ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы: Қазақстан болашақ экономикасы үшін ресурстық әлеуетін кеңейтуде

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында — жасыл энергетика, цифрлық технологиялар және электр көлігінің қарқынды дамуы аясында — стратегиялық ресурстарға сұраныс артып келеді. Олардың қатарында мыс, литий және сирек жер элементтері бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты — ел аумағының геологиялық және геофизикалық зерделену деңгейін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу.

2025 жылдың қорытындысы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған 29 перспективалы алаң айқындалды. Алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа да пайдалы қазбалар бар учаскелер белгіленді.
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы: Қазақстан болашақ экономикасы үшін ресурстық әлеуетін кеңейтуде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының м.а.…
📌 Государственная программа по геологическому изучению недр: Казахстан расширяет знания о ресурсах для экономики будущего

На брифинге на площадке Службы центральных коммуникаций и.о. Председателя Комитета геологии Министерства промышленности и строительства РК Канат Ерубаев обозначил ключевые приоритеты государственной политики в сфере геологического изучения недр.

В условиях глобальной трансформации мировой экономики — развития зелёной энергетики, цифровых технологий, электромобилей — возрастает спрос на стратегические ресурсы: медь, литий, редкоземельные элементы.

По поручению Главы государства реализуется масштабная программа государственного геологического изучения недр.
Цель - доведение площади геолого-геофизической изученности территории страны до 2,2 млн кв. км.

По итогам 2025 года выявлено 29 перспективных площадей для постановки поисковых работ. Определены участки с наличием золота, меди, свинца, цинка и других полезных ископаемых.
❤2
📌 Қазақстан геологиялық картографиялаудың халықаралық стандартына көшуде

Тәуелсіздік жылдары геологиялық зерттеу жұмыстары негізінен 1:200 000 масштабында жүргізіліп келді.

Қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1:50 000 масштабына көшу жүзеге асырылуда.

Зерттеулердің жаңа форматы:
• перспективалы учаскелерді анықтау ықтималдығын арттырады;
• геологиялық тәуекелдерді төмендетеді;
• кен орындарын өнеркәсіптік игеруге көшу процесін жеделдетеді.
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан геологиялық картографиялаудың халықаралық стандартына көшуде Тәуелсіздік жылдары геологиялық зерттеу жұмыстары негізінен 1:200 000 масштабында жүргізіліп келді. Қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1:50 000 масштабына көшу…
📌 Казахстан переходит на международный стандарт геологического картирования

В период независимости работы велись преимущественно в масштабе 1:200 000.

В настоящее время осуществляется переход к масштабу 1:50 000 — уровню международных стандартов.

Новый формат исследований:
- повышает вероятность выявления перспективных участков,
- снижает геологические риски,
- ускоряет переход к промышленному освоению.
❤3
📌 Қазақстандағы жер қойнауын геологиялық зерттеу: жаңа технологиялар мен даму басымдықтары

2025 жылы Қазақстанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігі айтарлықтай артты.

Мәселен, Арал шөгінді бассейні аумағында мұнай мен газды барлауға арналған 20-дан астам перспективалы учаске айқындалды.

Сондай-ақ 100 мың шаршы шақырым аумақта егжей-тегжейлі геологиялық түсірілім жүргізу жобалары әзірленді. Учаскелерді іріктеу Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Аукциондардан түсетін қол қою бонустарының 50%-ы мемлекеттік геологияны дамытуға бағытталады.

2027 жылдың наурыз–сәуір айларына қарай алғашқы перспективалы учаскелер айқындалып, аукционға шығарылуы жоспарлануда.
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстандағы жер қойнауын геологиялық зерттеу: жаңа технологиялар мен даму басымдықтары 2025 жылы Қазақстанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігі айтарлықтай артты. Мәселен, Арал шөгінді бассейні аумағында мұнай мен газды…
📌 Геологическое изучение недр Казахстана: новые технологии и приоритеты развития

В 2025 году Казахстан значительно повысил эффективность государственного геологического изучения недр.

Так, в Аральском осадочном бассейне выявлено более 20 перспективных участков для разведки нефти и газа.

Также подготовлены проекты детальной съёмки на площади 100 тыс. кв. км, отбор участков проводился совместно с Институтом геологических наук им. К.И. Сатпаева.

В ближайшие три года предусмотрено порядка 240 млрд тенге на государственное геологическое изучение. 50% подписных бонусов от аукционов будут направлены на развитие государственной геологии.

К марту–апрелю 2027 года планируется определить первые перспективные участки и выставить их на аукцион.
❤4
📌 Геология саласындағы жасанды интеллект пен Big Data: минералдық-шикізат базасын дамытудағы жаңа құралдар

2025 жылдың қорытындысы бойынша бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы (шамамен 4,7 млн бірлік) цифрландырылды. Жұмыстарды толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Перспективалы учаскелерді болжауға арналған Big Data және жасанды интеллект жүйесі қалыптастырылуда.

Астана қаласында, Ұлттық геологиялық қызмет базасында халықаралық аккредитациядан өткен, сертификатталған зертханалық кешен құрылуда. Бұл кешен геологиялық деректердің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етіп, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (ЖПБП) жұмысын жалғастыруда. Платформа толық цифрлық циклді қамтамасыз етеді: 22 мемлекеттік қызмет, 66 мыңнан аса геологиялық есепке және 109 000 географиялық байланған контурға қолжетімділік берілген.

