ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 «Атамекен» ҰКП адал бизнесті қолдау үшін Қазақстандық тауар өндірушілерінің реестрін белсенді түрде енгізуде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен «Қазақстандық тауар өндірушілерінің реестрі» (ҚТӨ реестрі) мемлекеттік ақпараттық…
📌 НПП «Атамекен» активно внедряет Реестр казахстанских товаропроизводителей для поддержки добросовестного бизнеса

Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» провела совещание по внедрению и функционированию Государственной информационной системы «Реестр казахстанских товаропроизводителей» (Реестр КТП) под председательством Каната Шарлапаева.

«Работа по внедрению Реестра ориентирована исключительно на поддержку реальных товаропроизводителей и предпринимателей. Для Национальной палаты важно исключить участие лжепроизводителей и обеспечить доступ к регулируемым закупкам для реального бизнеса, который по-настоящему занимается производством», — подчеркнул Глава НПП «Атамекен».

В заседании приняли участие Советник Премьер-Министра РК по экономическим вопросам, вице-министр промышленности и строительства Иран Шархан, представители Министерства энергетики, Министерства сельского хозяйства, АО «Центр электронных финансов», а также директора профильных департаментов НПП «Атамекен».

📊 Текущие данные по Реестру КТП:
• через механизм индустриальных сертификатов включены 1 924 предприятия;
• в системе авторизовались 4 601 компания;
• подано 8 697 заявок;
• зарегистрированы 1 655 заявок от 413 субъектов, из них 236 — владельцы индустриальных сертификатов;
• отклонены 1 803 заявки от 355 предприятий.

❗ Основные причины отказов связаны с:
• несоответствием технологическим операциям;
• отсутствием видеоматериалов и данных о производственной мощности;
• отсутствием сведений о доле внутристрановой ценности;
• низкими показателями цифровой верификации;
• несоответствием кодов ЕНСТРУ и КПВЭД;
• отсутствием обязательных документов об оценке соответствия.

Отдельные технические сложности при подаче заявок (устаревшие версии ОС, неочищенный кэш браузера, ограничения системы информационной безопасности) носят рабочий характер и оперативно устраняются службой технической поддержки.

Национальная палата продолжает активный диалог с Министерством промышленности и строительства и другими государственными органами по совершенствованию системы и обеспечению корректного функционирования Реестра КТП.

📈 Регистрация новых компаний продолжается ежедневно — в Реестр добавляются до 100 производителей в день.

🎯 Основная цель Реестра КТП — формирование прозрачного и справедливого рынка, исключение участия формальных и недобросовестных производителей и обеспечение доступа добросовестных казахстанских товаропроизводителей к государственным и квазигосударственным закупкам.
❤5👍4🔥1
📌 Қуандық Қажкенов Қарағанды облысындағы сумен жабдықтау нысандарын жұмыс сапарымен аралады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жұмыс сапары аясында Қарағанды облысындағы сумен жабдықтау нысандарын аралады.

Сапар барысында ол Осакаров ауданының Колхозное ауылында, сондай-ақ Қарағанды қаласының Новая Тихоновка және Старая Тихоновка кенттерінде су құбыры желілерін салу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сонымен қатар вице-министр Қарағанды қаласында сумен жабдықтау жүйесін дамыту мен нығайтуға бағытталған №22 су тарту құбырының құрылысы барысын қарап шықты.

Жұмыс сапары кезінде құрылыс жұмыстарының ағымдағы кезеңдері, белгіленген мерзімдердің сақталуы және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы қаралды. Жауапты ұйымдардың өкілдері жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Қуандық Қажкенов халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, өңір тұрғындарының 100% ауыз сумен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

➖

📌 Куандык Кажкенов ознакомился с ходом реализации проектов в Карагандинской области

Вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов в ходе рабочей поездки в Карагандинскую область посетил объекты водоснабжения.

В рамках поездки в регион Куандык Кажкенов ознакомился с ходом реализации проектов, связанных со строительством водопроводных сетей, в ряде населённых пунктов: селе Колхозное Осакаровского района, а также в посёлках Новая Тихоновка и Старая Тихоновка города Караганды.

Также вице-министр промышленности и строительства осмотрел ход строительства водовода №22 в Караганде.
Кроме того, его проинформировали о соблюдении установленных сроков и качестве выполнения строительных работ.

