ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
6.99K photos
717 videos
2.17K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Елімізде машина жасау саласын мемлекеттік тұрғыда қолдау күшейтілуде

Машина жасау индустриалды дамыған елдерде өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып қала береді. Қазақстанда саланы дамыту мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың басым бағыты және экономикалық тұрақтылықты нығайту мүмкіндігі ретінде қарастырылады.

Қаржылық тетіктер және ынталандыру шаралары
Қазіргі таңда елімізде 2023 жылы республикалық және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде бекітілген «Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары» шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. Мемлекеттік қолдау инвестиция, экспортты ынталандыру, отандық машина жасау өнімдерінің лизингі және басқа да жеңілдікті қаржы құралдары бойынша қолайлы жағдай жасау форматында жүзеге асырылады.

Шаралар қаржылық құралдар мен қолдау бағдарламаларының ауқымды мүмкіндіктеріне ие ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:

🔹 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ
🔹«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
🔹 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
🔹 «ҚазАгроҚаржы» АҚ
🔹 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Аталған институттар жеңілдікті несиелендіруден экспорттық қолдауға дейінгі құралдардың кең спектрін ұсынады. Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің операторы Qazindustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ерекше рөл атқарады.

QazIndustry кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін келесі бағыттар бойынша өтейді:

• өнімдер мен менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау;
• қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
• цифрлық технологияларды енгізу;
• технологиялық үдерістерді жетілдіру (жабдықты сатып алуды қоса алғанда);
• өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру;
• өнімді ел ішінде темір жол көлігімен тасымалдау.

АЭА кәсіпорындары үшін жеңілдіктер
Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) аумағында жұмыс істейтін машина жасау компаниялары 10 жыл немесе одан да көп мерзімге айтарлықтай салықтық және кедендік жеңілдіктер алады.

Бұл жеңілдіктерге мыналар кіреді:

• корпоративтік табыс салығы 0%;
• жер салығы мен мүлік салығынан босату;
• шикізат импорты кезінде ҚҚС пен кедендік баждардан босату;
• жер мен инфрақұрылымды өтеусіз беру;
• шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген рәсімдері.

Жергілікті өндірісті дамыту және сатып алудың жаңа тетіктері
Ірі кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың реттеліп сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. Шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аудара отырып, локализациялауды арттыру бағдарламасы үш жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл машина жасау кәсіпорындарына ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасауға, өндірістердің жүктемесін арттыруға және локализациялау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі жұмыс істей бастады. Онда автоматты түрде тексеру және сатып алуларға басымдықпен қол жеткізу қарастырылған. Бұл жүйе индустриялық сертификаттар мен СТ-KZ сертификаттарының орнына енгізілген.
❤1👍1
Экспорттық әлеует және сын-тегеуріндер
Сонымен қатар еліміздегі экспортқа бағдарланған ең шағын сала электр жабдықтарын өндіру болып қала береді.

Мәселен, Қазақстан жыл сайын мыналарды экспорттайды:

• автомобиль аккумуляторлары;
• трансформаторлық жабдық;
• кабель және сым өнімдері.

Автоөнеркәсіпте (жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк көліктері), ауыл шаруашылығы машиналарын (бүріккіштер, шөп шабатын машиналар, мал шаруашылығына арналған жабдықтар), мұнай-газ машиналарын жасау (сорғылар, бекіту арматурасы) бойынша, сондай-ақ желдету жабдықтары сегментінде экспорттау әлеуеті сақталып отыр.

Ресей дәстүрлі нарықтық кеңістік болып қала береді. Алайда, қазіргі аймақтық жағдай, есептесулер мен логистикадағы қиындықтар жеткізілімдерді әртараптандыруды, сондай-ақ Орталық Азия елдері және Иранмен сауда байланыстарын күшейтуді талап етеді.

