ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді.


▫️ Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Оған биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі.

▫️ Биыл нысанда көмірді резервтік жағдайға балама отын ретінде пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстар аяқталады. Атап айтқанда, жанармай беру трактісін қайта себу тораптарымен және ұсақтау корпусымен біріктіру, теміржол стансасын инженерлік инфрақұрылыммен қосу жоспарлануда. Көктемде сыртқы және ішкі автомобиль жолдарын салу, аумақты абаттандыру және тағы да басқа жұмыстар жалғасады. Жобаның 2-ші кезегі шеңберінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қуаты сағатына 500 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген, бұл Астананы сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

💬 Елордада жылыту маусымын өткізудің штаттық режимі туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Қаланы сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы — «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жұмыс істейді. Қаланың қарқынды құрылысына байланысты туындайтын перспективалық қажеттіліктерді ескере отырып, тағы бір «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

💬 Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанда ағымдағы жылыту маусымы тұрақты өтуде. Жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстары 17 273 МВт генерацияға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл алдыңғы жылыту маусымының деңгейінен 7%-ға жоғары. 9 жылу орталығы апат қаупі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, 3 жылу орталығы «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

📊 Электр стансаларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина жөнделді. 17 мың шақырым электр желілері мен 420 қосалқы стансаларды реконструкциялау аяқталды, 323 шақырым жылу желілері және тағы басқалары ауыстырылды, 3 жыл ішінде энергетика секторына 1 трлн теңгеден астам қаржы салынды. Электр қуатының тапшылығы 29%-ға төмендеді.

▫️ Биыл 2,6 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарлануда, жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаятын болады. Осы шаралардың барлығы елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен әкімдікке ЖЭО-3 жобасын аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдетуді және елімізде жылыту маусымының тұрақты өтуін толық бақылауда ұстауды тапсырды.

▫️ Нысанды аралау барысында ЖЭО-3-тің еңбек ұжымы жаңа конституция жобасын қолдап сөз сөйледі.

💬Электр энергетика саласында жұмыс істейтін және басқарушылық білімі бар адам ретінде мен ешбір күрделі жүйе нақты ережелерсіз, тәртіпсіз және бөлінген жауапкершіліксіз жұмыс істей алмайтынын жақсы түсінемін. Энергетикада бұл қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі. Конституция осы жүйенің архитектурасын белгілейді. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын💬, — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері Назымбек Қасенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
💬Еңбек жолымды химия зауытында бастадым, қазір іс жүргізуші болып жұмыс істеймін. Осылайша мен жаңа Қазақстанның энергетика саласына аз да болса үлесімді қосып отырмын. Конституция – еліміздің даму бағытын айқындайтын біздің басты құжатымыз. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады және болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады деп санаймын💬, — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 жылу автоматикасы және өлшеу цехының іс жүргізушісі Мария Цыбина.


✔️ Премьер-министр осы жылдың 15 наурызында өтетін референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

💬Өздеріңіз білетіндей, қазір еліміз өте маңызды саяси кезеңді бастан өткеруде. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті, Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларының айқын көрінісі.

Ата Заңның ең басты арқауы – адам, яғни азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығы. Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, адами капиталды дамытуға, еңбек адамына деген мемлекеттің көзқарасы түбегейлі өзгереді. Референдумға белсенді қатысуымыз, азаматтық жауапкершілік танытуымыз және мемлекет пен қоғамның мүдделерін басшылыққа ала отырып, саналы таңдау жасауымыз маңызды💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов проверил энергетическую инфраструктуру Астаны

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки по городу Астане на примере ТЭЦ-3 проверил развитие энергетической инфраструктуры в рамках поставленных Президентом на расширенном заседании Правительства задач по модернизации и вводу новых мощностей.


▫️ Премьер-министр осмотрел основное оборудование ТЭЦ-3, функционирующей на природном газе, и был проинформирован о планах по полному завершению в текущем году 1 очереди проекта и реализации 2 очереди проекта. Теплоэлектроцентраль на сегодня полностью закрывает имевшийся ранее дефицит энергомощностей города и обеспечивает запас с учетом растущих потребностей. ТЭЦ-3 производит 440 Гкал/час, теплоэнергия подается в районы перспективной застройки по улице Ч. Айтматова, пр. Ұлы Дала, Тұран и др.

