахстанских товаропроизводителей заменит СТ-KZ и Индустриальный сертификаты и упростит доступ предприятий к заказам и мерам государственного стимулирования.
Industrial AI Acceleration: Қазақстанның ірі кәсіпорындарындағы AI-серпіліс

Astana Hub алаңында Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасының қорытындылары шығарылды. Бұл – Қазақстандағы өнеркәсіп пен орта бизнес ұйымдарының қызметіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуді көздейтін салалық акселерация.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова сөз сөйлеп, қатысушыларға белсенділік үшін алғыс айтты. Ол командалардың өнеркәсіпке цифрлық технологияларды енгізудегі оң үлесін атап өтті. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында елдегі цифрландыруды жақсарту қажеттілігі туралы айтты. Өнеркәсіптегі осы тапсырманы орындау аясында бағдарлама саланы цифрлық жаңғыртуға бағытталған.

Бағдарлама еліміздің түкпір-түкпіріндегі цифрлық өнертапқыштар мен ірі өнеркәсіп өкілдерін бір алаңда тоғыстырды. Барлығы 90 өтінім түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 43 команда қабылданып, олардың 38-і келісімдерге қол қойып, нақты шешімдер іздеген өнеркәсіптермен жұмысқа кірісті.

Қорытынды Demo Day аясында 33 команда өз нәтижелерін көпшіліктің назарына ұсынды. Көрме аймағында 18 қатысушы жүйелерінің жұмысын көрсетсе, питч-сессия барысында тағы 15 команда дайын өнімдер мен іске асырылған кейстерін таныстырды.

Бағдарлама AI және digital-шешімдердің дәстүрлі өнеркәсіп саласын тиімді өзгертіп жатқанын айшықтай түсті.

Сәтті енгізілген жобалардың бірі – SafeSight AI. Платформа өндірістік қауіпсіздікті бақылау үшін компьютерлік көру технологиясын қолданып, күрделі өндірістік ортада жоғары дәлдіктегі бақылауды қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның тиімділігін жарқын нәтижелер айқындай түсті: кәсіпорындар тарапынан 56-сы айқын қызығушылық тіркелді. Қазіргі таңда 7 пилоттық жоба іске қосылды, оның бесеуі бойынша сынақты бастау туралы келісімдерге қол қойылса, тағы екі жоба бойынша құжаттарды рәсімдеу барысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 2026 жылдың I тоқсанында өндірістік алаңдарда тағы 10-нан астам пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Үш ай бойы қатысушылар кәсіпорындардың нақты сұраныстарымен жұмыс істеп, күрделі B2B сатылымдарын меңгерді, өндірістік алаңдарда шешімдерді менторлар мен салалық сарапшылардың қолдауымен сынақтан өткізіп, тексерді.

Industrial AI Acceleration аясында 12-ден астам кәсіпорын AI-командаларға 140-тан аса нақты тапсырма жолдады. Сұраныстардың шамамен 75 пайызы корпоративтік функцияларды автоматтандыруға бағытталған: HR, қаржы, сатып алу, IT, стратегия, заңнамалық сүйемелдеу және коммуникациялар. Қалған 25 пайызы өндірістік шешімдерге тиесілі, оның ішінде мониторинг, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, роботтандыру, сапаны бақылау және өндірістік қауіпсіздік бағыттары бар.
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Industrial AI Acceleration: Қазақстанның ірі кәсіпорындарындағы AI-серпіліс Astana Hub алаңында Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасының қорытындылары шығарылды. Бұл – Қазақстандағы өнеркәсіп пен орта бизнес ұйымдарының қызметіне жасанды интеллект…
Industrial AI Acceleration: ИИ-революция на крупнейших предприятиях Казахстана

В Astana Hub подвели итоги программы Industrial AI Acceleration 2025 – отраслевой акселерации, ориентированной на внедрение решений искусственного интеллекта и цифровых технологий в промышленных предприятиях и компаниях среднего сегмента бизнеса Казахстана.

Вице-министр промышленности и строительства РК Жаннат Дубирова выступила с приветственным словом и поблагодарила участников за активность. Она отметила положительный вклад команд в сегменте внедрения цифровых технологий в сферу промышленности. Глава государства в своем Послании народу озвучил необходимость улучшению цифровизации в стране. В рамках выполнения поручения в сфере промышленности, программа ориентирована на цифровую модернизацию отрасли.

Программа объединила AI- и digital-команды со всей страны и крупные промышленные предприятия. Всего на участие было подано 90 заявок. По итогам отбора в программу вошли 43 команды, из которых 38 подписали соглашения и приступили к работе с корпоративными заказчиками.

На финальном Demo Day свои результаты представили 33 команды. В выставочной зоне 18 участников продемонстрировали работу своих систем, а в ходе питч-сессии еще 15 команд презентовали готовые продукты и реализованные кейсы.

Программа подтвердила, что AI- и digital-решения уже сегодня эффективно трансформируют процессы в традиционных отраслях промышленности.

Одним из успешных примеров внедрения стал проект SafeSight AI. Платформа использует компьютерное зрение для мониторинга промышленной безопасности, обеспечивая высокую точность контроля в сложных производственных условиях.