Сыртқы нарықтарға шығудың негізгі мәселелері қатарында:

• баға бойынша бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;
• қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулілігі;
• басқа елдерде өз өндірушілеріне мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейі;
• әкімшілік кедергілер және сертификаттау рәсімдерінің күрделілігі.

«Машина жасау – өнеркәсіптік егемендіктің негізі. Бүгінде Қазақстанда өндірісті жаңғыртып қана қоймай, экспортты ынталандыруға мүмкіндік беретін құралдар кешені қалыптасты. Таяу жылдарға арналған басты міндеті – локализациялауды күшейту, импортқа тәуелділікті төмендету және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деп атап өтті ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы Төреәділ Абдрахманов.


Даму перспективалары
Айта кетейік, мемлекет қазірдің өзінде экспортқа дейінгі қаржыландыру, экспорттық сақтандыру, сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға қатысу секілді шараларды жүзеге асыруда.
Әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендету, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және өтемақы тетіктерін кеңейту елдің машина жасау өнімдері экспортының көлемін едәуір ұлғайтып, жаһандық нарықтардағы орнын нығайта алады.
❤1👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Елімізде машина жасау саласын мемлекеттік тұрғыда қолдау күшейтілуде Машина жасау индустриалды дамыған елдерде өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып қала береді. Қазақстанда саланы дамыту мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың басым бағыты және…
📌В Казахстане усиливается государственная поддержка машиностроительной отрасли

Машиностроение остается одной из ключевых отраслей обрабатывающей промышленности индустриально развитых стран. В Казахстане развитие сектора рассматривается как приоритет государственной промышленной политики и инструмент укрепления экономической устойчивости.

Финансовые инструменты и меры стимулирования
В стране в настоящее время как на республиканском, так и на местном исполнительном уровне продолжаются меры государственной поддержки в рамках утвержденного в 2023 году «Комплексного плана по развитию машиностроительной отрасли Республики Казахстан на 2024-2028 годы». Господдержка осуществляется в формате инвестиций, стимулирования экспорта, создания благоприятных условий по лизингу продукции отечественного машиностроения и другим льготным финансовым инструментам.

Реализуются меры через организации, которые обладают широким спектром финансовых инструментов и программ поддержки:

🔹АО «Банк развития Казахстана»
🔹АО «Фонд развития промышленности»
🔹АО «Аграрная кредитная корпорация»
🔹АО «КазАгроФинанс»
🔹АО «Фонд развития предпринимательства «Даму»

Указанные институты предлагают широкий спектр инструментов – от льготного кредитования до экспортной поддержки.
Отдельную роль играет Казахстанский центр индустрии и экспорта Qazindustry, который выступает оператором Министерства промышленности и строительства по предоставлению мер государственного стимулирования.

QazIndustry возмещает часть затрат предприятий по следующим направлениям:

• подтверждение соответствия продукции и систем менеджмента;
• повышение компетенций работников;
• внедрение цифровых технологий;
• совершенствование технологических процессов (включая приобретение оборудования);
• повышение эффективности организации производства;
•транспортировка продукции железнодорожным транспортом внутри страны.

Льготы для предприятий в СЭЗ
Также работающие на территории свободных экономических зон (СЭЗ) машиностроительные компании получают значительные налоговые и таможенные льготы сроком до 10 лет и более.

В число льгот входят следующие возможности:

• 0% корпоративного подоходного налога;
• освобождение от земельного налога и налога на имущество;
• освобождение от НДС и таможенных пошлин при импорте сырья;
• безвозмездное предоставление земли и инфраструктуры;
• упрощенные процедуры привлечения иностранной рабочей силы.

Курс на локализацию и новые механизмы закупок
Продолжается работа по увеличению доли казахстанского содержания в регулируемых закупках крупных предприятий и недропользователей. Программа по росту локализации с акцентом на поддержку малого и среднего бизнеса реализуется уже три года. Это позволяет машиностроительным предприятиям заключать долгосрочные оффтейк-контракты, наращивать загрузку производств и увеличивать уровень локализации.