▫️ В текущем году на объекте будут завершены работы по возможности использования угля как альтернативного топлива на резервный случай. В частности, планируется запуск тракта топливоподачи с узлами пересыпки и дробильным корпусом, ж/д станции с инженерной инфраструктурой. Весной продолжатся работы по строительству внешних и внутренних автомобильных дорог, благоустройству территории и др. В рамках 2 очереди проекта за счет привлечения частных инвестиций предусмотрено строительство парогазовой установки мощностью 500 МВт/час, что позволит обеспечить надежное электроснабжение столицы.

💬 О штатном режиме прохождения отопительного сезона в столице доложил аким города Астаны Женис Касымбек. Для обеспечения надежного теплоснабжения столицы функционируют три теплоэлектроцентрали и две газовые тепловые станции — «Туран» и «Юго-Восток». С учетом перспективных потребностей, связанных с активной застройкой города, ведется строительство еще одной газовой тепловой станции «Тельмана», ввод в эксплуатацию которой запланирован на 2027 год.

💬 По данным министра энергетики Ерлана Аккенженова, текущий отопительный сезон в Казахстане проходит стабильно. Проведенная масштабная ремонтная кампания позволила достичь 17 273 МВт генерации, что на 7% выше уровня предыдущего отопительного сезона. 9 электростанций перешли с «красной» в «желтую» зону, еще 3 – с «желтой» в «зеленую».

📊 На электростанциях выполнен ремонт 10 энергоблоков, 63 котлов и 39 турбин. Завершена реконструкция 17 тыс. км электросетей и 420 подстанций, заменено 323 км тепловых сетей и др. В целом, за 3 года в энергетический сектор привлечено более 1 трлн тенге инвестиций. Дефицит электроэнергии сокращен на 29%.

▫️ В этом году планируется ввести в эксплуатацию 2,6 ГВт новых мощностей, к 2029 году – увеличить производство электроэнергии до 39 млрд киловатт-часов. Все эти меры обеспечат устойчивость энергетической системы страны.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов поручил профильным министерствам и акимату ускорить работы по завершению проекта ТЭЦ-3 и держать на полном контроле стабильное прохождение отопительного сезона в стране.

▫️ В ходе посещения объекта трудовой коллектив ТЭЦ-3 выступил в поддержку проекта новой Конституции.

💬Как человек, работающий в электроэнергетике и имеющий управленческое образование, я хорошо понимаю, что ни одна сложная система не может функционировать без четких правил, дисциплины и распределенной ответственности. В энергетике это баланс мощности и нагрузок, в государстве – баланс полномочий и институтов. Конституция задает архитектуру этой системы. Предлагаемые изменения формируют прочную правовую основу для дальнейшего развития государства. Я поддерживаю новую редакцию Конституции как фундамент стабильного и справедливого развития страны💬, — сказал главный инженер ТЭЦ-3 АО «Астана-Энергия» Назымбек Касенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Forwarded from UKIMET
💬Свою карьеру начала в химическом цехе, сейчас выполняю обязанности делопроизводителя. Таким образом вношу свой небольшой вклад в энергетику Нового Казахстана. Конституция – это наш главный документ, определяющий направление развития нашей страны. Считаю, что конституционные изменения укрепляют связь между государством и народом и открывают путь для уверенного шага в будущее💬, — заявила делопроизводитель цеха тепловой автоматики и измерений ТЭЦ-3 АО «Астана-Энергия» Мария Цыбина.


✔️ Премьер-министр отметил важность активного участия граждан в предстоящем 15 марта т.г. референдуме.

💬Казахстан проходит важный политический этап, определяющий будущее страны. Новый проект Конституции наглядно отражает масштабные политические реформы Главы государства Касым-Жомарта Токаева, направленные на построение Справедливого и Сильного Казахстана.

Главная ценность Основного Закона – человек, его жизнь и здоровье, права и свободы. В проекте новой Конституции четко закреплено: «Народ Казахстана – единственный источник государственной власти и носитель суверенитета». Это означает, что подход государства к развитию человеческого капитала и поддержке граждан принципиально меняется. Важно всем нам принять активное участие в референдуме, проявить гражданскую ответственность и сделать осознанный выбор, руководствуясь интересами государства и общества💬, — подчеркнул Олжас Бектенов.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
📌 15 мыңнан астам өтінім: Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне бизнес қалай тіркеліп жатыр

Мемлекеттік цифрлық жүйеде Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне отандық өндірушілерді тіркеу рәсімі Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында тізілімді шұғыл іске қосу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында белсенді жүріп жатыр.