ЖПБП жер қойнауын басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттырып, инвесторлар мен мемлекеттік органдар үшін ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Геология саласындағы жасанды интеллект пен Big Data: минералдық-шикізат базасын дамытудағы жаңа құралдар 2025 жылдың қорытындысы бойынша бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы (шамамен 4,7 млн бірлік) цифрландырылды. Жұмыстарды толық аяқтау 2026 жылға…
📌 Искусственный интеллект и Big Data в геологии: новые инструменты развития ресурсной базы

По итогам 2025 года оцифровано 97,5% первичной геологической информации (около 4,7 млн единиц). Полное завершение ожидается в 2026 году.

Формируется система Big Data и искусственного интеллекта для прогнозирования перспективных участков.

На базе Национальной геологической службы в Астане создаётся сертифицированный международно-аккредитованный лабораторный комплекс, обеспечивающий соответствие данных мировым стандартам и повышение инвестиционной привлекательности страны.

Одновременно в Казахстане продолжает работать единая платформа недропользования (ЕПН), обеспечивающая полный цифровой цикл: 22 государственных услуги, доступ к более 66 тыс. геологическим отчётам и 109 тыс. геопривязанных контуров. Платформа повышает прозрачность и эффективность управления недрами, облегчая доступ к информации для инвесторов и государственных органов.
❤6
📌Министрліктің апта қорытындысы:

🔹Астанада өтетін Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына дайындық

🔹Ерсайын Нағаспаев пен Ненад Попович экономикалық өзара іс-қимылды дамыту мәселесін талқылады

🔹Министрліктің 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алқа отырысы

🔹Қазақстан 1:50 000 масштабтағы геологияға көшіп жатыр

🔹Кәсіпорындарды цифрлық жаңғырту (Qazaq Tigin Fabrikasy)

🔹Қазақстанда өнеркәсіпке жасанды интеллект енгізу жобалары жүзеге асырылып жатыр

📍Министрліктің барлық бағыты бойынша жұмыс жүріп жатыр
❤3👍3👏1
📌События Министерства за неделю:

🔹Подготовка XIII Форума машиностроителей Казахстана в Астане

🔹Ерсайын Нагаспаев и Ненад Попович обсудили развитие экономического взаимодействия

🔹Проведение Коллегии Министерства по итогам 2025 года

🔹Казахстан переходит к детальной геологии масштаба 1:50 000

🔹Цифровая модернизация предприятий (Qazaq Tigin Fabrikasy)

🔹В Казахстане реализуются проекты по внедрению ИИ в промышленность

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
❤5👍4👌2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді.


▫️ Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Оған биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі.

▫️ Биыл нысанда көмірді резервтік жағдайға балама отын ретінде пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстар аяқталады. Атап айтқанда, жанармай беру трактісін қайта себу тораптарымен және ұсақтау корпусымен біріктіру, теміржол стансасын инженерлік инфрақұрылыммен қосу жоспарлануда. Көктемде сыртқы және ішкі автомобиль жолдарын салу, аумақты абаттандыру және тағы да басқа жұмыстар жалғасады. Жобаның 2-ші кезегі шеңберінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қуаты сағатына 500 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген, бұл Астананы сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

💬 Елордада жылыту маусымын өткізудің штаттық режимі туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Қаланы сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы — «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жұмыс істейді. Қаланың қарқынды құрылысына байланысты туындайтын перспективалық қажеттіліктерді ескере отырып, тағы бір «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

💬 Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанда ағымдағы жылыту маусымы тұрақты өтуде. Жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстары 17 273 МВт генерацияға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл алдыңғы жылыту маусымының деңгейінен 7%-ға жоғары. 9 жылу орталығы апат қаупі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, 3 жылу орталығы «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

📊 Электр стансаларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина жөнделді. 17 мың шақырым электр желілері мен 420 қосалқы стансаларды реконструкциялау аяқталды, 323 шақырым жылу желілері және тағы басқалары ауыстырылды, 3 жыл ішінде энергетика секторына 1 трлн теңгеден астам қаржы салынды. Электр қуатының тапшылығы 29%-ға төмендеді.

▫️ Биыл 2,6 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарлануда, жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаятын болады. Осы шаралардың барлығы елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен әкімдікке ЖЭО-3 жобасын аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдетуді және елімізде жылыту маусымының тұрақты өтуін толық бақылауда ұстауды тапсырды.

▫️ Нысанды аралау барысында ЖЭО-3-тің еңбек ұжымы жаңа конституция жобасын қолдап сөз сөйледі.

💬Электр энергетика саласында жұмыс істейтін және басқарушылық білімі бар адам ретінде мен ешбір күрделі жүйе нақты ережелерсіз, тәртіпсіз және бөлінген жауапкершіліксіз жұмыс істей алмайтынын жақсы түсінемін. Энергетикада бұл қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі. Конституция осы жүйенің архитектурасын белгілейді. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын💬, — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері Назымбек Қасенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
💬Еңбек жолымды химия зауытында бастадым, қазір іс жүргізуші болып жұмыс істеймін. Осылайша мен жаңа Қазақстанның энергетика саласына аз да болса үлесімді қосып отырмын. Конституция – еліміздің даму бағытын айқындайтын біздің басты құжатымыз. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады және болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады деп санаймын💬, — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 жылу автоматикасы және өлшеу цехының іс жүргізушісі Мария Цыбина.


✔️ Премьер-министр осы жылдың 15 наурызында өтетін референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

💬Өздеріңіз білетіндей, қазір еліміз өте маңызды саяси кезеңді бастан өткеруде. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті, Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларының айқын көрінісі.

Ата Заңның ең басты арқауы – адам, яғни азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығы. Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, адами капиталды дамытуға, еңбек адамына деген мемлекеттің көзқарасы түбегейлі өзгереді. Референдумға белсенді қатысуымыз, азаматтық жауапкершілік танытуымыз және мемлекет пен қоғамның мүдделерін басшылыққа ала отырып, саналы таңдау жасауымыз маңызды💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2