Кроме того, с 1 января 2026 года начал функционировать Реестр казахстанских товаропроизводителей с автоматической верификацией и приоритетным доступом к закупкам, заменив индустриальные сертификаты и сертификаты СТ-KZ.
❤1👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
Экспорттық әлеует және сын-тегеуріндер Сонымен қатар еліміздегі экспортқа бағдарланған ең шағын сала электр жабдықтарын өндіру болып қала береді. Мәселен, Қазақстан жыл сайын мыналарды экспорттайды: • автомобиль аккумуляторлары; • трансформаторлық жабдық;…
Экспортный потенциал и вызовы
Вместе с тем, наиболее экспортоориентированной подотраслью в стране остается производство электрооборудования.

Так, ежегодно Казахстан экспортирует:

• автомобильные аккумуляторы;
• трансформаторное оборудование;
• кабельно-проводниковую продукцию.

Сохраняется потенциал экспорта в автопроме (легковые автомобили, автобусы, грузовая техника), сельхозмашиностроении (опрыскиватели, косилки, оборудование для животноводства), нефтегазовом машиностроении (насосы, запорная арматура), а также в сегменте вентиляционного оборудования.

Традиционным рынком сбыта остается Россия. Однако текущая региональная ситуация, сложности с расчетами и логистикой требуют диверсификации поставок и усиления торговых связей со странами Центральной Азии и Ираном.

Среди ключевых проблем выхода на зарубежные рынки:

• недостаточная конкурентоспособность по цене;
• ограниченный доступ к финансированию;
• высокая степень господдержки производителей в других странах;
• административные барьеры и сложности сертификации.

«Машиностроение – это фундамент промышленного суверенитета. Сегодня в Казахстане сформирован комплекс инструментов, позволяющих не только модернизировать производство, но и стимулировать экспорт. Ключевая задача ближайших лет – усиление локализации, снижение импортозависимости и повышение конкурентоспособности отечественной продукции на внешних рынках», – отметил руководитель Управления электротехнического и тяжелого машиностроения Комитета промышленности МПС РК Тореадил Абдрахманов.


Перспективы развития
Отметим, что государство уже реализует меры предэкспортного финансирования, экспортного страхования, организации торговых миссий, участия в международных выставках и бизнес-форумах.
Дальнейшее снижение административных барьеров, оптимизация налогового администрирования и расширение компенсационных механизмов способны существенно увеличить объемы экспорта машиностроительной продукции страны и укрепить позиции на глобальных рынках.
❤1👍1
🌷 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 8 наурыз мерекесіне орай әйелдер қауымы әспеттелді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әйелдер қауымын құттықтауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мерекемен құттықтау сәтінде күн сайын ел экономикасының негізгі салаларының дамуына, сондай-ақ ведомство қызметінің тиімді жүзеге асырылуына зор үлес қосып отырған әйел қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігін атап өтті.

«Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, өз істеріңізге үлкен жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен қарауларыңыздың арқасында маңызды жобалар табысты жүзеге асырылып, стратегиялық міндеттер мен Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалып келеді. Сонымен қатар ештеңемен өлшеуге келмейтін –  даналық, мейірімділік, шыдамдылық және басқаларды шабыттандыра білер қабілет сынды асыл қасиеттер Сіздердің бойларыңыздар әрдайым табылады», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №1189 Жарлығына сәйкес Ерсайын Нағаспаев еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін:

🎖️«Шымкентцемент» ЖШС-ның жетекші зертханашысы Айжамал Көптаеваны «Құрмет» орденімен;

🏅Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің бас сарапшысы Айман Байназарова мен  «Мемсараптама» РМК сарапшысы Гүлнар Шалабекованы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

💐 Іс-шара соңында министр әйел қызметкерлерге адал еңбектері мен тыңғылықты істері үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, шабыт пен кәсіби тұрғыда жаңа жетістіктер тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🔥2🥰1