2026 жылдың 16 ақпанына дейін тізілімге 853 кәсіпорыннан 3 864 өтінім тіркелді. Барлығы 15 895 өтінім түсті. Олардың ішінде 686 кәсіпорыннан 4 527 өтінім қабылданбады, соның ішінде 46 компаниядан 212 өтінім төмен скоринге байланысты кері қайтарылды. 6 023 компания авторизациядан өтті.

Сонымен қатар, бұған дейін индустриалды сертификаттар арқылы тізілімге 1 924 кәсіпорын енгізілген.

Сала бойынша қарастырғанда, ең көп өтінім жеңіл өнеркәсіп саласынан түскен – 221 отандық өндірушіден 1 015 өтінім тіркелген.

Сонымен қатар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 751 кәсіпорыннан 3 181 өтінім тіркелді, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

•Электротехникалық және ауыр машина жасау – 226 компаниядан 748 өтінім;
•Химиялық өнеркәсіп – 71 компаниядан 207 өтінім;
•Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу – 233 компаниядан 580 өтінім;
•Жеңіл өнеркәсіп – 221 компаниядан 1 015 өтінім;
•Автомобиль өнеркәсібі және ауылшаруашылық техникасын өндіру – 35 компаниядан 473 өтінім;
•Қара металлургия – 63 компаниядан 153 өтінім.

Ауыл шаруашылығы министрлігі аясында тізілімге 169 кәсіпорыннан 474 өтінім тіркелді, соның ішінде:

•Өсімдік шаруашылығы – 157 компаниядан 306 өтінім;
•Мал шаруашылығы – 52 компаниядан 168 өтінім.

Сондай-ақ, тізілімге мыналар да енгізілді:

•Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан – 1 компаниядан 4 өтінім;
•Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі – 1 кәсіпорыннан 1 өтінім;
•Энергетика министрлігі тарапынан – 3 компаниядан 8 өтінім.

☝ Еске салайық, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылды. Отандық өндіруші ретінде мемлекеттік ақпараттық жүйеде тіркелу үшін E-ondiris.gov.kz сайтына кіріп, жеке кабинетте мәліметтерді толтырып, өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы растау қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1🔥1
📌 Более 15 тыс. заявок: как бизнес регистрируется в Реестре казахстанских товаропроизводителей

В государственной цифровой системе Реестра казахстанских товаропроизводителей активно проводится процедура регистрации отечественных производителей в рамках поручения Главы государства на расширенном заседании правительства о его срочном запуске.

В целом в Реестре по состоянию на 16 февраля зарегистрированы 3 864 заявки от 853 предприятий. Подано 15 895 заявок. Из них отклонены 4 527 заявок от 686 предприятий, в том числе 212 заявок от 46 компаний с низким скорингом. Авторизацию прошли 6 023 компании.

При этом ранее в Реестр посредством индустриальных сертификатов включены 1 924 предприятия.

Если смотреть в разрезе отраслей, то наибольшее количество регистраций зафиксировано в сфере легкой промышленности – 1 015 заявок от 221 отечественного товаропроизводителя.

Вместе с тем, в рамках Министерства промышленности и строительства зарегистрирована 3 181 заявка от 751 предприятия, в том числе по следующим направлениям:

•Электротехническое и тяжелое машиностроение – 748 заявок от 226 компаний;
•Химическая промышленность – 207 заявок от 71 компании;
•Стройиндустрия и деревообработка – 580 заявок от 233 компаний;
•Легкая промышленность – 1 015 заявок от 221 компании;
•Автомобильная промышленность и производство сельскохозяйственной техники – 473 заявки от 35 компаний;
•Черная металлургия – 153 заявки от 63 компаний.

Также в рамках Министерства сельского хозяйства в Реестре зарегистрированы 474 заявки от 169 предприятий, включая:

•Растениеводство – 306 заявок от 157 компаний;
•Животноводство – 168 заявок от 52 компаний.

Кроме того, в Реестр включены:
•от Министерства здравоохранения – 4 заявки от 1 компании;
•от Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития – 1 заявка от 1 предприятия;
•от Министерства энергетики – 8 заявок от 3 компаний.

При этом ранее в Реестр посредством индустриальных сертификатов включены 1 924 предприятия.