Программа показала высокую эффективность: по итогам взаимодействия от предприятий получено 56 подтвержденных интересов. Уже запущено 7 пилотных проектов (по пяти подписаны соглашения о запуске пилотов, еще по двум ведется финализация документов при фактически начатых работах). Более 10 пилотных проектов готовятся к запуску на производственных площадках в первом квартале 2026 года.

В течение трех месяцев участники работали с реальными запросами предприятий, осваивали B2B-продажи, тестировали и пилотировали решения на промышленных площадках.

В рамках акселерации более 12 предприятий передали свыше 140 задач для AI-команд. Около 75 процентов запросов были направлены на автоматизацию корпоративных функций – HR, финансы, закупки, IT, стратегию, юридическое сопровождение и коммуникации. Еще 25 процентов пришлись на производственные решения, включая мониторинг, техническое обслуживание и ремонт, роботизацию, контроль качества и промышленную безопасность.
❤1
Биыл Қазақстанда үш жаңа АЭА пайда болды
 
Қазақстанда инвестиция тартудың тиімді тетіктерінің бірі – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар. Бұл аумақтардың инвесторлар үшін тартымды болуы, ең алдымен, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына байланысты. Сол себепті АЭА және ИА туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі әрдайым өзекті және оны тұрақты түрде жаңартып отыруды қажет етеді.

2024 жылдан бастап елде сапалы жобаларды тартуға бағытталған «инвестиция көлемі артқан сайын берілетін жеңілдіктер де көбейеді» қағидаты бойынша жеңілдіктер ұсынудың сараланған тәсілі қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп жобалары үшін пайдалануға берілген сәттен бастап үш жыл өткен соң АЭА аумағындағы жер учаскелерін мерзімінен бұрын сатып алу тетігі енгізілді. Бұл шаралар әлеуетті инвесторлар үшін АЭА-ның тиімділігін арттырды.

Осы өнеркәсіптік аумақтарды одан әрі дамытуға бағытталған шаралар қабылдануда.

«QazIndustry» АҚ АЭА мен ИА дамыту дирекциясының хабарлауынша, 2025 жылы Қазақстанда үш жаңа АЭА құрылды – «Қорқыт Ата», «Ақтөбе» және «Атырау». Сонымен қатар, «Turan», «Морпорт Ақтау», «Павлодар», «Хоргос-Шығыс қақпасы», «Сарыарқа», «Jibek Joly», «Қызылжар» және «Ұлттық индустриялық мұнайхимиялық технопарк» АЭА аумақтары кеңейтілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет әуежайларды дамыту және мультимодальды әуежай хабтарын құру мақсатында «Морпорт Ақтау», «Оңтүстік», «Астана-Технополис», «Сарыарқа» және «Alatau» АЭА аумақтарын кеңейту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, «Морпорт Ақтау», «Jibek Joly», «Alatau», «Хоргос-Шығыс қақпасы», «Ақтөбе», «Қорқыт Ата», «QYZYLJAR» және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қызметінің басым салалары кеңейтілді», – делінген хабарламада.

Мұндай шаралар инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындары мен өндірістерді құруға, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.

➖

В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
 
Одним из эффективных инструментов привлечения инвестиций в Казахстане являются специальные экономические и индустриальные зоны. Ключевым факторомпривлекательности этих территорий являются меры государственной поддержки. Поэтому вопросы совершенствования законодательства о СЭЗ и ИЗ всегда актуальны и требуют регулярного обновления.

С 2024 года в стране действует дифференцированный подход предоставленияльгот по принципу «чем больше инвестиций, тем больше льгот», ориентированный на привлечениекачественных проектов. Также внедрен механизм досрочного выкупа земельных участков на территории СЭЗ по истечении трех лет с момента ввода в эксплуатацию для проектов обрабатывающей промышленности, что позволило повысить привлекательность для потенциальных инвесторов.

Принимаются меры по дальнейшему развитию этих промышленных территорий.
Как сообщают в дирекции развития СЭЗ и ИЗ QazIndustry, в 2025 году в Казахстане созданы три СЭЗ - «Коркыт Ата», «Актобе» и «Атырау». Кроме этого, расширены территории СЭЗ «Turan», «Морпорт Актау», «Павлодар», «Хоргос-Восточные ворота», «Сарыарка», «Jibek Joly», «Qyzyljar», «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк».

«В рамках реализации поручений Главы государства Правительством принято постановление о расширении территории СЭЗ «Морпорт Актау», «Оңтүстік», «Астана-Технополис», «Сарыарқа» и «Alatau» для развития аэропортов и создания мультимодальных аэрохабов. Расширены приоритетные виды деятельности СЭЗ «Морпорт Актау», «Jibek Joly», «Alatau», «Хоргос-Восточные ворота», «Актобе», «Коркыт Ата», «QYZYLJAR», «Парк инновационных технологий», - говорится в оосбщении.

Такие меры способствуют привлечению инвестиций, созданию новых рабочих мест и производств, внедрению инновационных технологий.