По итогам посещения объектов водоснабжения Куандык Кажкенов отметил важность своевременного исполнения инфраструктурных проектов для повышения качества жизни населения и устойчивого развития регионов, отметив, что жители региона обеспечены 100% водоснабжением.
👍6👏1🙏1
📌Сенат депутаттары мен салалық министрліктердің өкілдері Астанада жолаушылар вагондарын өндіру үдерісімен танысты

Астана қаласындағы индустриялық парк аумағында орналасқан «Штадлер Қазақстан» ЖШС-нің өндірістік алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға Сүйіндік Алдашев бастаған Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жанібек Тайжанов және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев қатысты.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ( «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ еншілес компаниясы) үшін арналған жолаушылар вагондарын өндірудің толық циклімен танысу барысында қатысушылар кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерімен қолданылып жатқан инженерлік шешімдер туралы ақпарат алды.

Жылжымалы құрам Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайларына бейімделіп жобаланған және ұзақ уақыт пайдалануға арналған. Жолаушылар вагондары электржелісі бар немесе электр желісі жоқ теміржол учаскелерінде жүре алады. Вагондар сыйымдылығының жоғары болуымен және жолаушыларға жол бойы жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайтын қолайлы жабдықтарымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, 2026 жылы Астана – Алматы бағыты бойынша кәсіпорында өндірілген 91 жолаушылар вагонын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, келісім шартқа сәйкес компания 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізіп, оларды кейін сервистік қызметпен қамтамасыз етеді. Бұған дейін 51 жолаушылар вагоны өндірілген.

➖

📌 Депутаты Сената и представители профильных министерств ознакомились с производством пассажирских вагонов в Астане

На производственной площадке Штадлер Казахстан в индустриальном парке г. Астана прошло выездное совещание Комитета по экономической политике, инновационному развитию и предпринимательству Сената Парламента РК.

В мероприятии участвовали депутат Сената Суиндик Алдашев, вице-министр транспорта Жанибек Тайжанов и Председатель Комитета промышленности Министерства промышленности и строительства РК Азамат Панбаев.

В ходе ознакомления с полным циклом производства пассажирских вагонов, предназначенных для АО «Пассажирские перевозки» (дочерняя компания Қазақстан темір жолы), участники узнали о технологических возможностях предприятия и применяемых инженерных решениях.

Подвижной состав спроектирован с учётом климатических условий Казахстана и рассчитан на длительный срок эксплуатации. Пассажирские вагоны могут использоваться как на электрифицированных, так и на неэлектрифицированных участках железных дорог. При этом они имеют большую вместимость и эргономичный интерьер, обеспечивающий более комфортные и безопасные условия поездки.

В 2026 году на маршруте Астана – Алматы планируется запуск 91 пассажирского вагона, произведённого на предприятии.

Напомним, что в рамках заключённого контракта компания обязуется до 2030 года осуществить поэтапную поставку 557 пассажирских вагонов с последующим сервисным обслуживанием. Ранее было произведено 51 пассажирский вагон.
👍6🔥1👏1
📌Жасанды интеллектті енгізу Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін қалай өзгертуде

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде жасанды интеллекті пайдалану айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелуде. Өндіріс пен логистиканы жоспарлауда ЖИ алгоритмдерін қолданатын компаниялар өнімділіктің тұрақты өсіп, өндіріс циклінің айтарлықтай қысқарғанын атап өтуде.

Еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында интеллектуалды басқару жүйелері жүздеген параметрді бір мезетте талдай алады. Олар өндірістің әр кезеңінде ең тиімді шешімдерді ұсынып отырады. Бұл жоғары қосылған құны бар өнімдерді жылдамырақ шығаруға ғана емес, операциялардың нақтылығын арттыра отырып, шығындар мен адами қателікті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әсер әсіресе терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындарда айқын байқалады, себебі мұнда шикізат сапасы мен технологиялық процестердің тұрақтылығы түпкілікті өнімнің сапасына тікелей ықпал етеді.

Цифрландыру компанияларға өз өнімдерін сапа мен жеткізу жылдамдығына қойылатын жоғары талаптары бар экспорттық нарықтарға шығуға да мүмкіндік береді.

Бұл үдерісте мемлекеттік қолдаудың рөлі айрықша. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «QazIndustry» АҚ қатысуымен жүзеге асыратын бағдарламалар жергілікті кәсіпорындарға оқытуға, ЖИ енгізу бойынша кеңес алуға, технологиялық процестерді жетілдіруге және цифрлық технологияларды қолдануға кеткен шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде шағын, орта және ірі кәсіпорындар бизнес үшін елеулі тәуекелсіз инновацияларды біріктіре алатын экожүйені құруға ықпал етеді.