☝ Напомним, Реестр казахстанских товаропроизводителей в тестовом режиме был запущен с 1 января 2026 года. Для прохождения регистрации в государственную информационную систему Реестра в качестве отечественного производителя необходимо в личном кабинете заполнить сведения на сайте E-ondiris.gov.kz и подтвердить заявку, используя электронную цифровую подпись (ЭЦП).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1🔥1👏1
📌 Өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен саласынан асып түсті

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жыл сайын тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтің Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі отырысында мәлімдеді.

«Президенттің экономиканы әртараптандыруды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде министрлік базалық шикізатты терең өңдеуге және жергілікті өндірістерді дамытуға баса назар аудара отырып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Жыл сайын өңдеу өнеркәсібі жоғары өсу қарқынын көрсетеді. 2024 жылдан бастап саланың үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті, бұл секторлар арасындағы құрылымдық өзгерістерге әкелді», - деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
❤3👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Өңдеу өнеркәсібінің үлесі тау-кен саласынан асып түсті Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жыл сайын тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтің Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі…
📌 Доля обрабатывающей промышленности превысила горнодобывающий сектор

Обрабатывающая промышленность Казахстана с каждым годом демонстрирует устойчивый рост. Об этом сообщил Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства по вопросу диверсификации экономики.

«В рамках реализации поручений Президента по реализации диверсификации экономики Министерство проводит системную работу с акцентом на глубокую переработку базового сырья и развитие локализованных производств. Ежегодно обрабатывающая промышленность демонстрирует высокий темп роста. С 2024 года доля сектора превысила долю горнодобывающей отрасли, что привело к структурным изменениям между секторами», - отметил Ерсайын Нагаспаев.
❤3👍2🔥1👏1
📌 Қазақстан өндіріс тізбегін құрып жатыр: шикізат ел ішінде қалады

Қазақстанда «отандық шикізатпен қамтамасыз ету» тетігін іске асыру есебінен қазақстандық өндірушілер мен жергілікті шикізат жеткізушілерінің өзара іс-қимыл тренді табысты дамып келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі отырысында мәлімдеді.

«Мұндай кооперацияның жарқын мысалы – «Қайнар-АКБ» зауыты. Ол «Қазмырыш» компаниясынан жеңілдетілген бағамен қорғасын сатып алады, ал өндірілген аккумуляторлар ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізіледі», - деді Ерсайын Нағаспаев.


Оның айтуынша, «Қазақмыс» (мыс) және «Қазақстандық электролиз зауыты» (алюминий) отандық кәсіпорындар электр жабдықтарын өндіру үшін пайдаланатын металдарды шығарады.

«Qarmet» компаниясының өнімдері тұрмыстық техниканы өндіру үшін Silk Road Electronics-ке, сондай-ақ вагон жасау кәсіпорындарына жеткізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Qarmet» компаниясының комбинатын жаңғыртудың кешенді бағдарламасы және тереңірек қайта өңдеуге көшу үшін болат өндірісін 5 млн тоннаға дейін ұлғайту жүргізілуде.

Мысалы, «Qarmet» комбинатында, «QazTehna» зауытында шығарылатын 08КП маркалы мырышталған болат елдегі алғашқы гидравликалық штамптау пресін пайдалана отырып, автобустар корпусының әртүрлі металл элементтерін өндіру үшін қолданылады.
❤3👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан өндіріс тізбегін құрып жатыр: шикізат ел ішінде қалады Қазақстанда «отандық шикізатпен қамтамасыз ету» тетігін іске асыру есебінен қазақстандық өндірушілер мен жергілікті шикізат жеткізушілерінің өзара іс-қимыл тренді табысты дамып келеді. Бұл…
📌 Казахстан выстраивает цепочки производства: сырьё остаётся внутри страны

В Казахстане успешно развивается тренд на взаимодействие казахстанских производителей и поставщиков местного сырья за счет реализации механизма «обеспечения отечественным сырьём». Об этом заявил Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства по вопросу диверсификации экономики.

«Ярким примером такой кооперации является завод «Кайнар-АКБ». Он закупает свинец у компании «Казцинк» по льготной цене, а произведённые аккумуляторы поставляются как на внутренний рынок, так и на экспорт», - рассказал Ерсайын Нагаспаев.


По его словам, «Казахмыс» (медь) и «Казахстанский электролизный завод» (алюминий) выпускают металлы, которые используют отечественные предприятия для производства электротехнического оборудования.

Продукция компании «Qarmet» поставляется на «Silk Road Electronics» для производства бытовой техники, а также на вагоностроительные предприятия.

Вместе с тем, в рамках реализации поручений Главы государства по диверсификации экономики и повышению конкурентоспособности секторов промышленности проводится комплексная программа модернизации комбината компании «Qarmet» и наращивание выпуска стали до 5 млн тонн для перехода к более глубокой переработке.

Например, оцинкованную сталь марки 08КП, которая выпускается на комбинате «Qarmet», на заводе «QazTehna» применяют для производства различных металлических элементов кузова автобусов, используя при этом первый в стране гидравлический штамповочный пресс.
❤3👏2👍1🔥1
⭐️Рекорд көрсеткіш: автоөнеркәсіп машина жасаудың 41%-ын қамтыды

Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 2025 жылы машина жасаудың барлық көлемінің 41%-дан астамына дейін рекордтық өсті. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің экономиканы әртараптандыру мәселесі жөніндегі отырысында мәлімдеді.

«171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер», - деді Ерсайын Нағаспаев.


Оның деректері бойынша екі жоғары технологиялық өндіріс - Алматы индустриялық аймағында Chery, Haval, Changan брендтері бар ASTANA Motors Manufacturing Kazakhstan және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты пайдалануға берілді, бұл автокомпоненттерді жергілікті өндіру үшін әлеует береді.

Мәселен, өткен жылы Алматының индустриялық аймағында автомобильдер мен автосиденттерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірісі ұйымдастырылған автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Саран қаласындағы «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналарының өндірісі жолға қойылған. Қостанайдағы KamLitKZ-де шойын құю өндірісі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған машина жасау тұрақты оң серпінді сақтап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 30,4%-ға өсімді көрсетті. Бұл ретте елімізде ішкі нарықты 90%-ға дейін отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. 10 зауыт трактор және 20 кәсіпорын аспалы және тіркемелі техниканы шығарады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⭐️Рекорд көрсеткіш: автоөнеркәсіп машина жасаудың 41%-ын қамтыды Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 2025 жылы машина жасаудың барлық көлемінің 41%-дан астамына дейін рекордтық өсті. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің…
⭐️Рекордный рост: автопром занял 41% машиностроения

Доля автомобильной промышленности в Казахстане в 2025 году рекордно выросла до более 41% от всего объёма машиностроения. Об этом сообщил Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства по вопросу диверсификации экономики.

«Выпущено более 171 тыс. транспортных средств, из которых 159 тыс. – легковые автомобили», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


По его данным, введены в эксплуатацию два высокотехнологичных производства - Astana Motors Manufacturing Kazakhstan с брендами Chery, Haval, Changan в Индустриальной зоне Алматы и завод Kia Qazaqstan в Костанае, что даёт потенциал для локального производства автокомпонентов.

Так, в прошлом году в Индустриальной зоне Алматы запущен технопарк автокомпонентов, где организовано производство мультимедийных систем для автомобилей и автомобильных сидений. На заводе «Tengri Tyres» в Сарани налажено производство автомобильных шин. На «KamLitKZ» в Костанае организовано производство чугунного литья.

Также сельскохозяйственное машиностроение в Казахстане сохраняет устойчивую положительную динамику, показав рост по итогам 2025 года на 30,4%. При этом в стране до 90% внутреннего рынка обеспечивают отечественные производители. Трактора выпускают 10 заводов, навесную и прицепную технику - 20 предприятий.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👏2👍1🔥1
🚆 Кластерлер мен өндірістерді іске қосу: теміржол өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілуде

Қазақстанның теміржол машина жасау саласында дайын техника мен құрамдас бөлшектер өндірушілерін біріктіретін өндірістік кластерлер құру үрдісі қалыптасуда.

Мәселен, осындай кәсіпорындар кластері Екібастұз қаласында құрылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев экономиканы әртараптандыру мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

Сонымен қатар, бірқатар жаңа өндірістер іске қосылды:

•Атырау облысында «TexolTrans» компаниясы жүк вагондары мен цистерналар шығаруды, ал «ҚазТурбоРемонт» ЖШС локомотивтердің тірек арқалықтарын өндіруді бастады;
•Астана қаласында «Stadler Kazakhstan» зауытында жолаушылар вагондарын шығару жолға қойылды.
❤3👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🚆 Кластерлер мен өндірістерді іске қосу: теміржол өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілуде Қазақстанның теміржол машина жасау саласында дайын техника мен құрамдас бөлшектер өндірушілерін біріктіретін өндірістік кластерлер құру үрдісі қалыптасуда. Мәселен, осындай…
🚆 Запуск кластеров и производств: железнодорожная промышленность выходит на новый уровень

Тенденция к созданию кластеров, объединяющих производителей готовой техники и комплектующих, наблюдается в железнодорожном машиностроении Казахстана.