Мысалы, шикізатты терең өңдеу саласындағы цифрлық трансформацияның ең көрнекті мысалдарының бірі – «Алтыналмас АК» АҚ тәжірибесі. Компания өзіне қарасты барлық тау-кен байыту кешендерінде базалық автоматтандыруды толық аяқтады. Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында орналасқан өндірістік нысандардың арақашықтығына қарамастан, олардың барлығына технологиялық процестерді бір орталықтан басқаруға және өндірістің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдер енгізілді.

Нәтижесінде компанияның барлық негізгі тау-кен байыту комбинаттарында («Ақсу», «Пустынное», «Ақбақай», «Жолымбет») бүгінгі таңда мынадай шешімдер қолданылуда:
— SAP S/4HANA ERP-жүйесін қамтитын ірі корпоративтік платформалар;
— Directum электрондық құжат айналымы жүйесі;
— Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға арналған цифрлық платформа;
— Microsoft экожүйесінің түрлі құралдары;
— 3D модельдеу, жобалау және жоспарлауға арналған озық тау-кен-геологиялық шешімдер;
— заманауи цифрлық мониторинг жабдықтары – дрондар, лазерлік сканерлер, тахеометрлер;
— нақты уақыт режимінде техниканы басқаруға және өндіріс процестерін оңтайландыруға арналған WENCO тау-кен және көлік кешенін басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік жүйесі;
— IT-инфрақұрылымын дамыту және корпоративтік шешімдерді интеграциялау.

Компания геологиялық барлау бағытында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. «Ақбақай» Тау-кен байыту комбинаттарында деректерді цифрлы форматта жинауға арналған мобильді қосымшаның енгізілуі қағаз журналдарын толықтай алмастырды. Бұл ақпараттың дәлдігін арттырып, далалық жұмыстардың жүргізілуін едәуір жеделдетті. Сонымен қатар алтын өндіру фабрикасында SCADA жүйесі іске қосылып, технологиялық процестерді автоматты түрде басқаруға және жабдықтың жағдайын бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.

Жасанды интеллектті өңдеу өнеркәсібіне осылайша енгізу Қазақстандағы саланың тұрақты дамуына қуатты серпін беріп отыр. Жаһандық цифрландыру мен бәсекенің күшеюі жағдайында бұл тәсіл елге тек әлемдік нарықтағы орнын сақтап қалуға ғана емес, жоғары қосылған құны мен инновацияға негізделген жаңа өндірістік мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Жасанды интеллектті енгізу Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін қалай өзгертуде Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде жасанды интеллекті пайдалану айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелуде. Өндіріс пен логистиканы жоспарлауда ЖИ алгоритмдерін қолданатын компаниялар…
📌 Как внедрение ИИ меняет обрабатывающую промышленность Казахстана

В Казахстане применение искусственного интеллекта в обрабатывающей промышленности приносит ощутимый экономический эффект. Компании, которые используют алгоритмы ИИ для планирования производства и логистики, отмечают стабильный рост производительности и заметное сокращение времени цикла выпуска продукции.

На крупных промышленных предприятиях страны интеллектуальные системы управления уже анализируют сотни параметров одновременно. На всех стадиях производства они предлагают оптимальные решения. Это позволяет не только ускорять выпуск товаров с высокой добавленной стоимостью, но и значительно сокращать издержки и человеческий фактор, повышая точность операций. Особенно этот эффект ощущается на предприятиях глубокой переработки, где качество сырья и стабильность технологических процессов напрямую влияют на конечный продукт.

Цифровизация также даёт возможность выходить с собственной продукцией на экспортные рынки, где установлены повышенные требования к качеству и скорости поставок.

При этом ключевую роль в этом процессе играет государственная поддержка. Так, программы, которые инициирует Министерство промышленности и строительства РК и реализует при участии АО «QazIndustry», открывают для локальных предприятий доступ к обучению, консультациям по внедрению ИИ, возмещению затрат на совершенствование технологических процессов и использованию цифровых технологий. Такой подход в рамках реализации поручений Президента Республики Казахстан способствует созданию экосистемы, где малые, средние и крупные предприятия могут интегрировать инновации без существенного риска для бизнеса.

Например, одним из наиболее показательных результатов цифровой трансформации в сфере глубокой переработки сырья является опыт АО «АК Алтыналмас». Компания практически завершила базовую автоматизацию всех горно-обогатительных комплексов. На производственных объектах, независимо от их географической удалённости (активы находятся в Жамбылской, Карагандинской, Абайской и Акмолинской областях), внедрены современные цифровые решения для формирования единой среды управления технологическими процессами и обеспечения безопасности производства.