К примеру, такой кластер предприятий сформирован в Экибастузе. Об этом сообщил Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства по вопросу диверсификации экономики.

Также было запущено несколько производств:

•Выпуск грузовых вагонов и цистерн (компания «ТексолТранс») и опорных балок локомотивов (ТОО «КазТурбоРемонт») в Атырауской области;
•Пассажирские вагоны на заводе «Штадлер Казахстан» в Астане.
❤4👍1🔥1👏1
💠 Сирек металдар: Қазақстан экономикасын әртараптандырудың драйвері

Сирек металдар саласын дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға кең мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Қазіргі таңда отандық өнім экспортқа бағдарланған және оны авиациялық және теңіз техникасын, авиациялық қозғалтқыштарды, электроника мен электр көліктерін өндіретін әлемнің жетекші компаниялары тұтынады», – деді министр.


Оның айтуынша, баламалы энергетика саласында «Қазақмыс» компаниясы өндіретін техникалық селен және «Taza Metal Technologies» компаниясының жоғары тазартылған марганец сульфатының моногидраты пайдаланылуда.

Биыл Мемлекет басшысының Жапонияға сапары аясында ERG компаниясы мен Mitsubishi Corporation арасында қол қойылған офтейк-келісімшарт шеңберінде галлий өндіру желісін іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тазартылған сурьма өндірісін іске қосу күтілуде.

Осылайша, Қазақстан тау-кен металлургия кешенінің Midstream сегментінде негізгі елдердің бірі ретінде танылуда.
❤3👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
💠 Сирек металдар: Қазақстан экономикасын әртараптандырудың драйвері Сирек металдар саласын дамыту Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыруға кең мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…
💠 Редкие металлы: драйвер диверсификации экономики Казахстана

Развитие отрасли редких металлов открывает большие возможности для диверсификации экономики Казахстана и создания высокотехнологичных производств. Об этом сообщил Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства.

«На сегодня отечественная продукция ориентирована на экспорт и потребляется ведущими мировыми производителями авиационной и морской техники, авиадвигателей, электроники, электромобилей», - указал Ерсайын Нагаспаев.


Согласно его информации, в альтернативной энергетике используются такая отечественная продукция как технический селен (Казахмыс) и высокочистый моногидрат сульфата марганца («Taza Metal Technologies»).

В текущем году планируется ввести в эксплуатацию линию по выпуску галлия, который будет поставляться в рамках подписанного офтейк-контракта ERG с Mitsubishi Corporation в ходе визита Главы государства в Японию.

Кроме того, ожидается запуск производства рафинированной сурьмы.

Таким образом, Казахстан представляется одной из основных стран в Midstream-сегменте ГМК.
❤4👍2🔥1👏1
⚪17 негізгі жоба: Қазақстан импортқа тәуелділікті қалай төмендетуде

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған 17 негізгі жоба іріктелді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев экономиканы әртараптандыру мәселесі бойынша өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде екі өндіріс іске қосылған.

«Барлық 9 жобаны толық іске асыру нәтижесінде 7,3 млрд АҚШ доллары көлемінде өнім өндіру қамтамасыз етіледі. Бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге және елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🔥2👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚪17 негізгі жоба: Қазақстан импортқа тәуелділікті қалай төмендетуде Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес…
⚪ 17 ключевых проектов: как Казахстан снижает импортозависимость

Отобраны 17 ключевых проектов, определяющих дальнейшее развитие обрабатывающей промышленности, в рамках поручения Главы государства в Послании народу страны «Казахстан в эпоху ИИ: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию».

Об этом сообщил Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства по вопросу диверсификации экономики.

По его словам, по 9 проектам ведётся работа, из них запущены два производства.

«Полный запуск всех 9 проектов обеспечит объем производства в 7,3 млрд долларов, что позволит снизить импортозависимость и расширить экспортный потенциал страны», - подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🔥2🤩1