В результате на всех ключевых ГОКах компании («Аксу», «Пустынное», «Акбакай», «Жолымбет») теперь применяются следующие решения:
— крупные корпоративные платформы – ERP-система SAP S/4HANA;
— система электронного документооборота Directum;
— цифровая платформа по промышленной безопасности и охране труда;
— инструменты экосистемы Microsoft;
— передовые горно-геологические решения для 3D-моделирования, проектирования и планирования;
— современное оборудование цифрового мониторинга – дроны, лазерные сканеры и тахеометры;
— система диспетчеризации АСУ ГТК Wenco для управления техникой в режиме реального времени и оптимизации производственных процессов;
— создание ИТ-инфраструктуры и интеграция корпоративных решений.

Значительных результатов компании удалось достичь во внедрении приложения для цифрового сбора данных и, таким образом, полностью заменить бумажные журналы, что повысило точность информации и существенно ускорило полевые работы. Также на золотоизвлекательной фабрике запустили SCADA-систему, которая позволила автоматизировать управление технологическими процессами и усилить контроль состояния оборудования.

Данный способ интеграции ИИ в обрабатывающую промышленность Казахстана становится драйвером устойчивого развития отрасли. В условиях глобальной цифровизации и возрастающей конкуренции это позволяет стране не только сохранить позиции на мировом рынке, но и сформировать новое качество производства, ориентированное на высокую добавленную стоимость и инновационность.
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏭 «Alageum Electric» Тобына кіретін Asia Trafo зауыты қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілді.

🚌 Кәсіпорын TÜV Rheinland Kazakhstan ұйымының сертификаттау аудитінен өтіп, ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады.

🔧 Зауыттың сынақ зертханасы ГОСТ ISO/IEC 17025 стандарты бойынша аккредиттелген. Бұл туралы «Asia Trafo» ЖШС Басқарма төрағасы Дәуірбек Атеев хабарлады.
Өндірістік жылдық қуаты - 15 000 МВА дейін.

📊 Зауыт 110-500 кВ кернеуге арналған күштік трансформаторлардың, автотрансформаторлардың және шунттаушы реакторлардың барлық түрлерін шығарады.

📍Расталған локализация және тәуелсіз сертификаттау отандық өнімнің шығу тегінің ашықтығын және сапасына деген сенімді қамтамасыз етеді.

➖

🏭 Трансформаторный завод Asia Trafo Группы «Alageum Electric» включён в Реестр казахстанских товаропроизводителей.

🚌 Предприятие также прошло сертификацию TÜV Rheinland Kazakhstan и подтвердило соответствие международным стандартам ISO 9001, ISO 14001 и ISO 45001.

🔧 Испытательная лаборатория завода аккредитована по ГОСТ ISO/IEC 17025. Об этом сообщил Председатель Правления ТОО «Asia Trafo» Дауирбек Атеев.

📊 Производственная мощность - до 15 000 МВА в год. Завод выпускает все виды силовых трансформаторов, автотрансформаторов и шунтирующих реакторов на напряжение 110-500 кВ.

📍Подтверждённая локализация и независимая сертификация обеспечивают прозрачность происхождения продукции и доверие к качеству отечественного оборудования.
❤4
📌Астанада Central Asia Coatings Show 2026 және United Chemical Show 2026 халықаралық көрмелері өтуде

Астана қаласында екі ірі салалық көрме өтуде — 3-ші Халықаралық лак-бояу және жабынды материалдары көрмесі Central Asia Coatings Show 2026 және Халықаралық химия өнеркәсібі көрмесі United Chemical Show 2026.

Көрмелердің ашылу рәсіміне ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев қатысып, өз сөзінде қазіргі таңда химия өнеркәсібі экономиканың негізгі секторларының бірі болып табылатынын және өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі шамамен 5,2 % екенін атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия саласындағы өндіріс көлемі 10 % өсті және 1,6 трлн теңгені құрады. Өсуге амофос, аммиакселитрасы, аммоний нитраты сияқты тыңайтқыштар, полипропилен және бейорганикалық химиялық заттар, соның ішінде ТВЭЛдар, күкірт және фосфор қышқылдары өндірісінің артуы әсер етті.

Көрмелерге 14 елден 150 өндіруші және 7 000-нан астам қатысушы қатысуда. Іс-шаралар химиялық және лак-бояу өнімдерінің жетекші өндірушілерін, жеткізушілерін, технологтарын, сарапшыларын және тұтынушыларын біріктіріп, Орталық Азиядағы салалардың ағымдағы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға негізгі іскерлік алаң болып табылады.
👍2